Ақша нарығының қазіргі кездегі жағдайы


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Ақша нарығының қазіргі кездегі жағдайы»
Орындаған: Мақышева Аяулым
ФН-407 тобы
Тексерген: Нұрмадиева Гүлнара
Дәулетбаевна
Семей 2015 жыл
Ақша нарығы - кең мағынада - нарыққа бейтауар активтер: ақша жиыны, бағалы қағаздар, туынды құралдар, несие капиталдары, т. б. бойынша қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы; тар мағынада сайып келгенде қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қол ақшасыз нысандағы айналысты, вексельдер мен чектер, банк сертификаттары мен депозиттерінің, т. б. айналысын қамтитын ақша жиынының агрегаттарына біріктіру дәстүрге айналған қысқа мерзімді ақша және қаржы активтері бойынша экономикалық қатынастар; ұлттық несие және депозит нарықтарының жиынтығы, орталық банк, коммерциялық банкілер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру операцияларын жасайды.
Ақша нарығында ақша қаражаты ғана емес, қайсысы капитал түрінде шығып тұрады, бірақ әрбір ақша капитал түрінде көрсетілінбейді. Ақша капиталға аударылады, егер келесі шарттар орындалса:
- біріншіден, ол уақытша бос ақша қаражаты болу тиіс, қайсысы қажетті пайдаланушыға жіберіледі;
- екіншіден, ол экономикалық айналым қаражатына қосылған болу керек, және бастапқы салынған жалпы ақшадан табыс түсіре алатын болу керек;
Ақша нарығы өзіне барлық ағымдардың ақша қаражатын қосады.
Ақша саласы дамыған мемлекеттерде ақша нарығының басты бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздар құрайды.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:
бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.
Бұл жерде көтермелеп сату саудасы жүзеге асырылады, стандартты қаржы құралдарымен арқылы, олар, вексельдар, депозитті сертификаттар, банкті вексельдар, фьючерлы контракттар. Қысқа мерзімді бығалы қағаздар секторы аз дамыған мемлекеттерде, ақша нарығының құрамының бөлігін банкаралық несие нарығының қолында болады. Ақша нарығының құралдарының басты қасиеті ол жоғары өтімділік, яғни ақшаға тез аударылуы. Ақша нарығы есеп беру, банкаралық және валюта нарығын қосады.
Ақша нарығының дамуы көптеген де мемлекеттің ақша массасынан анықталады. Ақша массасының құрылымын да активті бөлімі ерекше көрінеді, оған ақша қаражатын жатқызамыз, ол шаруашылық айналымына көмектеседі, және пассивті бөлім, ақша жинағынан, счеттағы қалдықтарынан тұрады, олар рассчетті қаражат болуы мүмкін.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату - сатып алу жөніндегі әлеуметтік - экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі - теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама - қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.
Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т. б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz