Өнім сапасын басқару жайлы Жапонияның тәжірибесі


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: «Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі»

Орындаған: Данабекова А. М.

Тексерген: Төлеубекова С. С.

Семей қ. 2015 ж

Жоспар

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1. 1. Сапаны басқарудың Жапониялық тәжірибесі

1. 2. Жапонияның сапаны басқарудағы «7 инструменті»

1. 3. «Бес нөлдік» жоспары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды. Сапаны басқарудың жапондық әдісінің негізгі принциптері келесі:

1. тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау

2. тұтынушылардың қандай зат сатып алатындығын анықтау

3. жоғары сапаға жету жолындағы шығындарды анықтау

4. мүмкінболатын кемшіліктерді анықтап, олардың алдын алу

5. түзету шараларын алдын-ала ойластыру

6. тексеру қажеттілігін болдырмау.

1967 жылғы сапаны басқаруға арналған 7-нші Симпозиумде сапаны басқарудың жапон моделінің 6 ерекшелігі аталды:

1. сапаны басқаруға барлық билік тармақтарының қатысуы

2. мамандарды дайындау мен сапа әдістерін үйрету

3. сапа үйірмелерінің қызметі

4. басқару қызметін инспектірлеу

5. статистикалық әдістерді қолдану

6. сапаны басқарудың жалпыұлттық бағдарламалары. [1]

Жапон мамандарының көзқарастарына сәйкес сапа басқарудың әдісін практикада қолдануға келесі мәселелер кедергі туғызуда:

  1. жоғарғы биліктегі басшылардың пассивтілігі мен олардың жауапкершіліктен қашуы
  2. белгілі қадамдардың жаңа инновацияларға қарағанда тиімді деген теріс көзқарастары
  3. басқалардың жаңа көзқарасын есепке алмау
  4. көпшіліктің байырғы феодалды көзқарастан арылмауы. [2]

1. Негізгі бөлім

1. 1. Сапаны басқарудың Жапониялық тәжірибесі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Сапаны басқарудың жапондық тәжірибесі электро-тұрмыстық техника түрлерін сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мысалында көрінеді. Жапондық мамандар ойынша сапа негізінде технологиялық үрдіс құрылса, сапаны бақылау жүйесі сынау орталығы жасырын көмекші болып табылады, ол технологиялық үрдісте сапаны қамтамасыз ету әдістерін талдайды.

Жапондық өнімнің жоғары сапасына жету жолындағы қозғалыстың негізін салушылардың бірі Каору Исикава «сападан үнемдеуге болмайтынын, өйткені сапаның өзі үнем екендігін» атап көрсетті. Доктор Исикава басқару әдістері негізінде барлық жерде бірдей және бір принциптер әртүрлі салаларда және әр түрлі елдерде қолданылуы мүмкін деп есептейді.

Басқарудың жапондың жүйесін әдістері екі негізгі топқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі - іс жүргізудегі мәселелерге қатысты, екіншісі - өнім сапасы мәселелерге қатыстыӨнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

- тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

-өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

- жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

- өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу. [2]

Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде көтерілген. Негізгі акцент жұмыс орнында сапаны бақылайтын адамдармен бірлесе жұмыс жасайтын атқарушыларды сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту үшін жасалды. Жапонияда жұмысшылар күрделі статистикалық әдістерді қолдануға қолы жетіп қоймай, оларды сапа мәселесі «әрбір жапондықтың мәселесі» деп нандырып, көздерін жеткізе алды.

Сапаны басқарудың жапондық үлгісі - барлық фирмаларда президенттен бастап бірінші қызметкерлерге дейін орындайтын сапаны қамтамасыз ететін біртұтас процесс болып табылады.

1967ж. тұжырымдалған сапаны басқарудың жапондық жүйелерінің ерекшеліктері әлі күнге дейін базалық болып табылады.

1. сапаны фирма деңгейінде баршаны қамтып басқару, бұған барлық

қызметкерлердің түгел қатысуы;

2. сапаны басқару ауқымында кадрлардың біліктілігін арттыру мен

дайындық;

3. сапа төңірегіндегі қызмет;

4. сапаны басқару жөніндегі іс-әрекетті бағалау мен тексеру;

5. статистикалық әдістерді қолдану;

6. сапаны бақылау жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама.

Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде. Сапаны басқаруды қалайша жүзеге асыруға болады? «Жоспарла - жаса - тексер - әсер ет» формуласына жүгіну керек. Бұл басқару аясы деп аталады. Ол дұрыс бағыт - бағдармен жүруге жәрдемдеседі. [3]

Сапаны қамтамасыз ету ұстанымдары мынадай:

1. бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету;

2. өндірістік үрдістері басқаруға негізделген сапаны қамтамасыз ету;

3. өнімнің жаңа түрлерін жасау саласындағы сапаны қамтамасыз ету.

Ғылым мен техниканың алғы шебінде тұрған Жапония фирмалары

мынадай міндеттер қояды:

- фирманың өркендеуі мен беделінің көтерілуі;

- барлық қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру;

- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу;

- жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл;

- сапаны тиімді әкімшілік басқару;

- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр сабақтастығы;

- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.

Өнеркәсіптік жүйеснің айрықша белгілерінің бірі - басқа елдердің тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын қолдану болып

табылады. [3]

Жапонияда сапа жүйесіне үш жапондық қоғамның «қасиетті сиырлары» үлкен рөл атқарады: өмір бойы жалдану, жалақының ерекше жүйесі, еңбек бірлестіктерінің фирмалақ құрылымы және өздерінің қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, спорт, туризм, тамақтану және т. с. с. ) . жапондық фирмаларда сапа үйірмелерін құруда сатып алушылар талабына негізделген өнімнің барлық технологиялық тізбегінде сапаны дұрыс және жүйелі бағалауға үйретеді. [4]

1. 2. Жапонияның сапаны басқарудағы «7 инструменті»

Жапония сапаны басқаруда жеке инструменттерді ойлап тауып қолдана бастады.

Қазіргі кезде олардың «7 инструменті» танымал:

  1. сапаны қамтамасыз ету процесіне фирманың әрбір қызметкерін енгізу
  2. сапаны бағалауда статистикалық әдісті қолдану
  3. мотивация жүйесін құру
  4. мамандардың жетілдірілуін мадақтау
  5. төменгі иерархиялық басқару сатысында сапа үйірмелерін ұйымдастыру
  6. белгілі проблеманы шешуге қызығушылық танытқан мамандардан құралған команда (уақытша коллектив) құру
  7. сапаны қамтамасыз ету мәселесін жалпыұлттық мақсатқа айналдыру. [4]

Жапондық сапа басқару жүйесінде 4 деңгейлік сапа иерархиясы алғаш рет орын алды. Онда TQM концепциясының келешектегі негізгі принципі шешімін тапты - тұтынушылардың ағымдағы және потенциалды сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған ориентация. Ол жүйе келесі түрде көрініс тапты:

1) Әлі белгіленбеген қажеттіліктерге толыққанды сәйкестілік

2) Нарық сұраныстарына сәйкестілік

3) Эксплуатацияның қажетін өтейтін

4) Стандарттың қажетіне сай келетін

Сапаны басқаруда жапондық үлгілердің түрі:

  1. сапа үйірмесі
  2. «бес нөлдік» жоспары
  3. JIT (Just-in-time) жүйесі
  4. КАНБАН ЖҮЙЕСІ

Атақты Демингтің коллегасы профессор Коару Исикава сапа үйірмесін (QC) құру идеясын ұсынды. Мұндай үйірменің алғашқы мақсаты жапон компаниясының қызметкерлерін статистикалық бақылау үлгісінде оқыту. Бұл оқыту 60-шы жылдары жүргізілді.

Жапонияда қазіргі сапа үйірмесі - әртүрлі бағыттағы, әртүрлі деңгейдегі организациялардың сапаны жоғарлату мақсатында, бос уақытында ізденуге негізделген. Ондай үйірмелердің өздерінің ұраны болады («сапа туралы әр минут сайын ойлан», «сапа фирманың тағдырын шешеді») және мынадай принциптерге негізделген:

  1. ерікті қатысу
  2. жиналыстардың жиілігі
  3. мәселені тыңғылыұты шешу
  4. талқылау кезінде сапа мәселесін бағалауды мәлімдеу.

Сапа үйірмесі Жапонияда кең тараған. Ең алғашқы үйірме 1962 ж болды. 1965 жылдың басында 3700 үйірме болды, ал қазіргі кезде 3.

Үйірме сапасы ұйым қызметкерлерін марапаттау мен оқытуға байланысты. Қарапайым статистикалық «құралды» пайдалана отырып, адамдар топпен жұмыс істейді және негізгі мақсаттары бағасы, қауіпсіздігі, өлшемділігі туралы мәселелерді талқылайды, шешеді, сараптайды. Сонымен қатар жұмысы өнімнің және компанияның қызметін жетілдіру болады. Үйірме сапасының қызметінің негізгі көрсеткіші мынадай:

- Тергеу анализінің жүргізілуінің себебі

- Өнімнің шығымын азайту мақсатында іс-шара өткізеді

- Үйірме сапасы қамтамасыз етеді

- Үйірме мүшелерінің өз бетінше оқуы [4]

1. 3. «Бес нөлдік жоспар»

Жапон өндірісінде «бес нөлдік» жоспары үлкен маңызға ие, оның негізі мынада, әр жұмысшы мынаны істемеу керек:

  1. алдыңғы операциядан алынған ақаулы өнімді қабылдау
  2. ақау шығатын жағдай жасау
  3. ақауы бар өнімді келесі операияға жіберу
  4. технологияға өзгеріс енгізу
  5. қателерді қайталау.

«Бес нөлдік» жоспарды адамның ресурстарын пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес. Мұны «Тойота» фирмасының вице-президенті Таичи Охно өндірісте «Just-in-time» (JIT) - «бәрін дер кезінде» концепциясын құрған кезде «бес нөлді» пайдаланып, өндіруші тапсырыс алған уақытынан дайын өнімді тұтынушыға жеткізген уақыт аралығын қысқартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы ақпарат
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы мәлімет
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі жайлы
Бақылау шығындары
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы мәлімет
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапония тәжірибесі
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Менеджменттің жапондық және американдық модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz