Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен жаңашылдық
1. Проза туралы жалпы түсінік.
2. Дәстүр мен жаңашылдықжайында.
2. Дәстүр мен жаңашылдықжайында.
Проза (лат.прōса) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза ХВЫЫ ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Проза латын тілінде «қара сөз» деген ұғымды білдіреді, яғни қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Ғылыми, публицистикалық, философиялық шығармалар да прозаға жатады. Көркем проза поэзияға қарағанда, бертінде, қайта өрлеу дәуірі кезінен бастап қалыптасты. Ежелгі және орта ғасыр әдебиетінде прозаның өзіндік ерекшелігі болды. Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік сөз, т.б. түрінде бодды. Бұл кездегі проза да көбінесе, белгілі бір ырғаққа құрылса, қазіргі проза сөз қайталау, ұйқастыру, бөлшектеу, жекелеу, жалқылау, даралау, шарттылық, ұлттық нақыш т.б. сөз қолданыстары жиі ұшырайды. Мысалы, көне орыс әдебиетіндегі, орыс әдебиетіндегі хикаяттар.
Көркем әдебиеттің дербес эпикалық жанрының бір түрі – проза. Орыс әдебиетінде ағарту дәуірі XVII-XIX ғасырларда қалыптасса, отарлау саясатынан кейін қазақ еліндегі проза 19-20 ғасырларда ағарту дәуірін басынан кешті. Қазақ әдебиетіндегі Абайдың ғақлиялары, Ы.Алтынсариннің әңгімелері, Т.Жомартбаевтың («Қыз көрелік», 1912), С.Көбеевтің («Қалың мал», 1914), С.Торайғыровтың («Қамар сұлу», 1914) бұрынғы дүниетанымымызда алғашқы прозалар санатына жатады деген тұжырымда болып келдік. Қазақ жұртының эпосы, дастаны, саналмай келді. Жаңа дәуірдегі проза жанрының ішкі құрылым-бөліктеріне роман, повесть, әңгіме, новелла жетекші орынға ие болды. Прозаның өркендеуі сөз өнерінің жалпы сипатына күрделі өзгеріс енгізді. Оның өзіндік формасы, стилі, жанрлық түрлері қалыптасты.

1. Дәдебаев Ж. Қазiргi кезеңдегi қазақ тарихи прозасының дамуындағы М.Әуезов дәстүрi. –А.: 1981. 47 б.
2. Лизунова В. Современный казахский роман. – А.: Изд-во АН Каз ССР, 1964. -360 с.
3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. Зерттеулер. –А.: Жазушы, 1987. - 232 б.
4. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. –А.: Жазушы, 1970. -330 б.
5. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. –А.: Арыс, 2009. – 214 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен
жаңашылдық
Топ:Қ - 317 с
Орындыған: Насыров.Е.А.
Тексерген:Тоқсамбаева А.О.
Семей 2015 ж
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық.
Жоспар:
1. Проза туралы жалпы түсінік.
2. Дәстүр мен жаңашылдықжайында.
Проза (лат.прōса) -- әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза ХВЫЫ ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Проза латын тілінде қара сөз деген ұғымды білдіреді, яғни қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Ғылыми, публицистикалық, философиялық шығармалар да прозаға жатады. Көркем проза поэзияға қарағанда, бертінде, қайта өрлеу дәуірі кезінен бастап қалыптасты. Ежелгі және орта ғасыр әдебиетінде прозаның өзіндік ерекшелігі болды. Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік сөз, т.б. түрінде бодды. Бұл кездегі проза да көбінесе, белгілі бір ырғаққа құрылса, қазіргі проза сөз қайталау, ұйқастыру, бөлшектеу, жекелеу, жалқылау, даралау, шарттылық, ұлттық нақыш т.б. сөз қолданыстары жиі ұшырайды. Мысалы, көне орыс әдебиетіндегі, орыс әдебиетіндегі хикаяттар.
Көркем әдебиеттің дербес эпикалық жанрының бір түрі - проза. Орыс әдебиетінде ағарту дәуірі XVII-XIX ғасырларда қалыптасса, отарлау саясатынан кейін қазақ еліндегі проза 19-20 ғасырларда ағарту дәуірін басынан кешті. Қазақ әдебиетіндегі Абайдың ғақлиялары, Ы.Алтынсариннің әңгімелері, Т.Жомартбаевтың (Қыз көрелік, 1912), С.Көбеевтің (Қалың мал, 1914), С.Торайғыровтың (Қамар сұлу, 1914) бұрынғы дүниетанымымызда алғашқы прозалар санатына жатады деген тұжырымда болып келдік. Қазақ жұртының эпосы, дастаны, саналмай келді. Жаңа дәуірдегі проза жанрының ішкі құрылым-бөліктеріне роман, повесть, әңгіме, новелла жетекші орынға ие болды. Прозаның өркендеуі сөз өнерінің жалпы сипатына күрделі өзгеріс енгізді. Оның өзіндік формасы, стилі, жанрлық түрлері қалыптасты.
Проза жанрында адамның жан-дүниесін, болмысын кең ауқымда суреттейді (роман, повесть). Күнделікті өмір құбылыстарының көрінісін, сыр-сипатын бейнелейді (новелла, әңгіме). Прозалық туындылармен тіл байлығын игеру, сөзді орнымен пайдалану, оның мағыналық қуатын арттыру, өнегелі ойды өрнектеп жеткізу мақсатты тұрғыда жүзеге асады. Өлеңде ұйқас, салыстыру, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, бір сөзбен айтқанда, айшықтау мен құбылту (троп пен фигура) сияқты қисындық қолданымдар, көркемдік тәсілдер маңызды қызмет атқарса, прозада автор сөзі, кейіпкер сөзі, құбылыстар мен үрдістердің тақырып пен мақсатына орай құбылуы (феномен) жетекшілік рольде. Сол арқылы суреттеліп отырған құбылыс көркемдік сипат алып, әдеттегі адамның назарына іліге бермейтін, аталған шығарма авторының түйсігі мен пайымына тән суреттілік шеберлік оқырманды өзіне не баурайтын, не селсоқ, қызықсыздығымен тартпайтын сапаға ие болады. Мәшһүр Жүсіп айтқанындай, сөздің гауһары емес. Оның да кұндысы және құнсызы бар. Поэзияға қарағанда, прозада сюжеттің приоритет екенін есте ұстау абзал. Жалаң тіл байлығы оқырманға пайда әкелмейді. Сол себепті оқиға, қимыл, ішкі бақылау (интерриоризация), монолог (адамның жеке ойы), қатысым әрекеттері (коммуникативное действие, общение), сұхбаттар, адам тағдырының даралық дербестік сипаты, керісінше, біреулерге қлддық ұруға ыңғайлы бейнесі т.б. - прозаның өзіндік елеулі шарты. Адам жайлы ілімнің ең бір тұжырымды болмысы прозалық нысаналарда айқын өріліп беріледі. Бізде антропология ілімі жеке ғылыми субстанция дәрежесіне жетпесе де, прозалық шығармадан оған дәйекгі құбылыстарды, үрдістерді, тұжырым-түйіндерді таба аламыз. Әсіресе, психологиялық ішкі күйініш-сүйініш, табиғаты, мінез-құлқы, хал-ахуалы неғұрлым мол қамтылып, панорамдық деңгейде беріледі. Поэзия нысанасы ауызша да, жазбаша да шығарылады. Ал проза тек жазбаша нұсқама түрінде келеді.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің Жер қазғандар, Айша повестері, Тар жол, тайғақ кешу романы; Б. Майлиннің Раушан - коммунист повесі, Қадыр түнгі керемет, Шариғат бұйрығы, Жол үстінде және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің Қорғансыздың күні, Жетім, Қаралы сұлу, т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Қазақ әдебиетінің өзіндік даму тарихы бар. Сонау ауыз әдебиетінен нәр алып сусындаған әдебиетіміз уақыт өткен сайын өзіндік жаңалықтарымен, ізденістерімен дараланып тұратын қаламгерлер шығармаларымен толығып отырды. Соның нәтижесінде әр кезеңдегі қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты дамыта отырып, қазақ әдебиетіне мол жаңалық әкелді. Қазақ әдебиетінің төріне жаңа кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни әдебиеттегі дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Көркем творчество үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып, кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте белгілі творчестволық озық жетістіктердің жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды [1, 35].
ХХ ғасыр әлем әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды. Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша көзқарастардың әсері қазақ прозасына да өз ықпалын тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами түсті. Әдебиет - өмір айнасы ғана емес, өз тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да[2, 55]. Әдебиеттегі осындай ерекшеліктердің бірі лирикалық прозаның дамуына қатысты болды. Кез келген нәрсенің жоқтан пайда болмайтындығы сияқты бұл құбылыс та әдебиетімізгі өзіне дейінгі дәстүрді жалғастыра отырып келді.
Көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігін суреттеумен беріледі. Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы қалған аяулы мекен жайды жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде жарияланған туындылардың көбіне жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай адамгершілік, ар-ождан мәселелері әрдайым көне салт, дәстүрге мән бермей, ес-түссіз құлшынатындығы үшін сыналуға бейім қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы көзқарастар шарпысуы арқылы пайымдалды. Бір есептен лиризмнің мазмұндық-идеялық төркіні осынау сағыныш, аңсау, адалдық, тазалық, жақсы мұрттарды алыс естеліктерден іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.
Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің: Шеберлік біздің алдымызда тұрған бірінші мәселе. Классикалық әдебиеттен, ең алдымен классиктердің сөздерінен үйренуіміз керек. Олардың еңбектеріндегі үлкен шеберлікті меңгермейінше, үлкен әдебиет жасалмайды, тілек орындалмайды. Біз қазақ жазушылары, Толстойдың, Тургеневтің, Гогольдің, Чеховтың, Горькийдің мұрагерлеріміз, ең алдымен осы аталарымыздың шеберлігін меңгере білейік, - деуі де әдебиеттер арасындағы байланысты, дәстүр алмасуын жоққа шығармасы анық [4, 347].
Оның бергі жағындағы Шоқанның еңбектерінде, Ыбырайдың прозалық шығармаларында, бұларды айтпағанда Абайдың қара сөздерінде лиризм элементтері жоқ, мүлдем кездеспейді деп айта алмаймыз. Сондықтан қазақ әдебиетіндегі шығармаларға тән сыршылдықтың біздің ауыз әдебиетімізден бастап негізі қаланған деген ойға тоқтасақ қателеспейміз деген ой келеді. Ол кезеңдегі туындылардың мұндай ерекшелігі туралы сөз болмауы көркем шығармадағы лиризм мәселесіне кейінгі кезеңде ғана, яғни ХХ ғасырдың орта шенінде ғана көңіл бөліне бастауы себеп болса керек.
Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басындағы прозалық шығармалардан лиризм айшықтары анық көрінетінін байқауға болады. Мұндай шығармалардың қатарына Қалың мал, Ақбілек, Бақытсыз Жамал т.б. көптеген туындыларды атай аламыз.
Мәселен, Бейімбет Майлиннің шығармасындағы Шұғаның "Отаудың сықырлауығынан" қарап тұруының өзі лиризм көрінісі ретінде қызмет ететін деталь деуге болады. Мұның өзі кейіпкердің жан әлемі, қуаныш сезімі, қайғы-қасіреті - жан дүние иірімдерін тәптіштеп суреттеп кетер нақты поэтикалық көрініс. Бұл жерде Қасымжан әңгімесінен лиризм бедері айқын білініп қана қоймай, лирикалық пафос, сыршыл толғаныс арқылы лирикалық прозаның өміршеңдігі де айқын танылады.
Прозадағы жанды тербетер лиризм және әңгіменің бірінші жақтан баяндалуының өзі сезім иірімдерін сан құбылтып, өне бойына татымды сыршыл әуен қосқан. Т.Нұртазиннің айтуы бойынша, әңгімедегі лирикалық саз жазушының стильдік ерекшелігіне де айналып отыр.
Б.Майлиннің бұған дейінгі жазылған лирикалық шығармалары бізге таныс. Оның прозалық шығармасындағы лирикалық сипаттың басым болуы оның ақындығынан шығар деген де ой келеді. Қарап отырсақ, орыс әдебетінде де ақындардың жазған прозалық шығармаларында көбіне лирикалық прозаға тән сипаттар жиі кездеседі екен.
Шын мәнінде эпикалық жанрға бет бұрған ақынның прозалық шығармасына лирикалық туынды жазудағы тәжірибесі ықпалын тигізбей қоймайтын сияқты. Сол себепті де олардың шығармалары таза эпиктердің шығармасынан сәл де болса өзгешеленіп тұрады. Әрине, біз мұны айтқанда, лирикалық прозаны тек ақындар ғана жазады, немесе жазушының өлең жазуы шарт деген мақсатта айтып отырған жоқпыз. Әйтпесе, прозадағы лирикалық стильді тек поэтикалық мектептен өткен жазушылармен ғана байланысты десек ағаттық болар. Мәселен, Ғ.Мүсірепов, Ә.Әлімжанов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, Т.Нұрмағамбетов сияқты өзіміз зерттеу нысаны етіп алып отырған жазушылар ақын емес, бірақ олардың прозасы лирикалық болып есептеледі. Олардың әрқайсысының шығармасы өзінше ерекше, бірін-бірі қайталамайды.
Мәселен, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты белгілі жазушылардың шығармашылығында лирикалық сипаттың ерекше үлгілерін көре аламыз. Олардың лиризмді беруде өзіндік ерекшеліктері бар. М.Әуезов көбіне кейіпкердің жан дүниесін табиғат суреттерімен астастыра отырып жеткізе біледі. Жалпы жазушы шығармаларында пейзажды құбылта, әртүрлі мақсатта қолданудың шебері екені сөзсіз.
Ал Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы лиризм өрнектері мүлде бөлек. Оның лирикалық кейіпкерлері, образдары көбіне астарлы, меңзеу түрінде болып келеді. Жазушы әрбір детальді ойната, құбылта қолдана отырып, оны символдық образ дәрежесіне дейін жеткізе біледі.
Жазушының Кездеспей кеткен бір бейне туындысы нағыз лирикалық прозаның үлгісі болып табылады. Шығарманың кезінде поэма деп аталуы да осы сипатына қатысты айтылса керек. Ал Қыран жыры, Өмір жорығы, Жапон балладалары сияқты шығармалары қазақ әдебиетіндегі символдық туындылардың ішіндегі шоқтығы деуге болады.
Әсіресе 60-жылдардан бастап қазақ прозасы лиризм өрнектеріне бай, идеялық бағыты айқын шығармалармен толыға түсті. Олардың қатарына С.Мұратбеков, Қ.Ысқақов, Ж.Молдағалиев, Т.Жармағамбетов, Ә.Кекілбаев, Ж.Түменбаев, Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкей т.б. көптеген жазушыларды жатқызуға болады. Олардың ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге, байыта түсуге алып келді және ежелгі озық әдеби үрдістерді шебер пайдалана білуге жетеледі.
Қаламгерлердің қай-қайсысы да бұл ерекшеліктерді өзіндік табиғатын, стилін сақтай отырып, дамыта түскен. Мұның өзі олардың шеберліктерін көрсетіп, стилін айқындай түседі.
Жазушы бойына дарып, дамыған әдеби дәстүр әдебиетке жаңа заман рухын таныған жаңалық үлгісін әкелсе ғана жаңашыл стиль болып табылады. Бұл жазушыларды да дәстүрді дамыта отырып, жаңа заманның, яғни өз заманының рухына үн қосарлық өзіндік стильдерімен ерекшеленген талантты қаламгерлер деп атауға болады.
Өміршең шығармалары арқылы ұлттық әдебиетіміздің зор мақтанышына айналған Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты өзіндік стилімен, шеберлігімен дараланған жазушыларымыздан үйреніп, ізін жалғастырып қана қоймай, өзіндік тұрғыдан дамыта да білген Ә.Кекілбаев, С.Мұратбеков, Ә.Әлімжанов, О.Бөкей, Қ.Ысқақ, Д.Исабеков, Т.Ахметжан, Н.Ораз сияқты қаламгерлер туындыларынан лирикалық прозаға тән ерекшеліктерді әр қырынан көруге болады. Олардың әрқайсысы осы жолда тынбай еңбектеніп, ең алдымен туындысының идеясы мен көркемдік сапасын өз биігіне шығарды.
Көркем әдебиеттің міндеті тек өмір шындығын тізбектеп айтып беріп қана қоймайды, адамның жанын да зерттейді деуге болады. Ол адамның ішкі жан дүниесіне бойлап, болмысын танытып, жанындағы дерттің сырын, себебін ұғуға ұмтылса, көркем шығарма осылардың себебін анықтап, оны емдеудің жолдарын қарастырады. Жазушылар алдарына қойған осындай мақсатқа жетуде адамның жан дүниесін, сезім сырын, көңіл-күйін оқырманға жеткізу үшін авторлық баяндау, суреттеу, әңгімелеу, пікір айту сияқты тәсілдерді алмастырып қолданады.
Зерттеуші Б.А.Ахундов: XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді. Лирикалық романда идеялық салмақ эпикалық емес, лирикалық бөлімге; кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне түседі,- деп жазады [6, 278].
Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табу үшін ол шығармада көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік сипаттары басым болуы қажет. Себебі лиризм оқушының интеллектуалды-эмоционалдық сергектігіне сенімнен қуат алады. Сондықтан да ғалымдар лирикалық прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің өз өмірбаяны мен уақыттың күрделі тарихи, қоғамдық, рухани құбылыстарын терең байланыстырып, өмір шындығын қызғылықты беруі деп ұғады.
Жазушылардың шартарап ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелгі озық әдеби үрдістерді өнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Мысалы, Прибалтика әдебиетінде шағын новеллалар құрылымына ассоциативтілік пен метафоралық сипаттар дендеп енді.
Мұндай құбылыс қазақ әдебиетінен де мол байқалады. Фольклорлық сарындар, тарих пен бүгінгі таң оқиғаларын салыстыра бейнелеу, көне аңыз, әңгімелерде түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу арқылы психологиялық толымдылыққа қол арту - прозаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz