Жасанды үлбір жайлы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Жасанды үлбір
1.2 Тоқыма жасанды үлбірі
1.3 Желімдік жасанды үлбірі.
3. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық - мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар - капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.
Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.
1. Мадиев Ө. Қ., Айтуленова Қ. Т. Былғары және тері технологиясы. «Фолиант» Астана 2010
2. Кричевкский Г. Е.Химическая технология текстильных материалов. - М.: Легрпромбытиздат, 2002.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жасанды үлбір

Орындаған: Рахимбаев Е.
Тобы: ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова А.З

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Жасанды үлбір
1.2 Тоқыма жасанды үлбірі
1.3 Желімдік жасанды үлбірі.
3. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық - мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар - капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.
Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жасанды үлбір
Өзінің сыртқы түрінің және әдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі, мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын және пайдалану қасиеті жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің тиімділігімен, жасанды үлбір әйелдер және балалар пальтосын, бас киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты. Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу және негізмдеу тәсілімен алынған грунт және түкті жіптері бар тоқыма бұйымдарды атайды. Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: маталы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір. Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді.
Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль (нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид және дакрон), по- лиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады. Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды және ацеттаты, маталы жасанды үлбірде және кейде тоқымада қолданылады. Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата үлбірінде ғана қолданылады.
Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: төсемесінде және талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон не- месе суретті аэрографты салу арқылы және трафарет көмегімен сурет салу арқылы алынған жасанды үлбірлер. Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының ұзындығы бойынша түгінің биіктігі, ұзындығы әр түрлі және түгінің өрнекпен орналасуы тегіс болады. Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және түгінің әрленуі әр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бұл үлбірлер тегіс боялған қысқа түкті және тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін арналған. Маталы жасанды үлбірі Маталы негізге отырғызылған үлбір түк салғыш тоқыма станогінде түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы матаны алу процесіне үқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25- 18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдалана ды. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге синтетикалық жіптер пайдаланылады. Түкті вискоза, ацетаттық, синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жасанды талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан да артық, 1м2 үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде тиімді қолданылады. Бұл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон және нитрон), жасанды (вискозды, ацетатты) талшықтармен өңделеді. Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бұралған жүнді тоқыма қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге ұқсату үшін түкті жабынға құлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөл қолданылады. Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар. Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан алынады. Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді құру үшін түкті бүйраға үқсатады. Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады. Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата. Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік және жылтыр. Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сұр, қоңыр және қара түсті. Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жұмсак жылтырақ және ұзын түкті. Қой терісі немесе бұзау терісі арнайы әрлеумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Жасанды үлбір
Киімнің жылу сақтағыш қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді
Үлбір және жасанды материалдар
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Теріні бояу және бояғыштар
Былғарыдан бұйымдар жасау
Бояудың маңызы және бояғыштар
Пәндер