Қорқыт ата кітабы. Әбу Насыр әл-Фараби. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат түрік»


Қазақстан Республикасының Білім жіне ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СОБӨЖ
Тақырыбы: « «Қорқыт ата»кітабы. Әбу Насыр әл-Фараби. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат түрік»»
Орындаған: Тоқсанова А. Қ.
Тобы: КЯ - 409 с
Пән: Ежелгі дәуір әдебиеті
Тексерген: Жүндібаева А. Қ.
Семей, 2015 жыл
Жоспары:
1. Қорқыт ата кітабы
2. Әбу Насыр Әл-Фараби
3. Махмуд Қашғари «Диуани лұғат ат түрік»
1.
Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім болғанын айқындап алу дұрыс. Қорқыт - VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, көптеген аңыздардың кейіпкері.
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайсар күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты Корқыт атаның сиқырлы күйлері, ұлағатты сөздері, мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді.
"Қорқыт атаның кітабы" осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда (Ватикан) алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Оны зерттеп, қазақ жұртына кең таныстыруға ат салысқан ғалымдар: Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, М. Жолдасбеков, X. Сүйіншалиев, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, т. б.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) - қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В. В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М. -Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә. Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т. б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан - оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис - Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.
Жырдың бас кейіпкері - Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата) . “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, М. Жолдасбеков, Ш. Ыбыраев, Т. Қоңыратбай, т. б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999) .
"Қорқыт ата кітабының" жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін, үйін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.
"Қорқыт ата кітабының" қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек - Қорқыттың өзі сияқты тарихта болған адам. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазанбектің әйелі Бөрілі сұлу, оның ұлы Оразбек, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Тұралы, әкесін жау тұтқынынан босатқан ер Жүгенек, оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған Бегіл мен оның ержүрек, әділ ұлы Әмірен, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т. б. кейіпкерлер ерлік пен ізгілік танытады. "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы" жырда ұрпақтардың жалғасуы үлкен мәселе деңгейінде көтеріледі. Ата-ана мен олардың ұлы Бұқаштың өзара құрметі мен махаббаты жауыздық пен опасыздықты жеңіп шығады. Бұқаш жау қолынан әкесін асқан ерлігімен құтқарып алады.
Қорыта айтқанда, "Қорқыт ата кітабы" - әр түрлі жырлардың жинағы бола тұрып, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отыратын аса мәнді кітап, әдебиетіміздің тарихынан Қорқыт ақынға жоғары орын алып беретін туындылар топтамасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz