Қазақстандағы сән әлемнің дамуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
«Бұйымды құрастыру және модельдеу негіздері» пәні бойынша
БАӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы сән әлемнің дамуы
Орындаған: Мақұлжанова Ақжан
Топ: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Семей, 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
1. 1 Сән туралы түсінік
Негізгі бөлім
2. 1 «Сымбат» сән үйінің тарихы
2. 2«Сымбат» сән үйінің танымалдылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Сән ( франц. Moda, лат. Modus - өлшем, әрекет тәсілі) - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән - әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол - ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған) .
«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен - теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер - алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Коко Шанельдің «кішкентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз?
Негізгі бөлім
Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жылдардың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қазақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түрде 1947 жылы келген делінеді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдарының өзі нағыз «сәндіктің» өзі емес пе?! Тек Коко Шанельдің ойлап тапқан «барлық қыздың гардеробында болуы тиіс кішкентай қара көйлегін» шығарып, жер-жаһанға жария қылмадық демесек, серілер мен сылқым сұлулардың сол кезгі сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. Алайда ресми дерекке сүйенсек, бүгінде «Сымбат» деп аталатын академия отандық сән әлемінің дүниеге келуіне сеп болыпты деседі. Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы - 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды. Қазақстан 1972 жылы - Болгарияда, 1974 жылы - Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық фестивальдарға да қатысты. Ал 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені иемденген.
“Сымбат” сән академиясы - жеңіл өнеркәсіп орны, бірыңғай шығармашылық және өнеркәсіптік ұйым
1947 жылы - тігін зертханасы негізінде құрылған
1988 жылдан - киім-кешек, аяқ киім және тоқыма бұйымдардың республикалық сән үйлері негізінде “Сымбат” сән және киім-кешек мәдениетін дамыту орталығы болып құрылды
1992 жылдан - бұл орталық “Сымбат” сән академиясы болып қайта құрылып, АҚ-ға айналды
1987 жылы - “Сымбат” сән театры құрылды
1996 жылы - академияның жанынан сәнгер-құрастырушы шығармалық мамандар даярлайтын “Жоғары сән“ колледжі ашылды
1998 жылы - “Сымбат” сән бизнесі университеті ашылып, онда дизайнерлер, құрастырушылар, тігулі бұйымдар технологтары, маркетологтар даярлана бастады.
Кәсіпорынның құрамындағы ғылыми-өндірістік бірлестіктер бар: дизайнерлік-құрастырымдық және ғылыми-зерттеу әзірленімі, тігін, аяқ киім, тоқыма өндірісі, “Жоғары сән” салоны, сауда үйі, сауда және сән галереясы, “Сымбат” сән журналының редакциясы, сән театры, сән көрмесі. Академия қызметінің негізгі түрлері: жаңа үлгілер әзірлеу, рынокқа жоғары сапалы тауарлар - киім-кешектің, тоқыманың, аяқ киімнің барлық түрлерін шығару. Жыл сайын олардың 2 мыңнан астам түрлерін рынокқа шығарады. Кәсіпорын өнімділігі жоғары автоматтандырылған технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. “Қаратау”, “Отырар”, “Гауїар”, “Алатау”, “Той”, “Алтын шұға”, “Астана” сияқты аса сәнді ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды. Сән театры ұлттық нақыштағы сәнді киім-кешек үлгілерін алыс-жақын шетелдерге көрсетіп тұрады.
Тарихы . Қазақстан сән индустриясының негізін қалаушы «Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы негізінде құрылған. Осы кезеңнен бастап компания өндіре бастаған prêt-â-porter өніміне бүкіл ел жұртшылығы қызығушылық танытты. Бастапқыда «Республикалық киім, аяқ-киім және трикотаж үйі» аталған ол бүгінде бүкіл әлемге танымал холдингке айналған. «Сымбаттың» құрылуы республикадағы тұңғыш сән журналының және сән театрының ашылуына жол ашты. «Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды. 1972 жылы Қазақстан мамандарының қолымен жасалған сән алғаш рет шетел асты. Бұл жылы академия тарихында оның киім топтамалары өзге мемлекеттердің сән майталмандарының сарабына салынып, сынға түсті. Топтамалар көрсетілімі 1972 жылы Болгарияда, 1974 жылы Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық сән фестивальдерінде өтті. Ал 1988 жылы «Сымбат» сән үйі Чехословакияда өткен ұлттық нақыштағы киім топтамалары фестивалінің бірінші көрсетілімінде «Золотая Лента» бас жүлдесіне ие болды. 35 жылдың ішінде сән академиясы әлемдік деңгейде өткен 40-тан астам халықаралық сән фестивальдерінде өз көрсетілімдерін ұсынып, 30-дан астам мемлекеттің сән байқауларына қатысқан. 2000 жылы «Сымбат» «Бірінші халықаралық «Ұлттық костюмнің жоғарғы деңгейдегі сән үлгісі» байқауын» (первый Международный конкурс «Высокой моды современного национального костюма») ұйымдастырды.
Ол Сібірде, Мәскеуде, Дубайда, Вашингтонда өтіп тұратын сән апталықтарының тұрақты қатысушысы. «Сымбат» ұлттық киім үлгілерін заманауи сән талаптарына сәйкестендіре отырып, соны, ерекше, айрықша киім дизайндарын жасаумен айналысады. Сондай-ақ академияның сән мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының эталоны мен ҚР Президенті Н. Назарбаевтің штандартын жасап шығарған. 2007 жылы «Сымбат» сән үйі өзінің 60-жылдық мерейтойын атап өтті.
«Сымбат» сән академиясы - қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес болған, қазақтың ұлттық киімін соны туындылары арқылы төрткүл дүниеге паш етіп жүрген бірден бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін Шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа және т. б. сәнгерлерін таңқалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білді.
Танымалдығы . Компанияның «pret-a-porter» және «haute couture» топтамаларының көрсетілімі халықаралық подиумдарда жылына екі мәрте өткізіліп тұрады. Бренд пайда болғалы бері оның сән үлгілерінің саны 150 000-нан асты. Сән үйі жыл сайын өз киім үлгілерін Қазақстанда 20-ға жуық, ал шетелдерде 10-ға тарта көрсетілімдері арқылы көпшілікке ұсынып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz