Медицинада қолданылатын бактериалды препараттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: «Медицинада қолданылатын бактериалды препараттар»

Орындаған: Тлебалды Күмісай

Тобы: БТ-307

Тексерген: Бейсембина Г. Ш.

Семей - 2015

Жоспар:

  1. Антисептик, әртүрлі аурулардың алдын-алу;
  2. Микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттар;
  3. Бактериалдық препарат түрлері.

Антисептик - Бактериялардың өсуін тоқтататын сабын немесе тазартатын ерітінді. «Антисептик» терминін (грек. аnti-қарсы, sepsis-шіру) алғаш рет 1750 жылы ағылшын оқымыстысы И. Прингл минералды қышқылдардың шіруге қарсы әсерін белгілеу үшін ұсынған. Қазіргі таңда антисептикалық шаралар деп, операция жасалынылатын және оның қоршаған аумақты, кез-келген заттың бетін және онымен жанасатын микробқа қарсы (антисептиктер) әсері бар препараттармен өңдеуден өткізуді атайды. Бұндай анықтама негізінен кез-келген шараларды қолданған кезде қойылған регламентке сәйкес инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін парадонта ауруын емдеуде және алдын-алу шеңберіндегі нормативтік актіде (DAHZ) келтірілген. Тістегі жұмсақ және қатты өңезді механикалық (қолмен жасалынылатын немесе дыбыстық аспаптарды, ультрадыбысты, құммен ататын және лазер құрал жабдықтарын қолданғанда) жоюмен қатар микробқа қарсы препараттарды қолдану сілекейде, кілегей қабық беткейінде және тереңдеу немесе аз тереңдікте жатқан пародонталды қалталарда орналасқан ауру тудыратын бактерияларды жоюға бағытталған негізгі шара болып табылады.

Пародонта ауруларын алдын-алу шеңберінде антисептиктерді қолданған кезде, кілегей қабықтың бүтіндігін зақымдап алмауға тырысу қажет, ол локалді немесе бактерия инфекцияларының дамуын болдырмайды.

Ем жүргізер алдында қауіп тудыратын факторларды анықтау мақсатында науқастардан толық анамнез жинау қажет. Көтеген зерттеулер қорытындылары Parodontitis marginflis-тың қабыну және иммундық даму механизмдері жүрек-қан тамыр жүйесінің түрлі аураларының дамуына әкеліп соғатын қатерлі факторы екендігін дәлелдейді. Сондықтан пародонта ауруларын емдеуде қолданатын антибиотиктерді мұқият таңдау қажет.

Инфекциялық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі талаптары қолды жұмыс істер алдында және жұмыстан соң, сонымен қатар биялай қолданған уақыта да, мұқият және үнемі дезинфекциялау қажет.

Операция жасайтын шараларда қолды дезинфекциялауға қойылатын талаптарды қатаң сақтау керек.

Стандартты дезинфекция кезінде спирттік негізде жасалынған арнайы препараттарды қолдану керек, оларға қойылатын талаптар:

- медицинада қолдануға ұрықсаты болуы керек;

- DGHM сертификаты;

- олардың микробқа қарсы әсерін дәлелдейтін HBV/ HCV/ HIV куәлігі.

Дезинфекция жасайтын препараттар бір рет қолданатын орамдарда болуы керек. Бұндай ерітінділер салынатын ыдыстарды көп рет қолдануға тиым салынады. Хирургияда қолды «Первомур» рецептурасымен залалсыздандырған кезде («С-4» қоспасы), оны 1 минут көлемінде сабынды сумен (щетка қолданбай) жуады. Сонан соң оларды сабынын кетіру үшін сумен шайып, стерилді сүрткішпен құрғақ етіп сүртеді. Сосын 1 минут көлемінде эмальданған табақта «С-4» рецептурасымен залалсыздандырып, стерилді сүрткішпен сүртіп, стерилді биялайларды киеді. Хлоргексидинмен залалсыздандыру кезінде алдын-ала қолды сабындан жуады, сонан соң стерилді сүрткішпен құрғатып алап хлоргексидиннің 0, 5%-ік спирттегі ерітіндісіне малынған мақта тампонымен 2-3 мину өңдеу жасайды. Соңғы шыққан дезинфекциялау заттардың ішінде АХД-200 специаль қолданылады. Қолды жылы ағын сумен иіс сабынмен 2 минут көлемінде жуады, стерилді дәкеден жасалынған сүрткішпен кептіреді, сонан соң 5мл препаратты қолдың алақан бөлігіне құйып қол басының терісіне 2, 5 минут көлемінде ысқылайды. Содан соң 5мл препаратты қол басының терісіне құйып 2, 5 минут көлемінде ысқылайды. Залалсыздандыру уақыты 5 минутты құрайды. Сонымен қатар қол терісін және операция жасалынылатын алаңды ұсынылған методикалық нұсқауларды сақтай отырып «Алинодерм», «Октемидерм», «Диас-20», «Велтосепт», «Плавасепт-тинктура», «Поли алкоголь ХАУТ антисептикум», «Лизанин ОП», «Октенисепт», «Пливасепт синий», «Триформин Д», «Изосепт», «Сагросепт», «Октониман » қолдануға ұрықсат берілген. Медперсоналдар және оташы қолдарын гигиеналық мақсатта залалсыздандыру үшін «Джонсон энд Джонсон Медикал Лтд» фирмасы «Манопронто» сұйықтығын шығарады. Осы фирмамен шығарылатын «Биотензид» залалсыздандыру затын қолдану ыңғайлы және тиімді, оның бактерияларға, вирустарға (сарысулық гепатит пен АИВ қоса), туберкулез микобактериясы мен саңырауқұлақтарға қарсы әсері зор.

Ауыз қуысындағы микроорганизмдерді азайту үшін келесі антисептиктерді қолданады:

«Октенисепт», «ДентаСол», хлоргексидин биглюканатының судағы ерітіндісі, ex temporo даярланған калий марганецының 1:1000 ерітіндісін, фурациллиннің 1:5000 және сутегінің асқынтотығының 0, 5%-дық ерітінділері. Клиникалық зерттеулер қорытындысы ауыз қуысындағы микрофлораға негізі цетилпиридинхлоридтан, хлоргексидиннен, остенидиннан, PVD-йодтан тұратын препараттар әсері күшті екендігін көрсетеді.

Бактериалды өңез түзілуіне қарсы прерататтар жеке топқа бөлінеді, олардың құрамына жоғарыда аталған заттармен қатар алкалоидтар мен құрамында фторы бар заттар кіреді. Бұл препараттар ауыз қуысының залалсыздандырылатын беткейіне тампон көмегімен шашыратып немесе шаю жолдарымен енгізіледі, сонымен қатар арнайы инелермен пародонталды қалталардың қуысына салынады. Бұл препараттардың әсер ету уақыты енгізу тәсіліне және өндірушінің ұсынысына байланысты 30 дан 120 секундты құрайды.

Филогенез барысында макроорганизімге кездейсоқ микрофлораның әсеріне қарсы қорғаныс механизмі жасалынып шағарылған. Сонымен қатар белгілі бір микроб түрлерінің ауыз қуысында өмір сүруіне бейімделу пайда болды. Макроорганизм мен микрофлора аралығында биологиялық «тепе-теңдік» - эубиоз қалыптасады.

Биологиялық препараттар қазіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі-дәрмектерге жатады. R. Simmering және M. Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:

- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;

- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;

- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;

- антибиотиктік заттар өндіру;

- иммундық реакцияларды модулдеу;

- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту) .

Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:

1) вакциналар;

2) биологиялық белсенді қоспалар;

3) эубиотиктер;

4) пробиотиктер;

5) пребиотиктер;

6) бактериофагтар;

Эубиотиктер -бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар. Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады :

- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы

- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса

- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L. fermentum бактерияларының микробтық массасы.

- колибактерин - E. coli миробтық масса.

- бифилиз - бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.

- линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты. Флорадофилюс 3000 (Amrion компаниясының өнімі) және вита-баланс (New Spirit Naturals компаниясының өнімі) капсуладағы АҚШ өндіретін эубиотиктер. Зерттеу нәтижесінде эубиотиктер әсерінен бифидо-лактобактериялардан моноцитарлы-макрофаг қатарының белсенділігі артып, сарысулық иммундыглобулин және интерферон өнімдері көбейіп, Т-жасушалық иммунитет реакциясын қоздыратындығы мәлім болды. Lactobacillus acidophilus және L. casei сүт қышқылы бактериялары бірден фагоцитоз, табиғи киллерлер белсенділігін және антидене түзетін жасушалардың өнімдерін арттыратын иммундық реакциялар түзеді. Көптеген грамм оң бактерияларының сонымен қатар лакто-және бифидобактерияларының торша қабығы құрамында мурамилпептидтер (МДП) бар, олардың бөлініп шығуы Т-және В-лимфоциттер мен макрофагтардың белсенділігін, иммундыглобулин өнімдерін арттыратандығы мәлім. Бактериалық препараттардың емдеу-алдын алу механизмінің алуан түрлі екендігін ескере отырып, олардың қай-қайсысының басты немесе екіншілік екендігін айқындауға болмайды. Түрлі созылмалы және жедел ауруларда терапиялық әсері бір жағдайда бациланың антагонистік қасиетінен болса, басқа біреулерінде өнімдері мен ферменттер әсерінен, ал үшінші біреулерінде қорғану реакцияларының белсенділігінің артуынан болады. Бірақ, әдетте процесске бір мезетте бірнеше фермент қатысады.

Пробиотиктер - негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар. Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицинада колданатың бактериалды препараттар
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Bacillus туысы бактерияларының негізіндегі пробиотиктер
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Іріңді жара қоздырғыштары қатысында сорбенттің эфференттік белсенділігін зерттеу
Актиномицеттер. Актиномикоз қоздырғышы. Адам мен жануар үшін патогенділігі. Ағзада шоғырлануы. Иммунитет. Актиномикоздың лабораториялық анықтауы. Алдын алуы мен емдеу
Тірі вакцина түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz