Органдар биохимиясы II жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Органдар биохимиясы II

Тексерген: Кайырханов. Қ. К

Орындаған : ҚайратоваА. Қ

Группа : БТ-407

Семей 2015

Жоспар:

  1. Жүйке жүйесі туралы жалпы мағұлматтар
  2. Бүйрек және несеп биохимиясы
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Жүйке жүйесі

Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron - сіңір, желі) - ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке талшықтары дендрит (жүйке клеткасының қысқа тармақты өсіндісі) және аксоннан немесе нейриттен (жүйке импульстерін жүйке баратын басқа мүшелер мен жүйке клеткаларына жеткізетін өсінді) тұрады. Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған. Әр жүйке талшығының қабығы - эндоневрий, желі қабығы - периневрий, ал жүйкенің бүтіндей қабығы - эпиневрий деп аталады. Адам мен омыртқалылар (бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) миынан 12 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері 31 жұп. Әрбір жұбы дененің белгілі бір жеріндегі жүйке эффекторлары мен рецепторларына әсер етеді. Бұлар 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкесі болып бөлінеді. Бір-біріне жақын орналасқан жүйкелердің талшықтары ұштасып, араласып, тор тәрізді түтік түзеді. Талшықтарының санына қарағанда ең көп талшықтысы - көру жүйкесі. Адамда оның саны - бір миллионнан асады. Нейронның жүйке импульстарын өткізетін өсіндісі аксонды - жүйке талшықтары деп атайды. Оның ұзындығы кейде 1 м-ден артық болады. Ені 0, 5 -30 мм(омыртқасыз жануарларда 1 мм-дей) . Нейрондар мен нейроглиядан тұратын тінді - жүйке тіні деп атайды. Жүйке тінінің құрылысы да, атқаратын қызметі де әр түрлі. Мысалы, нейроглиялардың арасында шырын тәрізді арнайы зат түзетін, жұлын, ми бөліктерін жауып тұратын, организмге қорғаныш, қоректік қызмет атқаратын түрлері де бар. Омыртқалы жануарлардың жүйке тіні ми мен жұлынның сұр және ақ заттарынан тұрады. Жүйке клеткасының ұзын өсіндісі - аксонның миелин қабықсыз бөлігіндегі ақпарат қабылдайтын және өткізетін бөлігін - жүйке ұштары деп атайды. Хабарды сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдайды, эффекторлық жүйке ұштары өткізеді.

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/5/4917/4917_html_m6f4dc8d0.jpg

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организміндегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және олардың сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке тіні мен глияның жиынтығы. Глия, не нейроглия - жүйке клеткаларының, олардың өсінділерінің тіні. Глия жүйке жүйесіне қорғаныш қызметін атқарады әрі жүйке импульстерін өткізеді. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштер әсерін қабылдап, талдайды. Жүйке жүйесі сырттан келген ақпаратты өңдеп қана қоймай, өзіндік белсенділігін де (ақыл-ес механизмі) сақтайды. Организм қызметін реттеп үйлестіріп отыратын аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке клеткасы нейрон деп аталады. Оның атқаратын қызметі - қозу мен тежеу. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Қарапайымдарда жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозуды клетканың басқа бөліктеріне өткізетін фибриллалы қозу аппараты болады. Көп клеткалы организмдерде қозуды тудыратын арнайы тін, ал төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда (гидра) қозу диффузиялы түрде (барлық бағытта тарала алады) болады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішекқуыстыларда жүйке клеткалары топтанып, жүйке түйінін (ганглий) түзеді және олар бір-бірімен ұзын өсінділері арқылы жалғасады. Буылтық құрттар, буынаяқтылар, тікентерілілер және моллюскілерде эволюциялық даму барысында жүйке жүйесінің түйінді түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі - соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы - жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы - жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды.

Невралгия (грек тілінен neuron - жүйке және algos, - сырқырау ауырсыну) - шеткі жүйкенің ұстамалы ауруы. Невралгияның пайда болуына жүйкенің қабынуы, жүйкенің шоғырланған жері мен омыртқа жотасының аурулары немесе тіндер мен органдардың жарақаттануы, инфекция түсуі (тұмау), қатты суық тию, т. б. әсер етеді. Невралгияға үш тармақты, желке және қабырға аралық жүйкелер жиі шалдығады. Үш тармақты жүйкенің Невралгиясы сәбидің алғаш тісі шыққан кезде қиындықтар туғызса, жұлған тістің орны қабынып, қатты суық тисе не инфекция түссе, сондай-ақ пульпит (тіс тінінің қабынуы) және периодонтиттің (тіс түбінің сыртқы қабығының қабынуы) асқынуынан болады. Бұл кезде беттің бұлшық еті тітіркеніп, адамның аузын ашуы, жұтынуы, жөтелуі қиындайды, ауру ұстамасы кенеттен болып, бірнеше минуттан бірер сағатқа созылуы мүмкін. Желке Невралгиясы кезінде негізінен мойын ауырады. Ал қабырға аралық жүйкенің Невралгиясы омыртқа жотасының ауруынан, әсіресе адамға қатты суық тиюден болады. Емі: Невралгияны туғызған ауруларды емдеу, поливитаминдер егу, физиотерапия, т. б. қолдану. Көп жағдайда үш тармақты жүйкенің Невралгиясына хирургиялық операция жасалады. Орталық жүйке жүйесінің аурулары адамзатқа ежелден белгілі және олар жүйке денсаулығына қатер төндіреді. Шизофрения, биполярлық аурулар мен қояншық ауруы (эпилепсия) кеңінен мәлім және көбінесе невролог дәрігердің немесе психиатрдың іс тәжірибесінде жиірек кездеседі.

Бүйрек биохимиясы

  1. Бүйрек- жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы дененің 0, 45-0, 7%-ын құрайды. Құрамындағы судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне

17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық мүше болып табылады.

Бүйректің негізгі қызметтері

1. Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару) : бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.

2. Реттеуші - гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.

3. Метаболикалық.

4. Антитоксикалық.

5. Эндокриндік.

Бүйрек - қышқылды-сілтілік тепе-теңдікке әжептәуір әсер етеді. Бірақ, өкпе мен қанға қарағанда буферлі жүйелердің әсер етуі көп уақыт алады. Қанның буферлі жүйесінің әсер етуі 30 сек., өкпеге 1-3 минут уақыт алса, бүйректегі бұзылған қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін 10-12 сағат уақытты қажет етеді. Ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын тұрақтандырудың негізгі механизмі - сутегі ионының секрециясы мен натрийдің қайта сіңірілу (реабсорбция) процесі болып табылады.

http://hnu.docdat.com/pars_docs/refs/212/211534/img8.jpg

Бүйректің негізгі қызметі -несеп түзу . несеп түзу
Несеп түзу процесі нефрон кдпшығына қанньң сұйық бөлігінің сүзіліп
Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі. Цифрлар түтікшелердегі зәр мен
Казіргі кезде амин қышқылдары, натрий, глюкозаньщ белсенді механизм әрекетімен
Алғашқы зәрден глюкоза, натрий, калий, кальций жөне басқа заттардың
Бүйрек түгікшелерінің белсеңді әрекетін қан плазмасы мен зәр қүра-
Алғашқы зәр кұрамындағы заттар шығару табалдырығы жоғары және шығару
Зат алмасу өнімдерін (несепнәр, несеп қышқылы, индикан, уробилин т. б. )
Бүйректің экскрециялау кызметін “клиренс” (тазарту) деген түсінікпен сипаттайды. Бүйрек
Бүйректе төмендегі биологиялық белсенді заттар да түзіледі.
1. Ренин гормоны, оньщ секрециясы бүйрек артериясындағы қан қысымы
2. Эритрогенин, ол плазмадағы эритропоэтиногенді эритропоэтинге айналдырады.
3. Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі қалың дақ
4. Медуллин (простагландин А2), бүйректің бозғылт қабатында түзіліп, бүйректегі
5. Урокиназа - плазминоген әрекетін жандандырады (фибринолиздік фактор) .
6. Д3 дәрмендәрісі - бүйрек түтікшелерінде кальций мен аноргани-
Несеп жасалуға қатыста бүйректе жүретін келесі процесс-оның заттар синтездеуі.
әрқайсысының ерекшеліктері, үлесі организмнің түрлі жағдаи күйіне, тіршілік
Нефрондардың қызметі рефлекторлық жолмен реттеледі. Орыс гистологы Ю. Д. Смирнов өте
Бүйректің симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірсе, шумақтардың қанмен қамтамасыз етілуі
И. П. Павлов ұсынып, Л. А. Орбели өзгеріс енгізіп толықтырған, несепағардың тесігін сыртқа
Кез келген нервті тітіркендіргенде бүйректегі несеп жасалу процесі азаяды.
Үлкен ми сыңарларының алдыңғы бөлімінде несеп жасауға әсер ететін
Үлкен ми сыңарларындағы несеп жасау орталығы орталықтан тебетін нерв
Бұл орталықтардың қозуынан қанға несеп жасау процесіне әсер ететін
Несеп жасалудың гуморалдық жолмен реттелуі
Иттерге операция жасап, бүйректерін мойын терісінің астына тігіп, бүйрек
Түзелетін несептің мөлшерін қаңдағы аденогипофиз гормандары (диурездік гормон) арттырады. Нейрогипофз
Бүйректегі несеп түзуді басқа да ішкі секреция бездерінің гормондары
Бүйректің өзіндегі ренин ферментінің әсерінен ангиотензин заты түзіледі.
Несептің шығарылуы .
Несеп жасалу процесі үздіксіз жүреді. Нағыз (ақырғы ) несеп
Қуық - несеп жиналатын орган. Бұл несепке толғаннан кейін
Бірыңғай салалы ет талшықтарының кернеуін өсірмей, пішінін өзгертетін қасиетіне

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органдар биохимиясы жайында
Органдар биохимиясы жайлы
Сібір жарасы бактериясы
Гидропиялық дистрофиясы
Органдар биохимиясы жайлы ақпарат
Органдар биохимиясы І
Биогеохимиялық провинциялар. Қазақстан аумағындағы табиғи және антропогендік биогеохимиялық провинциялар
Ағзалардың химиялық құрамы
Органдар биохимиясы
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz