Табиғи, ілеспе газдар және оларды өңдеу мен тазалау әдістері



Жер астынан өндірілетін мұнай газдары мен табиғи газдар көптеген көмірсутектер қоспасынан, атап айтқанда метаннан, этаннан, пропаннан, бутаннан, және басқа да көмірсутектерден тұрады. Кейбір газ құрамында көмірсутектерден басқа гелии, азот, көміртегінің қос тотығы, күкіртсутек болуы ықтимал. Газдардың құрамы көп жағдайда метаннан тұрады десек қателеспейміз.
Мұнай газы мен табиғи газ, мұнайхимия мен химия өнеркәсібінің ең негізгі шикізат көзі болып табылады, себебі осы аталған газ құрамынан химия өндірісіне қажетті шикізат этанды алады. Этанды өңдеу барысында этиленді алып, одан пласмасса, этилен оксидін, беттік – активті заттарды және басқа да бағалы затарды өндіреді.
АҚШ елінде этанды өндіру көлемі 40  құрайды. Осы аталған этан, пропан және бутан шикізатын Канаданың батыс өңірінен шығысқа, одан әрі АҚШ – қа тасмалдау үшін, онда 1977 ж. ұзындығы 3 мың километрге созылатын құбыр желісі іске қосылған. Этанның қымбат шикізат болуына байланысты оны мұнай және табиғи газ құрамынан бөліп алып, арнайы жер асты ұңғымаларына қор ретінде сақтап қою мәселесі бірінші орында тұр.
ГӨЗ – да мұнай және табиғи газды өңдеу нәтижесінде 65  пропан алынады. Пропан таза күйінде болсын, болмаса бутанмен қоспа күйінде болсын, кез – келген мұнайхимия өндірісінде, тұрмыстық мақсатта, қозғалтқыш отыны ретінде, ауылшаруашылық өнімдерін кептіруде және тағы басқа мақсаттарға көптеп қолданады. Этан мен пропанан басқа мұнай және табиғи газ құрамында синтетикалық кауучук өндірісі, тұрмыс және қозғалтқыш отыны үшін қажетті
қ- бутан, изобутан, қ – пентан, изопентан сияқты көмірсутектер болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әрбір елдің жер қойнауында көп мөлшерде мұнай және табиғи газ қоры көп болса, онда ол әрбір елді тұрмысқа қажетті этан, сұйытылған пропан, бутан, қозғалтқыш отын, сонымен қоса одан басқа да көмірсутектер өндіру үшін ірі тонажды, әрі өте тиімді өндіріс орындарын ашыуға итермелейді. Алдағы уақытта Иран, Сауд – Арабиясы, Бахрейн елдері құны 33 млрд. т. болатын мұнай газын тасмалдауға арналған мемлекеттік бағдарламаны аяқтау үстінде. Олардың есебі бойынша осы бағдарлама көмегімен бұл мемлекеттер жылына сырт елдерге 46 млн. т. сұйытылған газ өнімдерін

ТАБИҒИ, ІЛЕСПЕ ГАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ
МЕН ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Жер астынан өндірілетін мұнай газдары мен табиғи газдар көптеген
көмірсутектер қоспасынан, атап айтқанда метаннан, этаннан, пропаннан,
бутаннан, және басқа да көмірсутектерден тұрады. Кейбір газ құрамында
көмірсутектерден басқа гелии, азот, көміртегінің қос тотығы, күкіртсутек
болуы ықтимал. Газдардың құрамы көп жағдайда метаннан тұрады десек
қателеспейміз.
Мұнай газы мен табиғи газ, мұнайхимия мен химия өнеркәсібінің ең негізгі
шикізат көзі болып табылады, себебі осы аталған газ құрамынан химия
өндірісіне қажетті шикізат этанды алады. Этанды өңдеу барысында этиленді
алып, одан пласмасса, этилен оксидін, беттік – активті заттарды және басқа
да бағалы затарды өндіреді.
АҚШ елінде этанды өндіру көлемі 40 ( құрайды. Осы аталған этан, пропан
және бутан шикізатын Канаданың батыс өңірінен шығысқа, одан әрі АҚШ – қа
тасмалдау үшін, онда 1977 ж. ұзындығы 3 мың километрге созылатын құбыр
желісі іске қосылған. Этанның қымбат шикізат болуына байланысты оны мұнай
және табиғи газ құрамынан бөліп алып, арнайы жер асты ұңғымаларына қор
ретінде сақтап қою мәселесі бірінші орында тұр.
