Мыс және оның қорытпалары жайлыақпарат


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Семей мемлекеттік Шәкарім атындағы университет

СӨЖ

Мыс және оның қорытпалары.

Тексерген: Тілеуғали Е. Т

Орындаған: Сакенова А. ТО-411

Жоспар :

1. Мыс

2. Мыс кентастары

3. Мыс концентраты

4. Мыстың жаратылысы

5. Мыстың кендері

6. Қасиеттері

7 . Мыс қоспалары

Мыс , Cu - элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63, 546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63 Cu және 65 Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4, 7. 10-3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8, 94 г/см 3 , балқу t 1084, 5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және Cu 2 О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO 3 , H 2 SO 4 -пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т. б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс - құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH 3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель, т. б. ) құраушысы ретінде қолданылады.

Мыс кентастары

Құрамынан мыс алынатын табиғи шикізат. Оның құрамына мысы бар 240-тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері: халькопирит (құрамындағы мыстың мөлшері 34%), борнит (63, 3), ковеллин (66, 4), халькозин (79, 8), теннантит (57), тетраэдрит (52, 3), энаргит (48, 3), куприт (88, 8), тенорит (79, 8), малахит (57, 7), азурит (55, 3), хризоколла (36, 1), брошантит (56, 2), атакамит (59, 5) . Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады. Қазақстанда бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны) . Минералдық және химиялық құрамдарына байланысты мыс кендерінің технологиялық сорттары сульфидтік, тотыққан, аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар мыс кендері сом және сеппелі-тарамшалы болып бөлінеді. Қазақстанда мыс кендерінің ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Жаманайбат, т. б. жатады.

Мыс концентраты

Пайдалы қазылымдарды байыту өнімі, не шикізатты химиялық өңдеудің өнімі. Бұл өнімдерде пайдалы концентрат мөлшері бастапқы шикізаттағыдан көп болады. Олар байыту фабрикасынан тікелей пайдалануға не металлургиялық өңдеуге жіберіледі. Металлургиялық өңдеуге жіберер алдында оларды флотациялық байытудан өткізеді. Мыс кенін байыту барысында негізгі алынатын өнім, құрамындағы мыс 55%-ға жететін (көбінесе 10%-дан 30%-ға дейін) мыс концентраты болып есептелінеді. Ал флотация кезінде мыстың концентратқа өту шығымы 80%-дан 95%-ға дейін болады. Байыту барысында мыс концентратынан басқа қосымша пиритті және түсті металдар концентраттары (мырышты, молибденді, т. б. ) алынады. Қазақстанда мыс шикізат көздері Орталық, Шығыс (Кенді Алтай) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған. Соңғы жылдары мыс-мырыш күрделі концентраттарын балқытып, ұсатып өңдеу, автогенді балқытып өңдеу тәсілдері Балқаш мыс зауытында жүргізілуде.

Мыстың жаратылысы

Гидротермалық және ол көбінесе мысты минералдардың жер бетінде ыдырауынан шығады. Мыстың кейінгі жаратылысын көрсету үшін халькопирит атты мысты минералдың ыдырауын келтірейік: CuFeS 2 - * FeSO 4 ->-Cu. Осы ыдыраудың нәтижесінде мыспен қатар малахит, азурит минералдары да пайда болады.

Мыстың кендері

Уралда (Орта Уралда), Қазақстанда (Қоңырат, Жезқазған, Ақбастау), Өзбекстанда Алмалықта бар. Шет мемлекеттегі кені АҚШ-та Жоғары Көлдер аймағында (Мичиган штатында), Африкада (Родезия) бар.

Жалпы мыс туралы

Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық мателиалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткзгіштігімен ерекшелінеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Ескі замандарда негізінен қалайы мен мыс қосындысы нәтижесінде қола алынып, қару-жарақ дайындалған. Бұл адамзат тарихындақола дәуірі ретінде белгілі. Мыстың латынша Cuprum атауы Кипр аралына байланысты онда біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта мыс рудниктері қолданылып балқытылған. Страбон жазбаларында мыс Эбвей жеріндегі Халкида қаласының атымен Халкос деп аталған. Осы сөзден ескі грек тілінде мыстан және қоладан жасалған заттар, ұсталық өндіріс, ұсталық заттар мен құймалар атаулары шыққан. Мыстың екінші латыншы атауы AES (санскр, ayas, гот тілінде air, неміс тілінде err, ағылшынша ore) руда немесе рудник дегенді білдіреді. Еуропа тілдерінің үнді-герман теориясында қолданылып, орыстың «медь»(полякша miedr, чех тілінде - med) ескі немісше smida (металл) және shmied (ұста, ағылшынша smith) сөздерінен шығарады. Әрине, бұл сөздердің түбірлерінің туыстығына дау жоқ, бірақ та бұл екі сөзде гректің рудник, копь деген сөзінен бір-біріне байланыссыз түрде шыққан. Осы сөздерден басқада туыс атаулар шыққан - медаль-медальон(французша medaile) . Орыстың ескі жазбаларында мыс және мыстан жасалған деген сөздер кездеседі. Алхимиктар мысты Венера (Venus) деп атаған. Қазақстанда да мұндай атаулар ерте заманннан бар. Олардың атауларын ерте кезде өмір сүрген ата-бабаларымыз қойған, және де осы күнге дейін сол аттарын сақтап қалған. Мысалы: Мыстау, Мыстөбе, Жезді тағы басқа сол сияқтылар. Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен(мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды.

Қасиеттері Физикалық қасиеттері

Мыс қызғылт-сары түсті, жұмсақ металл. Ауада жылдым тотығып, ашық қызыл-сары рең береді. Мыс жұқа түрінде көгілдір-жасыл түске ие. Мыс куб тәріздес көпбұрышты торшадан құралған. Кеңістікте тобын F m3m, a = 0, 36150 нм, Z = 4 құрайды. Мыс өте жоғары жылу және электр өткізгіштігімен(электрөткізгіштік-күмістен кейін 2 орында, 200С та өздік өткізгіштік 55, 5-58МСм/м) белгілі. Екі тұрақты изотобы бар. 63 Cu және 65 Cu. Бірнеше радиоактивті изотоптары да кездеседі. Ең көп сақталынатын изотобы 64 Cu, оның жартылай ыдырау периоды 12, 7 сағ. Бұл екі нұсқамен ыдырап, басқа заттар түзіледі. Мыстың әртүрлі құймалары белгілі:мырыш пен латун, қола мен қалайы, мельхиор мен никель, бабит пен қорғасын және тағы басқа.

Мыстың аналитикалық қасиеттері

Дәстүрлі түрде мыс әлсіз қышықыл ерітіндіден қышқылсутек көмегімен бөлінетін Ерітінділерде мыс және ионометриялық түрде анықталады. Ерітінділерде мыстың өте аз мөлшерде кинэтикалық тәсілмен анықталады.

Химиялық қасиеттері

Ауада ылғалсыз және диоксид көмірсутегі болмаған жерде өзгермейді. Су қосылған тұз қышқылымен әрекеттеспейді. Оттегіқоспасының нәтижесінде ерітіндіге айналады. Мыс концентрленген күкірт және азот қышқылымен, патша арағымен, оттегімен, галогендермен, халькогендермен, металл еместердің оксидтерімен тотығады. Қыздыру нәтижесінде галогенсутектермен әрекеттеседі. Мыс ылғалды ауада негізгі мыс карбонатын(II) құрап, тотығады:

Мыс қоспалары І

Мыстың көптеген қоспалары ақ немесе түссіз түрде кездеседі. Бұл мыс ионындағы(І) барлық бес 3d орбиталінің электрон буымен толыққанымен байланысты. Бірақ та Cu 2 O оксиді қызыл-қоңыр түске ие. Мыс ионы(І) су ерітіндісінде тұрақсыз және жеңіл диспропорционалданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары
Мыс және оның қорытпалары.Алюминий және оның қорытпалары туралы
Мейірбан металдар және қорытпалар
Титан және оның қорытпалары. магний және оның қорытпалары. мыс және оның қорытпалары. алюминий және оның қорытпалары
Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары жайлы
Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары жайлы ақпарат
Алюминий қорытпалары
Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары
Алюминий қалдықтарының қолданылуы
Материалдарды таңдау барысында жабдықтарды пайдалану шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz