Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері



1. Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері
2. Ұрғашы.донорларды ұрықтандыру және суперовуляция.
Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері.
Донорларды гормоналды препараттар арқылы өңдеп, суперовуляция жасау эмбриотрансплантациялаудың негізгі этапы болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат жуып алынатын эмбриондар санын арттыру.
Донорларды суперовуляция жасау үшін буаз бие қанының сарысуы (СЖК), буаз бие қанының гонадотропиндік сарысуы (ГСЖК) және фолликулдерді жетілдіретін гормон (ФСГ) және тағы басқа гормондар пайдаланылады. ББС дайындауда алынған қанның жалпы мөлшерінің 40-60% -нен дәрмек дайындалады. Биелерден қан алу буаздылығының 45-күннен бастап 90 күндігі аралығында, аптасына 1 рет әр 1кг салмағына 10 мл-ден келетіндей есеппен жүргізіледі. Яғни, әр биеден 4-5 литрден қан алынады.
Биотехнологияда жұмыс істегенде тұқымдық ядродан, аталықтарды және аналық-донорды сұрыптау оның басты сатысы болып саналады.
Мал шаруашылығында донорлар және аталық малдарға қойылатын талап өте жоғары, өйткені дәл солардың биотехнология әдістері бойынша генотипі жоғары бағалы эмбриондарды алады. Осындай эмбриондарды мал шаруашылығында пайдаланудың маңызы өте зор, өйткені in vitro клеткалық манипуляциясы әсер етеді. Экстракорпоральді ұрықтандыруда – малдарды міндеттелген жынысы бойынша алу. Биокошірмеде – клонды малдарды алу. Трансгенозда – биохимиялық және зоотехникалық параметрлерге сәйкес келмейтін өзгеше малдарды алу. Трансплантацияда – малдардың бағалы генотиптерінің жедел өсіп-өнуі. Криоконсервацияда – малдардың банкі және эмбриондарды құру. Малдардың экспорт және импортында – гамета және эмбриондардың сатысына ауысуы.
Барлық аталғандар бірінші этаптың жұмысының негізгісі – донор және аталық малды сұрыптау этапы екенін дәлелдейді. Сондықтан сқрыптаудың басты критерилері болып малдың биологиялық, физиологиялық, зоотехникалық ерекшеліктері саналады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері



Тексерген: Нуржанова К. Х
Орындаған:Сәрсенбекова С.Н

Семей, 2015
Жоспар
1. Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері
2. Ұрғашы-донорларды ұрықтандыру және суперовуляция.

Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері
Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері.
Донорларды гормоналды препараттар арқылы өңдеп, суперовуляция жасау эмбриотрансплантациялаудың негізгі этапы болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат жуып алынатын эмбриондар санын арттыру.
Донорларды суперовуляция жасау үшін буаз бие қанының сарысуы (СЖК), буаз бие қанының гонадотропиндік сарысуы (ГСЖК) және фолликулдерді жетілдіретін гормон (ФСГ) және тағы басқа гормондар пайдаланылады. ББС дайындауда алынған қанның жалпы мөлшерінің 40-60% -нен дәрмек дайындалады. Биелерден қан алу буаздылығының 45-күннен бастап 90 күндігі аралығында, аптасына 1 рет әр 1кг салмағына 10 мл-ден келетіндей есеппен жүргізіледі. Яғни, әр биеден 4-5 литрден қан алынады.
Биотехнологияда жұмыс істегенде тұқымдық ядродан, аталықтарды және аналық-донорды сұрыптау оның басты сатысы болып саналады.
Мал шаруашылығында донорлар және аталық малдарға қойылатын талап өте жоғары, өйткені дәл солардың биотехнология әдістері бойынша генотипі жоғары бағалы эмбриондарды алады. Осындай эмбриондарды мал шаруашылығында пайдаланудың маңызы өте зор, өйткені in vitro клеткалық манипуляциясы әсер етеді. Экстракорпоральді ұрықтандыруда - малдарды міндеттелген жынысы бойынша алу. Биокошірмеде - клонды малдарды алу. Трансгенозда - биохимиялық және зоотехникалық параметрлерге сәйкес келмейтін өзгеше малдарды алу. Трансплантацияда - малдардың бағалы генотиптерінің жедел өсіп-өнуі. Криоконсервацияда - малдардың банкі және эмбриондарды құру. Малдардың экспорт және импортында - гамета және эмбриондардың сатысына ауысуы.
Барлық аталғандар бірінші этаптың жұмысының негізгісі - донор және аталық малды сұрыптау этапы екенін дәлелдейді. Сондықтан сқрыптаудың басты критерилері болып малдың биологиялық, физиологиялық, зоотехникалық ерекшеліктері саналады.
Малдардың бәсекелесу қабілеті репродукциясы биотехнология әдістері бойынша, егер таңдалған аталық малдар және аналық-донорлар келесідей қабілеттерге ие болса, болуы мүмкін: 1. Тұқым сапасы бойынша тексерілген және зоотехникалық талап бойынша элита класына және элита-рекордқа қатысты бағалы генотипке ие болса, 2. Күшті физиологиялық денсаулығы болса, инфекциялық ауруларға төзімділігі жоғары және өнім беру сапасы жоғары болса, 3. Бір тұқымға жатса, 4. Физиологиялық жетілген.
Трансплантацияны эмбрион үшін өндірісте биотехнологияның әдістерін пайдаланғанда биологиялық және физиологиялық аналықты ажыратып береді. Аналық-донор мал шаруашылығында бағалы эмбриондарды алу үшін қажет, ал аналық рецепиенттер- қайта отырғызылған эмбриондарға физиологиялық, иммунологиялық және биохимиялық өсу және даму факторларын құруға қажет. Рецепиенттерді мал шаруашылығында пайдалануды келесідей түсіндіруге болады, бірақ, өкінішке орай, біздің біліміміз өсіру алаңында өте таяз.
Силостеу мақсатында тиімді малазықтық заттарын, мысалы жүгеріні
пайдалануға болады. Силосты барлық мал түрлерін, əсіресе ірі қара малын
азықтандырғанда кеңінен қолданады. Көптеген түйнекті жəне бақша өсімдіктерімен
салыстырғанда, силос құрамы каротинге бай келеді. Сиырлардың 100 кг салмағына
есептеп, 8 кг силос беруге болады.
Силостың негізгі құндылығы қатарына оның құрамындағы қоректік
заттарының салыстырмалы түрде жақсы сақталатынын (силостағанда 15-21% ғана
жоғалтылса, шөпте ол 30% жетеді) жəне дайындау жұмыстарының қандай болмасын
ауа-райы ерекшеліктеріне қарамай жүргізілетіндіктерін айтуға болады. Силостеу
барысында оның құрамындағы ақуыз мөлшерін арттыру мақсатында, бұршақ
тұқымдас (жоңышқа, бұршақ, маш жəне басқалар) өсімдіктерін, жақсылап
ұсақталған жүгерінің жасыл массасымен араластырып силостайды. Туралатын
өсімдік сабақтарының ұзындықтары 4-тен 2 см дейін жəне олардың ылғалдылығы
төмен болған сайын, неғұрлым қысқа болғаны лəзім.
Шошқа мен құстарға арнап аралас құрамды силостар дайындалады. Негізгі
массасы 75-85% түйнекті өсімдіктерінен (қант қызылшасы, сəбіз, картоп) жəне
бақша өсімдіктерінен (мал азықтық қарбыз немесе асқабақ) құралған силосқа, шикі
азықтық бидайын, бұршақ тұқымдас немесе дəнді дақылдарының жас сабақтары
қосылады. Түйнекті өсімдіктерді майдалағанда бөлінетін су мөлшерін азайтып,
силостың қажетті ылғалдылығын (65-75%) сақтау мақсатында, оның құрамына осы
суды өзіне сорып алатын шөп ұнын қосады. Қосылатын құрамдас бөліктер əртүрлі
ластайтын заттардан (топырақ жəне басқа қажетсіз элементтер) мұқият тазартылуы
қажет. Силостауға кіретін барлық өсімдіктер, арнайы майдалап-жаныштайтын
қондырғылар арқылы ұсақталынады. Силостық өсімдіктер алдын ала дайындалып,
жан-жағы жалтырланып, тегістелген арнайы орындарға (траншея, бассейн тəрізді
көмбе) салынып, тапталады.
Силостеудің химиялық мəні, өсімдік құрамындағы қанттардың сүтқышқылы
бактерияларының көмегімен, сүт қышқылына айналуы. Барлық қышқылдар тəрізді,
сүт қышқылы да бактерияларды жойып жіберу қасиетіне (бактериоцидтік) ие
болғандықтан, өсімдіктердің шіріп кетуіне жол берілмейді.
Сүтқышқылы ашуын тудыратын бактериялар, анаэробты, яғни оттегінсіз ортада
тіршілік ете алады. Сондықтан оттегінсіз ортада сақталған силостық өсімдіктер
массасында сүтқышқылы мөлшерінің көбеюі салдарынан, ондағы басқа
микроорганизмдер жаппай қырылады. Қышқылдық ортаның белгілі бір
158
концентрацияға (РН) жетуі кезінде, сүтқышқылы бактериялары да өздерінің
тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Оттегі сүтқышқылы ашу үдерісін тоқтатумен бірге, өсімдік құрамындағы
қоректік заттарының тотығуын үдетеді де, нəтижесінде оның азықтық құндылығы
төмендейді. Сондықтан жақсы нығыздалмаған өсімдік массалары қатты қызып
кетеді.
Атмосфералық ауа құрамында көптеген микроорганизмдер болады. Жақсы
тығыздалмаған силостық өсімдіктер арасында ауамен бірге қалып қойған осы
микроорганизмдер, ақуыздардың шіріп-сасуы мен майларды ыдырауға ұшыратып,
силостың бұзылуына алып келеді.
Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады:
1. Силостеуге құрамында оңай ашитын көміртектік заттарға бай жүгері,
күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал.
2. Силостеу үдерісінің жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, силостелетін
өсімдіктер массасын жақсылап нығыздау арқылы, оның арасындағы
оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.
Силосты бағалауда оның иісі өте үлкен маңызға ие. Жүгері немесе жүгері-
күнбағыс қосындыларынан жақсы дайындалған силостан - жемістің хош иісі
(жібіген алма) аңқып тұрса, қос жарнақты өсімдіктер мен бұршақ тұқымдас
өсімдіктерінен дайындалғандарынан - жаңа піскен нанның иісі шығып тұрады.
Құнды силостың түсі сарғыш-жасыл келеді жəне өсімдіктердің құрылымдық
өзгеріске ұшырамағандары байқалып тұрады. Егер де силостан сірке қышқылы
немесе нəжіс иісі мүңкіп тұрса, түсі қара-сары немесе қап-қара жəне собықтары мен
жапырақтарын зең саңырауқұлақтары басқан болса - силостың сапасы төмен
екендігін көрсетеді.
Силостың жақсы дайындалмау себептері қатарына келесі факторларды
жатқызуға болады:
-жасыл массасын дайындау мен оны арнайы орындарға төсеуге кеткен көп
уақыт айырмашылықтары;
- силостелген масса құрамына басқа заттардың (топырақ, ластайтын заттар)
түсіп кетуі;
- силостау уақытының ұзарып кетуі;
-жасыл массасының жақсылап нығыздалмауы;
- оның бетінің ауа кірместей етіп (герметизация) жабылып, сақталмауы.
Силостайтын өсімдіктер құрамы өте ылғалды (80%-дан жоғары) болса, силос
өте қышқыл болуы мүмкін, ал оны ұсақтап бастыру кезінде құрамындағы сөк-
нəрлері көп шығып кетеді. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болған жағдайда,
оны нығыздау қиынға соғады. Сондықтан ең қолайлы деп 70-75% ылғалдылық
саналады. Кейбір жағдайларда ылғалдылықты төмендету мақсатында жасыл
массаны азғана дегдітіп алады, немесе оған сабан араластырады.
Пішенжем (Сенаж). Пішенжемді ылғалдылығы 45-55%-дейін дегдітілген,
бұршақ тұқымдас (бобовые), бұршақ-дəнді жəне дəнді өсімдіктерінен дайындайды.
Осындай ылғалдылықтағы жəне ұсақталған өсімдіктер арнайы орындарға
нығыздалу арқылы оның құрамындағы оттегілерінен аластатылады.
159
Пішенжемнің жай шөппен силосқа қарағанда құндылығы жоғары. Осы жолмен
сақтау барысында, азықтың құндылығының небары 3-4% ғана жоғалады. Пішенжем
арқылы дайындау кезінде өсімдіктің өте құнды болып табылатын гүлдері,
жапырақтары сияқты бөліктері жақсы сақталады. Төменгі ылғалдылық ашу
үдерісінің жүрмеуіне, яғни силостеу кезіндегідей көміртекті заттарының
жоғалмауын қамтамасыз етеді.
Пішенжемді дайындау кезінде оны жақсылап нығыздаудың маңызы зор.
Нығыздаудың жақсы өткенін сенаж массасындағы температура арқылы бағалауға
болады. Егерде темрература 37°С жоғары көтерілген болса, нығыздаудың жеткілікті
дəрежеде болмағандығын байқатады.
25-сурет. Пішенжем сақтауға арналып темірден құрастырылған герметикалық
мұнаралар
Ауылшаруашылығының көптеген саласында сонымен бірге хайуандар
өнімдерінен алынатын малазықтық заттар да көптеп қолданылады. Бұлардың
қатарына сүт жəне оны өңдеуден қалған қалдықтары, ет жəне балық өндірісінің
қалдық заттарынан дайындалатын өнімдер жатады.
Сүт - өз құрамында жас малдың өсуіне қажетті, жəне ағзаға тез сіңетін барлық
заттар бар, өте құнды азық түрі екендігі белгілі.
Көк сүт (обрат) - сепаратордан өткізіліп, құрамындағы майлары бөлініп
алынған сұйық сүт. Бұның құрамында ақуыз, қант, минералды заттар болғандықтан,
əлі де құнды азықтық маңызы бар. Көк сүт құрамындағы жас төлге өте қажетті,
майда ерігіш А жəне D дəрумендері сепараторды тартқан кезінде маймен ілесіп
шығып кетуі себепті, кездеспейді. Сондықтан көк сүт бұзаулар мен торайларға
ацидофилин түрінде беріледі, өйткені ол астың қортылуына өте жақсы əсер етеді
жəне ішек қуысында кездесетін ірің бактерияларын жоюға оң əсер етеді.
Ірімшік жəне сыр дайындаудан қалатын сүт сарысуының көк сүтке қарағанда
құнарлығы төмендеу келеді.
Пахта - қаймақтан май айыру кезінде бөлініп қалады. Құнарлығы бойынша
көк сүттен сəл төмендеу келеді.
Сүйек-балық ұндары - протеинге (1 килограмында 300-500 г) жəне тез айнып
кететін майларға өте бай келеді. Сондықтан сүйек-балық ұндарының ұзақ сақталуы
160
үшін, арнайы зат - сантоквинмен өңдейді. Сүйек-балық ұндары шошқалар мен
құстарға беріледі.
Мұнан басқа ауылшаруашылығы малдарына техникалық мақсатта өсірілетін
əртүрлі өсімдік қалдықтарынан қалған, құрамында қоректік заттар бар - барда,
күнжара (шрот), сығынды (жом) сияқты көптеген азықтар қолданылады.
Қазіргі кезде метионин, треонин, триптофан жəне əсіресе, лизин жетіспейтін
өсімдік тектес жемдерге амин қышқылдарын көп мөлшерде қосады. Егер де малдар
ақуызы құрамында лизин мөлшері 7-9% көлемінде болса, бидай ақуызында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар жасушасын культивирлеу
Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Жануарлар биотехнологиясы пәні
Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану
Трансгенді жануарларды алу
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Жұмыстың практикалық қажеттілігі
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау
Пәндер