Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
1. Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. — Алматы, 1997. — С. 182
2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет
3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
        
        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіШәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіСӨЖ №2Тақырыбы: Дін рухани ... ... ... ... Н. ... ... ... тобыСемей 2015 жылДін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы ... діни ... ... айналған елімізде  (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы ... ... ... ... ... үшін ... ... өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді ... ең ... ... ... деп ... ... Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц ... ... ... Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады  -  М.Б.). ... ... ... ... ... те ... Дін ... құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл ... ... ... мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. ... күні ... орын алып ... ... ... ... һәм ... уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең ... ... ... ... ... ... орны ... Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, ... ... ... ... ... ... өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде ... ... ... кең ... ... сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті ... ... күш ... дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.Маркс ... ... ... өзін ... ... дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) ... де ... ... ... ... ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның ... ... ... деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен ... ... ... Engels, ... ... ... ... Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де ... ... ...  ... және ...  атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада ... адам осы ... да азат ... ... ... дін мен ... ... мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін ... ... айта ... ... ... ... ең көп ... туғызғандардың бірі мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, ... Петр ... (Petr ... ... ... Ал, ... ... мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы ... және ... ... ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның ... ... ... ... ... ... ... һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. ... ... ... ... болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған ... ... ... ... ... ... тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, ... ... т.т. ... ... Америкада зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың, Оңтүстік ... ... де ... ... ... әр ... ... ортасын анықтайтын басты фактор  -  дін. Мұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, ... айт пен ... айт ... ... ... ... ... дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ... ... ... бағыт-бағдар береді,2) Қоғамды біріктіреді,3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді, 4) Жеке ... және ... ... ... ... ... гөрі ... рухани құндылықтарға мән береді.Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер:1) Діннің жеке ... және ... ... ... ... ... Дін әр ... сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін ... Дін ... ... төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет ... ... ... ... ... ... қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Нәтижеде аралас мәдениеттер пайда болады. ... діні ... ... ... ... дін. ... мен ... тіпті діндердің әртүрлілігін ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге ... ... діні ... ... туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және ... ... ... ... рөл ... да ... Бұл ... қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, ислам дініндегі жүйені толеранттылықтан да жоғары қойған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз ... ... ... ... ... Яғни, мұсылмандар басқа дін уәкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, ... ... ... қараған.Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің ... да діни ... ... ... Ал, ... ... ең ... деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың ... ... зор ... ... ... ... ... салған...Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да ... ... ... еркі ... ... ... адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні ... ... ... жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы ... ... араб ... мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның ... ... Jurji Zeidan, ...  атты ... мәдениет былайша сипатталған: . Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет  болып табылады.Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:1.Ұлттық сипатқа ие2.Табиғилық және тірілік3.Жалғастылық және ... ... ... ... ... ... тұтастық болып табылады7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің ... ... ... ең ... ... ... ... Ендеше, Қазақстан мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков (1942- ) ағамыздың  деген сөздерінің ... үш ... ... ... анық ... Ал, ... пен ... парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет ... ... ... ... ... Бір ... ... мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет ... ... ... тән ... Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және ... ... ... Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы. 4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру ... ... ... замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын ... ... ... қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім жоққа шығара алмайды.  ... ... ... ... ... түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың дінін тұтастай өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде тұрған жоқ, яғни ... ... күн ... жоқ. Ал, енді ... мәдениетімен, дінімен, тарихымен қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты деп, ... ... ... ... дінді қабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқ. Халқымыздың, мәдениетіміздің ... ... ... ... ... ... ... қажетсіз әңгімені көтеруі көңілге күмән келтіреді. Сол себепті, ислам дініне қарсы ... ... ... айтылған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі конференция ... ... осы ... ... аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі исламияттың өшпес орнын тайға таңба басқандай паш ... ... ... ... Тек көретін көз болса болғаны...Мәдениет категориясы  -  ... ... ... ең кең ... ... ... ... болған шынайы табиғатпен салыстырғанда мәдениетті адам жасайды және игереді, оны  әлемі деп ұғады.  ... ... ... шығармашылық іс-әрекеті, оның тәсілдері мен өнімдері (құндылықтары) оларды қолдану және  сақтау жолдары  ... ... ... және рухани деп, сонымен қатар мәдени құндылықтарды да идеалдық (рухани) және ... деп ... ...  ... ... ... яғни адамның даму деңгейін, оның қабілеттері, тәжірибесі, білімі мен ... ... ... ... ... көлемімен сипатталады.Мәдениетке мәдени  шығармашылық барысында оның нәтижелері, яғни адам ... және ... ...  ... ... ... ... әлемді игерудің жинақталған әдістері мен тәсілдері, адамның өзі және әлем туралы ақпараттар енеді.  Мәдениеттің бойында түрлі топтар мен ... ... да, ... де сақталады. Мәдениет сөзінің кең мағынада да, тар мағынада да (түрлі ұлыстардың, қызметтің алуан саласы т.б. ... ... ... Өз ... ... ... ... құбылыс ретінде, былайша айтқанда,  жиі бөліп қарастырады.Мәдениетті сөз ... ... ... ... жетістіктері мен сәттіліктері жайлы баяндалады. Ол дамудың қарама-қайшылықтары жинақталатыны шындық.  ... ...  ... сол себепті субъективті сипаттағы түсініксіздіктерге толы. Және де ол құбылмалы. Мәдениетте таза есеп пен сезіну ... сана ... мен ... ... сенім мен ырымдардың, бал ашу мен сынақ, рационалдық тәжірибе мен иррационалдық құбылыстардың жағымды мен ... ... ... түрде бірігіп жұмыс жасайды. Алға ұмтылу кертартпалықпен үйлеседі, кейінгісі өзге топтар мен ұлыстар жаңашылдыққа қатысты. Мәдениеттің кей құрамы қозғалмалы болса, енді ...  -  ... ... ... ... мәдениет шеңберінен шығарып тастаған атеистердің  нигилистік көзқарасымен ... ... Өз ... ... тиымдарымен  ол біздің тұрмысымыздың барлық саласына:  тіл мен ойға, тамақтану мен жеке ... ... мен ... ... пен ... қасиетті мен қасиетсіздіке көрініс тауып отырады. Дін заттай да, рухани да адам мәдениеті әлеміне кіреді. Дін ... ... ... ... ... ... ...  элементтерін  -  әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, салттар, құндылықтар,  мән-мағына танымға әр береді. Сонымен ... ... аса ... құрамы болған дін өзгермелі-дүниеліктен аса алшақ және дәстүрлілік пен мәңгілікті жақын тұтады. Онда мәдениеттің тұрақты, бірқалыпты ... аса ... ... ... ... ...  ... пайда болуымен тарихшылар байланыстыратын құрама тұрақтылардың бірі, маңызды түйіндерінің бірін құрастыратыны баршаға аян.Этнограф Дж.Фрезер  заманауи Құдай ... ... осы ... сүйеніп:  деп тұжырымдайды. Алайда мұндай біржақтылықты ескере отырып, ... ... ... бірі К. ...  жүз жыл ... ... . Және шын мәнінде  ұғымы (лат. Kultus  -  құрметтеу, күтім) мен "культура>>  -  мәдениет ... ... ... ... ... ... ерекшеліктерді айқындайды: құрметтеу жасап шығару емес.Ең алдымен мәдениет  -  қоғам ... ... және ... ... туындауы, адам қабілеттері мен сезімдерінің, сананың табиғи және болмыстық шамасының іске ...  ... ... ... ...  саналы адамның ұзақ әлеуметтенуінің жемісі топтар мен ұлыстар арасындағы ...  ... ... біздің бабаларымыздың өндірістік және тұрмыстық-отбасылық әлемді танудың көркемдік мен өнегелік тәжірибенің жинақтауы болып табылады.  ... ... ... ... секілді  қарттардың немерелеріне салт пен дәстүрді, іс-әрекет жолдарын, білімдерді табыстап орнын ... ... ... ... ... Ол прогресс жетістіктерін айналымға салып,  адам бойындағы табиғат берген қасиеттерді, тұлғаны байытатын, биіктететін қабілеттерді іске асыру үшін жағдай жасайды.Дегенмен, ... тек ... ... және т.б. тәжірибенің аталған түрлерінен ғана шықпайды. Мәдениеттегі сенімнің, нанымның, сезімдердің, интуицияның, пайымсыздық пен көз ...  ... ...  -  бұл да ... ... өлшемі, өз алдына жетістік, объективті шындық пен рухани ... ...  да,  де ... ... тікелей  игеру. Басқаша айтқанда,  дінмен жанасатын өзінің ішкі қисынсыздықпен көрінетін рухани тәжірибенің өлшемі.Дін пайымдылық қисындылықты аса ... ... ... ол ... ... өзгеше сезімдік-сезіну, бейнелік-нақты құралы. Дін  -  адамның қоршаған орта мен өз ... ... ... ... ... тікелей сезіне, өлшей, бейнелей де, тани да ... ... ... ... ... ... ... құпия, ғажайып, танымаған бағдардың қисынсыз ерекше тәсілі. Дін құпиямен, мәңгілікпен, ... ...  ...  ... ... ... бейнелейді және осы мағынада  -  сенім мен мәдениет  -  ... ... ... сананың өзгеше, тікелей пәлсапасын құрайды.Мәдениет пен дін  -  сыртқы, кездейсоқ көршілер емес. Іштей олар ... ... ... келе ... Адам ... қалыптастыратын мәдениеттің ерте  кезеңінде өзінің мазмұны мен түрі жағынан  ... ... ... Мәдениет тарихшылары мәдениет бастауында біздің бабаларымыз айғақ пен ойдан шығарылғанды, бақылау мен көзбояушылықты, ... пен ... іс ... ... пен ... ... шындық пен әпсаналарды ажырата алмағанын дәлелдейді. Мифология  -  ... ... ... ... ... бір топ ... (білімдерде ғана емес, сенімде де) мәдениет дәл осы мифологиядан алған. Осындай архетиптердің  бірі  -  ... ... ... әлемді сезінудің көбі өткенде қалып, мәңгі ұмытылған. ... әлі де ... ... анахронизм ретінде қабылданып отырған нәрселер де бар. Осы аңыздық бастамалардың бірі шамамен адамның қарама-қайшы табиғатын меңгерумен үйлесімді болар, заманауи мәдениетке, оның ... ... ... ... ... Аңыз бен ... ... өлшем  -  қабылдаушы емес, көріпкелдік аянмен сезінетін, тылсымға ... ... ... ... аса ... ... ... қарағанда едәуір жылдам өзгереді, өмірдің  түрлі салаларына еніп кетуінің, бірқалыптылығының, ерекше дәстүрлігінің арқасында қоғамдық өмір мен  ... ... ... ... ... ... сакралдық (табиғаттан да жоғары) пен қасиеттілік (аса қадірленетін) үйлесім табады. ... ... ерте ... ... ... оның тура ... шығып отырған. Кейінгі Орта ғасырға дейін  шіркеу ... ... ... ... қамтып отырған. Ол бір уақытта мектеп пен университет, клуб пен ... ... мен ... да бола ... ... бұл ... ... өмірге деген іс жүзіндегі мұқтаждықтарынан туған, бірақ шіркеуден бастау алып, көпшілігінде оны азық еткен.Дін өкілдерін рухани билей отырып, шіркеуді  ... ... ... ... ... ... ... болып, бақылап отырған. Әсіресе  мұндай рухани диктатура саяси және құқықтық түрде шіркеу ... ... ... ... ... ... ... Және тіпті барлық жерлерде ол құқық пен өнерде, білім беру мен тәрбиеде басым ... ... ... ... ой, ... ... ... байлаған. Кез келген диктатура секілді шіркеу цензурасы мәдени алған дамуға қарай жағдай жасаған емес; еркіндік  -  мәдениеттің тынысы, ... ол ... ... шынайылығына діннің оңды әсер етуін ескергенде осы ... ... ... ... дін ұлттық сананың ұлыс мәдениеттерінің дамуы мен қалыптасуына ықпал етті. Барлық жерде қалыптасып келе жатқан ұлт, ұлыстардың дәстүрі мен тұрмысы, тілі мен ... ... ... ... ... ... ... боялған. Олардың ошақтары, паналары мен зираттары құрбандықтарымен тұтас болған. Ұлттық ...  ... ...  -  тек ... ... бір еңбек пен ортақ пана ғана емес, қасиетті жерлердегі ортақ салттары да.Пұтқа табынушылықта ұлттық санасы мен ... тыс ... аса ... жатыр. Оларда тотемизмнің, ата-бабалар өмірі, тайпа көсемдері мен батырларының салттары мен ... ...  азық ... ... ... ... өзгешелік жалпыдан басым болады. Бұл алғашқы қауымдық топтардың  бөлінуін ... ... ... пұтқа табынушылық терең тамырлары кейін құрылған жеке ... мен ... ... ұлттық мәдениеттердің қайталанбас тұрақты өзгешелігін анықтады.Өркениет түсінігі мәдениет синонимі ретінде жиі, ал кей ... ... ... кезеңін анық белгілеу үшін қолданылады. Соңғы кездері өркениет дегенде жекелеген мәдениеттердің тарихи түрлерін (антикалық өркениет т.б.) ... ... ... ... ... Шығыс өркениеті) өзгешелігі мен мәдени деңгейін түсіреді.Ұлттардың діни (оның ішінде пұтқа табынушы) мұрасы Батыс пен Шығыстың жаһандық өркениеттердің бір ... ... ... де ... мен ... ... ... дамыған Батыс өркениеті діни реңк алып отырғаны шамалы-ақ (оның ішінде ... қана ... ... ... та) ... ... болса,  салиқалылық пен  діннің байланысқандығы соншалық, екеуінің ... ... ... ... емес.Әлемдік діндердің өркениеттік ықпалы өте зор болды. Олар ұлыстар арасындағы салқындықты жойды, тұйықтықтан шығарды, ұлттардың тез қалыптасуына ықпал етті. Ең ...  -  ... ...  ... ұлт үсті мен дін үсті ... арнасына тартты.  Әлемдік діндерде барлық ұлттарға ортақ нәрсе аса айқын көрінеді. Ол ... ... ...  ... ... ... қосымша кеңістік болды.Ұлыстардың қалыптасуы тұсында дін оның таңдаулылығы мен тағдырын қасиеттілікпен шарпыған, әлі толық ұғынбаған ұлттық идеяны, ойды ... ... ... ... ... қалыптасуы мен бекуіне ықпал етуші себеп болып келген.  ... ...  -  ... психологияны құрайды.Ұлыс мәдениетінде ұлттық пен діншілдіктің бірлігі  -  жалпыадамзаттық құбылыс. Оған объективті берілген баға деп қабылдау керек. ... тұра ... ... ... діннің көздеріне әкеп тіреуге, ұлттың рухани өрлеуін жалпы діншілдену деп қарай дұрыс емес. Әрбір ... ... ... ... ... да ... ... Неғұрлым оның діншілдігі жоғары болса, соғұрлым діни көздер күшті болады, секуляциялық процестер ықпалды болған сайын  -  ... ... ... ... мен ... ... басым.Христиандықта Шіркеу ұлттың материалдық мәдениеті кезеңінде монастырь өндірісінің, шіркеу құрылысының, мәдениеттік орану мен бас киім ... ... ... ... ... ... пұт ... қалдырды. Одан да зор үлес халықтың руханиятына, яғни  санасына, идеалына, өнегелілік пен көркемдік мұралар да қосады. Шіркеу ... ... ... орны ... ... айтылған. Осы жерде шіркеудің халық санасына діни ... ... ... насихат пен дінге қызмет ету әуенімен ортаға өнегелілік пен психологиялық әсері арқылы тікелей әрі терең ықпалын атап өткен ... ... ... ... ықпалын ешкім терістеген емес. Осындай ықпалдың теріс жағына екпін  түсіре отырып, Ф.Энгельс христиандықты  деп атаған. Христиандық батыс өркениетіне ... ... ... Оны жиі ... атап та ...  ... осы дін ол жерде барлығын анықтамайды. Дәл осы жерде ғылым мен философия теория ретінде, ал ... ... ... дәстүріне тән болып пайда болған. Дәл осында (әсіресе христиандықтың арқасында) адам өзін тұлға деп түсінеді. Мұнда ұлы  ... ... іске ... ... ... ... жаңа түрлері құрылған, техника қауырт дамыған, демократия институттары құрылып, жер бетіне тарады.Рас, осы жерден Шығыс елдеріне қарай ... ... мен ... ... легі, ал біздің уақытта  -   ағымы бет алды. ... ... мен ... ... ... мен исламның мәдениеті мен өркениетін төмендетуге болмайды.Жекелеген өркениетті қалыптасу, гүлдену және құлдырау кезеңдерін басынан кешетініне тарих куә. Шамамен бұл құбылыс ... ... де тән. ... ... батыс өркениеті оның біржақтылығын, пайымды басымдығын шектеулігі, өнегелілік ұстанымдарының кемшілігі, демократиялық институттарының қауымның билігінен сақтанбағандығын ашып көрсеткен терең  ... ... ... ... ... Одан өзге ол жиырмасыншы ғасырдың екі дүниежүзілік соғысына біздің заманымыздың экологиялық және өзге де планеталық сілкіністерге жауапты. Адамның техникалық қуаты мен ... ... ... ... ... жағдай мен психологиялық деңгейін көтеріп, ой-өрісін ұштай келе Батыс өркениеті өзінің руханилығын бірден көтеруде ... ... ... Батыс өркениеті адам табиғатының әлеуметтенуге дейінгі қауымдық қалдықтарын жоя ... ... ... жаулап бара жатқан анайылық пен зорлықты, немқұрайдылық пен ... ... ... ... ... ... ... отыр. Мұндай біржақтылыққа Батыс өркениетінің сакралдық емес,  бастаулары кінәлі.Қазіргі әлемдегі өркениеттердің ... ... ... ... ... баю әрекетіне ұласып отыр. Дегенмен бұл келісімсөз тек зайырлы ортада іске асып отыр. Діни ортада келіссөздер едәуір кедергілерге тап болуда. ... ... ... ... деп ... Ертедегі жаңа уақыттан басталған заманауи мәдениеттің қалыптасуы көбінесе оның секуляризациясының (шіркеулік бақылау мен ... ... ... болған. Мұны түрлі елдер мәдениеттері дамуының нақты деректеріне сүйенген ғалымдар да мойындайды.Ортағасырлық көркем әдебиетте ... ... ... саны ... ... ХІ ... ХІІ ғ. басына дейін жекелеген жартылай дүниелік, жартылай діни шығармалар көріне бастайды. ХІІ ғ. екінші ... ғана ... ... ... ... бола ... Ал ХҮІІІ - ХІХ ғғ. дүниелік көркем шығармалардың салыстырмалы үлесі 80-90 пайызға дейін өседі.Секуляризация ... пен ... өз ... діни ... ... ... ... бас тартумен, шіркеу цензурасын шектеуге, ортодоксальдық емес дүниелік тақырыптарға желілер, идея мен идеалдарға тиымды жою ... ... ... ... мәдени дүниетаным, шығармашылық себептердің молдығын арттырды.Ол философия мен ... ... ... қоса ... ... мен ... ... шешті. Секуляризация ғылымның ізденісіне кедергі болатын құпия мен тылсымның ... ... ... ... ... ... ... байытады, зерттеу мәселелерінің қырларын кеңейтіп, пайымдық зерттеу тәсілдерін тереңдетеді. Жаңа заманның ғылыми дамуында зор ... ... ... ... алдыңғы тенденцияларының бірі еркін ойлауға ұмтылу. Заманауи мәдениетте зайырлылық пен діни ... ... ... ... ... діни не ... ... болған емес (тарихтың дінге дейінгі протомәдениетті қоспағанда). Алғашқы нанымдар мен мәдениеттің пайда болуымен дін ... ... ... ... ... әлемді ғылыми-танымдық жақтан игеруге дейінгі қалыптасқан өз бетінше сезімдік қосымша ретінде ерте өркениеттің ... ... ... ... ұзақ ... бойы дін зайырлылықты ығыстырып, мәдениетке басымдық жасаған.Заман өзгерді, жақында ғана табылған идеологиялық ... ... ... сөйте тұра мәдениетке және сол сәтсіздікке ұшыраған сынақты тағып отыр. Бірақ керісінше, таңбамен: бұқаралық ... ... т.б. ... ... ... ... ... мемлекеттік атеизмнің орнына бұқараны еркін ойлаудан бездіре ... ... ... енгізіп отыр. Ортодоксия фанаттары, әсіресе келімсек миссионерлер, ... ... ... ... ... мен атеофобияны насихаттайды.Біздің түсінігімізде діни де, зайырлық та дін ... ... ... ... ... ... ...  -  өткеннің архетиптерінің бірі, сонымен қатар бұқаралық ... ... ... да бірі. Алтарь мен шіркеу руханилықтың аса ... ... ... ... ... ... ... орын ала бермек. Бұған тұтас қоғамға емес, жекелеген таңдаулы топтарда ғана іске асырылатын зайырлы мәдениетті қоса алмаймыз. Сол секілді заманауи ... тек діни ... ... ... және діни ...  -  ... ... бірін-бірі толықтыратын қасиетті бөліктері. Әдеттегідей, діни ортодокстар мұны көрмейді, сол сияқты өзінің жаугершілік ... ... ...  ... да солай.Алайда тарих адамзатты мәдениет үшін соңғы болатындай сәтке әкеліп отыр. Жоғарыда атап көрсетілгендей, мәдениеттің құбылмалығына орай оның ... ... онда ... қойған, тіпті шіріп жатқан құрамы да бар. Кейде олар үдеп отырады, ... оны ... ... ... байқауға болады. Адамзат пен бүкіл дүниежүзі мәдениетіне төніп тұрған ... ...  -  ... ... демографиялық, энергетикалық апаттардан шынайы әрі анық. Маңыздысы, бұл қауіп барлық адамдардың ортақ күш салуларымен ғана жойылады.Діни мәдениетте де, зайырлы ... де ... ... ... ... Білімсіздік, ырымшылдық, фанатизм мен шыдамсыздық діннің де, еркін ойлаудың да бірдей сын объектісіне ... ... Одан өзге ... зайырлылық пен діни адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік идеалдарына қызмет етуде адамдарды біріктіруге, бірлігін нығайтуға бағытталған.Мәдениеттің алға дамуы ... ... ... парадигманы өзгертпеу мүмкін емес: күйзеліс мен қарама-қайшылық  -  прогрестің қозғаушысы. Келісім, ынтымақтастық, әлемді танудың түрлі ұстанымдарына түсіністікпен қарау  -  ... ... ... қалудың, оның болашағын қамтамасыз ететін амалдар. Дінге сенетіндер мен сенбейтіндерді біріктіретін ортақ нәрсе олардың дүниетанымын бөлетіндерден анағұрлым маңыздырақ. Ұлт ... ... ... ... ... шығу ... ... жаһандық қауіптерді жеңу  -  барлық адам үшін маңызды. Бұл ортақтық сабырлы диалогпен, келіссөзбен айқындалады. Тек ... ғана ... ...  ... ... ... әкеледі, адамзат болашағы мен мәдениетті құтқару үшін бірлікке шақырады.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:*  Общечеловеческие и национальные ценности в ... ...  --  ... 1997.  --  С. 182*  Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған ... ... ... 2005.- 416 бет*  ... Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010 *  Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.  --  ... ... 2007.  --  344 бет.  
        
      

Пән: Дін
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 12 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге









Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері10 бет
XIX ғасырының мәдениеті5 бет
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары49 бет
«Мәдениет» ұғымы4 бет
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы22 бет
Адам және мәдениет12 бет
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы7 бет
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)20 бет
В.С. Библердің мәдениет диалогы мектебі идеясын жоо-да оқытудың тәжірибесіне енгізу13 бет
Геодезияның даму тарихы5 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь