Күзендер (Mustela): систематикасы, морфологиясы, таралуы және көбеюі (ақ, сары және шұбар күзендер)


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Мнистрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ақ күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.

Сары күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.

Шұбар күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.

Орындаған: Нургазина Г

Тексерген: Тугамбаева С. М.

2015 жыл

Жоспар:

  1. Күзендер туралы жалпы мәлімет.
  2. Ақ күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.
  3. Сары күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.
  4. Шұбар күзен. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы.

Күзендер.

Күзендер (лат. Mustela ) - сусар тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі: сарғыш күзен, аққалақ, ақкіс, сары күзен, еуропа қара күзені, сасықкүзен, су күзені бар. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 - 53 см, салм. 0, 1 - 2, 2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 - 12-ден (кейде 19 - 20-дан) балалайды. К-дердің ішінде ең ірісі - дала К-і (M. eversmannі), оның тұрқы 29 - 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық К. деп те атайды. К. - терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

Аққалақ (лат. Mustela nivalis ) - сусарлар тұқымдасына жататын сүтқоректі. Аққалақты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. Дене ұзындығы 11 ден 26 см дейін, құйрығы 1, 3-4 см, салмағы 43-250 г келеді. Денесі жіңішке, икемді. Жазда түсі күңгірт-жирен, (денесінің астыңғы жағы ақ), қыста, ақ. Солтүстік Америкамен Еуразияда таралған; ТМД-да барлық аймақтарда кездеседі. Әртүрлі табиғи жағдайларда тіршілік етеді. Қазақстанның орман-тоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі. Жыртқыш, ұсақ кемірушілермен қоректенеді. 3-10-ға дейін, негізінде 4-7 күшігі болады. Кәсіпшілік маңызы шамалы. Аққалақ - пайдалы аң. Оның әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін 2, 5-3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады.

Ақкіс (лат. Mustela erminea ) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 - 30 см, құйрығының ұзындығы 6 - 12 см, салм. 120 - 370 г. Жазда арқасы мен

бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы - құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан - мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 - 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет - көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылығына да едәуір пайдасын тигізеді.

Сасықкүзен (лат. Mustela sibirica ) - күзендер тұқымдасына жататын сүтқоректі хайуанның бір түрі. Денесінің ұзындығы - 28-30 см, оның ішінде құйрығының ұзындығы - 16-17 см. Түсі қыста жирен-сарғыш, жазда жирен-қызыл; іші ақшылдау. Арелының басты бөлігі Азияда. Көбінесе ормандарды мекендейді, әсіресе көлдер мен өзендер қасында кездеседі.

Шұбар күзен ( лат. Vormela peregusna ) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы - 27-35 см, құйрығы 11-20 см. Түсі шұбар, қара сары дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Дала, шел, шөлейт аймақтарды мекендейді. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Тамыз- қыркүйекте ұйығып, 5 ай көтеріп, ақпан-наурызда 3-8 күшік туады. Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды көп қолданғандықтан Шұбар күзен азайып кетегі, сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996) .

Шұбар күзеннің биологиясы аз зерттелген. Кемірушілермен қоректеніп, пайда келтіреді. Саршұнак, сұр тышқан, құм тышқан молырақ кездесетін шөл және шөлейт өңірлерде тараған. Облыс жерінде Қаркаралы, Нұра (Шошқакөл алабы) ауданында кездеседі

Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарындағы туыстың жалғыз өкілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы күзендер (Mustela): систематика, құрылыс ерекшеліктері, таралуы және көбеюі
Қазақстандағы күзендер (Mustela), сарышұнақтар (Spermophilus) және қарсақ (Vulpes corsac): жүйелеу, морфология мен таралу ерекшеліктері
Теңіз сүтқоректілерінің систематикасы, морфологиясы, таралуы және көбеюі (теңіз арыстаны, морждар, теңіз пілдері, дельфиндер)
Сілеусін, бархан мысық және жанаттардың систематикасы, құрылыс ерекшеліктері, таралуы және көбеюі
Қояндар, шошқалар, құндыздар және соқырлардың систематикасы, құрылыс ерекшеліктері, таралуы және көбеюі мен дамуы
Шеміршекті және сүйекті балықтардың систематикасы, морфологиясы, физиологиясы, көбеюі және экологиясы
Көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta): морфологиясы, көбеюі, таралуы және экологиясы
Диатомды балдырлар: морфологиясы, көбеюі, таралуы және қолданылуы
Өсімдіктер анатомиясы, морфологиясы, систематикасы және физиологиясы: оқу жоспары
Ароидтар, балдыршөптер және құртқашаштардың су жағалауындағы түрлері: систематикасы, морфологиясы және таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz