Менеджменттің даму тарихы, атқаратын қызметтері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

технологиялар факультеті

«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы

«5В072900 Құрылыс» мамандығы

«Құрылыстағы экономика және менеджмент» пәні

№4 СӨЖ

Тақырыбы:

Менеджменттің даму тарихы, атқаратын қызметтері

Орындаған: Жүнүсқанова Н. Ф.

СТ - 217

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Семей

2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Басқару стильдері . . . 4

2. Менеджменттің атқаратын қызметі: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, ынталандыру . . . 5

3. Қорытынды . . . 8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9

Кіріспе

Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Менеджмент - бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару. Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында - саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.

Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.

Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

І кезең - ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б. э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж. ) болды. Платон (б. э. дейінгі 428-348 жж. ) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б. э. дейінгі 356-323 жж. ) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.

ІІ кезең - индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж. ) . Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым - Адам Смит.

ІІІ кезең - басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж. ) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар - алғашқы менеджерлер болатын.

ІV кезең - ақпараттар кезеңі (1960 ж. - қазіргі уақытқа дейін) .

Басқару стилдері

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты. Басқару стилі түсінігінің пайда болуы XX ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та бірнеше тәжірибелер жасап, басшылықтың авторитарлық, демократиялық, анархиялық түрлерін анықтап берген К. Левиннің есімімен байланысты.

Америкалық зерттеуші Лайкерт басқару стилінің төрт жүйесін: қанаушы авторитарлық, игі ниетті авторитарлық, кеңестік-демократиялық, базалық жүйелерін ұсынса, Дуглас Макгрегор автократ пен демократтың алғышарттарын сипаттайтын "X" теориясы мен "У" теориясын тұжырымдады. Р. Блэйк пен Д. Мутон адамдар мен өндіріс мүдделерін ескеріп отыру дәрежесіне қарай бөлінетін басқарудың бес негізгі стилін қамтитын "басқару торын" жіктеуге және насихаттауга тырысты.

Жапон менеджметінде Т. Конон төрт стильдік (жаңашыл-аналитикалық, жаңашыл-интуитивтік, консервативті-аналитикалық, консервативті-интуитивтік) моделін құрастырған.

Жер бетінде қанша ұлт болса, басқарудың сонша стилі мен типі бар. Солардың ішінде жапондық басқару стилі ерекше көзге түседі. Мысалы, жапон қызметкерлері жаңа күнді бой жазу мен өз фирмаларының жалауына карап тұрып, фирманың әнұранынқосылып айтумен бастайды. Олар жан-тәнімен беріліп енбек етуді, әріптестерінің арасында қарапайым, кайырымды болуды, басшыларды құрметтеуді, өз компаниясының патриоты болуды уағыздайды. Бұл рәсім басшының жұмысқа сәттілік тілеген сөзіменаяқталады. Қауымдық және топтық дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелене отырып, жапон жұмысшылары мен кәсіпкерлері салт-жоралар арқылы еңбек серіктестігіне адал болу үшін ант береді. Осы кезден бастап олар бір өндірістік компанияға айналып, отбасы мен қауым өз шаңырағына калай караса, бұлар да бағыныштыларына солай камқорлық жасайтын болады. Франция мен Англияда "дәл уакытында" сервистік қызмет көрсету тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлаудың мақсатына енгізілген.

Сонымен, басқару стилі - бұл басқарушылық бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Басқарушы өзінің биліктілігін жүргізетін дәрежеге дейінгі өзіне де қолданылған биліктің типтері және бұлардың бәрінен бұрын оның адамгершілік қарым-қатынас жасауға немесе міндетті орындауына қамқорлылығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді сипаттайды.

Менеджменттің атқаратын қызметі: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, ынталандыру

“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне - менеджерлерге көшеді.

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады. Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А. Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

Менеджменттің мазмұнын суреттейтін жалпы қызметтерін 1916 жылы А. Файол құрған. Оған ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және басқаруды жатқызады. Қазір оларға мотивация, ақпарат беру және дамытуды қосуға болады.

Жоспарлау - жоспарлардан көрінісін табатын және менеджмент объектісінің болашақ жағдайын уақыттың ағымдағы мезеттеріне бекітетін басқарушылық қызмет. Жоспарлаудың мазмұны менеджменттің функциясы ретінде негізгі бағыттардың негізделген анықтамаларында және оны қамтамасыз етудің материалдық көздерін есепке алып, өндіріс дамуының пропорциялары. Міндеттері:

1. жалпы ұйымның және оның бүкіл құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттық дамуын қамтамасыз ету;

2. мәселенің дамуын алдын ала білу және перспективтік бағыттау;

3. құрылымдық бөлімшелердің және ұйымның қызметкерлерінің қызметін координациялау;

4. тиімді бақылау үшін объективті базаны құру;

5. қызметкерлердің еңбектік белсенділігін ынталандыру;

6. ұйымның жұмысшыларын ақпараттық қамтамасыз ету.

Басқарудың ұйымдастыру құрылымы - бір-бірмен белгелі қарым-қатынаста және тәуелділікте болатын және коммуникациялық каналдармен қосылған, басқарудың дербес буындарының (бөлімшелерінің және қызметтерінің) реттелген жиынтығы.

Құрылымда келесіні бөліп айтуға болады:

1) жалпы басқару буындары (дирекция) ;

2) сызықтық басқару буындары (негізгі қызметтің бөлімшелерін басқару органдары) ;

3) функционалдық басқару буындары (жоспарлау бөлімі және т. б. ) . Бір деңгейдің буындардың жиынтығы басқарушылық сатыны құрайды.

Басқарудың ұйымдастырушы құрылымымен байланысты негізгі түсініктер:

1) элементтер (буындар) ;

2) деңгейлер;

3) байланыстар;

4) өкілеттіліктер.

Басқарудың ұйымдастырушы құрылымына қойылатын талаптар:

- басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның мақсаты мен міндетін көрсетуі керек, өндіріске және оның қажеттіліктеріне тәуелді болу керек;

- жұмыстың шығармашылық сипатын және нормалды жүктемені, сонымен қатар мамандандыруды қамтамасыз ететін, басқару органдарына және жеке жұмысшыларының арасында еңбекті максималды бөлуді қарастырады;

- ұйымдастыру құрылымды құруды лауазымдарды анықтамасымен, әр жұмысшының жауапкершілігімен және олар арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстар жүйелерін құруды басқару органдарымен байланыстыру қажет;

- бір жағынан, функциялар мен міндеттер арасындағы, екінші жағынан, лауазымдар мен жауапкершілік араларында, сәйкестікті қамтамасыз ету;

- орталықтандыру, орталықсыздандыру деңгейін шешуге, лауазымдар мен жауапкершілікті бөлу, басшылар мен менеджерлердің басқару масштабтарына және дербестігіне әсер етеін, басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның әлеуметтік-мәдени ортасында адекватно болуы керек.

Мотивация - жеке мақсатта немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзін және басқаларды ынталандыру үрдісі. Мотивацияның түрлері:

1) экономикалық;

2) кәсіби;

3) биліктік;

4) ойлық;

5) шаруашылық (дербестікке ұмтылу) ;

6) шығармашылық (креативтік), жаңасын іздеу.

Ынталандыру - ұйымның пайдасына стимулдарды қолдану үрдісі. Функциялары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің қысқаша даму тарихы. Басқару стильдері. Менеджменттің атқаратын қызметтері: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, ынталандыру
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуы
Менеджменттегі жігерлендіру туралы
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Операциялық менеджмент
Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту
Банк менеджменті
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz