Түркітануға кіріспе



1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.
Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған. В.В. Бартольд История изучения Востока в Европе и России (сочин. т.ІХ. М, 1977.) деген еңбегінде еуропалықтар бірнеше ғасыр бойы тек Осман мемлекетінің тарихын, Осман-түрік тілін сипаттаумен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үнді-еуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы-тарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды. Мұндай ауқымды бетбұрысқа Орыс-Швед соғысында тұтқынға түскен Швед армиясының офицері Ф.Ю. фон Страленбергтің еңбегі елеулі бастама болды. Ф.Ю. фон Страленберг ұзақ уақыт Сібірде тұрып, бұл аймақты тарихи-географиялық жақтан зерттеген Еуропа мен Азияның солтүстік және оңтүстік тарихтық, географиялық сипаттамасы атты еңбек жазып, оны 1730 жылы Стокголъмде жариялатқан. Бұл еңбек 1797 жылы орыс тіліне аударылып шығарылды. Ф.Ю. фон Страленберг – күні бүгінге дейін түркологтар арасында елеулі мәселе ретінде қаралып келе жатқан Орал-Алтай тілдері деп аталатын теорияны бастаған және осы топқа жататын тілдерді өз ішінен түрлі топтарға жіктеуді алғаш көтерген ғалым. Ол – Орал группасына жататын угро-фин, самоди тілдері мен Алтай тілдері деп аталатын түркі, монғол, тұнғұс-манчжұр тілдері өзара ұқсас тілдер деген пікірді алғаш айтқан. Осының негізінде кейініректе Орал-Алтай тілдері өзара туыстас тілдер деген теория қалыптасты. Ф.Ю. фон Страленберг – түркі халықтарының Енесей өзені бойынан табылған руникалық жазуы туралы да алғаш пікір айтушылардың бірі. Ол – Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік атты еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған. Ф.Ю. фон Страленбергтің Орал-Алтай теориясын анықтай түсіп, оны ілгері дамыту істерімен неміс ғалымдары В. Шотт, М.А. Кастрен, бұлардан біраз кейін О. Доннер, Г. Винклер, И. Грендель, Г.И. Рамстедт, А. Соважо, арнайы шақыруымен келіп, Ресей ғылым Академиясында Шығыстану ғылымын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Г.З. Байер, Г.Я. Кер сияқты ғалымдар болды. Қазірде түркология дүниежүзіне кең тараған әлемдік ғылымға айналды. Түркі тілдерін зерттеу істерімен Англия, АҚШ, Германия, Швеция, Франция, Австрия, Жапония, Түркия ғалымдары да айналысады. Дәл осы арада Еуропа ғалымдарының түркі тіліне қатысты алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде қаралып жүрген бір еңбекке тоқтала кеткен орынды.
Түркі филологиясы және жазу тарихы/ А. Аманжолов.
Тіл білімі - - түркі философиясы - жазу тарихы - түркітану.
Алпысбаев, Қ.Қ.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Түркітануға кіріспе.

Орындаған:Қабылхан Миргүл
Тексерген: Шаяхметұлы Қинаят

Семей-2015

ЖОСПАР:
1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.

Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған. В.В. Бартольд История изучения Востока в Европе и России (сочин. т.ІХ. М, 1977.) деген еңбегінде еуропалықтар бірнеше ғасыр бойы тек Осман мемлекетінің тарихын, Осман-түрік тілін сипаттаумен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үнді-еуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы-тарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды. Мұндай ауқымды бетбұрысқа Орыс-Швед соғысында тұтқынға түскен Швед армиясының офицері Ф.Ю. фон Страленбергтің еңбегі елеулі бастама болды. Ф.Ю. фон Страленберг ұзақ уақыт Сібірде тұрып, бұл аймақты тарихи-географиялық жақтан зерттеген Еуропа мен Азияның солтүстік және оңтүстік тарихтық, географиялық сипаттамасы атты еңбек жазып, оны 1730 жылы Стокголъмде жариялатқан. Бұл еңбек 1797 жылы орыс тіліне аударылып шығарылды. Ф.Ю. фон Страленберг - күні бүгінге дейін түркологтар арасында елеулі мәселе ретінде қаралып келе жатқан Орал-Алтай тілдері деп аталатын теорияны бастаған және осы топқа жататын тілдерді өз ішінен түрлі топтарға жіктеуді алғаш көтерген ғалым. Ол - Орал группасына жататын угро-фин, самоди тілдері мен Алтай тілдері деп аталатын түркі, монғол, тұнғұс-манчжұр тілдері өзара ұқсас тілдер деген пікірді алғаш айтқан. Осының негізінде кейініректе Орал-Алтай тілдері өзара туыстас тілдер деген теория қалыптасты. Ф.Ю. фон Страленберг - түркі халықтарының Енесей өзені бойынан табылған руникалық жазуы туралы да алғаш пікір айтушылардың бірі. Ол - Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік атты еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған. Ф.Ю. фон Страленбергтің Орал-Алтай теориясын анықтай түсіп, оны ілгері дамыту істерімен неміс ғалымдары В. Шотт, М.А. Кастрен, бұлардан біраз кейін О. Доннер, Г. Винклер, И. Грендель, Г.И. Рамстедт, А. Соважо, арнайы шақыруымен келіп, Ресей ғылым Академиясында Шығыстану ғылымын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Г.З. Байер, Г.Я. Кер сияқты ғалымдар болды. Қазірде түркология дүниежүзіне кең тараған әлемдік ғылымға айналды. Түркі тілдерін зерттеу істерімен Англия, АҚШ, Германия, Швеция, Франция, Австрия, Жапония, Түркия ғалымдары да айналысады. Дәл осы арада Еуропа ғалымдарының түркі тіліне қатысты алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде қаралып жүрген бір еңбекке тоқтала кеткен орынды. Ол - Кодекс Куманикус деп аталатын сөздік. Кодекс Куманикус (құмандар кітабы) Құман деп отырғандары - қыпшақтар ХІІІ-ХІV ғасырда готикалық көне әріппен жазылған, көлемі 164 бет. Екі бөлімнен тұрады: I бөлімде латынша-парсыша-құманша сөздік, құман тіліндегі әр түрлі сөз таптары, олардың латын тіліндегі баламалары сөз болады, екінші бөлімде құманша-немісше-латынша сөздік және құман тілінде жазылған мәтін, құман тілінің латынша жазылған грамматикалық очеркі. Ғалымдар бірінші бөлімді италияндық; екінші бөлімді неміс жазған дейді. Қолжазбаны алғаш француз тіліне аударып бастырып шығарған академик Ю.Г. Клапрот (1783-1835). Ю.Г. Клапрот Азия туралы зерттеулер деп аталатын еңбегінде Ф. Петрарка (Италияның атақты ақыны) кітабынан алынған латынша-парсыша-құманша сөздік деген атпен 1828 жылы бастырып шығарады. Кодекстің екінші рет жарық көруі - 1880 жылы. Оны Кун Будапештте бастырып шығарады. Бұл - ең толық және сауатты шыққан түрі. Бұл үш бөлімге бөлінген, алғы сөзден және көлемді кіріспеден тұрады. Кіріспеде құмандар тарихы, олардың басқа түркі тайпаларымен қарым-қатынасы баяндалады. Екінші бөлімінде Кодекс мәтіндері және оның латынша аудармасы берілген, үшінші бөлімінде - латынша, парсыша-латынша және немісше-латынша сөздіктер берілген. Сөз саны 3000-ға тарта. Латынша жазылған осы басылымнан бастап Кодекс Ресейде В.В. Радловтың аудармасымен 1887 жылы Петербургта басылды, бірақ ғалымдар оны толық аударма емес, жеке үзінділер ғана дейді. 1936 және 1942 жылдары Дания ғалымы К. Гренбек қолжазбаның түп нұсқасын өзгеріссіз екі рет басып шығартқан. Соңғы Копенгагендағы 5-басылымында (1942 жылғы) құманша-немісше сөздік түрінде жарияланған. Кодекс материалына сүйеніп, құман тілін зерттеген бағалы еңбек - 1884 жылы Петербургте жарияланған В.В. Радловтың Құман тілі туралы дейтін зерттеуі. Бұл ескерткіш тілін Қазақстанда Ә. Құрышжанұлы зерттеді және зерттеп жүр, одан бірнеше еңбектер жариялады. Зерттеушілер авторы белгісіз бұл сөздікті қыпшақ тіліне қатысты алғашқы материал деп есептейді. Ресейде қалыптасқан түркологияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге, дәуірлерге бөлу бар: бірінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір, екінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, үшінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазан революциясына дейінгі мезгіл, төртінші кезең - Кеңес дәуірі делінеді. Бұл әрине, шартты бөліс. Дей тұрсақ та, біз де осы бөліске сүйендік. І. Славян халықтары мен түркі халықтар арасындағы қарым-қатынас ерте заманнан, IX ғасырдан басталады. Оған бұл екі халықтың географиялық жақтан бір-біріне жақын болып, ерте заманнан бастап бір-бірімен қарым-қатынас жасаулары да себеп болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, шығыс славяндар IX ғасырда түркі тайпасы Хазарлардың қол астында, соларға тәуелді болған. Әлденеше ғасырға созылған қарым-қатынаста бұлар арасында жаугершілік шабуылдар мен одақтастық қатынастар бірін-бірі алма кезек ауыстырып отырған. Бірде бірі екіншісіне қыз беріп я қыз алып, құдандалы болса, енді бірде сауда-саттық, экономикалық қарым-қатынас жасасқан. Ертерек замандағы мұндай қарым-қатынас шығыс славяндар мен хазар, бұлғар, қыпшақ (құман) деп аталатын түркі тайпалары арасында болған, Содан бері қарай үзілмей келе жатқан ұзақ замандық қарым-қатынастар тілде де із қалдырмай қоймайды. Аралас-құралас халықтардың бірінің тілін бірі білуге тырысатыны табиғи нәрсе. Сол ерте заманның өзінде де тілдерін білетіндердің түркілер ішінде, түркі тілін білетіндердің славяндар ішінде де болған. Көрнекті кенес түркологы А.Н. Кононовтың келтірген материалдарына қарағанда, орысша, түркіше сөздіктің алғашқы шағын түрі ХІІІ ғасырда жасалған көрінеді. Бұған дәләл ретінде А.Н. Кононов Се татарский язык, Толкование языка половецкого деп аталған екі қолжазба сөздікті келтіреді. Түркология дамуының бірінші кезеңінде славяндар мен түркі халықтары арасында өзара танысу, қарым-қатынас жасау үшін бір-бірінің сөйлеу тілін білуге талпынушылық болған, шағын көлемде болса да тілдік материалдар жинап, аударма сөздіктің алғашқы, өте қарапайым бірді-екілі түрі жазылған. Ғылыми негізде, жоспарлы түрде жүргізілмегенімен, қарым-қатынастың аталғандай түрлерінің өзі-ақ түркологияның кейінгі дәуірде ғылыми негізде қалыптасып, дамуына негіз болғандығы даусыз. ХVІІІ ғасырдан бастап түркі тілдерін білуге көбірек көңіл бөлінеді. Жалпы Шығыстану, соның бір саласы түркологияның дамуына І Петр патша елеулі ұйымдастырушылық үлес қосқан. I Петрдің әмірімен 1725 жылы құрылған Ресей ғылым Академиясы Шығыс тілдерін үйрену, басқа тілдерден орыс тіліне кітаптар аудару істерімен де шұғылданады. Академия құрамында Шығыстану істерімен шұғылданатын арнаулы топ болады. Ол топтың құрамында Г.З. Байер, Г.Я. Кер сияқты Шығыс зерттеушілері болған. А.Н. Кононов бұл екі ғалымды Ресейдегі алғашқы Шығыс зерттеушілері, алғашқы түркологтар деп атайды. Г.Я. Кер (1692-1740), ұлты неміс, Галл университетінің Шығыс тілі бөлімін бітірген. 1732 жылы Петербургке арнайы шақырылып, сыртқы істер коллегиясында, араб, парсы, түрік тілдерінен тілмаш міндетін атқарған, осы тілдерді орыстарға үйреткен. Кейінде Ресей ғылым Академиясына шақырылған. Г.З. Байер де Германиядан арнайы шақырумен келіп, 1726 жылдан бастап Ресей ғылым Академиясы жанындағы Шығыс тілдері кафедрасы дегенді басқарады. Ресейде өткізген жылдарында түркі тілдерімен де тәп-тәуір танысады. Түркілердің көне жазба ескерткіштерін зерттеумен айналысқан. Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен бұлардан басқа Еуропа Шығыс зерттеушілері де айналысты. Олардың қатарында Швед армиясы офицері Ф.Ю. фон Страленберг Сібір тарихын зерттеген Г.Ф. Миллер, Астрахан экспедициясын басқарған табиғат зерттеушісі С.Г. Гмелин сияқты ғалымдарды жатқызуға болады. Бұдан Ресейде түркология ғылымын қалыптастырушылар еуропалық Шығыс зерттеушілері екені байқалады. Ресей ғылым Академиясы ХVІІІ ғасыр ішінде Орынбор аймағы мен Волга, Каспий жағалауларында, Орал мен Сібір аймақтарында тұратын халықтардың тұрмысын, кәсібін, өмірін, әдебиеті мен тілін, жер-суын түсініп, танып-білу үшін екі рет экспедиция шығарған. Мәскеу, Астрахан, Қазан, Омбы, Тобол сияқты қалалардағы арнаулы оқу орындарында орыстарға түркі тілдері оқытылған. Чуваш, татар, түрік тілдерінің алғашқы грамматикалық оқулықтары, әліппелері жазылады. Дегенмен де, түркология бұл кезеңде өріс алып кете қоймайды. Лингвистикалық жұмыстың ең негізгісі - лексикалық материалдар жинау, тілді практикалық тұрғыда үйрену, эпиграфиялық, этнографиялық жұмыстарға көбірек назар аудару болды. Аталған экспедициялар І Петр патшаның Қазақстанды отарлау саясатының бастамалары болатын. ІІ. Ғылыми түркологияның Ресейдегі алғашқы қадамы ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Осы тұстан бастап, онша қарқынды болмағанымен түркі тілдерін үйрену, зерттеу жұмыстары едәуір шамада жүргізіледі. Бұл кезеңнің түркі тілдеріне қатысты негізгі жұмыстары - тілдік материалдар жинау, солардың негізінде шағын көлемді салғастырмалы сөздіктер жасау, оқу орындарына қажетті практикалық грамматикалардың алғашқы қарапайым түрлерін жазу. Шығыс және түркі тілдерін орыстарға оқыту, солар арқылы аудармашылар әзірлеу болды. ХVІІІ ғасырдың бас кезінен бастап, дүние жүзі тілдерінің салыстырмалы сөздігін жасау қажет деген пікір етек ала бастайды. Бұл әсіресе Ресейде кең қойылады. Оны іске асыру үшін Ресей ғылым Академиясы арнаулы анкеталар жіберіп, Азия, Африка, Америка, Еуропа елдерінен лексикалық материалдар жинатады. Толып жатқан адамдардың күшімен жиналған мол материалдар екшеліп, неміс ғалымы, Ресей ғылым Академиясының академигі П.С. Палластың басшылығымен 1787 жылы Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырмалы сөздігі деген атпен Петербургте жарияланады. Бұл сөздікте орыс тілінің екі жүз сексен бес сөзі беріледі де олар 200 тілге аударылады. Солардың ішінде түркі тілдерінің сөздері де қамтылады. Сөздікті бұрынғысының үстіне тағы да 79 тілден сөздер қосып, 1790-1791 жылдары қайта басып шығарады. Көп тілді салыстырмалы сөздіктің екіншісі 1806 жылы жарияланған, 500-дей тілдерден жиналған материалдардан құралған бұл сөздікті де неміс ғалымы, Ресей ғылым Академиясының құрметті мүшесі Ф.П. Аделунг Берлинде бастырып шығартқан. Бұған да түркі тілдерінен көптеген материалдар енген. А.Н. Кононовтың айтуына қарағанда Ф.П. Аделунг мұрағатында бір ғана қазақ тілінен жиналған 1600 сөз бар көрінеді. 1806 жылы мен 1817 жыл арасында Берлинде Ф.П. Аделунга Митридат деп аталатын төрт томдық салыстырмалы грамматика жазып бастырады. Бұл еңбек сол уақыттағы белгілі болған тілдердің барлығын да қамтып, солардың материалдары негізінде жазылған көрінеді. Мемлекеттік мәні бар жұмыс ретінде жүргізілген салыстырмалы сөздіктер жасау ісі келе-келе жер-жерден көптеген қолдаушылар тауып, оған қажетті материалдар мол жинала береді. Олардың ішінде түркі тілдерінен жиналғандар да көп, Бірақ олар баспа бетін көрген жоқ, қолжазба түрінде архивтерде күні бүгінге дейін сақталуда. Салыстырмалы сөздіктер жасаумен бірге, осы кезден бастап, практикалық мақсат үшін болса да, түркі тілдерінің дыбыстық, грамматикалық жүйелері зерттеле бастайды. Жалпы түркологиялық мәні бар жекелеген еңбектер жарияланады. 1769 жылы Қазанның духовный семинарында әзірленген Чуваш тілі грамматикасына қатысты шығарма деп аталған еңбек Петербургта бастырылып шығарылады. Бұдан біраз жыл өткеннен кейін 1778 жылы Мәскеу университетінің баспасы татар тілінің маманы және оқытушысы С. Халфиннің Азбука татарского языка дейтін оқу құралын шығарды. 1785 жылы осы автордың Русско-татарский словарь дейтін сөздігі жасалған, бірақ бұл қолжазба түрінде сақталған. 1776 жылы француз және орыс тілдерінде Түрік тілі грамматикасы, 1801 жылы И. Гигановтың Татар тілі грамматикасы басылады. Бұл - татар тілінің баспа бетін көрген тұңғыш грамматикасы. Еңбекті жазу үстінде автор татар тілі материалдарын түрік, қырғыз тілдерімен салыстырып отырған. Әдетте, ХVІІІ ғасырда істелген және осы ғасырдағы түркологиялық еңбектердің жинақталған қорытындысы ретінде Ф.П. Аделунгтың Берлинде неміс тілінде бастырып шығарған Митридат атты төрт томдақ салғастырмалы грамматикасын және П.С. Палластың басқаруымен шығарылған жоғарыда аталған көп тілді сөздікті атайды. XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейде едәуір етек алған түркологиялық жұмыстың тағы бір түрі - түрколог мамандар даярлау болды. Алдыңғы ғасырда жекелеген мектептерде, гимназияларда ғана түркі тілдері оқытылатын болса, XIX ғасырдың бас кезінен бастап бұл жұмыс академиялық, университеттік дәрежеге көтеріліп, кең көлемде жүргізілді. Жалпы Шығыс тілдерін, соның ішінде түркі тілдерін де оқыту, сөйтіп түрколог мамандарын даярлау жұмыстарын ғылыми негізде дамыту үшін шет елдерден Шығыстану ғылымының мамандары шақырылады. Сондай мамандардың бірі - атақты Шығыс зерттеушісі неміс ғалымы Х.Д. Френ. Ол Қазан университетінде шығыс тілдері кафедрасын басқарып, онда араб, парсы тілдерінен сабақ берген, Петербургта 1618 жылы құрылған Азия мұражайы деп аталатын ғылыми мекемені басқарып, онда жиналған түркі халықтарының және жазба ескерткіштерін зерттеген, сөйтіп түркологияның дамуына өз үлесін қосқан ғалым - тарихшы, филолог. 1805 жылдан бастап, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан Қазан университеті XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейдегі әйгілі түркологиялық орталық болды. И. Халфин, М.А. Казам-Бек, И.Н. Березин, Л.З. Будагов, Н.И. Ильминский, С.Е. Малов, Ф.Е. Корш сияқты түркологтар - осы университеттің түлектері және кейінде соның оқытушлары болған, XIX ғасырдағы түркологияның дамуына зор үлес қосқан адамдар. Енді осылардың кейбіреулерімен танысайық. Түркі тілдері грамматикалық құрылыстарын бір-біріне салыстыра зерттеудің елеулі бір кезеңі М.А. Казам-Бек еңбегінен басталады. Мұхаммед Али Казем-Бек (1802-1870 жж.) әзірбайжан Шығыс зерттеушісі, Қазан түркология мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филологиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, көптеген шет елдердегі Шығыстану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, түрік, араб, парсы, орыс тілдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркі сөзінің тамыршысы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Пәндер