Дебиторлық қарыздар және олардың түрлері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дебиторлық қарыздар және олардың түрлері

Орындаған: Буркутбаева С

Топ: ФН-305

Тексерген: Искакова М. С.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе;
  2. Негізгі бөлім:Дебиторлық қарыз түсінігі. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі; Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті; Дебиторлық есеп айырысуды бақылау; Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу; Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау;
  3. Қорытынды.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Бұл бағытта кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздар есебі және аудитының маңызы өсе түсуде, себебі кәсіпорынның мүлігінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың бар болу деңгейіне байланысты оның қаржылық жағдайы бағаланады.

Сондықтан дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру тәртібі, оған жауапты қызметкерлердің жұмысты тиянақты орындау, қаржы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы кәсіпорынды банкроттықтан құтқарады.

Дебиторлық берешек- сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсетілген қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

  1. Дебиторлық қарыз түсінігі. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі

Дебиторлық берешек - кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т. б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу - несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:

1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты;

1220 "Алынған вексельдер" шоты;

1230 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары" шоты. Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымддстырылуын қарастырайық. 2110 "Алынуға тиісті қарыздар" шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:

Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндк құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны", 7020 "Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны" шоттары дебеттелі де, 1320 "Дайын өнімдер", 1330 "Алынған тауарлар", 8010 "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шала өнімдері", 8030 "Қосалқы өндіріс" және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.

Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 3110-шоты дебеттеледі де, 6010 "Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс", 6011 " Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледі.

Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды (6210 шоттың кредиті), материалдық емес активтерді (6210 шоттың кредиті), бағалы қағаздары (6210 шоттың кредиті) сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге косымша құн салығына (ҚҚ6) 1210 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1050 "Валюталық шотындағы нақты ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша, 1010 "Кассадағы нақты ақша" шоттары дебеттеледі де, 1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты кредиттеледі.

Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады да, ол: 3510 және 3520 шоттарының дебеті және 1210-шотының кредиті бойынша кәрініс табады.

Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен кәрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 кредитінде керсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрініс табады.

Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың шегеріледі.

Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 "Сатудан жасалған жеңілдіктер", 6030 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бүрыңдары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.

Айдың аяғындағы 1210-шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы-материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін әтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім-шарты бойынша жасалатын операциялардың есебі. Бір заңды тұлға келісімшарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның қандай да бір міндеттемесін (тауарлы-материалдык құндылықтарды жеткізіп бергені, аткарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.

Міндеттеменің негізінде кредиторға жататын құқықтық талап бұрындары берілген тұлғадан басқа тұлғаларға өтуі мүмкін. Бұл жерде кредитордың құқығының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап болып табылмайды. Бұл кезде кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді, егер олар заң актілері мен келісім-шартқа қайшы келмесе. Құқық талабын азайту міндеттемелеріне жауап беретін кредиторларды ауыстыру болып табылады.

Кей жағдайда кредитордың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмайды, өйткені жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай туғызуы мүмкін:

- тауар нарығында ол кредитор бәсекелес болып табылуы мүмкін;

- кредитор мен қарыз беруші (талабын азайтып беруші кәсіпорынның) бұрындары олардың арасында шаруашылық даудың болуы мүмкін;

- кредитор мен қарыз беруші бір-бірімен байланысты тараптар немесе бір-бірінен бөлетін түлғаларың болуы мүмкін т. б.

2. 2 Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті

Міндеттеме - бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.

Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағынына әкеп соғады.

Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырылады:

- ақшалай қаражат төлеу;

- активтерді табыстау;

- қызмет ұсыну;

- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;

- міндеттемені капиталға аудару.

Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Банктің қарыз есебі.

Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім-шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.

Банк қарызы - бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі.

Банктен тыс мекемелерден қарыз алу - «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немее материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу .

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер және әр қилы жұмыс орындаушылар жабдықтаушылар мен мердігерлер болып табылады.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу - не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын-ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т. б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір шот-фактура бойынша және әрбір жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.

Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық шот-фактураның нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесімен қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы - бұл қызмет етуші кәсіпорынның банкке рнайы бланкке рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басқа кәсіпорын шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған ТМҚ-р, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын-ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын № 6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір шот-фактура бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сәйкесетін шоты бойынша жазудан басқа корреспонденттік шоты қоса көрсетіліп, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.

Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

  1. Дебиторлық есеп айырысуды бақылау

Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.

Дебиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.

Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады.

Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба (схема) бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.

1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету) .

2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық көрсетпеу.

3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.

4. Анық емес мэтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару.

5. Жасанды заңды мен жеке тұлғаларға ақша аудару және т. с. с.

Басқа да дебиторлық борыштар есебі

Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33 "Басқалай, дебиторлық қарыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:

- 1251 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы";

- 1252 "Есептелінген проценттер";

- 1253 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары",

- 1254 "Басқа да қарыздар".

  1. Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу

Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндетемелермен расталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық қарыздың аудиті
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
Қызметкерлердің дебиторлық берешегін және өзге де қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz