Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласының қазіргі жағдайы



1. Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласының қазіргі жағдайы
2. Дене тәрбиесі және спортты жетілдіруді жоспарлау
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.
"Бәйге жарысы"
Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған
"Күрес"
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. – Алматы
3. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР :
1. Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласының қазіргі жағдайы
2. Дене тәрбиесі және спортты жетілдіруді жоспарлау
3. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласының қазіргі жағдайы
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 - 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.
"Бәйге жарысы"
Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған
"Күрес"
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесі нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қалаларында ірі спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада өтті. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласыннда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 жылы енгізілген "КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол" (ГТО) деп аталған бәсекелердің маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тәрбиесінен ұлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 жылы Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзүлік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді.
"Шаңғы спорты"
* 1945 - 56 жылдары Қазақстанда дене тәрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты.
* 1945 жылы Алматыда дене тәрбиесі институты (Қазақ физкультура институты) ашылды.
* 1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы "Спартак" қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дәрежеге жетті.
* 1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 жылы бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді.
* 1951 жылы "Колхозшы" спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат" деп аталды.
* 1956 жылы Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті.
Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д'Ампеццо қ-нда өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 жылы Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4-10 м-лік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.
Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 жылы ашылған әйгілі Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешені) үлкен ықпал етті. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер", "Болат", "Динамо", т.б.) құрыла бастады.
"Хоккей"
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткізді. Көгалдағы хоккейшілер, допты хоккейшілер, "Буревестник", АДК волейболшылары, "Динамо" су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзі чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.
1976 жылы 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын және 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 жылы Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дәрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қаласында өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1998 жылы Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесінші орын алды. Олардың үлесінде барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Сыныптан тыс дене шынықтыру
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту индикаторлары
Дене тәрбие саласы. Дене тәрбиесінің міндеттері мен маңызы
Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Мемлекеттік - жекеменшік серіктестіктердің типтері
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Пәндер