Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу жайлы ақпарат


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу

Орындаған: Даулетова Е. Д

Тобы: АГ-313

Курс:3

Тексерген: Мұхаметжанова О. Т

Семей 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім
  • Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу . . . 4
  • Егістік тәжірибе мәліметтерін өңдеу . . . 5
  1. Қорытынды . . . 7
  2. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 8

Кіріспе

Іріктелген жиынтыққа, сұрыптауға жүргізілген байқаулардың негізінде барлық жиынтық туралы дұрыс қорынтылар шығару үшін қазіргі кезде статистикалық өңдеу кеңінен қолданылады. Статистикалық тәсілдердің бәрі математиканың ықтималдар теориясына негізделген. Тәжірибе қорытындылары зерттеуден тыс қандай да болмасын әсерге ұшырайды. Соның нәтижесінде тәжірибеде белгілі бір мөлшерде кездейсоқтық болады. Ол тәжірибеде жіберілген қатемен өлшенеді. Тәжірибені ғылыми жоспарлаудың және зерттеу қорытындыларын өңдеудің осы заманғы статистикалық тәсілдерін жасауда И. Пирсонның, В. И. Романовскийдің, Р. А. Фишердің, А. Н. Холмогоровтың және басқалардың еңбектерінің маңызы зор. Қазіргі уақытта статистикалық тәсілсіз тәжірибені және зерттеу қорытындыларына ғылыми баға беру мүмкін емес.

Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу

Статистикалық өңдеу жинақталған мәліметтерге баға береді. Статистикалық өңдеудің осы заманғы тәсілдерін білу, тек байқаулар мен тәжірибе арқылы алынған мәліметтердің сандық сипаттамасы үшін ғана емес, ғылыми жұмысты жоспарлаудан ақтық қорытындылардың түсіндірілуіне дейінгі барлық кезеңге қажет. Алайда статистикалық тәсілдердің маңызын тым асыра бағалап, қалай болса солай қолдануға болмайды. Мәліметтеріне статистикалық өңдеу нашар жүргізілген тәжірибеден жақсы қорытынды шығара алмайды. Тәжірибе жүргізушінің басты міндеті - дәйекті, белгілі мақсатқа бағытталған тәжірибені іріктеп алу, ал статистикалық өңдеу агрохимиялық зерттеуге ең тиімді шарттарды іріктеп алуға көмектеседі және тәжірибе мәліметтеріне сандық әділ баға береді. Тыңайтқыштармен жүргізілетін тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық тәсілмен өңдеу үшін дисперсиялық талдауды қолданады.

Дисперсиялық талдау кезінде бірегей статисткалық кешенді құратын арнаулы жұмыс кестесі күйінде қалыптасқан бірнеше іріктеулірдің деректерін бір мезгілде өңдейді. Статистикалық кешеннің құрылымы мен оның талдауы сызбамен және тәжірибе әдістемесімен анықталады. Дисперсиялық талдаудың мәні ауытқулар квадраттарының ортақ қосындысын және еркіндік дәрежесінің ортақ санын тәжірибенің құрылымына сәйкес келетін кешендерге мүшелеу және критерий бойынша зерттелетін факторлардың әрекеті мен өзара әрекетінің мәнділігін бағалау болып табылады. Зерттеу үшін мәнділіктің қабылданған деңгейі критерийінің теориялық мәнін варианттар дисперсиясы мен кездейсоқ дисперсия үшін еркіндік санын ескере отырып табады. Көбінесе 5%-дық, ал зерттеуге неғұрлым мұқият қатаң түрде баға беру үшін 1%-дық мәнділік деңгейін алады. Тәжірибені өңдеуде негізгі кездейсоқ қателіктер қалыпты бөлу заңына бағынады деген ереже бар. Бұл заңның математикалық формуласы есеп жолымен кездейсоқ қателіктердің шекті мәнін табуға, сондай-ақ байқау мөлшерінің артуына қарай сол қателіктердің азаю дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Кездейсоқ қателіктер жолындағы мәселені зерттеу кез келген эксперимент нәтижелерінде әрқилы шамадағы және әртүрлі бағыттағы (тиімді де, тиімсіз де) кездейсоқ қателіктер болатындығын дәлелдейді. Кездейсоқ қателіктер ішінде әртүрлі бағыттағы ауытқулар шамамен өзара шамалы мөлшерде кездесіп отырады. Болмашы мәнді қателіктер, мәнділеріне қарағанда жиірек байқалады. Эксперименттік (бастапқы байқаулар), мәселен, орташа арифметикалық есептеулер негізінде алынған барлық көрсеткіштер де кездейсоқ қателіктерді құрайБастапқы байқаулар мөлшерінің артуына қарай орташа дәрежелі қателіктер шамасы да кеміп отырады.

Вариациялық статистика тәжірибенің жекелеген нәтижесінің нақты қателіктерімен емес, орташа дәрежелі ықтимал қателіктермен байланыста болады. Қалыпты бөлу заңның қандай да болмасын бір жинақты статистикаға қолдану көп мөлшерлі параллель көрсеткіштер жағдайында бөлудің қалыпты немесе вариациялық, қисық деп аталатын айнымалы түрін құруға мүмкіндік береді. Дисперсиялық талдау тыңайтқыштармен жүргізілетін тәжірибелерді жоспарлау және оларды статистикалық өңдеуде кеңінен қолданылады. Дисперсиялық тал- дау жүргізгенде тәжірибе варианттарының арасындағы өзгерістер (вариация) бір варианттың қайталауларында кездесетін өзгерістен артық болуы тиіс.

Егістік тәжірибе мәліметтерін өңдеу

Тәжірибе учаскесінде орналасқан мөлдектердің өнімдері жиналған соң, варианттардың барлық қайталауларының нәтижелерін тіркейді де, олардың орташа арифметикалық көрсеткішін шығарады (X ) . Тәжірибе және бақылау варианттарының өнімдерінің мөлшерінің арасындағы айыр- ма зерттелген фактор әсерінен екенін білдіреді. Егістік тәжірибе мәліметтеріне дұрыс қорытынды жасау үшін оның нәтижелеріне агрономиялық және математикалық талдау жүргізу керек. Агрономиялық талдау жүргізгенде тәжірибе өнімінің мәліметтерін фенологиялық, метеорологиялық тағы басқа байқау нәтижелерімен салыстырады. Бұл орайда, жүргізілген тәжірибенің әдістемесі мен техникасының қойылған міндеттерге сәйкес келуін бағалаудың маңызы зор. Сондай-ақ, тәжірибе күнделігінің дұрыс толтырылуын, қажетті мәліметтердің оған ұқыпты жазылуын мұқият қадалаған жөн. Агрономиялық талдау нәтижелері бойынша тәжірибені жүргізу әдістемесі мен техникасында зерттелетін тәсілдің бұрмалануынан өрескел қателіктерге жол берілгендігі анықталған жағдайда, тәжірибе жарамсыз деп шешім қабылданады. Ал егістік тәжірибе нәтижелері ғылыми және практикалық жағынан құнды болып жатса, оның сандық көрсеткіштерінің ақиқаттығын дәлелдеу үшін алынған мәліметтерді математикалық өңдеуден өткізеді. Математикалық талдау тәжірибе дақылының өнімінің мәліметтерінде болуы мүмкін кездейсоқ тұрақсыздану шегін анықтауға мүмкіндік береді және жалпы тәжірибенің, сондай-ақ оның варианттарының орташа өнімдерінің арасындағы айырмашылықтың дәлдігін табуға болады. Егістік тәжірибе мәліметтерін бағалау мен статистикалық өңдеудің бірнеше түрі бар.

Олардың ішінде ең жиі қолданылатынына

  • Бөлшектік
  • айырмашылық әдістері
  • дисперсиялық талдау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Мс және амс мәліметтері бойынша, ауа температурасына салыстыру
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу
Қазақстан статистикасына 85 жыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz