ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліг

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ № 2

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Орындаған: Мухаеткалиева Ж. Е.

Тексерген: Готман Л. А.

Семей қаласы 2015 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЖекешелендіру ұғымыЖекешелендірудің кезеңдеріЖүргізу әдістері
  3. Қорытынды
  4. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық білім жүйесіндегі экономикалық теория пәнінің орны мен сипаты, қалыптасу тарихы өзіндік маңыздылыгымен ерекшеленеді. Экономикалық теорияның негізгі мәні байлық, игіліктер көзі туралы сүрақтарды қалыптастыру болгандықтан, осы цысцаиіа лекциялар курсында адамдар арасындагы ондіріс, тарату, айырбастау және тұтыну төңірегіндегі өндірістік қатынастар мен ондагы шикізат қорының шектеулігіне байланысты тиімділік пен таңдау мәселелері, меншіктің экономикалық жэне қүқықтық мазмүны туралы тақырыптар мен нарықтық шаруашылық сипаты және экономикалық теорияның қазіргі функциялары қарастырылып, қоғамның экономикалық өмірін талдауга қажетті гылыми әдістер мен тәсілдерге де көңіл болінген.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Негізгі бөлім

2. 1 Жекешелендіру ұғымы

Жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты - жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі -Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңіді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Жәнебәсекелестік күресте маңызды роль атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жүмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс».

Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

Жекешелендірудің кезеңдері

I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.

II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.

Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:

- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».

- Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».

- Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.

- «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».

Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.

IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz