Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты


Казақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім Атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты
Тексерген: Қуантқан Б. Қ.
Орындаған:Берікбосынов А. Б
Тобы: ВС-403
Семей 2015 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі
- Экономикалық жүйе және оның мәні.
- Экономикалық жүйенің элементтері.
- Экономикалық жүйенің даму сипаты.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері
Экономикалық жүйенің негізгі түрлері
Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе.
Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі.
Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу.
Ақпараттық құрылым: алғашқы екі құрылым мәліметтерін жалпылау және тарату.
Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды. Натуралды шаруашылықта адамдар өнімді тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланады. Айырбас, сауда жасамайды. Не, қалай және кім үшін деген сауалдарға өз шаруашылығының қажеттілігіне қарай жауап береді.
Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда күрделі -товар шаруашылығы. Товар шаруашылығында тұтынушы мен өндірушіні байланыстыратын рынок, товарлар мен қызметтер сату үшін өндіріледі.
Товар шаруашылығының пайда болу алғышарты -еңбек бөлінісі. Онда өндірушілер нақты товар түрлерін өндіруге маманданады.
Товар өндірісінің даму кезеңдері айырбас пен рынокқа байланысты. Әр рынок типтеріне сай товар өндірісі моделі болады:
1. дамымаған рынок товар өндірісі;
2. еркін рынок товар өндірісі;
3. реттелмелі рынок товар өндірісі;
4. деформацияланған рынок товар өндірісі.
Экономикалық жүйенің элементтері.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» - деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
- Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
- Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
- Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
- Кім үшін өндіру керек?
- Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі) .
Экономикалық жүйенің даму сипаты.
Экономикалық дамудың жолдары - бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:
- Халық
- Табиғи ресурстар
- Капитал жинақтау
- Техника
Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.
- Экономикалық өсудің факторлары:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
-Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
-Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
-Сұраныс факторлары - тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
-Ұсыныс факторлары - бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
-Бөлу факторлары - қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Экономикалық өсу - уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады.
Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.
Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциалының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.
Ең жалпылама түрдегі экономикалық өһсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
-қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту) ;
-ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру) .
2. Экстенсивті типі - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі- факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
ХХ ғасырда етек алған ғылыми-техникалық революция жағдайында батыстың индустриалды елдерінде дамудың артықшылықты үлгісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мойындалды.
Экономикалық өсуді өндіріс пен олардың факторларының нәтижелерінің өзгерістерін көрсететін өзара байланысты көрсеткіштер жүйесінің көмегімен бағалауға болады. Нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіруді қамтамасыз ету үшін өндірістің 3 факторы қажет:еңбек, капитал және жер (табиғи ресурстар) . Яғни Ү - жиынтық өнім еңбек - (L), капитал - (К), және табиғи ресурстар - (N) шығындарымен өрнектелетін функция /2/: Ү=f(L, K, N)
Экономикалық өсуді сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың көмегімен өн. дірістің жекелеген факторларын қолданудың нәтижелілігі өлшенеді.
Экономикалық теорияда жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардың көлемі мен сапасы
Б) еңбек ресуртарының көлемі мен сапасы
В) негізгі капиталдың көлемі
Г) ғылыми техникалық прогрестің деңгейі.
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының бірі еңбек шығындары табылады. Бұл фактор біріншіден ел халқының санымен анықталады. Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке жарамдылар санына енгізілмейді және еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскерілер, т. б. жатады. Ал жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер көрсетіледі. Сөйтіп 1999 ж. АҚШ-та бүкіл халықтың жұмыс бастылары 52% құраған.
Әйтсе де еңбек шығындарын жұмысбастылар санымен өзгерту нақты жағдайды толық мөлшерде көрсетпейді. Еңбек шығындарының неғұрлым нақты өлшемі болып еңбек уақытының сомалық шығындарын ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс істелген адам-сағат көлемдерінің көрсеткіштері табылады. Жұмыс уақыты шығындарының көбеюі бірқатар факторларға тәуелді: халық өсімдерінің қарқындарына, жұмыс істеу ықыласына, жұмыссыздық деңгейіне, зейнетақымен қамсыздану деңгейіне, т. б. Барлық факторлар уақыт аралығында және елдер бойынша экономикалық дамудың қарқындары мен деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды құра отырып өзгереді.
Сандық факторларымен қатар еңбек күшінің сапасы мен сәйкесінше өндіріс процесіндегі еңбек шығындарының сапасы маңызды рөл атқарады. Білім деңгейі мен жұмысшылар мамандануының жоғарлауынан еңбек өнімділігінің жоғарлауы жүреді. Ал бұл экономикалық өсудің деңгейі мен қарқындарының жоғарлауына себеп болады. Басқаша айтқанда еңбек шығындары жұмыс уақыты мен жұмысбастылар санының көбеюінсіз-ақ, тек еңбек күші сапасының жоғарлауы арқылы ғана ұлғая алады.
Экономикалық өсудің келесі маңызды факторы болып капитал табылады. Ол - құрылғылар, ғимараттар мен тауар қорлары. Негізгі капитал тұрғын қорды да енгізеді. Өйткенде үйлерде тұратын адамдар үйлер көрсететін қызметтерден пайда болады. Фабрикалық ғимараттар мен конторлар өз жабдықтарымен өндіріс факторлары болып табылады. Өйткені машиналардың үлкен санымен қаруланған жұмысшылар тауарларды көбірек шығарады.
Экономикалық өсудің тағы бір маңызды факторы - жер, нақтырақ айтсақ табиғи ресурстардың саны мен сапасы. Әртүрлі табиғи ресурстардың қорлары, құнарлы жерлердің болуы, жағымды да жайлы климат пен ауа-райлық жағдайлар елдің экономикалық өсуіне айтарлықтай салмақты үлес тигізетіні белгілі.
Әйтсе де, көлемді табиғи ресурстардың қолда болуы әр уақытта экономикалық өсудің жеткілікті факторы болып табылмайды. Мысалы, Оңтүстік Америка мен Африканың кейбір елдері табиғи ресурстардың көлемді қорларын иемдене отырып, әлі күнге дейін артта қалған елдер қатарында жүр. Бұл экономикалық өсуге ресурстарды үнемді де тиімді пайдалану ғана әкелетіндігін білдіреді.
Ғылыми - техникалық прогресс экономикалық өсудің басты құрылғысы. Ол өндіріс процесін жетілдіруді сипаттайтын бірқатар құбылыстарды қамтиды: технологияларды жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері мен нысандары. Ол берілген ресурстарды шығарылатын түпкі өнімді көбейту мақсатымен жаңадан алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде әдеттегідей жаңа, неғұрлым тиімді, пайдалы салалар пайда болады. Тиімді өндірістің көбеюі, ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде қалыптасып келе жатыр.
Мемлекет экономикалық өсуді реттеуде маңызды рөл атқарады және ол бұлпроцесті ынталандыру үшін қандай тиімді шараларды қолданатындығын қарастыру қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz