SQL тілінде деректерді өңдеудің негізгі операторлары. Деректер базасын құру



Қазіргі заманғы компьютерлік өнеркәсіпте SQL тілі ең маңызды тенденция болып отыр. Соңғы жылдары SQL тілі деректер базасының жалғыз тілі болды. Бүгінгі таңда SQL дербес компьютерлерде жұмыс істейтін ДББЖ-нің жүзден астамын қолдайды. SQL тілі деректер базасын басқару жүйелерінің архитектурасындағы маңызды буын болып табылады.
SQL (Structured Query Language) – бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық деректер базасында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер базасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Төменде SQL жұмысының сұлбасы бейнеленген. Есептегіш жүйеде маңызды ақпарат сақталған деректер базасы болады. Егер есептегіш жүйе кәсіпорынның кадрлар бөліміне қатысты болса, онда деректер базасында кәсіпорында қызмет ететін адамдар жайлы ақпарат (аты-жөні, туған жылы, телефоны, қызметі және т.б.) сақталуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі
Семей Қаласының Шәкәрім Атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: SQL тілінде деректерді өңдеудің негізгі операторлары
Деректер базасын құру.

Орындаған:Байгабылов Т
Тексерген: Жаксыгулова Д. Д
Тобы:ИС-403

Деректер базасының стандартты SQL тілі

Қазіргі заманғы компьютерлік өнеркәсіпте SQL тілі ең маңызды тенденция болып отыр. Соңғы жылдары SQL тілі деректер базасының жалғыз тілі болды. Бүгінгі таңда SQL дербес компьютерлерде жұмыс істейтін ДББЖ-нің жүзден астамын қолдайды. SQL тілі деректер базасын басқару жүйелерінің архитектурасындағы маңызды буын болып табылады.
SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық деректер базасында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер базасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Төменде SQL жұмысының сұлбасы бейнеленген. Есептегіш жүйеде маңызды ақпарат сақталған деректер базасы болады. Егер есептегіш жүйе кәсіпорынның кадрлар бөліміне қатысты болса, онда деректер базасында кәсіпорында қызмет ететін адамдар жайлы ақпарат (аты-жөні, туған жылы, телефоны, қызметі және т.б.) сақталуы мүмкін.

Деректер базасын басқаратын компьютерлік программа деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Егер қолданушыға деректер базасындағы мәліметтерді оқу қажет болса, онда оларды SQL көмегімен ДББЖ-нен сұрау керек. ДББЖ сұраныстарды өңдейді, қажет болған мәліметтерді тауып оларды қолданушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі деректер базасында сұраныстар деп аталады, яғни сұраныстардың құрылымдық тілі.
Реляциялық ДБ пайда болғанға дейін көптеген ДББЖ үшін құрылған барлық мәліметтерді басқару тілдері, файлдардың логикалық жазулары түрінде берілген мәліметтермен жүргізілетін операцияларға бағытталған. Әрине, бұл қолданушыдан мәліметтердің сақталуын, қандай мәліметтер қажеттігін, олардың қайда орналасқанын және қалай алу жолдарын білуді талап етеді.
Деректер базасында қолданылатын SQL тілі логикалық байланысқан кесте-қатынастар жиынтығы түрінде берілген мәліметтермен операциялар жүргізуге бағытталған. Осы тілдің құрылымының ерекшелігі өңдеу процедурасына емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталуында. SQL тілі мәліметтердің, индекстердің қайда орналасқанын, және нәтиже алу үшін қандай операциялар тізбегін пайдалану керектігін өзі анықтайды, сондықтан бұларды ДБ сұраныстарында көрсетудің қажеті жоқ.
Реляциялы ДБ-сы теориясының пайда болуы екі кластарға бөлуге болатын, сұраныстар тілінің қатарын өндіруге түрткі болды:
- Қатынастарға қолданылатын, сұраныстарды арнайы операторлармен бейнелеуге мүмкіндік беретін алгебралық тілдер;
- Предикаттарды санау тілдері, берілген қатынастар жиынтығынан жаңа қатынасты анықтайтын, ережелер жиынтығы. Яғни, ДБ-ғы сұранысқа жауап ретінде алынатын қатынастарды анықтау әдісі.
Қазір бұл тіл ДББЖ-сі қолданушыға ұсынатын барлық функциональды мүмкіндіктерді іске асыру үшін қолданылады. Атап айтқанда:

* Деректерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтерді ұсыну құрылымын өзгерту, сонымен қатар деректер базасының элементтері арасындағы қатынастарды орнату мүмкіндігін береді.

* Деректерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасынан онда сақталған мәліметтерді оқу және оларды қолдану мүмкіндігін береді.
* Деректерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасын өзгерту, яғни оған жаңа мәліметтерді қосу, сонымен қатар онда бар мәліметтерді жаңарту немесе өшіру мүмкіндігін береді.

* Рұқсат алуды басқару. SQL көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды бекітілмеген рұқсаттан қорғауға болады.

* Деректерді біріктіріп қолдану. SQL бір-біріне кедергі жасамас үшін қарама-қарсы жұмыс істеп отырған қолданушыға деректерді біріктіріп қолдануды үйлестіреді.
* Деректердің бүтіндігі. SQL келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің қабыл алмауын бұзғандардан қорғай отырып, деректер базасының бүтіндігін қамтамасыз етуге рұқсат етеді.
Сондықтан SQL ДББЖ-мен әрекеттесу үшін жеткілікті түрдегі қуатты тіл болып табылады. Сонымен қатар, SQL тілі бүгінгі таңда реляциялық деректер базасымен жұмыс істеуге арналған жалғыз стандартты тіл болып отыр.

SQL тілінің жетістіктері. SQL - деректерді басқаруға арналған әмбебап программалық құрал. SQL тілінің жетістіктерінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:

* нақты ДББЖ-нен тәуелсіздігі;
*
бір есептеуіш жүйеден басқасына ауысатындығы;
*
стандарттардың барысы;
*
IBM компаниясымен мақұлдау;
*
Microsoft компаниясы жағынан қолдау;
*
реляциялық негіз;
*
ағылшын тілін еске түсіретін жоғарғы деңгейлі құрылым;
*
арнайы интерактивті сұраныстарды орындау мүмкіндігі;
*
деректер базасына программалық рұқсат алуды қамсыздандыру;
*
деректерді әртүрлі ұсыну мүмкіндігі;
*
деректер базасымен жұмыс істеуге арналған толық құнды тіл;
*
деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;
*
клиент-сервер архитектурасын қолдау.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы дербес компьютерлерде деректерді басқаруға арналған SQL тілінің стандартты құрал болуының себептері болып табылады.

SQL -командаларының типтері

SQL -тілінің командалары бірнеше топқа бөлінеді. Командалардың негізгі типтері келесідей:

* DDL(Data Definition Language )- мәліметтердің анықталу тілі. Бұл топтың командалары мәліметтер қорының объектілерінің құрылымын құру және өзгерту(мысалы, кестелерді құру және жою үшін) үшін пайдаланылады.
*
DML(Data Manipulation Language)- мәліметтердә басқару (манипуляция) тілі. DMLкомандалары мәліметтер қоры объектілеріндегі ақпараттарды басқару үшін пайдаланылады.
*
DCL (Data Control Language)-мәліметтерді басқару тілі. Сәйкес командалар мәліметтер қорында сақталған ақпаратқа кіруді басқаруға арналған.
*
DQL (Data Query Language)-тілі. Бұл жиі қолданылатын командалар, мәліиеттер қорына сұранымды құруға арналған.(Сұраным дегеніміз сәйкес ақпаратты алу мақсатында мәліметтер қорына хабарласу.
*
Мәліметтер қорын администрациялау командалары әрекеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру және өндірілетін операцияларыды анализдеуге арналған.

SQL мәліметтерінің типі.
Стандартты SQL- де пайдаланылатын мәліметтер типтерін келесі топтарға бөлуге болады:
* Жолдық типтер;

* Сандық типтер;

* Дата мен уақытты көрсетуге арналған типта
Жолдық типтер.
SQL-де екі жолдық типтер анықталған:

*
Белгіленген ұзындықты символдық жолдар;
*
Айнымалы ұзындықты символдық жолдар.

Белгіленген ұзындықты символдық жолдар.
Белгіленген ұзындықты символдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курс құрылымы
Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын бағдарламалау
Деректер базасының концептуалдық моделі
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Деректер базасын құру
Mysql транзакциясы триггерлер
Абоненттік төлем
Delphi ортасы туралы түсінігі
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу
Пәндер