ГӨЗ – да мұнай және табиғи газды өңдеу нәтижесінде 65 ( пропан
алынады. Пропан таза күйінде болсын, болмаса бутанмен қоспа күйінде болсын,
кез – келген мұнайхимия өндірісінде, тұрмыстық мақсатта, қозғалтқыш отыны
ретінде, ауылшаруашылық өнімдерін кептіруде және тағы басқа мақсаттарға
көптеп қолданады. Этан мен пропанан басқа мұнай және табиғи газ құрамында
синтетикалық кауучук өндірісі, тұрмыс және қозғалтқыш отыны үшін қажетті
қ- бутан, изобутан, қ – пентан, изопентан сияқты көмірсутектер болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әрбір елдің жер қойнауында көп
мөлшерде мұнай және табиғи газ қоры көп болса, онда ол әрбір елді тұрмысқа
қажетті этан, сұйытылған пропан, бутан, қозғалтқыш отын, сонымен қоса одан
басқа да көмірсутектер өндіру үшін ірі тонажды, әрі өте тиімді өндіріс
орындарын ашыуға итермелейді. Алдағы уақытта Иран, Сауд – Арабиясы, Бахрейн
елдері құны 33 млрд. т. болатын мұнай газын тасмалдауға арналған
мемлекеттік бағдарламаны аяқтау үстінде. Олардың есебі бойынша осы
бағдарлама көмегімен бұл мемлекеттер жылына сырт елдерге 46 млн. т.
сұйытылған газ өнімдерін экспорттамақшы. Бағдарламаның бір элементіне өте
үлкен қуаттағы этилен, полиэтилен, стирол және басқа да мұнай химия
өнімдерін өндіретін өндіріс орындарын салу болып отыр.
Болашақта аталған шикізат көзінің қажеттілігі күнен – күнге арта
бермекші, себебі халықтың мотор отындары мен мұнай химия өнімдеріне деген
сұранысы артумен қатар, осы шикізатты өңдеу үшін мұнайды өңдеудің екіншілік
процестерінің қажеттілігі туындайды.
Мұнай және табиғи газды өңдеу барысында тек қана газ өнімдерін алып
қоймай, сонымен қатар органикалық емес өнімдер күкірт және гелии алуға
болады. Мысалыға, Канада елінде күкіртті газ өндірісінің жақсы дамуына
байланысты, күкірт өндірісі бойынша бұл ел дүние жүзі бойынша капиталистік
мемлекеттер арасында екінші орын алса, ал АҚШ елі гелии өндірісі бойынша
дүние жүзі бойынша бірінші орын алады. Гелиге деген қажетілік кез – келген
елде
жылдан – жылға артып келеді, себебі гелиді қолданбайтын өніріс орыны кемде
– кем. Ендеше гелиді қолданатын салаларға аздап тоқталып өтейік:
Гелии ғарыштық техникада 19 ( , атмосфераны бақылауда 12 (, жасанды
тыныс қоспаларын дайындауда 6 ( , зерттеу жұмыстарына 15 (, ғарыштық
дәнекерлеу жұмыстарына 18 (, криогендік техникада 6 (, хроматографияда 4 (,
жылу берілістерінде 7 (, атомды энергетикада 13 ( - ға шейін қолданылады.
АҚШ – та жылдық қуаты 35 млн. т. құрайтын 12 – ге жуық гелии өндірісі
жұмыс істейді. Гелидің тұтынылуы 1980 ж. 35 млн. т.құраса, ал 1990 ж. 60
млн. т. құраған. Осының барлығы мұнай газы мен табиғи газ шикізатының әрбір
ел үшін өте маңызды, әрі қымбат шикізат екендігін білдіріп отыр, сондықтан
әрбір ел аталған шикізат көзін орынымен жұмысап, одан қымбат өнімдер алу
үшін комбинирленген ГӨЗ - ын іске қосып, олардың санын ұлғайтуды мақсат
тұтулары керек.
Лекция № 1
Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның басқа аттас пәндермен
байланысы. Қазақстанда мұнай – газ өнеркәсібінің даму тарихы
Лекцияның түрі: Кіріспе және ақпараттық лекция
Мақсаты: Тақырыпты оқыған соң студент пәннің мақсатын меңгеруі тиіс
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи, ілеспе газдар және оларды өңдеу мен тазалау әдістері пәні
басқа қандай аттас пәндермен байланысқан?
2. Қазақстанда қай кезден бастап мұнай – газ өнеркәсібі дамыды?

Лекция № 2
Тақырыбы: Мұнай және табиғи газдардың ірі шикізат базалары
Лекцияның түрі: Ақпараттық лекция
Мақсаты: Мұнай және табиғи газдардың ірі шикізат базаларын білу
Мұнай және табиғи газдардың ірі шикізат базалары
ТМД елдеріндегі табиғи газ құрамының 80 – 99,8 ( метаннан тұрады.
Тек Дагестан, Өзбекстан және Орынбор елді мекенінде газ құрамындағы метан
көмірсутектерінің мөлшері 31,4 ( - дан 80 ( аралығын құрайды. Өзбекстанның
(Үшкір( газ ұңғымасының газ құрамында 12,4 – 54,4 ( шейін азотты қосылыстар
кездессе, Түркіменстан елінің (Гугуртли( газ ұңғымасы 23 ( шейін күкіртті
қосылыстардан тұратындығы байқалған.
Газ ұңғымаларымен қатар газ конденсатты ұңғымалар да көптеп кездеседі.
Олар құрамы бойынша әрқалай болып келеді, мысалыға Орынбор елді мекенінде
орналасқан газ конденсаты ұңғымасы, құрамы бойынша көп мөлшерде метанды
көмірсутектерден тұратын болса, Батыс Сібірдің (Уренгой( газ конденсатының
құрамы метан – нафтенді көмірсутектерінен тұрады. Осының барлығы газ және
газ конденсаттарының құрамы бойынша шыққан жеріне байланысты әртүрлі болып
келетіндігін айқындайды.
Біздің елімізде ірі газ және газ конденсаты кен орындары Батыс
Қазақстандағы Өзен, Жетібай және Қарашығанақ газ кеніштерінде орналасқан.
Бұл газдардың құрамы 83 ( шейін метаннан, 8,5 ( этаннан, 4,5 ( пропанан, 2
( қ- бутаннан,
1 ( изо – бутаннан, 0,3 ( гептаннан, 0,7 ( күкірсутектен, 2,6 ( азоттан
құралған.
Аталған газ кен орындары өзінің қоры бойынша АҚШ пен Ресейден кейін
үшінші орынды иеленеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша бұл кен орындарында
3 трлн. т. жуық газ қоры бар екендігі анықталып отыр. Бұдан басқа да газ
кен орындарына Амангелді, Құлсары, және т. б. газ ұңғымалары жатады.
Осы мәліметтерге сәйкес және еліміздің басшысының алдына қойған
бағдарламасына сәйкес, алдағы жылдары Батыс Қазақстан аумағында мұнай және
табиғи, сонымен қоса газ конденсатын өңдейтін ірі алты газ комплексінің
құрылысы іске қосылмақшы. Онда тек газ өнімін алып қана қоймай, алынған
өнімді одан әрі мұнай химиясы саласына өңдеп, нәтижесінде - шет елдерден
қымбат бағаға экспорттық жолмен келіп түсіп жатқан бояғыш заттар, лактар,
сигнтетикалық, пласмасс және полиэтиленді өнімдерді алуды жолға қойып отыр.

Барлық көмірсутек газдарын шығу тегі бойынша екі үлкен топқа бөлуге
болады:
1) Біріншілік көмірсутек газдары – жер қойнауынан тікелей өнідірілетін
газдар. Жер қойнауында таралуы және құрамы бойынша олар табиғи және
мұнайға серік газдар болып бөлінеді. Табиғи газдардарға таза газ кен
орындарының құрамы жеңіл газдары мен газконденсатты кен орындарының
газдары жатады. Газконденсатты кен орындарының газдары жер бетіне аз
мөлшерде 200 – 300 0С дейін қайнайтын ауыр көмірсутектерді шығарады.
Серік газдар – мұнай кен орындарында мұнаймен бірге өнірілетін газдар.
2) екіншілік көмірсутек газдары – мұнайды өңдеген кезде табиғи мұнай
көмірсутектерінің термокатализдік түрленуі есебінен түзілетін жеңіл
көмірсутектер. Бұд газдардың құрамында, әдетте, метананнан пентанға
дейінгі көмірсутектер болады, олар қаныққан немесе қанықпаған болуы
мүмкін.
Екіншілік қаныққан көмірсутек газдары – мұнайдың біріншілік дистиляциясы
және артық сутегі атмосферасында өтетін катализдік процестер (гидрокрекинг,
гидротазалау, изомерлену, катализдік риформинг) кезінде түзілетін құрамында
тек қаныққан көмірсутектер бар газдар.
Екіншілік қанықпаған көмірсутек газдары – құрамында олефинді
көмірсутектер бар газдар, олар сутек жетіспеген жағдайда өтетін
деструкциялық процестерде (катализдік крекинг, термиялық крекинг, кокстеу,
пиролиз) түзіледі.

Лекция № 3
Тақырыбы: Біріншілік көмірсутек газдарының сипаттамасы
Лекцияның түрі: Ақпараттық лекция
Мақсаты: Біріншілік көмірсутек газдарының сипаттамасын білу
Біріншілік көмірсутек газдарының сипаттамасы
Табиғи газдың бүкіл әлемдік қоры шамамен 90 млрд. м3 (60 – 70 млрд. т.)
бұл мұнайдан өндірілетін қорымен шамалас. Табиғи газдың жыл сайын әлемдік
тұтынылу көлемі шамамен 1800 млрд. м3 ж., мысалы Ресейде шамамен 850
млрд. м3.
Табиғи газдың ірі кен орындары Батыс Сібірдің сотүстік аудандарында,
Заполярьеде, Орынбор обылысында және Каспий маңында орналасқан. Шет
елдердегі ірі газ кен орындары АҚШ – та, Нидерландыда, Алжирде, Иранда және
Канганда орналасқан. Табиғи газдың негізгі көлемі шалғайдағы алыс
аудандарда өндірілетін болғандықтан, газ өндіру көлемінің өсуімен бірге газ
құбырларының өткізу қабілеті мен ұзындығы да өсуде. Қазір 5000 км. дейін
тасмалдайтын 135 мың км. – ік газ құбырлары бар.
Көптеген газ кен орындарында құрамында С5Н12 – ден С20Н42 дейінгі
көмірсутегісі бар газ конденсаты өніріледі. Мұндай кен орындары
газ конденсатты деп аталады. Газ конденсаттары көп жағдайда 40 – 350 0С
аралығында қайнайды, кейде олар – ауыр (қайнаудың басталу нүктесі
103 – 210 0С), кейде жеңіл (қайнаудың соңғы нүктесі 200 – 230 0С) болып
келеді.
Күкірт мөлшері бойынша Орынбор, Астрахань және Қарашығанақ кен орындарының
газдары ерекшеленеді.
Газ конденсаттары – көмірсутек шикізатының негізгі ресурстарының
бірі. Олардың жалпы өндірілетін көлемі қазіргі уақытта 22 – 28 млн. т.
құрайды.
Мұнайға серік газдар – мұнайдан пласт қысымын мұнайды дайындау
қондырғыларының сеператорларының қысымына дейін төмендету кезінде бөлінетін
мұнайдың жеңіл көмірсутектік бөлігі. Мұнайға серік газдардың құрамы күрделі
болып келеді, олардың көпшілігі С6Н14 және одан жоғары көмірсутектерден
тұрады. Табиғи газдар сияқты мұнайға серік газдарда да инертті
компоненттер - N2 және көмірқышқыл газы СО2, кейде күкірсутек Н2S болады.
Табиғи және мұнайға серік газдардан шығатын өнімдер тізімі:
1) тауарлы табиғи газ, ол өнеркәсіптік және тұрмыстық отын ретінде газ
құбырларына жіберіледі;
2) газ өңдеу процесінде газдан бөлініп алынатын С3 – С6 жеңіл
көмірсутектердің кең фракциясы. (ЖККФ);
3) сұйытылған газ – ЖККФ – тан бөлініп алынған С3 және С4
көмірсутектерінің концентраты;
4) тұрақты газ конденсаты;
5) одорант – табиғи газдың күкіртті қоспаларының құрамынан бөлініп
алынған тиолдардың (меркаптандардың) қоспасы.
Табиғи газдарды өңдеу поцесінде бөлінетін ЖККФ сұйытылған газ бен газды
бензин (С5Н12 және одан жоғары көмірсутектер) алу үшін бастапқы шикізат
болып табылады.
Коммуналдық – тұрмыстық пайдалану үшін сұйытылған көмірсутек газдарының 3
маркасы шығарылады:
1) техникалық қысқы пропан – бутан қоспасы (ТҚПБҚ);
2) техникалық жазғы пропан – бутан қоспасы (ТЖПБҚ);
3) техникалық бутан (ТБ).
ЖККФ – ның қалдық фракциясы – газды бензин, оның құрамында пентан С5Н12
және одан жоғары көмірсутектер бар. Норма бойынша газды бензиннің
2 көрсеткіші бар: қайнаудың басталу нүктесі ( 30 0С төмен емес ) және жеңіл
көмірсутектер бар екенін сипаттайтын қаныққан булардың қысымы ( жазда 67
кПа – дан, ал қыста 93 кПа – дан жоғары емес). Газды бензин одорант – жеңіл
меркаптандар концентратын алу көзі болып табылады. Мысалы, Орынбор газ
өңдеу зауытынан шығатын бұл концентрант құрамында этантиол 33 (,
2 – пропантиол 42 (, 1 пропантиол 10 (, 2 – бутантиол 14 ( құраған.
Лекция № 4
Тақырыбы: Газды өңдеуге дайындау
Лекцияның түрі: Ақпараттық лекция
Мақсаты: Өңдеу технологиясын меңгеру
Газды өңдеуге дайындау
Табиғи газ ұңғымалардан тамшылы сұйықтық (газды конденсат, су) пен
тау жыныстарының ұсақ бөлшектерімен бірге шығады., яғни газ сұйық және
қатты фазалары бар дисперсті жүйе болып табылады.
Газды өңдеуге дайындаудың міндетіне осы дисперсті фазаларды әртүрлі
айыру құрылғыларының (сеператорларының) көмегімен бөлу кіреді.
Процестің ерекшелігі, сеперация барысында ылғал тамшылары мен қатты
бөлшектердің өлшемдері өзереді. Мысалы, кіру учаскісінде газ ағынындағы
тамшылардың диаметрі 100 – 1000 мкм – ді (орташа 700 – 800 мкм) құрайды да,
олар қабықшалы сұйық күйінде болады. Сеперацияның бірінші сатысынан соң
газда диаметрі 30 – 150 мкм тамшылар қалады, ал екінші сатыдан соң газда
диаметрі 1 – 50 мкм – ге дейінгі ең ұсақ тамшылар қалады.
Газды кешенді дайындау құрылғыларының тазалау сатысынан шығарда
дисперсті сұйық фазаның жалпы мөлшері газда 350 мг м3 мәнінен аспауы
керек.
Газдардың дисперсті құрамы мен оны тазалауға қойылатын талаптарға
байланысты құрылымы және тазалау пәрменділігі әртүрлі құрылғылар
пайдаланылады. Олар жұмыс істеу принципі бойынша гравитациялық, инерциялық
типті, ортадан тартқыш және сүзгіш болып бөлінеді.
Гравитациялық сеператорлар (айырғыштар) көлденең, тік және шар
тәрізді болады. Оларға жалпы тән нәрсе – тұтыну аймағының болуы, яғни онда
дисперсті бөлшектер ауырлық күші әсерінен бөлінеді. Одан басқа газ енер
жерде кәдімгі үру пластинкалары, ал газ сеператордан шығар алдында
тамшықаққыш торлы желім болады, ол инерциялық күштер әсерінен газдың ұсақ
тамшыларын айырады.
Сеператорлардың төменгі жағында бөлек немесе біріктірілген типтегі
ұсталған сұйық пен тозаңды жинағыш құрылғы орналасады.
Себет типті инерциялық сеператорлар – жанасушы меншікті беті үлкен
(10 – 500 м2 м3) себеттермен толтырылған технологиялық аппарат. Тамшылар
себет бетіне ұрылып , себет арналарында газ ағынының күрт бұрылу көмегімен
ұсталынады. Тамшыларды ұстау дәрежесі 99 (.
Ортадан тартқыш сеператорлар сұйықты - газды бөлу үшін, алдын – ала
құйындалған газ ағынында пайда болатын орталықтан тартқыш күштерді
пайдаланады. Ағының айналу жылдамдығы неғұрлым жоғары және құйындалған ағын
радиусы нұғұрлым кіші болған сайын айыру пәрменділігі соғырлым жоғары
болады.
Ағынды айналдырудың құрылғы типіне байланысты орталықтан тартқыш
сеператорларың екі түрі бар: циклонды және тік ағынды. Бірінші жағдайда газ
ағыны сеператор корпусына тенденциялы еніп, бағыттаушы пластина астындағы
орталық түтікті айнала қозғалады, нәтижесінде астығы жағынан тазаланған газ
шығады. Орталықтан тартқыш күш көмегімен сеператор корпусына лақтырылған
сұйық тамшылары төмен қарай ағып, төменгі патрубок көмегімен газконденсатты
жинағыш құрылғыға барады.
Сүзгіш сеператорларда газды басқа сеператормен бөлуге болмайтын
диаметрі 0,5 – 10 мкм құрайтын сұйық бөлшектерді тазалау үшін қолданады.
6
Сүзгіш ретінде жұқа шыны талшығы қолданылады, оның диаметрі 50 – 100 мм.,
элементтер саны 30 – 50.

Лекция № 5
Тақырыбы: Төмен температуралық конденсация көмегімен газ өңдеудің
технологиялық жүйесі
Лекцияның түрі: Ақпараттық лекция
Мақсаты: Төмен температуралық конденсация көмегімен газ өңдеудің
технологиялық жүйесін меңгеру
Төмен температуралық конденсация көмегімен газ
өңдеудің технологиялық жүйесі
ТТК көмегімен газ өңдеу сеперациялаудағы негізгі сатылар санымен,
салқындатуды беру әдісі көзімен, дайындалатын мақсатты өнімдердің түрімен
сыныпталынуы мүмкін. Сеперациялаудағы сатылар саны бойынша заманға сай ТТК
жүйелері бір, екі және үш сатылы болуы мүмкін. Оның әр сатысында міндетті
түрде сұйық фаза бөлініп алынады. Салқындатуды беру әдісі бойынша ТТК
келесі жүйеге бөліп қарастыруға болады; яғни сыртқы тоңазыту циклі, ішкі
тоңазыту циклі және кобинирленген тоңазыту циклі, мұнда сәйкесінше сыртқы
және ішкі тоңазыту циклдері бірге жұмыс істейді.
Сыртқы тоңазыту циклі технологиялық жүйеден тәуелсіз болады және оның
өзінің жеке тоазытқыш агенті бар. Тоңазыту агенті бойынша сыртқы тоңазыту
циклдері біркомпонентті, көп компонентті болып келеді. Егер сыртқы
тоңазыту циклі бір немесе одан көп тоңазыту агенттерімен жұмыс істесе, онда
оны касакдты тоңазыту циклі деп атаймыз.
Ішкі тоңазыту циклдерінде салқынды газ өңдеу жүйесіндегі
технологиялық ағынның есебінен алады. Оны екі топқа бөлуге болады: 1)
технологиялық сұйық ағынды дросселдеумен, атап айтқанда салқынды
этансыздандыру және метансыздандыру рефлюксында жүретін конденсациялаудың
1 және 2 сатысындағы конденсаттарды дросселдеу есебінен алады. 2)
детандирлеу көмегімен, яғни салқынды газдың изоэнтропийлі кеңею процесі
есебінен алады.
Мұнай газдарын, сыртқы пропанды тоңазыту циклі ішкі тоңазыту циклімен
сәйкес келетін жүйе қолданумен өңделеді. Мұндай жүйелерде бірінші сатыда
газ -30º салқындау үшін сыртқы пропанды тоңазыту циклі қолданады, төмен
температураны қамтамассыз ету үшін жүйенің екінші сатысында сұйық ағындарды
дросселдейді немесе бензинсізденген газды детандирлейді.
Шығарылатын мақсатты өнімге байланысты ТТК этаннан және пропаннан
жоғары өнімдерді алу жүйелеріне бөлінеді.

Лекция № 6
Тақырыбы: Ректифткациялық және абсорбциялық колонналар
Лекцияның түрі: Ақпараттық лекция
Мақсаты: Ректифткациялық және абсорбциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газ құрамынан күкіртсутекті жою үрдісі
Мұнай мен газды алғашқы өңдеу
Өңделетін шикізат пен дайын өнімдер ассортименті және сипаттамасы
Мұнайға ілеспе газдарының қабатқа шығаруға дайындау процесі
Табиғи, ілеспе газдар, оларды тазалау тәсілдері және қолданылуы пәні бойынша лабораториялық жұмыстар
Мұнай және табиғи газдардың ірі шикізат базалары
Газ өңдеу
Мұнай ілеспе газы
Мұнайды тасымалдау және өңдеу алдындағы тұрақтандыру
Газды тасымалдау
Пәндер