ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Орындаған:Мауіткәрімов Ш.
Тексерген: Қуантқан. Б.
Семей-2015
Жоспар:
- Кіріспе
- Меншік ұғымына сипаттама
- Жекешелендіру туралы түсінік
- Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебеиеттер
Кіріспе
Қай ел болсын, оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрал жабдықтарына және оның нәтиже-леріне тиісті меншік қатынатары болып табылады
Ендігі бұл тараудағы басты мәселе меншіқтің мәні және сипаты туралы. Жалпы, меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеу қажет.
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен, қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табы-лады. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте қуатты эко-номикалық, кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі, тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері, шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты. Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.
Меншік ұғымына сипаттама
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т. б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
- жаппай жекешелендіру;
- шағын жекешелендіру;
- дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж. ) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1994-95 жж. ) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
- жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
- ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы) ;
- мемлекеттік - меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады.
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.
Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргізілген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған:
- нарықты бейтараптандыру;
- аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;
- бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.
Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.
Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:
1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.
2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.
3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.
4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.
Қазақстанда жекешелендіру кезеңдері
Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 - 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады ; олардың әрқайсысының өз
мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.
1кезең. 1991- 1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптарымен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
Бірінші кезеңнің іске асуы нәтижесінде 6198 объект түрлендірілді. Түрлендірілген кәсіпорындардың ішінде 4160- ы кіші жекешелендіру (сауда - 1834, қоғамдық тамақтандыру -535, тұрмыстық қызмет көрсету - 1596, коммуналды шаруашылық -1950) құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру үрдісі бәрінен де сада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында белсенді жүргізілді, олардың үлес салмағы тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29, 6% және 25, 8%-ын құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі - 8, 8 %, ауыл шаруашылығы - 10, 1%, құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың 23, 6%-ы азаматтардың жеке меншігіне алынды, 8, 4%-ын бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар акционерлендірі 2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5-ші наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің “ Ұлттық Бағдарламасына” cәйкес жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің Республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеумен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталытандырылған -жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. 1995 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті және мүліктік кешендері өткізілді, соның ішінде мұнай, газ кешендері бойынша-21, электр энергетика бойынша -10, көмір өнеркәсібі бойынша-1 және т. б. 1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51млрд. теңге әкелді.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институтционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:
«шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететіндердің байқаулары мен аукциондары арқылы жүзеге асырылады;
Жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;
Жекешелендіру-инвестициялық купондарын (ЖИК) қолданысқа енгізу жаппай жекшелендіруге барлық тұрғындардың қатысуын жеңілдетуі тиіс еді. Қазақстанның әрбір азаматы сатуға болмайтын (Ресейдегі сияқты) және тек инвестициялық жекешелендіру қорларына салу үшін қолданылатын 100 купоннан (ауыл тұрғынына 120 купоннан) алды.
Ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру
“Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру”.
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2-ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді . -мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
-жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
-кәсіпорын мүліктік, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана; -шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін; -сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді: -электроэнергетикалық кешендегі; -мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
-металлургиялық және тау-кен кешеніндегі; -көлік-коммуникация кешеніндегі;
-агроөнеркәсіптік кешендегі; -әлеуметтік саладағы секторлық салаларды. Қазақстан Республикасында үшінші кезеңде:1997ж-6777, 1998ж-3073, 1999ж-2318, 2000ж-1724, 2001ж-1056 кәсіпорын жекешелендірілді. Жекешелендіруден түскен ақша қаражаттары:1997ж-56, 5 млрд тг, 1998ж-67, 1 млрд тг, 1999ж-36, 6 млрд тг, 2000ж-22млрд тг, 2001жылдың 1-жартыжылдығында-1, 1млрд тг IVкезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999жылғы 1-маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту,
басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.
Бағдарламаға сәйкес:
-Мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомостволарға өткізіп берілді.
-«Көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды.
Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.
1999-2000жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34, 5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6, 2 мың объектіні купондарға және ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.
Алғашқы кезеңде жекешелендіруден 4144млн рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215, 4 млрд тг, соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан 90% - тен астамы түсті.
« Сонымен жекешелендіру де өз межесіне жетті. Ел не алып, мемлекетте не қалғаны да жұрттың көз алдында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz