Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы : Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы

Орындаған: Нуканова М. С.

СМ-305

Тексерген : Кабденова А. Т.

Семей 2015ж

Жоспар:

  1. Көмірсулардың күнделікті рациондағы маңызы
  2. Көмірсулардың адам ағзасына пайдасы
  3. Көмірсу құрамы
  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Көмiрсулар - күнделiктi рационның негiзгi құрамдас бөлiгi. Көмірсулар - көмірсутектен, оттегіден және сутегіден тұратын, органикалық заттектер. Күнделiктi рациондағы көмiрсудың тәулiктiк қажеттiлiгi 250-400г. Тәулiктiк энергия шығынының 50-60% көмiрсу есебiнен өтеледi. Солардың арқасында организмнің қызмет етуі іске асады. Көмірсу жеткілікті түскен жағдайда, оның бір бөлігі бауырда, бұлшық етте гликоген түрінде жиналады. Көмірсудың негізгі көзі - өсімдік өнімдері. Глюкоза мен фруктозаға жемістер мен жидектердің тәтті сұрыптары; крахмалға - жармалар, нан-бөлке өнімдері, картоп, бұршақтар; лактозаға - сүт; клетчаткаға - ірі тартылған ұннан жасалған нан, капуста, қызылша, кебектер, жармалар бай болып келеді. Көмiрсудың негiзгi атқаратын қызметтері: - энергетикалық - көмiрсудың 1г. ыдырағанда 4 ккал энергия бөлiп, энергетикалық қызмет атқарады. - пластикалық - көмiрсулар сүт құрамындағы лактоза, қан тобының спецификалығын анықтайтын гетерополисахаридтер, нуклеопротеиндер құрамындағы пентоза т. б. кездесiп, пластикалық қызметiн атқарады. - антитоксикалық - көмiрсу құрамындағы лактоза, гиалурон қышқылы, пектин антитоксикалық қызметiн көрсетедi. Көмiрсудың артық мөлшерi майға айналып, семiздiк ауруына әкеледi. Мұнда артық салмақтың қалыптасуы тамақтағы майдан емес, әсiресе жеңiл сiңетiн көмiрсулар (қант, кондитерлiк бұйымдар) көп қолданылуы мен гиподинамия салдарынан болып келеді. Әрбiр артық 100 г. көмiрсу 30 г. майға айналады. Көмiрсудың артық мөлшерi - қандағы холестериннiң деңгейi артуына ықпал етiп, атеросклеротикалық процестi дамытады, iшектiң пайдалы микрофлорасына керi әсер етедi; жеңiл сiңетiн көмiрсулар гипергликемияға әкеледi. Бұлшық ет жұмысына көп ауырлық түспесе, тәулiктiк қажеттiлiктiң жартысын ғана тұтыну қажет. Көмірсулар майлардың, амин қышқылдарының, судың аралық алмасуына қатысады. Гликопротеиндер мен мукополисахаридтер түрінде дәнекер тінінің, торша қабықшаларының негізгі заттегін құруға қатысады. Клетчатка ішектің перистальтикасын, өт бөлінуін, тою сезімінің пайда болуын ынталандырады, ішекте шірікті үрдісті дамытпайды. Бала рационында көмірсудың артық түсуі май, белоктың тұтынылуын төмендетіп, организмде судың кідіруіне, құрамында фосфатидтер мен алмастырылмайтын май қышқылдары болмайтын құнсыз майдың көп түзілуіне жағдай жасайды. Рационда жеңіл сіңетін көмірсулардың артық түсуінен жүрек-қан тамырлар жүйесінің және тағы басқа да аурулардың (қант диабеті, ЖИА т. с. с. ) дамуы арасында байланыс бар. Жеңіл сіңетін көмірсуды көбірек тұтынған сайын, соғұрлым холестериннің деңгейі де өседі. Сонымен қатар олар организмнің сенсибилизациясын шақырып, қорғаныс қасиетін төмендетеді. Сондықтан жеңіл сіңетін көмірсуларды аллергиялық аурулар кезінде, туберкулезде, ревматизмде, тіс ауруларында қолдануға болмайды. Бірақ та жемістер мен көкөністер есебінен көмірсуларды шектеу организм үшін қолайлы емес. Жидектер, көкөністер, жемістер - маңызы өте зор С витаминінің жалғыз көзі болып табылады. Көмiрсулардың жіктелуі: Жай ( қарапайым) көмірсулар Моносахаридтер: глюкоза, фруктоза, галактоза Дисахаридтер: сахароза, лактоза Күрделі көмірсулар Полисахаридтер: крахмал, гликоген, пектин, целлюлоза Адам организмінде көмірсулардың қорытылуына байланысты шартты түрде екі топқа бөледі - адам организмімен қорытылатын және қорытылмайтын (оларды кейде «тағамдық талшықтар» деп атайды) көмірсулар; қорытылатын көмірсулар: глюкоза, фруктоза, сахароза, мальтоза, галактоза, лактоза мен рафиноза, инулин, крахмал және крахмал гидролизінің аралық өнімі ретінде декстриндер жатады. Қорытылмайтын көмірсуларға целлюлоза, гемицеллюлозы, клетчатка (бұл үш топты көбінесе "ірі (грубые) тағамдық талшықтар" тобына біріктіреді), пектинді заттектер, камеди мен декстрандар (бұларды «жұмсақ тағамдық талшықтар» деп біріктіреді) . Қорытылмайтын көмірсуларға тағы да фитин қышқылын, сонымен бірге жоғарыда көрсетілгендей, лигнин - табиғатынан көмірсуға жатпайтын ароматты полимерді жатқызады. Целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин және лигнин өсімдіктің торша қабырғасының негізін құрайды. Көмірсулардың қорытылуы адамның асқазан-ішек жолында белгілі ферменттердің болуымен байланысты. Жеңіл қорытылатын көмірсулар: фруктоза, глюкоза, сахароза, сонымен бірге мальтоза мен лактоза; біраз баяу қорытылатындар - крахмал мен декстриндер, себебі олар алдын ала қарапайым көмірсуларға дейін ыдырауы керек. Крахмалдың ыдырауы ауызда сілекейдің көмегімен басталады, оның құрамында крахмал ыдырататын амилаза ферменті бар. Дегенмен, амилазаның негізгі бөлігі ұйқы безінің сөлінде болады. Сондықтан крахмалдың глюкозаға дейін ыдырауы ауызда емес, ішекте болады. Адам күйіс қайтаратын жануарларға (мысалы, сиыр) қарағанда, гемицеллюлоза мен целлюлоза, пектин сияқты полисахаридтерді қолдана алмайды. Осындай жануарлардың қарынында тұрақты кездесетін микроорганизмдердің әсерінен аталған полисахаридтер қарапайым моносахаридтерге (мысалы, целлюлозадан глюкоза түзіледі) дейін ыдырап, организмнің қажеттілігіне қолданылады. Адамда бұндай қарын жоқ. Бірақ целлюлозның (30-40%), гемицеллюлозаның (60-80%) және пектинді заттектердің (95% дейін) белгілі бөлігі тоқ ішекте микроорганизмдердің әсерінен ыдырауы мүмкін. Бұл кезде тік ішек бактерияларының тірішілік әрекеті нәтижесінде түзілген жәй көмірсулардың көп бөлігі ұшатын май қышқылдарына (сірке, пропион, май қышқылдары) ауысады. Олардың аз мөлшері ішектің қабырғасы арқылы сіңуі мүмкін. Өсімдік өнімдерінің жасушалық қабырғасының ыдырамайтын да сіңбейтін жалғыз құрамбөлігіне - лигнин жатады. Көмірсулар негізінен өсімдік өнімдерінде шоғырланған. Жануар текті полисахарид - гликоген бауырда (2-10%, орта есеппен 5%) және бұлшық етте (0, 3 -1%) кездеседі. Қарапайым көмірсулардың ішінде тамақтануда сахарозаның маңызы зор. Ол кәмпит, торт, тортшалардың негізгі көмірсулық құрамасы болып табылады. Глюкоза мен фруктозаның қоспасы балда (75%), жүзімде (15%) кездеседі. Асшеберлік тұрғыда қарапайым көмірсуларды олардың тәттілігі үшін бағалайды. Дегенмен, жекелеген көмірсулардың тәттілік дәрежесі әртүрлі. Егер сахарозаның тәттілігін шартты түрде 100 бірлік деп есептесе, онда басқа көмірсулардың салыстырмалы тәттілігі мынадай: фруктоза 173 бірлікке, глюкоза - 74, сорбит - 48, ксилоза - 40, мальтоза - 32, галактоза - 32, рафиноза - 23, лактоза - 16 бірлікке тең. Сіңірілетін көмірсулар энергияның негізгі жабдықтаушысы болып табылады. Олардың энергетикалық коэффициенті майларға қарағанда төмен, адам көмірсудың көп мөлшерін қабылдайды және солармен қажетті калорияның 50-60%-н алады. Сіңірілетін көмірсулар энергияның жабдықтаушысы ретінде белгілі бір мөлшерде май мен белоктармен алмастырылса да, оларды тамақтанудан шектеуге болмайды. Әйтпесе қанда «кетонды денелер» деп аталатын майдың жартылай тотығу өнімдері пайда болады, оның кесірінен орталық жүйке жүйесі мен бұлшық еттер қызметінің бұзылысы, ақыл-ой мен физикалық қызметтің әлсіреуі, өмір сүру ұзақтығы қысқаруы байқалады. Ересек адам орташа физикалық жүктемеде тәулігіне 365-400 г (орта есеппен 382 г) қорытылатын көмірсуды, соның ішінде 50-100 г (одан көп емес) қарапайым көмірсуды тұтыну керек. Тамақтануда көмірсудың күнделікті артық түсуі бірқатар аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Соның бірі - семіздік, ал ол әрі қарай диабет пен атеросклероздың дамуына себепші болады. Қандағы глюкоза деңгейінің көбірек өсуін глюкоза, сосын сахароза және кейбір крахмал құрамдас өнімдер (мысалы, картоп) шақырады. Ал глюкоза деңгейінің аз өсуін бұршақтар шақырады, сондықтан оларды диабетті емдеуде жиі қолданады. Адамның қалыпты тіршілік қызметіне міндетті түрде қандағы қанттың белгілі мөлшері (аш қарынға 100 мл-де 80-100 мг) қажет. Қанның қанты - организмнің кез-келген жасушасына қолжетімді, маңызды энергетикалық материал. Артық қант бірінші кезекте бауыр мен бұлшық етте көп мөлшерде кездесетін, жануар текті полисахарид - гликогенге ауысады. Тағамда сіңірілетін көмірсулар жеткіліксіз болса, осы полисахаридтің қорынан қандағы глюкоза түзіледі. Қандағы глюкозаның алмасуын реттеуде ұйқы безінің гормоны - инсулиннің маңызы зор. Егер организм оны жеткілікті мөлшерде бөлетін болса, онда глюкозаны қолдану үрдісі баяулайды. Қандағы глюкозаның деңгейі 100 мл-де 200-400 мг дейін жоғарылайды. Бүйректер қандағы қанттың осындай жоғары мөлшерін ұстай алмай, зәрде қант пайда болады, нәтижесінде қант диабеті дамиды. Осы ауру кезінде тамақтанудан қарапайым көмірсуларды, бірінші кезекте сахарозаны және қандаы глюкозаның деңгейін өсіретін кейбір полисахаридтерді де күрт шектеу қажет. Глюкозаға қарағанда, фруктозаның организмдегі айналымы басқа жолмен жүреді. Ол көп дәрежеде бауырда бөгеледі, сондықтан қанға аз түседі, ал қанға түскеннен кейін тез арада түрлі алмасу реакцияларына қатысады. Заттек алмасу үрдісінде фруктоза

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі туралы ақпарат
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы.Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі.Дәрумендердің жіктелуі
Антидәрумендерге сипаттама келтіріңіз
Қараю - төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығында және жоғары температурада сақтау кезінде ылғалдың булану нәтижесінде етте бояғыш заттардың шоғырлануы
Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы дәрумендер дәрумендердің жетіспеушілігідәрумендердің жіктелуі туралы ақпарат
Жемістер мен көкөністер туралы
Көкіністер мен жемістер
Қантты диабет кезіндегі тамақтану
Дұрыс тамақтану ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz