Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш.жігері және бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.ШЫҰ.ның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 тарау. Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.ШЫҰ.ның келісім.шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға әсері ... ... ... ...
2.3. ШЫҰ.ның Ауғанстандағы жағдайды реттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 тарау. ХХІ ғасырдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі перспективалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1.Ислам әлемінің халықаралық жағдайды нығайту жолындағы
күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Орталық Азия елдері және қауіпсіздік мәселесін орнату
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.
Жоғарыда атап өткендей, 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі астам державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресуртарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын іргетасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекетердің ішкі және сыртқы саясатының мазмұның айқындаушы факторына айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге алып келді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде 2 принципті негізге алды:
1. Қазіргі бар геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек.
2. Аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуды тиімді жолдарын іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн.
Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің келісілген іс-қимылы болып табылады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – қазіргі кездегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға тигізетін әсерін, аймақтағы қауіпсіздікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесі қай елге болмасын, маңызды болып табылады. Өйткені қауіпсіздікті орнатпай, болашақ та болмайды. Сондықтан әскери қауіпсіздікті орнатып, экономикалық мәселелерді, дипломатиялық қарым-қатынастарды, яғни, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті орнату болып табылады. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналған. Сондықтан да, мен «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан» атты курстық жұмысты алу себебім де осы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы Қазақстан халықаралық аренадағы өзінің ықпалын көтеріп, әлемдік держава елдерімен мықты дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуы,аймақтағы мәселелерге араласып және өңірдегі мемлекеттермен одан әрі даму стратегиясын бірлесіп шешуі болып табылады.
Мен, өз курстық жұмысымда мынандай негізгі әдебиеттерді қолдандым:
1. С.Абдулпаттаевтың «Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі проблемалары» атты еңбегінен, мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы жалпы мәліметтерді алдым.
2. Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» атты еңбегінен: Қазақстанға тигізетін әсері мен аймақтағы қауіпсіздікті орнатудың шешу жолдарын қарастырдым.
3. «Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества» атты еңбекте, мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жасаған келісім-шарттарын қарастырдым.
4. Журнал, газет және интернет басылымдардан, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бүгінгі таңда қарастырған мәселелерімен толықтырдым.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы,2002.
2. С.Абдулпаттаев. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы,2005.92 б.
3. Н.Назарбаев. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы.Астана «Елорда» 2005.
4. С.Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Алматы «Қарасай»2006. 72 б.
5. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества. Шанхай, 15 июня, 2001. //Национальная безопасность: итоги десятилетия. Астана, 2001. 442 с.
6. Сембинов Б. Политика обеспечения региональной безопасности в Центральноазиатском регионе в контексте развития Организации Договора о колективной безопасности . Автореф. канд. дисс. А., 2004. С. 15.
7. КазЭУ хабаршы. «Халықаралық өмір және саясат» сериясы. А., 2004. №1 (6). 65-69 – бб.
8. Сергеев Н. Центральная Азия: к новой модели сотрудничества // Казахстанская правда. 2005. 23 февраля.
9. Fuller G.E. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: Rand Corporation,1992. 25 p.
10. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества. Шанхай, 15 июня, 2001. //Национальная безопасность: итоги десятилетия. Астана, 2001. 442 с.
11. Токаев К. Организация обьединенных Нации: полвека служения миру. Алматы, 1995. С. 175
12. Н.Ә.Назарбаев. Жаһандану дамудың жаңа кіндігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бола алады // Н.Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2006.- 6 маусым.
13. Мирошниченко В. Шанхай ұйымының парламенттік өлшемі. 30 мамырда Мәскеуде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Нұртай Әбіқаев қатысқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатысты // В.Мирошниченко // Егемен Қазақстан. – 2006. – 30 мамыр
14. Иватова Л.М. Проблема международной безопасности в политике Республики Казахстан / Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы., 2001, С 79.
15. Шанхай ынтымақтастық ұйымы.Шанхай ұйымының құрылғанына орай ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің самиті өтеді // Егемен Қазақстан. – 2006. – 3 маусым.
16. Шарахымбай Б. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құпиясы неде? Осы сұрақ әлем экономистерінің бас ауыруына айналды / Б.Шарахымбай. // Қазақ әдебиеті. – 2005. 24 қараша. – 47 б.
17. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның Деректер банкі туралы келісімді ратификациялау туралы: ҚР Заңдары 2006 ж. 22 мамыр №142-ІІІ ҚРЗ // Егемен Қазақстан. – 2006.-24 мамыр. – Ресми газет. – 2006. – 3 маусым.
18. Ху Цзинтао. Шанхай ынтымақтастық ұйымының шарапатын өңір елдері теңдей көруі тиіс / Ху Цзинтао // Егемен Қазақстан. – 2006. 6 маусым.
19. http://www.religionscongress.org/
20. http://www.mfa.kz
21. http://www.embassy.kz

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстанның күш-жігері және
бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... .
1.2.ШЫҰ-ның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

2 тарау. Қазақстан және аймақтық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.ШЫҰ-ның келісім-
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға әсері ... ... ... ...
2.3. ШЫҰ-ның Ауғанстандағы жағдайды
реттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 тарау. ХХІ ғасырдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі
перспективалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1.Ислам әлемінің халықаралық жағдайды нығайту жолындағы

күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Орталық Азия елдері және қауіпсіздік мәселесін орнату

стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Кіріспе
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін
ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға
алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның
ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында
Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді
түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық
мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы
кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның
жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ
Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс
рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген
елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына
байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың
базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.
Жоғарыда атап өткендей, 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді:
бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің
күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі
астам державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы
тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ
аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар
бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда
мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді
жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық
кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су
ресуртарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты
салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия
мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын
қалыптастыратын іргетасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның
Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық
экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады. [1]
Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекетердің ішкі және
сыртқы саясатының мазмұның айқындаушы факторына айналды. Олардың
жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік
саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге
алып келді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану
мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде 2
принципті негізге алды:
1. Қазіргі бар геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды
барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа
құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте
айналысу керек.
2. Аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық
қауіпсіздікті нығайтуды тиімді жолдарын іздестіру сияқты
міндетті де ұмытпаған жөн.
Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі
оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің
келісілген іс-қимылы болып табылады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – қазіргі кездегі Шанхай
ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға тигізетін әсерін, аймақтағы
қауіпсіздікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты
орнату болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесі
қай елге болмасын, маңызды болып табылады. Өйткені қауіпсіздікті орнатпай,
болашақ та болмайды. Сондықтан әскери қауіпсіздікті орнатып, экономикалық
мәселелерді, дипломатиялық қарым-қатынастарды, яғни, халықаралық және
аймақтық қауіпсіздікті орнату болып табылады. Бұл мәселелер бүгінгі күннің
ең өзекті мәселесіне айналған. Сондықтан да, мен Шанхай ынтымақтастық
ұйымы мен Қазақстан атты курстық жұмысты алу себебім де осы. Шанхай
ынтымақтастық ұйымы арқылы Қазақстан халықаралық аренадағы өзінің ықпалын
көтеріп, әлемдік держава елдерімен мықты дипломатиялық қарым-қатынасты
орнатуы,аймақтағы мәселелерге араласып және өңірдегі мемлекеттермен одан
әрі даму стратегиясын бірлесіп шешуі болып табылады.
Мен, өз курстық жұмысымда мынандай негізгі әдебиеттерді қолдандым:
1. С.Абдулпаттаевтың Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі
проблемалары атты еңбегінен, мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы
туралы жалпы мәліметтерді алдым.
2. Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының дипломатиясы атты
еңбегінен: Қазақстанға тигізетін әсері мен аймақтағы қауіпсіздікті
орнатудың шешу жолдарын қарастырдым.
3. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества
атты еңбекте, мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жасаған келісім-
шарттарын қарастырдым.
4. Журнал, газет және интернет басылымдардан, Шанхай ынтымақтастық
ұйымының бүгінгі таңда қарастырған мәселелерімен толықтырдым.

1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстанның күш-жігері және бастамалары
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде
2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 35-ін құрайды,
ал жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард
455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген
тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді
білдіреді.[2]
ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және
Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық
аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ
мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы
қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат
принциптеріне жүгінеді.
ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту;
лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына,
трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық
ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының
стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы
төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.
Азиялық мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы жемісті
ынтымақтастығының анағұрлым көрнекті мысалы Шанхай
бестігінің қызметі болды (2001 жылғы маусымнан бастап –
Шанхай ынтымақтастық ұйымы).[3] Қытайдың, Қазақстанның Ресейдің
және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-
қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери
текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды
шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай
ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен
Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда
тұрақтылық кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық
құндылығы бар.
Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды
реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі
жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура
келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданында
қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын
принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту
туралы КСРО Үкіметі мен КХР Үкіметі арасындағы келісімге қол
қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдіру мен қарулы
күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім деп
көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы
күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім
оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында
қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім шекаралық
аймақта ғана қолданылды. КСРО ыдырағаннан кейін ерекше маңызды
келіссөздерді жалғастыру үшін Бірлескен тарап делегациясы
құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді.
Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді
нығайтатын саяси шешімдерді қабылданды.
Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде
осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей принциптері
белгіленді:
✓ Тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді
қарым-қатынасын нығайту және дамыту
✓ Шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайту
✓ Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде
бейбітшілікті қорғау.
✓ Біржақты әскери үстемдікті болдырмау.
✓ Шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді
қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс
сипатын беру.
Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ.
Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына – қысқарту
процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-
жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға
қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс
ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. 100 километрлік аймақта
саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы бір
жақты қысқартуды талап етті. Және де ТМД елдері
географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді.
Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес
әскери округтеріндегі әскерлердің негізгі бөлігін Келісім
қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді.
Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін Бірлескен тарап
делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру
шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды.
Тынымсыз диломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті
Келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде
Шанхайда қол қойды.
Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің
деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай
Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты ұсыныстарымен
келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы
күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып
табылады, оның мынадай қосымшалары бар:
➢ Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы
хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін
сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің
мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
➢ Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары
мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы
хаттама;
➢ Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында
және Тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда
верификациялық іс-шараларды жүргізудің ұйымдастыру
және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын
бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама.
➢ Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери
техниканы қысқарту жүргізудің нақты түрлері мен
әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы
хаттама.
Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы
күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада
теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік
қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадай көрінеді,
халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсендік процесіне
Қытай тартылды.
Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге
Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты
мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге
кірісуге мүмкіндік берді.
1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу
келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі
өтті. Міне, осы кездесуден кейін Шанхай бестігі деп
аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың
екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы
қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті.
Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-қимылы әскери-
саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген
пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастық
проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі
пісіп-жетілді.
Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне
қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде қырғи-қабақ соғыс
аяқталмағаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе
жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылады. Сыртқы саяси
ведомстволар басшылары бес мемлекеттің арасындағы өзара іс-
қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге
қарсы бағыттамағандығын атап көрсету қажет деп тапты.
Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып,
қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты
консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты.
Кездесуге қатысушы бес мемлекет ХХІ ғасырда жалпыға
бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті
және ұтымды халықаралық саяси сондай-ақ экономикалық
тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық
және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте
тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс
істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.
1999 жылғы тамызда болған Шанхай бестігінің Бішкек
мәжілісі маңызды саяси оқиға болды. Оынң қатысушылары сенім
білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери
қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту;
шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы
тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп
тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады
және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына
жәрдемдеседі деген пікір білдірді.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің
күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік
географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери
техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды.
Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас
нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі
практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға
болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені
әңгіме шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық
ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.
Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар
өткізілді, олар, сөз жоқ, Шанхай бестігіне қатысушы
мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой-ниеттің
нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.
Соңғы уақытта Шанхай бестігі шеңберіндегі ынтымақтастықта
жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан
жағдай, терроризм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және
атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық
мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасы кешенді түрде
қайта қарауда талап етті.
2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің
кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен бестіктің
саммті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде
тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен
маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша
қабылданған Душанбе декларациясында бестікке қатысушылар өз
аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне,
қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін
қызмет үшін пайдалануға жол бермейтіндігін қадап айтты.
2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен Шанхай
бестігі мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі өтті. Осы
форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысты.
Форум жұмысының нәтижесінде төмендегідей құжаттар өмірге
келді: Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) құру туралы декларация
және Терроризмге экстремизмге сондай-ақ сепаратизмге қарсы
күрес туралы Шанхай конвенциясы. Декларацияда Шанхай
ынтымақтастық ұйымы басқа мемлекеттермен, тиісті халықаралық
және аймақтық ұйымдармен пікір алмасуға, байланыстар
жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Шанхай ынтымақтастық ұйым шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді
бөлісетін басқа елдер үшін ашық.
Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы
қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан
зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-
экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп
жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға
жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді. Самитте сөйлеген
сөзінде Н.Назарбаев Шанхай бестігі аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті, мұның өзі
әскери қызметте сенім білдіру, транспаренттілік, шекара
ауданында қарулы күштерді қысқарту, теңдік, дәйектілік, өзіне
алған принциптерге байланысты мүмкін болды.
Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекет Өзбекстанның Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қосылуымен осы ұйымның алдында жаңа
міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен,
терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл
жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана
емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына енген елдердің тұрақтылығы мен
қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен
іс-қимылға дайындығының алғышарты болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы
жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстан да
бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды
бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты
жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілік
пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап
ұйым болып табылатын БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының
консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мемлекеттер ынтымақтастығының
жаңа бағыты көп үміт ұялатады. Әңгіме сауда-экономикалық
байланыстырға, көлікке, коммуникацияларға және туризмгі қатысты
мәселелерді шешудегі іс-қимыл туралы болып отыр. 2001 жылғы
9-10 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына
қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда
аталған мәселелерді талқылауға және тиісті көп жақты
құжаттарды пысықтауға арналады.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық
ұйымға қатысушы үкіметтер басшыларының тұңғыш отырысы
өткізілді, онда алты тарапты үлгіде ынтымақтастықтың
басымдық берілетін салалары қаралды, осы процесті жандандыру
және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді. [4] Аймақтық
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен
бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар
туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы
меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы
форумның маңыды нәтижесі болды.
Ресей Федерациясыынң солтүстік астанасында 2002 жылдың
7-8 маусымында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті
шын мәнінде маңызды оқиға болды. [5] Форум таяуда ғана
Қазақстанда аяқталған, бір шаңырақтың астына 16 азиялық
мемлекеттердің көшбасшыларын жинаған кездесуінде болған
сындарлы әңгіме енді алты тарапты үлгіде өткен
келіссөздерді жемісті болуына жағдай жасады.
Бірден мына нәрсенің басын ашып алу керек. ШЫҰ мен АӨСШК
бірінші кезекте тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын
қамтамасыз етуге қатысты ұқсас мақсаттар мен міндеттерді
бөлісетін құрылымдар болып табылса да, бірін-бірі
қайталамайды, екібастан бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше
әңгіме Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесінің
өзара толықтырғыштары, өзінше бір қосылғыштары туралы
болып отыр. Егер Шанхай ұйымы оған қатысушылардың
барлығының нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген
бірлестік болса, АӨСШК көкейде жатқан проблемаларды емін-
еркін талқылауға және шешуге арналған анағұрлым
кеңейтілген форум болып табылады.

1.2.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылымы
2001 жылғы маусымда қызметін бастаған Шанхай ынтымақтастық ұйымы
мынандай принциптерді атап көрсетті:
– ұзақ мерзімді тату көршілік және достық
қатынастарды нығайту және дамыту
– шекара аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайту
– Азия-Тынық мұхиты аймағында және бүкіл әлемде
бейбітшілікті қолдау
– Біржақты әскери басымдылықты болдырмау
– Шекараға таяу жердегі қрулы күштерді шектеу
және қысқарту, оған тек қорғаныс сипатын беру.[6]
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес
туралы Шанхай конвенциясына қол қойылды (2001 жылғы 15 маусым).
Конвенцияның негізінде осы үш зұлымдыққа қарсы күресті
өзара ықпалдастықты арттыру үшін Өңірлік антитеррорлық
құрылым (ӨАТҚ) өмірге келді.
Ресей астанасы Мәскеуде 2003 жылғы 29 мамырда өткен
Мемлекет басшыларының отырысында Шанхай ынтымақтастық
ұйымының негізгі институттары: Хатшылығы мен Өңірлік антитеррорлық
құрылымды жасақтау мәселелері талқыланып, олардың ережелері
туралы шешімдері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының
бюджетін қалыптастыру мен орындау туралы келісім қабылданды.

Сол жылғы қыркүйекте Пекинге жиналған Үкімет басшылары өз
кеңесінде ұйымның жаңа мазмұндағы бағыты – сауда-экономикалық
қызметінің тұсауын кесті. Жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымы
көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы
шешімнің қабылдануы, сондай-ақ осы Ұйымның келешекте көлік,
энергетика саласындағы қызметінің, органдарының жұмыс тәртібі
және алдағы бюджетінің талқылануы осыны айғақтайды. Аталған
бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Үкімет
басшыларының 2004 жылы Бішкектегі бас қосуында кедергісіз
бекітілді.
Мемлекет басшыларының 2004 жылдың маусымындағы кездесуі
барысында Ташкентте Өңірлік антитеррорлық құрылымның
Атқарушы комитеті ұйымдастырылып, ол тұрақты орган ретінде
қызметіне кірісті. Бұл жолғы басқосуда, сонымен қатар Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында есірткі
заттарының заңсыз айналымына, психотроптық заттар және
олардың прекурсорларына қарсы күрес туралы келісім, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы ӨАТҚ-ның шеңберіндегі құпия ақпаратты
қорғауды қамтамасыз ету туралы және басқа да маңызды
құжаттарға қол қойылды. Бірлестіктің бірқалыпты және үздіксіз
қызметінің көрінісі ретінде 2004 жылдың қаңтарында Пекин
қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы ресми түрде
ашылған болатын.
Қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының мынадай
органдары бар:
❖ Мемлекет басшыларының кеңесі
❖ Үкімет басшыларының (премьер-министрлерінің) кеңесі
❖ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
❖ Министрліктердің немесе ведомстволардың мәслихаты.
❖ Ұлттық үйлестірушілер кеңесі
❖ Хатшылық (Пекинде) 2004 жылы қаңтар.
❖ Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ, Ташкентте)
2004 жылы маусым.
❖ ӨАТҚ кеңесі.
2004 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына бақылаушы мәртебесін
берді, ал 2005 жылдың сәуір айында осы ұйымның АСЕАН-мен
өзара қатынасы туралы меморандумға қол қойылды.
ШЫҰ - әскери блок емес және басқаларға қарсы бағытталған жабық
альянсқа да жатпайды, керісінше, құрамын ұлғайту арқылы
кең көлемді халықаралық ынтымақтастықты қолдайтын ашық
ұйым. Ал Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесі –
ұйым емес, ол – форум, немесе Президент Н.Назарбаев айтқандай,
Азия қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультациялар және пікір
алмасулар өткізетін алаң.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі
Кеңесті шақыру туралы Қазақстан Республикасы бастама көтеріп,
ол еліміздің сыртқы саясатында басымдықтарға ие болып келеді.
Жалпы, Азия Кеңесін шақыру туралы идеяны Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы 5-
қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында көтерген
болатын. Шындығында бұл идея еліміздің алғашқы ғаламдық
бастамасы болатын. Саяси құрылымды ұйымдастыру жөніндегі
құнды бастама еліміздің сыртқы саяси қызметінің әлемдік
қауымдастыққа еркін көрсете алатын басты құжаты болып табылады.
Қазіргі кезде АӨСШК-нің жұмысына әлемнің 17 мемлекеті
тұрақты, 7 мемлекет бақылаушы ретінде қатысады. Оның
процестеріне БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы. Орталық Азия
ынты мақтастық ұйымының Атқару комитеті секілді халықаралық
ұйымдар белсенді қатысып отыр. [7]
Астанада 2005 жылы 5 шілдеде өткен ШЫҰ саммитінің оныншы
мерекелік мәжілісі – Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістанды бақылаушы
ретінде қабылдады.

2 тарау. Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
2.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының келісім-шарттары
Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы
саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға
ерекше мән береді.
ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын
нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды.
Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға
таралды.
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы
мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді.
ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық
қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-
ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті,
тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық
ынтымақтастықтың дамуы.
2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге
қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы
Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы,
ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының
мәлімдемесі.
2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының
тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде
сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан
әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық
ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа
қаржы құжаттары қабылданды.
2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді.
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол
қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге
қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп
жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын
шаралардың жоспарын қабылдады.
2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы
маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ
Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан
мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім
қабылданды.
2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары
Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға
жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды.[8]
2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы
бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше
мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-
әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу
саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның
мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің
бағдарламасы қабылданды.[9]
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет
жүйелі түрде кездеседі. 2006 ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше
мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар
төрағаларының кездесуі 2006 ж. қыркүйек айына жоспарланған. [10]
2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және
Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың
Форумы өз жұмысын бастады.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы,
Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму
Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне
зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы
ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД
хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды.
ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм
және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның бас хатшысы Қазақстанның өкілі,
ал ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры Қырғыз Республикасының өкілі
болады.[11]

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде 2001
жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 35-ін құрайды,
1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу
келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі
өтті. Міне, осы кездесуден кейін Шанхай бестігі деп
аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың
екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы
қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті.
1999 жылғы тамызда болған Шанхай бестігінің Бішкек мәжілісі
маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім білдіру
тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді:
– шекаралық мәселелерді реттеу
– әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу.
2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің
кездесуі және Душанбеде өткен бестіктің саммиті жаңа
қауіп-қатерге, яғни, терроризм мен экстремизмнің таралуы,
есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюіне жол
берілмеуі туралы мәселе талқыланды.
2001 жылғы 15 маусымда Шанхай бестігі мемлекеттер басшыларының
кезекті кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына бірінші рет
Өзбекстан Президенті қатысты. Форум жұмысының нәтижесінде
төмендегідей құжаттар өмірге келді: Шанхай ынтымақтастық ұйымын
(ШЫҰ) құру туралы декларация және Терроризмге экстремизмге
сондай-ақ сепаратизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы.
Декларацияда Шанхай ынтымақтастық ұйымы басқа мемлекеттермен,
тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен пікір
алмасуға, байланыстар жасауға және ынтымақтастықты дамытуға
дайын екенін білдірді.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымға
қатысушы үкіметтер басшыларының тұңғыш отырысы өткізілді,
бұл отырыста - экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары
мен бағыттары сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар
туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы
меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы
форумның маңыды нәтижесі болды.
2003 жылда (қырк)Пекинге жиналған Үкімет басшылары өз кеңесінде
ұйымның жаңа мазмұндағы бағыты – сауда-экономикалық қызметінің
тұсауын кесті. Жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты
сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы шешімнің
қабылдануы, сондай-ақ осы Ұйымның келешекте көлік,
энергетика саласындағы қызметінің, органдарының жұмыс тәртібі
және алдағы бюджетінің талқылануы осыны айғақтайды. Аталған
бағдарламаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Пәндер