Өртке қарсы жүйе жайлы ақпарат



Кіріспе
1.1 Өрт қауіпсіздігі негіздері
1.2 Өртті болдырмау шаралары
1.3 Өрттің шығу себептері
1.4 Өртті қарсы шаралар
1.5 Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
1.6 Өрттен қорғану шаралар
1.7 Өртке қарсы кедергілер
1.8 Өрт сөндіру материалдары
1.9 Өртті көбікпен сөндіру
2 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әр түрлі мақсаттағы объектілерде автоматты өрт дабылы, өрт туралы хабарлау, өрт сөндіру, түтін жою және өрт кезінде технологиялық және инженерлік жабдықты басқару қондырғылары мен жүйелерін қолдану олардың өрт қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Объектіде адамдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті деңгейіне қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындау арқылы қол жеткізуге болады, осы деңгейді қамтамасыз етуде өрт автоматикасы жүйесі едәуір үлесін қосады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, объектіде өрт автоматикасын дұрыс әрі орынды пайдалану объектідегі адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ өрттен байланысты материалдық залалдарды азайтуға мүмкіндік береді.
Еліміздің үдемелі инновациялық-индустриялық даму жағдайында заманауи өрт автоматикасы қондырғыларын (жүйелерін) енгізудің объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басым мәні бар.
Өз кезегінде, олардың сенімді түрде жұмыс істеуі өрт-техникалық өнімнің сапасына, жобалау мен монтаждауға, әсіресе, жөнделген қондырғыларды пайдалануға қабылдау сапасына және дер кезінде қызмет көрсетуге байланысты болады.
Ұсынылып отырған басылымда мемлекеттік өрт бақылау органдарының автоматты өрт сөндіру жүйелерінің (қондырғыларының) және автоматты өрт дабылы қондырғыларының (жүйелерінің) оларды пайдалануға қабылдау қарсаңында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылау ерекшеліктері жазылған.
Әдістемелік ұсыныстарды Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасының Техникалық нормалау бөлімі Астана қаласының, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірледі.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.
3.Өрт қаіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы.
4.Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Респуликасының заңы.
5. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Респуликасының заңы.
6.Основы организации охраны и безопасности труда в Республике Казахстан/Сост.В.И.Скала,Н.В.Скала.-Алматы,ТОО Издательство
LEM,2007.
7.Коллективті келісім шарттар туралы Қазақстан Республикасының заңы.
8.1000 В кедергісі бар электрқондырғылар үшін «Тұтынушы электрқондырғының техникалық эксплуатациясының ережелерінен» және «Тұтынушы электрқондырғының эксплуатациясы кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелерінен» үзінділер, М.,Энергоатомиздат, 1990г.
9.Раздорожный А.А.Охрана труда и производственная безопасность:Учебник.М.2005

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:  Өртке қарсы жүйе

Орындаған: Дюсембинова М.У

Топ: ХН-221

Тексерген: Тлеуғали Е.Т.

Семей, 2015

Жоспар
Кіріспе
1.1 Өрт қауіпсіздігі негіздері
1.2 Өртті болдырмау шаралары
1.3 Өрттің шығу себептері
1.4 Өртті қарсы шаралар
1.5 Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
1.6 Өрттен қорғану шаралар 
1.7 Өртке қарсы кедергілер
1.8 Өрт сөндіру материалдары 
1.9 Өртті көбікпен сөндіру
2 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Әр түрлі мақсаттағы объектілерде автоматты өрт дабылы, өрт туралы
хабарлау, өрт сөндіру, түтін жою және өрт кезінде технологиялық және
инженерлік жабдықты басқару қондырғылары мен жүйелерін қолдану олардың өрт
қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Объектіде адамдардың
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті деңгейіне қолданыстағы
нормативтік құжаттардың талаптарын орындау арқылы қол жеткізуге болады, осы
деңгейді қамтамасыз етуде өрт автоматикасы жүйесі едәуір үлесін қосады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, объектіде өрт автоматикасын дұрыс әрі
орынды пайдалану объектідегі адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға,
сондай-ақ өрттен байланысты материалдық залалдарды азайтуға мүмкіндік
береді.
Еліміздің үдемелі инновациялық-индустриялық даму жағдайында заманауи
өрт автоматикасы қондырғыларын (жүйелерін) енгізудің объектінің өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басым мәні бар.
Өз кезегінде, олардың сенімді түрде жұмыс істеуі өрт-техникалық өнімнің
сапасына, жобалау мен монтаждауға, әсіресе, жөнделген қондырғыларды
пайдалануға қабылдау сапасына және дер кезінде қызмет көрсетуге байланысты
болады.
Ұсынылып отырған басылымда мемлекеттік өрт бақылау органдарының
автоматты өрт сөндіру жүйелерінің (қондырғыларының) және автоматты өрт
дабылы қондырғыларының (жүйелерінің) оларды пайдалануға қабылдау қарсаңында
өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылау ерекшеліктері жазылған.
Әдістемелік ұсыныстарды Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет
комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасының Техникалық
нормалау бөлімі Астана қаласының, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының
Төтенше жағдайлар департаменттерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірледі.
Өрт қауіпсіздігі негіздері
Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам
оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді.
Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт
қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті
болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары
адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер
ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа
температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі,
қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
 Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат
және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан,
электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б.
жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен  қатарласып
жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жану бұл – жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына
келетін реакциялар барысында  болатын процесс. Газдар, металлдар және әр
түрлі көміртекті заттар  жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және
ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.
Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+
газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ)
болатын заттарды құрайды.
Жанудың екі түрі бар:
а)дифуздық – тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт
жылдамдығы;
б) кинетикалық – тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы  жану
жылдамдығы.
Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын  кинетикалық жану. Жану механизмі
жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік 
(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің
жану жылдамдығына байланысты:
а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1мс;
б) детонациялық – 1-10  мс-тан астам;
в)  жарылып жанатын – 10 мс.
Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда,  жанғыш заттпен
тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.
Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде  болатын техникалық шаралар,  олар:
1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің
жобалануы;
 3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4)ғимаратты
найзағайдан қорғау.
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік
шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел
туруына байланысты  салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық
кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты
есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А – жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу
қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт
қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз  жанғыш қоспа болса; 2) жарылу
кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.
Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9
метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында
сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке
төзімділік шегімен  және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда  құрылыс
материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар,  2-сағат – жай
қоршаулар  өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс
материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген
жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);
б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда
түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе  де
жана беретін құрылыс материалдар).
Өрт төзімділігінің  5  дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар,
бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде  2,5 сағат өртке төзе алады ( А
өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда  3-4 дәрежелі өртке
төзімділігі  1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс
материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.
 
 1.2 Өртті болдырмау шаралары
 Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық
сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану
процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:
- жаңғыш;
- тотықтырғыш;
- тұтану көзі.
  Жаңғыш зат  - оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде
заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады.
Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі.
Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық
заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы
жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз
жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу
энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай
мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене,
химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.
  Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану,
өздігінен тұтану және  жарылу.
    От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың
тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең
төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау
тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш
болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі
бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.
- өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда
болған жану процессін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.
Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте
тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл
заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады.
Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі
температуралық шегі болып есептеледі.
- төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан
буынның қоспасы болып табылады.
 
1.3 Өрттің шығу себептері
                Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан
болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста
болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану
температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс
сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
 
1.4 Өртті қарсы шаралар
1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;
 2.Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;   
 5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.
1.5 Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
- ашық от және ұшқындар;
- ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;
- жанудың улы заттары;
- түтін оттегінің төмен концентрациясы;
- үйдің құлауы және жарылыстары
Өрт болдырмау жүйесі деп - өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға
бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін
айтады.
Өрттен қорғау жүйесі деп - өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға
тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық
және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.
 
1.6 Өрттен қорғану шаралар 
Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын
жанатын болып 3 топқа бөлінеді.
 Жанатын материалдар деп – ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын
матриалдарды атайиыз. 
Жанбайтын материалдар деп – қызу температурасы қаншаға көтерілсе де
қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.
Қиын жанатын материалдарға – отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары
температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз.
  Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.

1.7 Өртке қарсы кедергілер
Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін шектеу үшін әр-
түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға, қалқа, қақпа,
люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан
жасалады.
Өртке қарсы қабырға дегеніміз – отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа
жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға –
есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем
болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл
жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін
өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру жұмыстарын сөндіруге
кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы люктер қолдануылуы
қажет.
 
1.8 Өрт сөндіру материалдары 
Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар СНиП 11-31-74 құрылыс
проект нормасымен анықталады.
 Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп
аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен
бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру
керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері,
инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар
 Су – отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт
сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану
жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың
температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі
бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ,
ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға
түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар
қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.
1.9 Өртті көбікпен сөндіру
химиялық
ауа механикалық
Химиялық көбік – натрий бикорбанатты немесе сода ерітіндісі және қышқыл
ертіндісінің арасындағы химиялық реакциядан туады.
Ауа механикалық – ауа және көбік шығаратын заттың су ерітіндісін
араластырғанда пайда болады.
Көбіктердің өрт сөндіргіш қасиеттері оның меншікті салмағы аз
болғандықтан жаңған заттар бетін жауып оларға ауаның оттегінің өткізбей
жану процесін тоқтатады.
Инертті газбен сөндіру – оларға: көмір қышқыл газы, азот, ардон, гелий,
титан және пайдаланылған газдар өрт сөндіргіш қасиетті өрт зонасында ауа
оттегісінің концентрациясын азайтады. Температурасын төмендетеді және жану
процессін тоқтатады.
Минералды ұнтақтар.
Өрттi сумен сөндiру
Өрт сөндiруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай әдiстердiң бiрi.
Өрттiң жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетiне, түрiне
байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрiнде пайдаланады. Үлкен
қысымның әсерiмен шыққан су ағыны жалынды өшiредi. Ал суды шашыратып себу
бағытталған ағымнан гөрi тиiмдiрек, себебi бұл ретте су үлкен ауқымды өшiре
алады.

Өрттi газбен сөндiру
Газбен сөндiру құралдарына өртті көмiрқышқылмен және галоидтелінген
көмiрсутегiмен сөндiрудi жатқызады. Сұйық түрiндегi көмiрқышқылы баллоннан
шыққан соң, қар тәрiздес болып, -78,50С температурасындағы қатты күйге
айналады. Ал қызған кезде лезде газ түріне қайта айналып, өз көлемiнен 400-
500 есе үлкен көлемдi жабады. Көмiрқышқылы галоидтi көмiрсутегiне қарағанда
заттарға да адамдарға да залалын тигiзбейдi, істеп тұрған электр
қондырғыларындағы өрттердi сөндiруге жарайды. Өрттi газбен сөндiруде
төмендегі құралдарды пайдаланады: - көмiрқышқылының автоматты
қондырғыларын; - жылжымалы көмiрқышқылы өртсөндiргiштерін; - қол
өртсөндiргiшiн.

Өрттi бумен сөндiру
Өрттi бумен сөндiру әдiсi жанып жатқан заттарға оттегiнiң келуiн
шектеуге негiзделген. Будың 35 көлемдiк пайызы отқа жинақталған кезде жану
тоқтайды. Өрт сөндiрудiң бұл әдiсi шағын өрттi тез сөндiруге болатын оңай
әрi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртті сөндіруді басқару
Көлік салоны сайтын құру және басқару
Қашықтықтан басқару технологиясы
Web-технологиялар көмегімен html пәні бойынша электронды оқулық
Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары
Интерконтиненталь экономикалық қауіпсіздігінің заманауи деңгейін бағалау
Интерконтиненталь қонақ үйінің қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін анықтау
Ақпаратты нарықтағы ЖКА Бөлімшесінің АЖО-нын талдау
КИВЦЭТ-ЦС автогенді балқыту үшін шихта дайындау үрдісі технологиясы
Интернет желісімен байланыс
Пәндер