Керамикалық материалдар-құрылыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі



Кіріспе 3
1 Керамикалық материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері 4
2 Керамика технологиясының негізгі процестері менəдістері 9
3 Керамикалық плиткалар жəнекерамограниттер 11
4 Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы. 13
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Керамика сөзі грекше «керамос» сөзінен шыққан, бұл балшық,балшықтанжасалған бұйымдары деген сөз. Қазіргі түсінуіде – бұл минералдықшикізаттыжоғары температурада илеу, кептіру жəне біріктіру арқылытехнологиялыққайта өңдеу процесінде тасқа ұқсастық қасиеттерге ие болатын материалдармен бұйымдар. Керамиканың бағалы физика-техникалық қасиеттерітастыңүлкен тығыздығына байланысты; тастағы шыны тəріздес фаза кальций,магнийжəне басқа қосылыстардың ірі беріктігі жоғары силикаттық,алюмосиликаттық,алюминаттық кристалдарды бір тұтас монолитке жабыстырады.Жоғарыберіктілігі, недəуір ұзақ тұрақтылығы, сəнділігі, сондай-ақтабиғатташикізатының кең таралуы арқасында құрылыста керамикалық материалдарменбұйымдар көп қолданылады. Мысалы, Мəскеу Кремльнің қабырғылары 500жыл бұрын кірпішпенқаланған.
Əдетте керамиканы химиялық жəне фазалық құрамына байланысызбөледі:
• тығыздығы бойынша – тығыз пісіп біріккен жəне бірікпегенкуыстыкерамикаға. Куысты керамикалық бұйымдар су салмағынан 5% жоғарысудысіңіреді. Орташа қуысты бұйымдардың су сіңіруі салмағы бойынша8-20%немесе көлемі бойынша 15-35% құрайды. Тығыз бұйымдар 5% төменсусіңіргіштікпен сипатталады. Көбінесе бұл салмағы бойынша 2-4%немесекөлемі бойынша 4-8%құрайды;
• құрылымы бойынша – бұдыр дəнді жəне жұқа дəндікерамикаға;
• қолдану аймақтарына байланысты: құрылыстық, шаруашылық-тұрмыстық, техникалық жəне отқа төзімдікерамикаға.
Құрылыстық керамиканың өзібөледі:
а) қабырғалық материалдарға (сазды қəдімгі кірпіш, қуысты денеліжəнежеңіл кірпіш, қуысты денелі керамикалықтастар);
б) үйдің төбесін жабатын материалдарға жəне итарқалап жабуүшінматериалдарға (черепица-жабынқыш, керамикалық қуысты денелібұйымдар);
в) сырты жəне ішкі қабырғаларды қалау үшін материалдарға (беттіккірпішжəнетас,касбетіккерамикалықтақташаларжəнекішігабариттытақташалар);
г) еден үшін материалдарға(тақташалар);
д) арнайы пайдалануға жасалған материалдарға (жолдық,санитарлық-құрылыстық, химиялық төзімділі, жерасты коммуникацияларыүшінматериалдар, олардың ішінде жылу өткізбейтін, отқа төзімді жəнебасқақұбырлар);
е) жеңіл бетондар үшін толтырғыштарға (керамзит,аглопорит).
1 Лайнер А.И. и др. Производство глинозема. М., Гос. н-т изд. Лит.почерной и цветной металлургии.1959.
2 Баран А.А., Запольский А.К. Коагулянты и флокулянты впроизводствеочисткиводы.
3 Будников П.П. Химическая технология керамики и огнеупоров.М.,20044 П.ПЕремин Н.И. и др. Процессы и аппараты глиноземногопроизводства.М., Металлургия.1978.
4 Садыков Ж.С., Щербан С.Н. Металлургия легких металлов. Мет.руководство к лабораторным работам. Алматы, КазПТИ.1986.
5 Позин М.Е. Технология минеральных солей. М., 1970, Iчасть.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

"Химия" кафедрасы

" Глинозем мен силикатты материалдардың химиялық технологиясы " пәнінен
ОӨЖ
Тақырыбы: Керамикалық материалдар-құрылыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі. Фарфорды Қытай және Европада жасауы. Өтқа төзімді бұйымдардың өндірілу бастамасы, технологиясының дамуы. Цемент клинкерін алу үшін екі-, үшкомпоненты шикізат қоспалардың құрамын есептеу

Орындаған: Берікбекова Лаура
Оқу тобы: ХН-221
Тексерген: Лебаева Ж.Т.

Семей 2015ж
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Керамикалық материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері 4
2 Керамика технологиясының негізгі процестері мен əдістері 9
3 Керамикалық плиткалар жəне керамограниттер 11
4 Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы. 13
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер 19



Кіріспе

Керамика сөзі грекше керамос сөзінен шыққан, бұл балшық, балшықтан жасалған бұйымдары деген сөз. Қазіргі түсінуіде - бұл минералдық шикізатты жоғары температурада илеу, кептіру жəне біріктіру арқылы технологиялық қайта өңдеу процесінде тасқа ұқсастық қасиеттерге ие болатын материалдар мен бұйымдар. Керамиканың бағалы физика-техникалық қасиеттері тастың үлкен тығыздығына байланысты; тастағы шыны тəріздес фаза кальций, магний жəне басқа қосылыстардың ірі беріктігі жоғары силикаттық, алюмосиликаттық, алюминаттық кристалдарды бір тұтас монолитке жабыстырады. Жоғары беріктілігі, недəуір ұзақ тұрақтылығы, сəнділігі, сондай-ақ табиғатта шикізатының кең таралуы арқасында құрылыста керамикалық материалдар мен бұйымдар көп қолданылады. Мысалы, Мəскеу Кремльнің қабырғылары 500 жыл бұрын кірпішпен қаланған.
Əдетте керамиканы химиялық жəне фазалық құрамына байланысыз бөледі:
* тығыздығы бойынша - тығыз пісіп біріккен жəне бірікпеген куысты керамикаға. Куысты керамикалық бұйымдар су салмағынан 5% жоғары суды сіңіреді. Орташа қуысты бұйымдардың су сіңіруі салмағы бойынша 8-20% немесе көлемі бойынша 15-35% құрайды. Тығыз бұйымдар 5% төмен су сіңіргіштікпен сипатталады. Көбінесе бұл салмағы бойынша 2-4% немесе көлемі бойынша 4-8% құрайды;
* құрылымы бойынша - бұдыр дəнді жəне жұқа дəнді керамикаға;
* қолдану аймақтарына байланысты: құр ылыстық, шаруашылық- тұрмыстық, техникалық жəне отқа төзімді керамикаға.
Құрылыстық керамиканың өзі бөледі:
а) қабырғалық материалдарға (сазды қəдімгі кірпіш, қуысты денелі жəне жеңіл кірпіш, қуысты денелі керамикалық тастар);
б) үйдің төбесін жабатын материалда рға жəне итарқалап жабу үшін материалдарға (черепица-жабынқыш, керамикалық қуысты денелі бұйымдар);
в) сырты жəне ішкі қабырғаларды қалау үшін материалдарға (беттік кірпіш жəне тас, касбетік керамикалық тақташалар жəне кішігабаритты тақташалар);
г) еден үшін материалдарға (тақташалар);
д) арнайы пайдалануға жасалған материалдарға (жолдық, санитарлық- құрылыстық, химиялық төзімділі, жерасты коммуникациялары үшін материалдар, олардың ішінде жылу өткізбейтін, отқа төзімді жəне басқа құбырлар);
е) жеңіл бетондар үшін толтырғыштарға (керамзит, аглопорит).

1 Керамикалық материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері

Құрылыстық керамикаға бұдыр дəнді бұйымдардың (кірпіш, жабынқыш,
канализациялық жəне дренажды құбырлары) жəне жұқа дəнді (глазурлаған плиткалар, еден үшін тақташалар, сантехника) бұйымдардың өндірістері кіреді. Шаруашылық-тұрмыстық керамикаға əртүрлі фарфор, фаянс, майолик, жұқа керамикалық, гончарлы жəне басқа бұйымдары жатады. Техникалық керамика құрамы, қасиеттері жəне пайдалану аймақтары бойынша ең алуан. Бұлар - оптикалы мөлдір керамика, қатты керамикалық электроплиталар, өткізгішті жəне жоғары өткізгішті керамика, биокерамика, ферромагниттық керамика. Отқа төзімді керамика - жылулық агрегаттарында жоғары температуралық жағдайда пайдалануға арналған керамикалық бұйымдар.
Керамикалық материалдар - арнайы қоспаларды бір немесе екі рет қүйдіру жолымен алынатын жасанды материалдар, олардың негізгі компоненті - саз.
Шикізаттар 3 топқа бөлінеді: созымды (пластикалық), жүдеткіш заттар жəне балқуды жақсартатын қоспалар (плавендер):
Керамика өңдеу үшін шикізат

созымды жүдеткіш балқуды

жақсартатын қоспалар пегматит,
концентрат, доломит,

шлактары)

(саз, каолин) (кварцтық құм, (дала шпаты, сазды тақта тас, нефелинды доменды шлактары, бор, перлит,
отынды шлактар, магнезит,
күл, шамот) фосфорлық

Минералогиялық жəне химиялық құрамына тəуелсіз шөгінді жыныстарды сумен араластырғанда пластикалық қамыр түзетін жұқа минералдық массаларды саздар деп атайды. Созымды қамыр күйдіргеннен кейін суға төзімді жəне қатты тастүрлі денеге айналады.
Саздың қаситеттері - созылымдылық, байланыстылығы, байланыстырғыш қабілеті, кептіруге жəне жоғары температуралардың əсеріне қатынасы. Созылымдылық иілімділігінің санымен сипатталады:
И = Wа - Wи,
мұнда Wа и Wи - аққыштық шегіндегі жəне жгутке илегендегі сəйкес ылғалдығы.

Иленгіштік бойынша саздар жоғары иленгіштік (П 25), орташа иленгіштік (П = 15-25), орынды иленгіштік (П=7-15), аз иленгіштік (П7) жəне иленгіштіксіз деп бөлінеді. Байланыстылығы жəне байланыстырғыш қабілеті
- бұл саздың кептіру кезіндегі берілген пішінді сақтау қабілеті. Саз бөлшектерді бөлу үшін қажетті күш салуын байланыс дəрежесі көрсетеді. Саздың байланыстырғыш қабілеті созылмайтын материалдардың (құм, шамот) бөлшектерін байланыстыру жəне кептіру кезінде жеткілікті берікті бар берілген пішіндегі полуфабрикатты алу мүмкіндігін анықтайды. Иленгіштік сазды қамырдың кептіруге қатысын кептіргіш қасиеттері сипаттайды. Олардан негізгісі - ауалық отыруы - суды шығарып тастаған кезде сазды қамырдың көлемінің азаяюы. Ауалық отыруы, əдетте, 2-20% құрайды. Отқатөзімділігі - жоғары температуралардың əсеріне балқымай, қарсы түру қабілеті. Саздар отқа төзімді (отқа төзімділігіштігі 15800С жоғары), баяу балқитын (1350-15800С) жəне жеңіл балқитын (13500С дейін) деп бөледі. Отқа төзімді саздарға көбінесе аз мөлшердегі механикалық қоспалары бар каолинитты саздар жатады. Мұндай саздар фарфор, фаянс жəне отқа төзімді бұйымдар өңдеу үшін пайдаланады. Отқа төзімді саздарға қарағанда баяу балқитын саздардың ішінде көп мөлшерде темір тотық, кварцтық құм жəне басқа қоспалар болады. Бұл тобы баяу балқитын, сыртқы қалаушы мен беттік кірпіштерді; еден үшін тақташаларды жəне канализациялық құбырларды жасап шығаруында қолданылады. Жеңіл балқитын саздар минералогиялық құрамы бойынша əртүрлі, олардың құрамында, əдетте, көп мөлшерде мынадай қоспалар - кварцтық құм, темір тотығы, известняк, органикалық заттары болады. Олар кірпіш жəне черепица өндірістерінде, жеңіл толтырғыштардың өндірістерінде жəне т.б. пайдаланылады.
Жүдеткіштер кептіру жəне күйдіру кезінде бұйым отыруын азайтады, сонымен қатар формаға құйғаннан кейін жарылып кетуден сақтайды. Бұл - табиғи заттар (кварцтық құм, ұңтақталған кварциттер, сазды тақта тас), техногенді (шлак, күл) жəне жасанды (шамот - алдын ала күйдірген жəне ұңтақталған сазды жыныс) заттар.
Балқытуды жақсартатын қоспалар (плавен) төменгі температураларда балқыманың пайда болуы арқасында саздың күйіп бірігу температурасын төмендетеді, осы нəтижесінде сұйықты фазалық күйіп бірігу механизмі басым болады. Балқығыш заттарға дала шпаттары, темір кендері, доломит, магнезит, тальк жəне басқа қоспалар жатады.
Керамикалық заттардың негізгі қасиеттері: микроқұрылысы; куыстылығы; өткізгіштігі; механикалық мықтылығы; термомеханикалық, жылулыфизикалық, термиялық, химиялық жəне электрофизикалық қасиеттері. 1-кестеде керамиканың бірнеше түрлерінің қуыстылығы жəне беріктігі көрсетілген.
Отқа төзімділік қасиеті бойынша керамикалық материалдар 4 топқа бөлінеді:
1) жеңіл балқитындар, олар 13000С температурадан төмен балқийды. Бұл заттарға қызыл саздан жасалған керамика - құрылыстық кірпіш, черепица, дренажды жəне канализациялық құбырлары жатады;

2) баяу балқитындар, бұл заттар 15800С температураға дейін балқиды. Олар
- қышқылдарға төзімді, қалаушы матер иалдары, фаянс, фарфор жəне техникалық керамиканың кейбір түрлері;
3) отқа төзімді материалдар 1580-20000С шектер арасында балқиды. Бұлар -
қышқылды отқа төзімді материалдар (динас, шамоттық, жоғары глиноземдік), форстериттік жəне техникалық керамиканың көпшілігі;
4) жоғары отқа төзімді материалдар, олардың балқу температурасы 20000С жоғары. Бұлар таза тотықтардан жəне оттегісіз қосылыстардан жасап шығарылған керамика.

1-кесте. Керамиканың кейбір түрлерінің қуыстылығы жəне беріктігі.
Керамика түрлері
Жорамалды қуыстылық,
%
Беріктік шегі, кГсм2

қысу кезінде
майысу кезінде
Құрылыстық
15-20
75-200
15-30
кірпіш ... ... ... ... ... .
20-30
200-500
40-100
Отқа төзімді заттар:
10-16
500-1000
100-200
кəдімгі ... ... ...
20
1000
250-300

10
1300-2500
250-400
тығыз ... ... ... ...
0,5-1
3000-5000
400-800
Фаянс ... ... ... ... ... ... ... ..

... ...
6-3
4000-нан 15000-
1500-нан
Жартылай

ға
6000-ға
фарфор ... ... ... ... ... ...

Фарфор ... ... ... ... ... ... ...
87-70

-
... ... .
60-50
15-20
-
Вакуум тығызды корундты

40-60

керамика ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

... ... .

Жылу өткізбеуші отқа төзімді

кірпіш жорамал тығыздығы

гсм3:

0,4 -

0,5 ... ... ... ... ... ... ... ...

1 -

1,3 ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Құрылыста канализациялық жəне дренажды суағарлар жасауда, мұржалар істеуде, сондай-ақ толтырғыштар ретінде жəне кейбір əдемілеу жұмыстарында керамикалық материалдары кең қолданылады. Олардың кейбір түрлерін қарастырайық.
Керамикалық құбырлары мықты жəне тығыз орталығымен, сыртқы жəне ішкі немесе тек ішкі жағынан глазурленген жай саздан жасалынады. Қоныр түске бояу үшін глазур құрамына магний мен темір тотықтарын қосады. Керамикалық құбырлардың негізгі мақсаты - канализациялық суғарларды құру.

Құбырларды ішкі диаметрін 150-ден 600 мм-ге дейін, қабырғасының қалындығын 18-ден 41 мм-ге дейін жəне ұзындығын 800-ден 1200 мм-ге дейін жасап шығарады (МЕСТ 286-64). Құбырдың бір шеттінде кең қоныш (раструб) болады, ал екінші - аяқ жағында ойма болады. Мұндай құбырларға фасондық детальдердің жиынтығы шығарылады - муфталар, 45 жəне 600 бұрыштағы үшбұрыштар (тройниктер), бір диаметрден басқаға өтпелімдер, тармақтары жəне басқалар.
Канализация жүйесінде пайдаланудан басқа, керамикалық құбырлар мұржалар жəне пештік құбырлар ретінде қолданылады. Құбырларды орнатылғаннан жəне қосылғаннан кейін кірпішпен немесе бетонмен қалайды.
Пештіқ изразецтері - бұл пештер мен каминдердің беттерін қалау үшін əдемі, безенген материалдар. Олар отқа төзімді ақ балшық пен құм қоспасынан жасалынады. Изразтердің бет жағына пресстелген жəне күйдірілгеннен кейін глазур жағады, бұдан кейін оны жоғары температурада екінші рет күйдіреді. Балқыған глазур изразтың бетінде сүт түстес жұқа шыныға ұқсас қабықша түзеді.
Изразтың сыртқы жалпақ жағынан айрықша ішкі жағына периметрі бойы тік бұрышты ойық бар, оны қорапша деп атайды. Қорапшаның ішінде тесіктер жасалынған, олар арқылы изразтерді бірің бірімен байланыстыратын сым өткізілген.
Керамзит - бұл жеңіл қуысты материал, оны жеңіл балқитын саздарды жылдамдық күйдіру арқылы алады. Керамзиттың химиялық құрамы (%) мұндай: SiO2 - 50-65, Al2O3 - 10-25, Fe2O3 + FeO - 3,5-10, CaO + MgO 7-ге
дейін, R2O - 3,5-5. Сыртқы түрімен керамзит гравийға ұқсайды, бұл домалақ немесе дұрыс формасындағы өлшемдері 3-5 мм-ден 25-30 мм-ге дейін созылған тастар. Күйдіру процесінің арнайы режиміне байланысты шикізатта екі процес қатар жүреді: бір жағынан, балшық көпіршіктенеді, бұл материалға белгілі
кеуектілігін береді; ал екінше жағынан, шикізатын сыртқы беті тез балқиды, оның нəтижесінде материал сыртқы əсерге өте тұрақты болады жəне тығыз қабырша түзіледі. Керамзит суда батпайды. Негізгі қолдану аймағы - темірбетонды жəне жеңіл бетон конструкцияларында толтырғыш зат ретінде қолданылады жəне де жылдам құрылыс технологияларында керамзитбетондық блоктарды өңдеу үшін пайдаланылады. Бөлмелер жылуды өткізбеу үшін бірінші қабаттың қос едендер арасына жəне қабат арасындағы қалқаларында керамзитты үйінді қабат түрінде төсеп қояды. МЕСТ 9759-65 бойынша 150-ден 800-ге дейін 12 маркасы шығарылады.
Химиялық тұрақты керамика - бұл сұйық немесе газ тəріздес əртүрлі химиялық заттардың ұзақ əсеріне қарсы тұратын керамика. Оны қышқылдарға тұрақты жəне сілтілерге тұрақты керамикаға бөледі. Қышқылдарға тұрақты заттар: күйдірілген балшық, фарфор, жартылай фарфор, муллит-корундты жəне корундтық материалдары. Сілтілерге өте тұрақты магнезиальды-силикаттық массалар, магнезиальдық шпинель, корунд болады. Химиялық тұрақты керамика бұйымдар 2 топқа бөлінеді: 1) ірі түйіршікті жəне кеуекті құрылысты;
2) жұқа түйіршікті, күйіп біріккен немесе жартылай күйіп біріккен. Қолдану аймақтарына байланысты химиялық тұрақты керамикалар: қалауышыға,

саптамағыштыға жəне химиялық аппаратураға бөлінеді. Қалауышы бұйымдар металды əр түрлі химиялық реагентердің тікелей əсерінен химиялық аппараттар мен конструкциялардың көпшілігін қорғауға арналған. Олар кірпіш жəне тақташалар формасында ірі түйіршікті массаларынан жасалынады. Қышқылдарға төзімді жəне термо-қышқыл тұрақты плиткалар (МЕСТ 961-68) олардың арнайы қолдануына байланысты 5 маркаларға бөлінеді: КШ - қышқыл төзімді, шамотты; КФ - қышқыл төзімді, фарфорды; ТКШ - термоқышқыл төзімді шамотты; ТКД - термоқышқыл төзімді дунитты; КС - құрғақ пресстеуінің қышқыл төзімді плиткалар.
Керамикалық плитка - ең ескі жəне көп кездесетін құрылыстық материалдардың бірі. 1999 ж Ресейде оның 160 миллион квадрат метрі сатылды. Беттік плиткаларды пайдалану түріне техникалық жəне техника- коммерциялық параметрлеріне байланысты жіктелейді. Тұрмыстық керамикалық тақташалар үшін мынадай бөлуді қолданады: а) қабырғалардың жəне едендердің ішкі бетін қалау үшін тақташалар; б) қабырғалардың жəне едендердің сыртқы бетін қалау үшін тақташалар (террасада, балконда); в) бассейн үшін плитка (бұл керамикалық плитканың ең үлкен тобы); г) керамикалық гранит (керамогранит).
Керамикалық тақташаларда бірнеше та птырмайтын қасиеттер болады.
Міне солардың кейбіреулері.
1) Мықтылық. Керамикалық плитка - өте мықты жəне қатты материал. Оның мықтылығы цементтің немесе темірбетонның мықтылығынан 10-20 рет есе артық, 300 Ньютонкв.мм жетуі мүмкін. Бұл 30000 тоннм2-ге деген сөз! Бұл қабілеті плитканы дұрыс қалаған кезде ғана сақталады.
2) Қатаңдық. Керамикалық плитканы өте үлкен күштерімен үзген кезде де сынбайды жəне майыспайды. Бұл көрсеткіш плитканың қалындығына байланысты, ол неғұрлым қалын болса, соғұрлым плитка өте қатаң болады.
3) Отқа төзімділігі жəне өртке тұрақтылығы. Осы қасиеттері арқасында пештердің жəне каминдердің сыртқы бетін қалау үшін плитканы кең қолданылады. Плиткалар отта жанбайды жəне қалаушы бетін қорғайды, əрі ешқандай улы газдарды бөліп шығармайды.
4) Жылу сыйымдылығы жəне жылу өткізгіштік. Керамикалық плитка жылуды тез сіңіреді жəне өткізеді, соңдықтан камин мен пештерді осы плиткамен қаптайды.
5) Түсінің тұрақтылығы. Плиткаға күннің сəулелері əсер етпейді, сондықтан ол кейбір материалдар сияқты (тұсқағаз, пластмассалар, маталар жəне басқа) өзінің түсін өзгертпейді.
6) Антистатикалық жəне электроизоляциялық қасиеттері. Керамикалық плитка электр тоғын өткізбейді.
7) Химиялық тұрақтылық. Керамикалық плитка химиялық активтік заттардың əсерлеріне тұрақты болады (тек фторлы-сутекті қышқылы оны бұзады).
8) Гигиеналыдығы. Керамикалық плитка - ең таза материал. Оның бетінде бактериялар жəне микробтары жиналмайды, сондықтан операция жасайтын бөлмелерде қабырғаларды жəне едендерде осындай плиткамен қаптайды.

9) Декоративтілігі (əшекейлеу). Осы критерий бойынша керамикалық плиткалар кең қолданылады.
Еуропалық нормалары бойынша (EN 1987 ж.) керамикалық плитка 8 топқа бөлінеді (1-кесте). Ал жаңа халықаралық нормалары бойынша ISO - 11 топқа. Олар негізгі екі параметр бойынша жіктеледі. Біріншісі - ылғалды сіңіруі, екінші - өңдіру тəсілі (пресстеу немесе экструзия).

1-кесте. Керамикалық плитканың жіктелу.
Қалыптау тəсілі
Ылғалды сіңіру (%)

0-ден 3-ке дейін
3-тен 6-ға дейін
6-дан 10-ға дейін
10-нан жоғары
А
(экструзия)
A I тобы
A IIа тобы
A IIb тобы
A III
В (пресстеу)
B I тобы
B IIa тобы
B IIb тобы
В III

Тобының номері кішірейген сайын плитканың ылғал сіңіруі қасиеті төмендей түседі жəне оның аязға төзімділік қасиеті өсе бастайды. I жəне II топтарды аязға төзімді деп санайды. Ал III топ аязға (суыққа) төзімді емес болып саналады, сондықтан ол тек ішкі қалау жұмыстары үшін жарайды.

2 Керамика технологиясының негізгі процестері мен əдістері

Түрлі керамика өндірістерінде төмендегідей негізгі сатыларын атап айтуға болады: бастапқы құрамдастарды дайындау, құрамдастарды ұнтақтау, араластыру, массаны дайындау, қалыптау, кептіру жəне күйдіру. Қосымша процестер: механикалық өңдеу, глазурлау, əшекейлеу, металдау жəне т.б.
Бастапқы құрамдастарды дайындау əрі қарай өңдеу үшін талап етілетін керамикалық массаның əрбір құрамдасы үшін берілген химия-минералогиялық құрамын, қажетті тазалық дəрежесін, физикалық күйі мен ылғалдығын қамтамасыз ету керек. Бұл сатыға минералдық шикізатты байыту процестері, яғни сумен жуу, сорттау, магниттік немесе елеуіш сепарация, химиялық тазалау жəне басқа да зиянды қосындылардан ажырату тəсілдері; алдын ала ұсақтау; ұнтақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ылғалдыққа дейін шикізатты кептіру; термиялық өңдеу (күйдіру) кіреді.
Құрамдастарды ұнтақтау қоладанатын технологияның ерекшеліктеріне жəне бұйымдар қасиеттеріне талаптарына сəйкесті олардың дəндерінің өлшемдерін алуды қамтамасыз етеді. Сазды жыныстар (балшықтар, каолиндер) үшін ұнтақтау процесін жиі тарату деп аталатын, яғни су əсерімен сазды минералдарын табиғи біріншілік бөлшектеріне дейін диспергілеумен

ауыстырады. Ұсақтау дəрежесі бойынша өлшемдері 0,5-1 мм жəне одан жоғары ірі дəнді ұнтақтар, 0,05-0,1 мм-ден ұсақ - жұқа дəнді ұнтақтар болып бөлінеді. Өлшемдері микрон жəне микрон үлестеріне тең жұқа дəнді ұнтақтарды
жоғары дисперсті деп атайды. Ірі дəнді массаларды барлығына жуық отқа төзімді бұйымдар өндірісінде қолданады. Жұқа дəнділерді - тұрмыс жəне электротехникалық фарфор, кейбір өңдеу құрылыс материалдар өндірісінде, техникалық керамика бұйымдарын жасауда қолданады.
Ұнтақтау үшін мерзімді жəне үздіксіз əрекетті əртүрлі ұнтақтағыш машиналар: шарлы жəне оқтаулы (валокты) диірмендер, кейде вибрациялық диірмендер пайдаланады. Материалға, алынған суспензияның тұтқырлығын төмендететін, БАЗ-ды, сульфит-спиртті барданы (ССБ), олеин қышқылын енгізу арқылы жұқа ұнтақтаудың қарқындылығын өсіруге болады.
Құрамдастарды араластыру белгілі химия-минералогиялық жəне дəнді құрамдағы біртекті композиция (шихтаның, массаның) алуды қамтамасыз ету керек. Араластыру мерзімді немесе үздіксіз əрекетті винт қалақта араластырғыштарда өтеді.
Массаны дайындау келе жатқан қалыптау процестері үшін қажет массаға белгілі физикалық қасиеттер - тығыздық, тұтқырлық, иілгіштік беруі керек.
Қалыптау процестері кептіруде жəне күйдіруде көлемінің өзгеруін ескере отырып, полуфабрикатқа қажетті пішіні мен өлшемдерін беруі керек. Қалыптау процестерінің варианттары басты үш топқа бөлінеді:
1) жоғары меншікті қысымдар əсерімен үнтақ тəріздес массалардан престеу;
2) пластикалық массалардан қалыптау, оның негізгі варианттары: қысып шығару (тарту, экструзия), штемпельді қалыптау жəне айналу денелерге дайын материалды илеу. Қолданылатын меншікті қысымдар салыстырмалы жоғары емес. Қысып шығару шнекті немесе поршенді престерде жүргізіледі.
3) сұйық суспензиялардан құю. Жеткілікті берік құймалар алуы денеден кеуекті қалыпқа артық сұйықты шығаруға немесе байланыстырғыштың (связканың) агрегаттық күйін өзгертуге (қатайтуға) негізделген. Процестер сыртқы қысымсыз немесе төмен қысымдарда жүреді.
Керамикалық полуфабрикатты кептіру оның пішінін қалыптастыру жəне болашақтағы күйдіру операциясына сұйықтың кері əсерін жою үшін байлаушы сұйықтың құрамдағы мөлшерін азайтуы керек. Байланыстырғыштарды
термопластикалық жəне термореактивтік деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Арнайы және жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолдары
Керамика
Керамикалық материалдар,қасиеттері және шикізаттары мен өндіру әдістері
Керамикалық бұйымдарды жасау барысы және тарихын зерттеу
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
Жaнкeнт қaлaшығының қыш бұйымдар кeшeні
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде
Пәндер