Фариза Оңғарсынованың лирикасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

1 ТАРАУ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ЛИРИКАСЫ6

  1. Лирика тегінің табиғатына шолу6
  2. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер бітімі7
  3. Азаматтық әуен жырлары. . 9
  4. Ф. Оңғарсынова лирикасындағы туған . жер тақырыбы.

Дала образы. 13

2 ТАРАУ ФАРИЗА ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БОЛМЫСЫ… . . . 18

  1. “Әйел көркін қызықтау не мадақтау емес менде . . . ” ……… . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 39

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Өнерпаздық тұлғасын дүйім жұрты танып - білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған талантымен танылған поэзия тарланбоздарының шығармашылық өрнегінің өмірлік мұратқа айналып, зерттелуінің өзі - ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс.

60 - жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.

Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние. Ф. Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану - алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев өрбіткен баянды бағам - байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М. Қаратаев, Ә. Шәріпов, С. Сейітов, З. Ахметов, Ә. Жәмішев, С. Қирабаев, Р. Нұрғалиев т. б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні - сіңлілерінен К. Ахметова, Н. Оразалин, Ә. Кекілбаев, С. Ерубаев, У. Қалижанов, А. Егеубаев, Т. Шапай және басқалардың пікір - пайымдарының мәні зор болды.

Жұмыстың мақсаты: Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф. Оңғарсынова лирикасы - қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан - салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян. Ф. Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Міне осы мақсатта ақын Ф. Оңғарсынова лирикасын талдап, өзімізше пайымдау мақсатында дипломдық жұмысымыздың тақырыбы етіп алдық.

Зерттелу деңгейі: Өткен жылдары ақын шығармашылығының толықтай талданған үлкен еңбекті өмірге әкелген ғалым З. Мүтиевтің диссертациясын айтқанымыз абзал. Ақын лирикасын топтастырып, жете зерттеген ғалым еңбегі лирик ақынның шеберлік сырларын толықтай ашады. Қазақ әдебиеттану ғылымында Ф. Оңғарсынова поэзиясының эстетикалық танымы мен ақын шығармашылығын байыптаған сыни еңбектердің қатарын академик С. Қирабаевтың (3), Р. Нұрғалиевтің (4), ақындар С. Сейітовтің (5), С. Мәуленовтың (6), әдеби сын мақалалары, зерттеулері де толықтыра түседі.

Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет - талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.

Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?! … Яки, тақырып өзектілігі осындай идея-мұраттан туындап жатса керек. Өрт мінез ақынның «мінезді жырларындағы» әмірші өлшемдердің өнердегі өрісін кеңейтетін, өскелең жанрда қалай қызмет қалғанын, қандай өнеге қосқанын өрбіте-қорыту - біздің дипломдық жұмысымыздың міндетін алады. Ақынның лирикалық кейіпкері кім және анық автормен байланысып көрсету және көркемдеу - шеберші өрнектері сөз болмақ.

Ф. Оңғарсынова өлеңдерінің идеялық - тақырыптық, көркемдік қуатын айқындау, ұлттық тілі байлығын пайдалану мен ой еркендігінің өмір шындығын жеткізудей өресін, болмысын байыптау осы жұмысымыздың аясына кіреді.

Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында “Сандуғаштан”(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы “Таңдамалыны”(1987) және “Қыз ғұмырға”(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз жүрегіңдемін” (1975), “Шілде”(1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат”(1983), “Жүрек күнделігі” (1984), “Дауа”(1985), “Маңғыстау монологтары”(1986), “Екі томдық: Таңдамалы шығармалары”(1987), “Өсиет”(1995), “Қыз ғұмыр”(1996) және “Мен саған ғашық емес ем”(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде “Маңғыстау монологтары” Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.

Жазушы, әрі ғалым Ә. Шәріпов “Қазақ поэзиясы өрлеу үстінде”

(1; 212-213) аталатын мақаласында: “ . . . Осы дәуірде келіп қосылған, қазір даусыз, жақсы талант есебінде жүрген қыз - келіншек ақындар жайында біраз сөз айта кету керек. Олар: Қ. Бұғыбаева, А. Бақтыгереева, Ф. Оңғарсыновалар. Бұлар бұрын аттары белгілі М. Хакімжанова бастаған Т. Әбдірахманова, Ә. Шалабаева, М. Айтқожиналардың тобына қосылған анық талантты, білімді ақындар” деп сол кезең көзқарасында байламын айта келе: “ . . . Аз ғана қынжылатын жағдай - бұл аттары аталған қыз - келіншек ақындардың өлеңдеріндегі тақырып ауқымы, диапазон, азаматтық әуен әлі жетімсіз. Сондықтан да олардың даусы тым именшек шығып жатады . . . Даралану, ерекшелену, өсу байқалмайды. Тек, Ф. Оңғарсынованың соңғы топ өлеңдері оқушы қауымды бір сүйсіндіргені бар” деп айтқан болатын.

Ф. Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә. Тәжібаев та өз бағасын берген: “Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза” (2) дей келе Ә. Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады.

Ақын Ф. Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген “алыптар тобының” өкілі Ғ. Мүсірепов: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген (31, 35) .

Жұмыстың құрылымы : берілген дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ЛИРИКАСЫ

1. 1. Лирика тегінің табиғатына шолу

“Поэзия - өнердің асыл тегі” дейді Белинский “Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу” деген еңбегінде (7; 25) . Ұлы сыншының лирикалық поэзияға берген сипаттамасында: “Лирикалық шығарма қас - қаққанша ғайып болатын ақын рухы шабытының жемісі. Егер ақынның рухы жаңа шабытқа аумай тұрып қағазға түспесе, ол қайырылмастай жоғалып кетпек. Бірақ, лирикалық шығарманы оқып шығу үшін, бірнеше минуттан артық уақыт керек болмайтын болса, мұндай шығарма шабыттың жемісі, нағыз лирикалық шығарма болады және біздің бүкіл жан - дүниемізді тебірентіп, ұзақ уақыт әсер етеді” (7; 73) . Осы пкірді А. Байтұрсынов қолдайды: “Толғау (лирика) қысқа болуы тиіс. Көңіл - күйдің көбі - ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл - күйден шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзақ болмасқа тиіс, ұзақ болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі - ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды” (8; 286) . Лириканың қоғамдағы, яки өмірдегі болмыс - бітімі “жансызға жан бітіретін” құдіретімен күшті, ой мен сезімнің сөз өнеріндегі бірлігінде жарығын шашқан тәлімімен текті көрсете білді. Қазақ лирикасының тарихын зерттеген ғалым Ә. Тәжібаев “Өмір және поэзия” кітабында поэзияны сәбидің күнәсіз ажарына, көрікті қыз жүзінің ұялшақ, албырт қызғылтына, балаң жігіттің отты көзіне, ер қуатына, қарт көздің жұмсақ сәулесіне тағы сол сияқты небір әдемі теңеу сөздерді тізе келе: “Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні” (9; 12) деген Белинскийдің бағалы сөзінен үзінді келтірген. Лириканың тегін зерттеуші ғалым, академик З. Ахметов аталмыш тақырып аясында: “Лирикалық шығармада негізінен жеке адамның көңіл - күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналасындағы өмірге, әр түрлі құбылыс - жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол қалай да халықтың тағдырын, қайғы - мұңын, күйзелісін, қуаныш - шаттығын, тілек - мақсаттарын көрсетеді”(10; 256) дейді. Бұл анықтамалардың барлығы жалпы поэзияның лирикалық тегіне қатысты. Ф. Оңғарсынова лирикасына келмес бұрын жалпы лириканың мағынасына үңілген абзал.

  1. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер бітімі

Лирикалық кейіпкер бітімінен қоғамдық өмірдің көрінісі, заман ағымы оның толғанысы көрінетіні белгілі. Өлеңдегі өміршең бейне ылғи алдыңғы саптан табылып, халық атынан сыр ағытып, ой толғытса - онда туынды автордың да азаматтық өресі, кісілік келбеті жарқ етіп көрініп қалады. Лирикалық шығармадағы кейіпкерлер әлемінің әр қилы қимыл - әрекетінен “сезімнің отты нәзіктігі” (З. Ахметов) сезіліп тұруы керек. Ақындық “меннің” ауылынан жырақта жатқан типтік образ табиғаты негізінен лирикалық қаһарманға жақын тұлға болар. Мәселен, ақын - лирик Ф. Оңғарсынова өлеңдеріндегі көпке таныс, ешкімге бас имейтін өзіндік дара мінезі бар, көбіне қатал характерімен оқырман есінде қалған әйел кейіпкерді автордың ондаған, жиырмалаған туындыларынан жиі кездестіреміз.

Фариза лирикасы өзіндік сыр - сипатқа ие, тұрақты оқырманы бар, іздеушісі мен сұраушысы бар, өлең - жырдың жетік дәстүрін өн бойына жиған байсалды поэзия. Саналы ғұмыры, өнегелі өмірі өлеңге айналған ақын лирикасының жыр - сандығынан ақтарар маржан ойлары образдық туындыда орасан мол байлыққа ие. Ойлы оқырманның көңіл төрінен өзіндік стилімен төл табиғатына тән мінез- құлық (сыршылдық, мұңшылдық, нәзіктік пен қайсарлық т. б) орын табады. Әдебиеттің ажарын айқара ашып таныту - ақын поэзиясының нұрлы шамшырағы.

Сезімді селт еткізер, жүректен шыққан жырдың балын тамызар ақын поэзиясының пернесі таза да тың лиризмге лайықталған. Өмірдің өзін өлең деп бағалаған ақынның өлең - сөзге жүгінері де автор болмысын әйгілеп тұр. Фариза лирикасындағы шалқар шабыт ақынның сөз өнерін құрметтеу, оған табыну құдіретінен көрінеді. Нағыз ақынға тән жыр кредо - жыр бұлағын аялап сүюден нәр алып, одан арғы биіктерге қол созады. Ақын түсінігінде поэзия патшалығы адамзат дамуы мен жеке адам психологиясына қызмет етер ерекше дүние.

Өлеңнің өлшеуіші де оны тартар таразы да басқаның бақыты үшін, туралап айтқанда адамзаттың ар - ожданын қызғыштай қориды және қауымға қызмет қылуды мақсат еткен. Ақын жаны соны түсндіреді. Өзгенің күлкісі, шаттық - қуанышына бола күресу, өмір - өлеңді соған арнау дегеніміз гуманист суреттеуге лайық ғанибетті, ғибратты келіскен бір емес пе? Лирикалық қаһарманның ішкі жан дүниесі, сезім толқыны, көңіл - күйі өнерге барып қонақтаған. Өмір өткелі қиын да ұзақ жол. Теп - тегіс тақтадай даңғыл жатқан ештеңе жоқ. Ақын “мені”өлең - жырдан жұбаныш табады.

Біреудің пасықтығынан,

біреудің жасып мұңынан

жүрегім сыздаған кезде

жаным мұздаған кезде

Эмоция - лирик ақынға тән шабыт құбылысы. Ақынжандылықтың алмас шындығы жеке бас проблемасын баяндаудан аулақ жатыр, керісінше, ырық бермес шалқар сезімге нәр береді. Жан - күйзелісі, тіршілік толқыны ішке симайды, өзгеге сыр ақтаруға асық. Сөз жоқ, лирикалық кейікер тағы да өлең - доспен ой бөліседі. Жыр маздаған жүректің шер тарқатар аяулысы өлең:

Дара күндерімнің

нала түндерімнің

серігі болғаның үшін,

сенімі болғаның үшін

мен сені аялаймын.

Шабыттың шар тасын отты өлеңге жаныған ақынның ат басын тірер ағашы алдында тұр. Ол - поэзия. Дара күндерінің серігі секілденіп, нала түннің сенімі сияқанып, ай боп туған қияқтанып, сыр ұрлаған өлең - ода ой отауына орнығып алған:

Өмірдің өткелдерінен,

қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен

өзіңмен қоштаспадым мен.

Қаламгердің өмірлік кредосы айқын. Ұстар бағдаршамы байлаулы, байсалды бағдарлама.

Фариза ақынның “Поэзия” (Махамбет аудармашысымен әңгіме циклі) атты туындысының эпиграфында ақын:

Поэзия - әйелдей жұмбақ әлем

Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем.

Жаны тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы - ырғақ, әуен;

Поэзия -

арудай

құпиясын

Ұқтырар жылдап әрең (11; 74) деген толғанысынан тамыры тереңге кеткен, сиқыры мен сымбаты тұңғиыққа тұнған періште поэзияның пәктігіне автордың көзқарасының парасатты парқын көреміз.

1. 3. . Азаматтық әуен жырлары.

Фариза лирикасының маржандар мәйегінің қатары ақынның азаматтық әуен жырларымен толысады.

“Азаматтық - ақынға, өлеңге сырттан танылған жанама қасиет, жанама сипат емес . . . Азаматтық өлеңнің, өнердің табиғи болмысы. Азаматтық - ақындықтың ең түп табиғаты”, дейді Ә. Кекілбаев (12 ; 108) .

Азаматтық жырлар ақын атаулының ар - ожданын танытар, өрлеу биігін байқатар ең бір байсалды тақырып екені белгілі. Абайдан бергі классикалык әдебиетте қоғам құбылысының даму жағдаяты осы азаматтық өлеңдерден көрініс тауып, замана сазынан сыр тартса, бұл дәстүрді Фариза ақын одан әрі дамыта, сәулелендіре түседі. Азаматтық лириканың мазмұны мен мақсатынан халық қамының, ел тағдырының мәселелері ашық көрінуі тиіс десек, Фариза туындыларында бұл тақырып терең қозғалады. Ақын өмір шындығына байыпты көзқараспен, нақты мысал, көрнекті идея - мұраттармен қаруланған туындылар беруге ұмтылады. Азаматтық өлең - жырлар қаламгер шығармашылығында қоғамдық өзгеріс таңдамайды, яки нақты айтқанда, өткен кеңестік құрылыс пен бүгінгі егеменді ел өміріндегі жекелеген әлеуметтік мәселелер бұл дәуірде де өз мәнін, құнын, өлшемін жоймағаны аңғарылады. Замана жайынан ой ұқтырып, қоғамның әлеуметтік халін шыншылдықпен сынай жырлаған қаламгер ұстанымында сыншылдық сарын әсте қалмай, өлең өмірінде бірге дамып отырады. Мәселен, “Поэзия” (Махамбет аудармашысымен әңгіме циклі), “Семсер мен қалқан”, “Қыз - тағдыр”, “Заман перзентінің үні”, “Өнер мен саясат”, “Тақ пен тіл”, “Жерге наз”, “Қайсарлық”, “Заңдылық көп тірлікте”, “Қыр қазағының қартайғандағы сөзі” т. с. с. жырларда ақынның азаматтық ажары айқын танылып, күрескерлік, сыншылдық көзқарасы анық аңғарылады. Ондай өлеңдердің өрімінде замани, өміршең мәселелер батыл көтеріліп, автордың өзіндік ой-түйіні, өнердегі дербес даралық қасиеті салмақты пайымға айналып, оқырман жүрегіне жол тапқан. Мұндай өлеңдердің тінінде жер үстіндегі болып жататын қылмыс пен жазаның, жұмақ пен дозақтың ара қатысы туралы кейіпкер түсінігі берілсе, екінші бір туындыда туған тілдің тақ пен мансап астында тұншыққан қайғы - зары автор идеясының мұрат - танымын дәл аңғартқан:

Туған тілін білмеген тұлға болмас халқына,

думандатқан күнменен өте шығар даңқы да.

Не керемет күштің де ана тілсіз бармақтай,

Қара жердің үстінде тірегі жоқ қаңбақтай. (“Тақ пен тіл”)

Осы сынды азаматтық әуеннің сазын шерткен шығармалар қаламгердің өнерпаздық лабораториясынан сан алуан сипатта сыр боп ақтарылады.

Осы орайда академик - ғалым З. Қабдоловтың қағидасын еске алған жөн: “Лирикалық шығармадан оны жазған адамның өмір сүрген ортасын, сол ортаның саяси әлеуметтік халін, адамның алуан - алуан мінез-құлқын, ой-өрісін, жай-күйін, арман-тілегін, мақсат - мүддесін, күйініш - сүйінішін аңғарамыз”, -дейді (13; 156) .

Сондай-ақ, жер, тіл мәселелерімен қатар ұлттық өнер мен әдебиет атты рухани байлықтың жай - күйі де ақын назарынан тыс қалмай, ізденіс сапарында ұдайы бір қырқадан қылаң беріп, көрініп отырады. Ақынның азаматық жырларында лирикалық кейіпкер аузымен үстіміздегі дәуірдің қайшылықтары мен кемшіліктері терең айтылады. Бұл да ақынның стиль даралығының ерекшелігі екенін көрсетеді. Әйтсе де өлең өрімінен белгілі бір дәрежеде үміт шырағын жағардай нұрлы насихат та сырт қалмайды. Арман - мақсат, болашақ бағдарына жетудің тиімді жолдары мен әдіс - амалдары ақынның азаматтық лирикасында түйін - тұжырым ретінде келіп отырады. Азаматтық лириканың өзегінде саясатпен байланысты туындаған дүниетанымдық көзқарастар да біте жымдасып, тың тақырыптар түрлеп игеріледі.

Ақынның лирикалық қаһармандары да болашақтан үміт күткен, мықты ер, қайсарлықты сүйетін абзал жан. “Қыр қазағының қартайғандағы сөзі” (1970) атты өлеңінде осыны аңғартады:

Дариға күндер өтті де . . .

нартәуекелшіл жомарт жандардың қайнатып

қайран жігерін.

Кәрілік деген қырқадан бүгін қыран

көзімді тігемін.

Сонау кездегі жалын шақтарды көрсем деп,

жастарда үміт - тілегім.

Әлжуаз, бозаң бозбалалардан құлазып кетсе

көңілім,

таба алмай қалам бір емін.

Сұңқарлығым егер шын болса, менің балапаным

қарға болмасы хақ!

Дәл солай тегі білемін!

Өмір көрген қарт қарияның үмітін үзбей, азаматтықты жоғары ұстаған болашақ ұландарға сенері мол екені көрінеді.

Ақын жаны азаматтықтың, адамдықтың нар тірегі адалдықты, ерлікті, елдікті, нық сенімді сүйеді. Осы орайда “Заңдылық көп тірлікте” (1978) өлеңін келтіргеніміз жөн:

Сенім барда артқандай бағаң, құның,

бар дүние төгеді саған нұрын.

Адам жұрттың сенімін сезінбесе,

жоғалтады өзі де адалдығын.

Атағың да, жырың да жалған дер ем,

ел сенімі болмаса саған деген.

Сенім күші ерлікке бастамаса,

ұрпақтарға мақтан боп қалар ма өрен.

Үзілгендей өмірлік жол табанда,

үміт қалмай, қарауға қорқады алға.

Адалдық та, ерлік те, елдік те жоқ

адамдарға сенім жоқ орталарда.

Қоғамның жаңаруы, демократияның тууы, ой мен сөз бостандығы ақын шығармаларының астарында көп жылдар бойы жасырынып келген тұңғиық сырларды ашуға бастау болды. Жат жұрттық кейіпкерлер атынан баяндалып келген (кеңестік қоғамнан тыс) ұлттық, ел ішілік әлеуметтік мәселелер ақынның соңғы жылдардағы өлең - жырларында өзіндік дәрежесінде еркін тыныс алып, оқырманын бұрынғыдан да көбейтіп, үлкен сұраныс пен қолдауға ие болды. Ақынның “Вионның ызасы”, “Шекспир шындығы”, “Мұқан жыраудың екі өлеңі”, “Сапфомен сырласу”, “Досаттың Саулық болысқа айиқаны”, “Мұқтаждық”, “Бақыттының монологы”, “Сиыну” т. б. көптеген туындыларының астарында тарихи оқиғалармен қабат ақын өмір сүріп отырған қоғамның көлеңкелі тұстары да айтылып, жеткізіліп отырды.

Ақынның соңғы жылдардағы жазылған әлеуметтік лирикасының өрімінде насихат, ғибрат өнегесінің өрнек - үлгісі де анық байқалып жүр. Жазылу мәнерінде, стилінде бірде терме, бірде толғау, енді бірде нақыл сөз үлгісінде келетін өлең - жырлардың (“Аға рухымен сырласу”, “Түрмеге хат”, “Өнер мен саясат”, “Парыз”, “Бөрібектің екі өсиеті”, “Ұрпаққа”, “Қасірет пен өкініш”, “Ескерту” т. б. ) өрімінде автордың парасатты, байыпты көзқарасы лирикалық кейіпкерлердің бейнесі арқылы анық көрініп отырады. Өнегелі өсиетке толы ондай туындылар өткір ойлы, келелі кеңес пен ақыл - пайымға толы боп келеді. Адамгершілік уағызға құрылған тәлім - тәрбиелік мәні зор өлеңдердің жазылу мәнері жыраулар поэиясының өрнек үлгісін тереңдете дамытқан ақынның ұлттық бояу - бедерді барынша анық, айқын қолданғанын аңғартады.

Суреткердің сырт көре сыпайы көрінетін байсалды лирикалық «мені» азаматтық тұлғаға айналарда оқырманға басқа бір қырынан шуағын шашады. Бұл тұрғыда қоғамның тұрмыс - тынысын, ондағы адамзат тіршілігінің жүйткіндерінен сыр шертер өлеңдер Фариза ақынның «Қыз ғұмыр» (Алматы, 1996) атты кітабында мол ұшырасады. Азаматтық биік әуенді, салмақты ойды арқалаған ондай туындылардың бірі - «Арман» аталған өлең. Лирикалық кейіпкердің арман - тілегі бір арналған тоғыса келе, әлеуметтік мәні зор өткен заманның шынжырлы шындығынан шер ақтарған елдін, халықтың мәселелерді ой тезінен өткізеді. Мысалы:

Жаралы далам жатыр ыңыранып,

От құсып, шөлден қатып, дымы жанып.

Сырт бүтін, ішің түтін; тіл - тістеулі-

Барады бізде осылай ғұмыр ағып.

«Жанын жегідей жеген» күйзелістен қайтсе де арылуды көздеген лирикалық кейіпкер ата - баба аруағы алдында тәу етіп, кешірім өтінеді. «Өртенген шалғынмен бірге өртеген» тұлғаның болашақтан күтер арман - жақсылығы зор, үміт-шамының өшпесіне сенімі нық:

Ұлдары ту көтеріп, әз халқыма

Ұлыстың - ұлы түні туарма алдан?

Инша алла!

Лирикалық жұп - тұнық мөлдірін лайламай турасын айтсақ, (Фаризаның поэзиядағы көркемдік ұстанымы) от-мәнгілікті мұрат еткен дәуірлік мұра.

1. 4. Ф. Оңғарсынова лирикасындағы туған жер тақырыбы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы
Оңғарсынова Фариза
Қазіргі замандағы қазақ ойшылдарының дүниетанымдық мәселелері
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz