Жаңа заман ғылымы кезеңі. Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс



XVI-XVII ғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялардың нәтижесінде және одан кейінгі уақытта да даму үстінде болған жаратылыстану, қоғамтану жене техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған Жаңа заман ғылымы XVIII ғасырда аяқталды. Осы уақыт ішінде адамға, ғылымға, ғылыми ізденістер мен ғылыми мекемелерге, ғылым мен қоғам қарым-қатынасына, ғылым мен философия, ғылыми ілім мен діндік сенімге деген көзқарастар түбірінен өзгере бастады. Бұның бәрі де біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай келген Аристотель-Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперникгің, Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан (төңкерісінен) басталды.
Жоғарыда айтылғандай, Аристотель Жер қозғалыссыз әрі Дүниенің ортасында түр деп сендірді. Бүл, әрине, оның орнына басқа көзқарастар ұсынылмады дегенді біддірмейді.
Мысалы, Архимед (б.з.д. 310-230 ж. шамасында) сол кездің өзінде "Дүние құрылысының" гелиоцентрлік – барлық ғаламшарлар (планеталар), олардың ішінде Жер де, Күнді айналып жүретін жүйесін ұсынды. Бірақ мұндай ой өз заманынан тым алда болып, қабылданбады және бұған дүниенің аристотелше бейнесіне қайшылығы да әсер етті.
Птолемейдің жүйесінде Жер ортада тұр, оны Ай, Күн және ғаламшарлар орналасқан сегіз сфера қоршаған. Ақырғы сферадан кейін не бары түсіндірілмеген. Соныменен XIII ғасырдың аяғының өзінде ғалымдар арасында бұл жүйенің күрделілігі мен рабайсыздығына наразылық пайда болды. Бірте-бірте негізделген қарсылықтар да пайда бола бастады.
Француз философы Николай Орезмский (1320-1382) орасан зор жұлдыздық сфераның Жерді айналып тұрғанынан гөрі Жердің өзінің

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа заман ғылымы кезеңі.
Екінші жаратылыстық-ғылыми төңкеріс

XVI-XVII ғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялардың
нәтижесінде және одан кейінгі уақытта да даму үстінде болған жаратылыстану,
қоғамтану жене техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған Жаңа заман
ғылымы XVIII ғасырда аяқталды. Осы уақыт ішінде адамға, ғылымға, ғылыми
ізденістер мен ғылыми мекемелерге, ғылым мен қоғам қарым-қатынасына, ғылым
мен философия, ғылыми ілім мен діндік сенімге деген көзқарастар түбірінен
өзгере бастады. Бұның бәрі де біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай
келген Аристотель-Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперникгің,
Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан
(төңкерісінен) басталды.
Жоғарыда айтылғандай, Аристотель Жер қозғалыссыз әрі Дүниенің ортасында
түр деп сендірді. Бүл, әрине, оның орнына басқа көзқарастар ұсынылмады
дегенді біддірмейді.
Мысалы, Архимед (б.з.д. 310-230 ж. шамасында) сол кездің өзінде "Дүние
құрылысының" гелиоцентрлік – барлық ғаламшарлар (планеталар), олардың
ішінде Жер де, Күнді айналып жүретін жүйесін ұсынды. Бірақ мұндай ой өз
заманынан тым алда болып, қабылданбады және бұған дүниенің аристотелше
бейнесіне қайшылығы да әсер етті.
Птолемейдің жүйесінде Жер ортада тұр, оны Ай, Күн және ғаламшарлар
орналасқан сегіз сфера қоршаған. Ақырғы сферадан кейін не бары
түсіндірілмеген. Соныменен XIII ғасырдың аяғының өзінде ғалымдар арасында
бұл жүйенің күрделілігі мен рабайсыздығына наразылық пайда болды. Бірте-
бірте негізделген қарсылықтар да пайда бола бастады.
Француз философы Николай Орезмский (1320-1382) орасан зор жұлдыздық
сфераның Жерді айналып тұрғанынан гөрі Жердің өзінің айналатындығын
елестету оңайырақ деген идеяны ашты. Бірақ ол идеядан әрі бармады.
Птоломей жүйесі мен Аристотель механикасының барлық құрылысын құлатқан
ғылыми төңкеріс Николай Коперниктің (1473-1543) еңбегінен басталды. Студент
кездің өзінде Николай Коперник Жердің қозғалуының мүмкіндігі туралы
идеялармен танысты. Ол аспан денелерінің көрінетін қозғалысын Жердің екі
қозғалысымен түсіндіруге болады. Жердің өз кіндігімен айналып тұруымен және
оның басқа ғаламшарлармен бірге дүниенің ортасында түрған Күнді айналып
жүруімен – деген кәміл сенімге келді.
Коперниктің теориясы сол кездегі Әлем бейнесі туралы қалыптасқан
тұжырымдарды жоққа шығарып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге жаратылысты-
ғылыми ойды кеңістіктің шектеусіздігі мен шексіздігін мойындауға бағыттады.
1543 жылы, Коперниктің дүниеден өту жылында оның "Аспан сфераларының
айналуы" деген кітабы жарық көрді. Кітап үлкен қызығушылық пен көптеген
пікірталастарды қоздырды.

Дүниенің гелиоцентрлігі мен Жердің қозғалу идеясы ғалымдардың ақыл-ойын
тез жаулап ала бастады. Англияда Коперниктің теориясы берік қолдауға ие
болды. Онда Томас Диггстің (1545-1595) "Аспан сфе-расының шынайы
суреттемесі" деген кітабы шықты, мұнда Дигтс Коперниктің еңбегін толық
дерлік ағылшын тіліне аударды. Бірақ та Коперниктің концепциясында ескі
теориялардың элементтері коп болды. Мысалы, оның теориясы бойынша әлем
тұйық шеңберде, ал планеталар материалдық кристалл тәрізді сфералар бойынша
қозғалады.
1583 жылы Англияға доминикандық монах, философ Джордано Бруно келеді,
мұнда ол Коперниктің теориясымен танысады. Коперниктің идеясы мен шексіз
жұлдызды ғарыш туралы түсініктерді оның қызу қолдауын Католик шіркеушілері
шіркеуге қарсы дін, бұзарлық күпірліктің көрінісі деп есептеді. 1600 жылы
Джордано Бруно діннен азғандығы үшін отқа жағылды, ал оның Дүние туралы
жаңа ұғымдарды қызу насихаттауы Католиктік шіркеудің Коперник теориясын
анафемаға беруіне апарды.
Ресейге гелиоцентрлік жүйе туралы мәліметтер тек XVII ғасырда ғана өте
бастады. Ғылым монах Епифаний Славинецкий екі көмекшісімен бірге Янсон
Блеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Ғылымның институциялануы
Ғалам туралы ғылымның дамуы
Әлемнің ғарыштық үлгілері
Ежелгі Грекияның мектебі, ғылыми білімі мен діні
Әлеуметтанулық теория
Физика және Нобель сыйлығы
Математика құрылыста
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Пәндер