Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы

Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері. Атом қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері. Бактериологиялық қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері.

Орындаған: Оразымбеков А. М.

Тобы: БЖ-415.

Қабылдаған: Бейсебаев Ш. Т.

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1) Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар.

2) Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері.

3) Атом қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері.

4) Бактериологиялық қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері .

Кесте.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды. Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда. Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.

Негізгі бөлім

Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар

Тірек сөздер: төтенше жағдай, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағы.

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Төтенше жағдай пайда болу жағынан -табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру

Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндіістік прингцип бойынша;

халықты көшіру - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі. Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару. Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс. Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады. Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады. Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді. Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі. Бытыраңқы орналастыру -соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру. Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4. халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5. көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

6. стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7. халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8. жерасты құрылғаларын, жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9. Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10. қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі. Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған

(медицина, тамақтандыру, күзету және т. с. с. ) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады. Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі. Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;

қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;

орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы) ;

жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;

эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;

жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;

халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;

халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;

эвакуациялық жинау пункттері және оған бекітілген ұйымдар мен пәтер иеленушілердің кооперативі;

халықты көлікке отырғызу пункттері;

оны қауіпсіз аймаққа түсіру;

халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралар;

қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғану жайларын дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;

халықты эвакуациялаудың аралық пункттерінен және түсіру пункттерінен оларды орналастыру орындарына жеткізу үшін аудандардың көлігін пайдалану;

эвакуациялық шараларды жүргізу кезінде бақылауды басқаруды және байланысты ұйымдастыру;

жұмысшылар ауысымын қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері қарай тасымалдау тәртібі;

Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;

орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;

жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен ( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;

эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;

жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері, демалу аудандары, аралық пункттері;

ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;

жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;

жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;

халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін көлік (саны, сиымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам)

Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері

Химиялық қару - уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 - 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т. б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қарудан қорғану

Химиялық қарудан қорғану - әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Атом қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері .

Ядролық қару - жаппай қырып-жою қаруы.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7d/Mk17_bomb.jpg/220px-Mk17_bomb.jpg

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы ( Атомная бомба ) - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты. Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Fat_man.jpg/160px-Fat_man.jpg

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Екпінді толқын

Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1, 6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4, 5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1, 4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3, 5 км-де ауыр дәрежедегі, 3, 8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

Өтпелі радиация

Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 - 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1, 7 км-де ауыр дәрежедегі, 1, 9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

Электр-магниттік импульс

Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.

Атом бомбасын сынау

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/79/Operation_Upshot-Knothole_-_Badger_001.jpg/400px-Operation_Upshot-Knothole_-_Badger_001.jpg

Ядролық жарылыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Транспорттагы төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныс күштерінің халық өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері. Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Төтенше жағдай, туындау себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz