Рационализм және сенсуализм



Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану- Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады.
Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.
Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады.
Қазақша энциклопедия 7 том
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Рационализм және сенсуализм

Орындаған:Каденова М.И
Группа:ПХ-415
Тексерген: Едигенова А.Ж.

Семей 2015 жыл
Рационализм (лат. ratіo -- ақыл), архитектурада -- 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану- Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада "заманауи архитектурасы" ұғымымен қатар қолданылады.
Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі -- 20 ғ-дың 20 -- 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.
Философияда -- болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 -- 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін "геометриялық методты" қолдана отырып баяндады.

Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль), француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.

Субстация- өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Адам, Декарт пікірінше, екі - материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.
Субстанцияны біріктіретіндіктен материя да, сана да бірінші бола алмайды - олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі. Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Таным және ғылым философиясы
Философия - көзқарастың бір түрі
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Джон Локк еңбегінде жан туралы
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Философия: пәні мен функциясы
Табиғатты зерттеудегі объективтілік
Жаңа дәуірдегі психология сипаттама
Пәндер