Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы



1. Қарым.қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы
2. Қарым.қатынас түрлері
3. Қарым.қатынас функциялары
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады [1, б. 516-518].
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. – Алматы, 2002.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. – Алматы, 2005.
3. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық. - Алматы, 2005.
4. Алдамұратов А. Жалпы психология. - Алматы, 1996.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №1

Тақырыбы: Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны

Орындаған: Рапикова С.А. (магистрант,
6М010300 –Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н.А. (п.ғ.к., доцент м.а.)

Семей 2015

Жоспары:

Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы

1. Қарым-қатынас түрлері
2. Қарым-қатынас функциялары

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени,
саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас
арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған
адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып
қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-
қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі
бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни
сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар,
зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер
ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол
осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін
қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан
басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде
пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат
алады [1, б. 516-518].
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір
әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның
қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар
арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда
күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек
қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет
тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни
психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына
адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке
даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба
білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның
басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін
қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші
адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық
сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара
келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті
психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара
түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке
даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір
кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең
білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен
бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік
қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-
құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен
бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер
әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен
аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады.
Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және
өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді.
Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам
қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-
тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі
және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне
қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат
алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде
қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын,
баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен
үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды.
Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.
Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы.
Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін
қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз
байланысты [2, б. 84-95].
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-
қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады.
Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат
алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді
ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың
бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен
бөлісу дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да
болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек,
яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты
сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен
керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті
қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму
деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3, б.
393-401].
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара
қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы
қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін
контактілік байланыс. [4, б. 124].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын
объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас
және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек
көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі
қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін
келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика
беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік
қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын,
иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу,
сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Қарым-қатынаста келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді зона (15-
45 см), өте жақын, таныс адамдар қарым-қатынасынан көруге болады; жеке
немесе дербес зона (45-120 см), достарға бірге істейтін қызметкерлерге
арналған кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс емес адамдар
арасындағы қарым-қатынаста көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық),
адамдардың көп тобымен қарым-қатынаста көрінеді, мысалы дәріс бергенде
немесе жиналыстарда көрінеді.
Қарым-қатынас түрлері:
1) Маска контактісі – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің
жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады
(кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге
деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.
2) Жабайы қарым-қатынас – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын
объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-
қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз
қылықтармен жауап береді.
3) Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен
мазмұны алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның
әлеуметтік орнына қарай анықталады.
4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне
тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып
қала береді.
5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген
тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет
әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер,
қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе
ғана жүзеге асады.
6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы
әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі [2, б. 396-
408].
Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып
қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат
алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана
компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның
әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
А.А. Леонтьев өзінің бір жұмысында Қарым-қатынасты тек ғана жеке
даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның
субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай коғам ретінде
қарастыру керек деген.
Осы айтылғанға анализ жасай отырып, Б.Ф. Ломов өз көзқарасын былай
білдірген: Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне
қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас – жалпылық пен бірліктің
көрінісі.
Қарым-қатынас және жеке адам. Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары
бір-бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей 3 әр түрлі зона туралы
айтуымызға болады.

А – дербес емес функионалді-рольдік қарым-қатынас;
Б - қарым-қатынас, адамның коммуникативті іс-әрекеті мен
коммуникативті жағдайы;
В – психикалық қасиеттер, жеке адамның үрдісі мен күйі.

Сурет 1. Қарым-қатынас және жеке адам

А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол
жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай
формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-
қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде
ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас
қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес.
Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті
бір-біріне дәл келіп тұр. Бул жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес
сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада
көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті
белсенділігі әр түрлі формада көрінеді – коммуникативті мінез-құлық,
коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй [8, б.
28-35].
Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен
қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара
қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай
жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ
мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке
даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші
жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-
әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың
барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас
үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-
қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді.
Қарым-қатынас функцияларын 3 класқа бөлеміз:
1) Ақпаратты коммуникативтік;
2) Бағдарлаушы коммуникативтік;
3) Аффекті коммуникативтік.
Осы негізде психологияда қарым-қатынастың үш жағын қарастырамыз:
1) Ақпарат алмасу;
2) Өзара түсінушілік;
3) Өзара әрекеттестік.
Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал
коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы,
қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас
тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі
адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни
жоғарыда атап өткеніміздей қарым-қатынассыз кез-келген психикалық процесс
тоқырауға ұшырайды [9, б. 80-47].

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995.
2. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других.
- М: 1996.
3. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. - М., МАССМЕДИЯ.
1995.
4. Годфруа Ж. Что такое психология. - М., Мир. 1996
5. Дерябо С. Ясвин В. Гроссмейстер общения. - М., Смысл. 1996.
6. Диллман Б. Результаты на мишени. - Санкт-Петербург. 1995.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №2

Тақырыбы: Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері

Орындаған: Рапикова С.А. (магистрант,
6М010300 –Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н.А. (п.ғ.к., доцент м.а.)

Семей 2015

Жоспары

Кіріспе
Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
Балалар тұлғасының қалыптасуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі
болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді,
жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі
жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту
кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың
тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған
талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар
жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының
қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі
үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары
саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-
қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда,
көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Жеткіншек дамуындағы қарым - қатынастың маңызы
Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен қарым- қатынасы
Педагогикалық қарым - қатынас ерекшелігі
Қарым-қатынас жайлы түсінік және оның түрлері
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Екінші сигналдық система ойлау мен сөйлеудің физиологиялық негізі
Пәндер