Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы мәлімет



Кіріспе
1 Табиғатта микроағзалардың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Микроағзалар немесе микробтар (вирустар, бактериялар, микроскоппен көрінетін саңырауқұлақтар, қарапайым жәндіктер, т. б.) биосферада және адамның шаруашылық қызметінде төтенше маңызды рөл атқарады. Табиғатта белгілі 10 мыңнан астам микроағзалардан адам бірнеше жүздеген түрлерін адам пайдаланады және бұл сан барған сай-ын өсіп барады. Микроағзалар жасушаларындағы биохимиялық үдерістердің көптеген генетикалық реттелуі анықталған кезде соңғы жылдары оларды пайдалану да сапалық кенет өзгеріс болды. Олардың көпшілігінен ағзалық заттардың — аминқышқылдар, нәруыздар, антибиотиктер, витаминдер (дәрумендер), нуклеин қышқылдары, ферменттердің және т. б. ондаған түрлері өндірілді. Олар сан алуан өнеркәсіптерде және медицинада кеңінен қолданылуда.
Микробиологиялық өнеркәсіп өндіріс технологиясы үшін маңызды түзушілерге қатаң талап қояды. Бұл талаптар: жоғары жылдамдықта өсу, арзан төсеміктерді (субстрат) тіршілік әрекеті үшін пайдалану және бейтаныс микроағзаларды жұқтырмау тұрақтылығы. Мұндай өнеркәсіптің ғылыми негізі — жаңа, алдын ала белгілі қасиеттері бар микроағзалар жасап шыгара алу.
Микроағзаларды (микробтар) сұрыптаудың (өсімдіктерді және жануарларды сұрыптаудан айырмашылығы) бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
1) сұрыптаушыда жұмысқа керекті шексіз көп материал болады;
2) мутациялық үдеріс тиімдірек пайдаланылады, өйткені микроағзалар геномы гаплоидты, сондықтан кез келген мутацияларды бірінші ұрпақтан-ақ айқындауға мүмкіншілік болады;
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл
2. Ғаламтор желісі.
3. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Табиғатта микроағзалардың әсері

Орындаған: Төлеубекова М Т
Тобы: БТ-307
Тексерген: Бейсембаева Г.Ш.

Семей 2015 ж

Мазмұны
Кіріспе
1 Табиғатта микроағзалардың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Микроағзалар немесе микробтар (вирустар, бактериялар, микроскоппен
көрінетін саңырауқұлақтар, қарапайым жәндіктер, т. б.) биосферада және
адамның шаруашылық қызметінде төтенше маңызды рөл атқарады. Табиғатта
белгілі 10 мыңнан астам микроағзалардан адам бірнеше жүздеген түрлерін адам
пайдаланады және бұл сан барған сай-ын өсіп барады. Микроағзалар
жасушаларындағы биохимиялық үдерістердің көптеген генетикалық реттелуі
анықталған кезде соңғы жылдары оларды пайдалану да сапалық кенет өзгеріс
болды. Олардың көпшілігінен ағзалық заттардың — аминқышқылдар, нәруыздар,
антибиотиктер, витаминдер (дәрумендер), нуклеин қышқылдары, ферменттердің
және т. б. ондаған түрлері өндірілді. Олар сан алуан өнеркәсіптерде және
медицинада кеңінен қолданылуда.
Микробиологиялық өнеркәсіп өндіріс технологиясы үшін маңызды
түзушілерге қатаң талап қояды. Бұл талаптар: жоғары жылдамдықта өсу, арзан
төсеміктерді (субстрат) тіршілік әрекеті үшін пайдалану және бейтаныс
микроағзаларды жұқтырмау тұрақтылығы. Мұндай өнеркәсіптің ғылыми негізі —
жаңа, алдын ала белгілі қасиеттері бар микроағзалар жасап шыгара алу.
Микроағзаларды (микробтар) сұрыптаудың (өсімдіктерді және жануарларды
сұрыптаудан айырмашылығы) бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
1)  сұрыптаушыда жұмысқа керекті шексіз көп материал болады;
2) мутациялық үдеріс тиімдірек пайдаланылады, өйткені микроағзалар геномы
гаплоидты, сондықтан кез келген мутацияларды бірінші ұрпақтан-ақ айқындауға
мүмкіншілік болады;
3) бактериялардың генетикалық жаралымының қарапайымдылығы. Микроағзаларды
сұрыптау әдістерін таңдау осы ерекшеліктермен анықталды. Өнеркәсіп үшін
жоғары өнімді себінділер қажет. Олар сұрыптаудың сан алуан әдістерімен,
соның ішінде табиғи микроағзалар арасында сұрыптаумен жасалады. Жоғары
өнімді себінділер таңдап алудан бұрын сұрыпталады. Ішінара әр алуан
генетикалық ре-комбинация (қайта құрамдастыру) әдістері: конъюгация, транс-
дукция, трансформация және басқа өдістер кеңінен қолданылады. Мысалы,
конъюгация (бактериялар арасында генетикалық мате-риалды алмастыру)
көмірсутекті және мұнайды кәдеге асыра алатын Pseudomanas putida себіндісін
жасауға мүмкіншілік береді. Трансдукция (бактериялардың жәрдемімен генді
бір бактериядан екінші бактерияға тасымалдау), трансформация (бірлі-жарым
жа сушалардан оқшауланғандарды ДНҚ-ның басқаларына тасы-малдау) және
амплификация (қажетті ген көшірме санын арт-тыру) әдістері жиі қолданылады.
Микроағзалардың көпшілігінде биосинтездің, антибиотиктердің гендері немесе
оларды реттеуші-лер хромосомада емес, плазмидада болады. Сондықтан
амплификация жолымен бұл плазмидалар санының артуынан антибиотиктердің
шығуы едәуір жоғарылауға мүмкіндік жасайды.
Микроағзалар (микробтар) сұрыптауда ғы маңызды кезең мутацияның
сәулеленуі болып табылады. Бактерияның тап осы гені бойынша мутацияның
бөліну мүмкшшілік өсімдіктерге және жануарларға қарағанда едәуір жоғары,
микроағзалардың ұрпағы сан миллион болғандықтан әжептеуір оңай және мұны
шапшаң істеуге болады.

1 Табиғатта микроағзалардың әсері

Табиғаттағы   тірі  организмдер  мейлінше  алуан  түрлі  болады.
Олардың   ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай  көзге
 көрінбейтін  тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын  алады.
Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше
 топқа   бөлінеді. Кейбіреулері  ауыл  шаруашылығында,  медицинада  баға
 жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері  жануарлар мен өсімдіктерге және
 адамдарға орасан зор зиянын тигізеді. Адам  баласы  микроорганизмдердің
 тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана
білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және
 сол  сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғай. Ертеде
Египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген.  Микробтардың  пайдалы
 әрекеттерін  қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші,
зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда  және
 Кавказда шешек  ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар  егетін
 болған. Жүқпалы  аурулармен  сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке
күтілген. Ал тамақ заттарын  бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату,
салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың  барлығы микроорганизмдердің 
 зиянды  әрекеттеріне  қарсы күресудің ертеден  қолданылып  келе  жатқан
басты шаралары болып  саналады. Бірақ  адам баласы табиғатта микробтардың
тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған  процестердін, 
сыры құпия  болып  қала  берді. Сондықтан да  микробтар  қатысуымен жүретін
 процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.

Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әр
түрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада
тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі
радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH1,0) немесе сілтілі
(рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары
концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік
ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да,
құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз
клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады,
бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы,
сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу
факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық
заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар
деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын
(белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин
қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды
уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды
пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады
(ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең
таралған, биосферадағы зат айналымына  белсене қатысады. Микроорганизмдер 
фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың  минералдануына  жағдай
туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ
топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады.
Микроорганизмдер ауадағы   молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация)
белсене қатысады. Тау жыныстары мен  топырақ түзілу процесін ыдыратып,
кейбір пайдалы  қазбалардың (мысысалы, сульфидтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Табиғатта микроағзалардың әсері туралы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы
Дезинфекция және дезинфекциялық ерітінділерге сипаттама
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің техногенді ластанған топырақтың биологиялық белсенділігіне әсері
Клетка микроағзалардың структурасы
Микроорганизмдер жөнінде қысқаша мәлімет
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Пәндер