Полимерлердің химиялық түрленуі



1. Полимерлердің химиялық реакциялары.
2. Полимерлерге ұқсас түрлендіру
3. Тігілу (катаю) реакциялары
4. Блоксополимерлену
5. Жалғанған сополимерлер алу
6. Пайдаланған әдебиеттер:
Полимерлерді химиялық түрлендіру әр түрлі химиялық реакциялар арқылы өтеді. Олардың әсерінен макромолекулалардың полимерлену дәрежесі және химиялық құрылымы өзгереді. Полимерлерді химиялық түрлендіру белгілі бір мақсатпен жоғары молекулалық қосылыстардың жаңа өнімдерін алу үшін әдейі жүргізіледі немесе ол жылудың, жарықтың, ауадағы оттегінің, механикалық әсердің және полмерлерді пайдалану кезіндегі басқа факторлардың салдарынан өздігінен жүруі мүмкін. Бұлардың әсерінен полимерлердің физика-механикалық сипаттамалары төмендейді.
Полимерлерді химиялық түрлендіру реакциялары негізінен үшке бөлінеді:
1.Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар, яғни полимерге ұқсас түрлендіру және молекулаішілік реакциялар жатады.
2. Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар, яғни молекулааралық реакциялар, жалғанған және блоксополимерлену кіреді.
3. Полимерлену дәрежесі төмендейтін реакциялар, яғни полимерлердің деструкицялану реакциялары.
Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар
Полимерлерге ұқсас түрлендіру
Макромолекуланың функционал топтарының немесе негізгі тізбектегі атомдардың төмен молекулалық қосылыстармен реакциясын- полимерлерге ұқсас түрлендіру деп атайды. Реакция кезінде макромолекулалардағы химиялық байланыстар үзілмейді және оның қаңқасының құрылымы өзгермейді. Полимерге ұқсас түрлендіру негізінен екі бағытта жүреді.
1.Полимер алу. Мұндай реакция мономерлері белгісіз немесе полимерлену реакциясына түспейтін мономерлердің полимерлерін алу үшін қолданылады. Мысалы, поливинил спиртін тек поливинилацетатты гидролиздеу арқылы ғана алады.
1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: 2003.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Шәкәрім атындағы
Семей Мемлекеттік Университеті

СРО
Тақырыбы: Полимерлердің химиялық түрленуі.


Тексерген: Баяхметова Б.Б
Тобы: ХО-403
Орындаған: Альжапарова А.Т



Семей қаласы 2015 жыл
Полимерлердің химиялық реакциялары.
Полимерлерді химиялық түрлендіру әр түрлі химиялық реакциялар арқылы өтеді. Олардың әсерінен макромолекулалардың полимерлену дәрежесі және химиялық құрылымы өзгереді. Полимерлерді химиялық түрлендіру белгілі бір мақсатпен жоғары молекулалық қосылыстардың жаңа өнімдерін алу үшін әдейі жүргізіледі немесе ол жылудың, жарықтың, ауадағы оттегінің, механикалық әсердің және полмерлерді пайдалану кезіндегі басқа факторлардың салдарынан өздігінен жүруі мүмкін. Бұлардың әсерінен полимерлердің физика-механикалық сипаттамалары төмендейді.
Полимерлерді химиялық түрлендіру реакциялары негізінен үшке бөлінеді:
1.Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар, яғни полимерге ұқсас түрлендіру және молекулаішілік реакциялар жатады.
2. Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар, яғни молекулааралық реакциялар, жалғанған және блоксополимерлену кіреді.
3. Полимерлену дәрежесі төмендейтін реакциялар, яғни полимерлердің деструкицялану реакциялары.
Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар
Полимерлерге ұқсас түрлендіру
Макромолекуланың функционал топтарының немесе негізгі тізбектегі атомдардың төмен молекулалық қосылыстармен реакциясын- полимерлерге ұқсас түрлендіру деп атайды. Реакция кезінде макромолекулалардағы химиялық байланыстар үзілмейді және оның қаңқасының құрылымы өзгермейді. Полимерге ұқсас түрлендіру негізінен екі бағытта жүреді.
1.Полимер алу. Мұндай реакция мономерлері белгісіз немесе полимерлену реакциясына түспейтін мономерлердің полимерлерін алу үшін қолданылады. Мысалы, поливинил спиртін тек поливинилацетатты гидролиздеу арқылы ғана алады.

Полигидроксиметилен поливинилкарбонатты гидролиздеу нәтижесінде алынады:

Бұл екі полимердің де мономерлері белгісіз, себебі қос байланыстың жанында ОН тобы болғандықтан мұндай органикалық қосылыстар тұрақсыз болады да,қалыпты жағдайдың өзінде изомерленіп кетеді.
2. Жаңа химиялық қасиеттері бар полимерлер алу. Бұл реакцияларды басқаша полимерлерді химиялық түрлендіру деп те атайды. Химиялық түрлендірудің нәтижесінде алуан түрлі қасиеттері бар жаңа полимерлер алуға болады. Ірнеше мысалдар келтірейік.
Полиэтиленге хлор қатысында әрекет ету:

Полиэтилен макромолекуласына хлор енгізу оның кристалдану дәрежесін төмендетеді,тығыздығын арттырады және т.б. қасиеттерін өзгертеді. 25-40%хлоры бар полиэтиленге каучукке сай қасиеттер пайда болады.
Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар
Полимерлену дәрежесі өсетін реакцияларға молекуларалық реакциялар блок және жалғанған сополимерлер алу жатады.
Молекулааралық реакциялар деп бірнеше макромолекулалардың бір-бірімен әрекеттесу реакцияларын айтады. Бұл реакцияларды тігілудеп те атайды, ол тігуші агенттердің немесе жылудың,жарықтың,радиация сәулелерінің әсерінен жүреді.Түзілген торлы полимерлер ерігіштігін және қайтымсыз пластикалық деформациясын жояды. Олардың физика-химиялық сипаттамалары өзгереді. Тордың жиілігі артқан сайын әсіресе,полимердің қаттылығы,жұмсау температурасы және жоғары температураға шыдамдылығы артады.
Тігілу (катаю) реакциялары
Торлы полимерлер макромолекулалар арасында жүретін ретпен орналасқан коваленттік байланыс немесе екінші валенттік байланыстар арқылы түзіледі.Бірінші жағдай химиялық немесе қайтымсыз тігілу, ал екіншісі-физикалық немесе қайтымды тігілу деп аталады. Физикалық тігілу кезінде пайда болатын байланыстар коваленттік байланысқа қарағанда әлсіз, сондықтан полимер ерігенде немесе жоғары температурада қыздырғанда жойылады.
Тігілу үдерістері өнеркәсіпте кең қолданылады, мысалы,каучукты вулкандауда, пластмассаларды катайтуда, лак-бояу сырларын кептіргенде, тері илеуде.
Каучук көбіне оны өңдеу кезінде вулкандалады. Вулкандау күкіртті және күкіртсіз, сондай-ақ сәулелену арқылы деп бөлінеді.
Күкіртті вулқандауды қос байланысы бар каучук қоспасын күкіртпен 130-160С-та қыздыру арқылы жүргізеді.
Реакция жалрпы түрде мына сызбанұсқамен жүреді:

мұндағы n=1-8
Молекулааралық реакцияларға қатайту реакциялары да жатады. Қатаю - деп реакцияға қабілетті сұйық олигомердің қатты ерімейтін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молекулярлық биофизика
Табиғи полимерлердің құрылым түзу ерекшеліктері
ЖМҚ немесе полимерлер
Полимерлеу реакциялары арқылы алынатын полимерлер
Жасанды талшықтар
Полимерлер
Полимерлер туралы ғылымның пайда болуы. Полимерлер туралы түсінік
Полимерлер жайлы мәлімет
Жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер
Жоғары молекулалы қосылыстар
Пәндер