Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет



1. Білім беру жүйесі .
2. «Инновация » ұғымы.
3. Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды .
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
1. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – Алматы,2002 ж.
2. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.
3. Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.
4. Изен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекетті университеті
Педагогика факультеті



Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.

Орындаған: Мұқаметкәрімова Н.
Тобы: П - 305
Тексерген:Дүйсембекова Ш.Д.
Жоспар:
1. Білім беру жүйесі .
2. Инновация ұғымы.
3. Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Инновация ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде жаңа,жаңалық енгізу деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды .
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in - в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Ғылымның қайнар көзі -Ресейде инновация ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. Инновация ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея.Кейіннен инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - инновация нововедение новшество новое т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр , Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық
жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова ,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Потащник, В.И.Загвязинский , Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған.Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы , В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы , П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның , М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы , В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың Перспективті дамыта оқыту технологиясы , Н.П.Гузиктің Сынып ішіндегі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы , В.В.Фирсовтың Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы , Н.Н.Пиканның Саралап деңгейлеу технологиясы,В.Дьяченконың Жобалап оқыту технологиясы , М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы , В.М. Монахавтың технологиясы , Д.Б. Эльконин ,В.В Давыдовтың Дамыта оқыту технологиясы , В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі , И.П.Волковтың Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы , Ш.Амоношвилидің Ізгілікті - тұлғаны оқыту технологиясы , В.Д.Шадриков жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы , Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы Ақпараттық оқыту технологиясы (Дьяченко) , Проблемалық оқыту технологиясы , Ойын арқылы оқыту технологиясы В.В . Гузив т.с.с. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттелді.Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , прфессор Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту - тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой - тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын , оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру - жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) - эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей - түсініктерді жүйелеу деңгейі . 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл - ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Оқытудың имитациялық технологиясы
Әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу жолдары
Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Пәндер