Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ - ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ

Жоспар

  1. Кіріспе. С. Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасыС. Аманжолов еңбектеріндегі «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері»«Қазақ әдеби тілі синтаксисының қысқаша курсы» еңбегі туралы. «Қазақ тілі теориясының негіздері» еңбегі жайында.
  2. С. Аманжолов және қазақ әдеби тілінің өзекті мәселелері. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» мақаласы жайында. «Қазақ тілін нақтылы әдебиет тілі етелік» мақаласы негізінде.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Еліміз егемендік алған, бүгінгі таңда тарихымызды қайта қарап, ондағы бұрмалаулар мен ақтаңдақтақтарды зерделеу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр.

Міне бүгінгі бұл мәселе, тәуелсіздік туын, көгімізде желбіреткен халқымыздың тарихи санасын дұрыс калыптастырудың бірден-бір пәрмендік жағы екені сөзсіз. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты ұран етіп ұстаған еліміз үшін демократиялық мемлекет құру міндеті де тарих ғылымының жауапкершілігін арттыра түседі. Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Осы тұрғыда, ең алдымен қазақ халқының тарихында із қалдырған зиялылардың ғұмырнамасын жасау басты қажеттілік болып саналады. Еліміздін тарихында елеулі із қалдырған қайраткерлер қатарында XX ғ. басында өмір сүріп, өз еңбектерімен өшпес із қалдырған зиялы қауым өкілдері тұр. Тарихшыларымыз сол зиялы қауым өкілдерінің бір тобының ғұмырнамасын жазып, көпшілікке ұсынуда. Дегенмен әр зиялы қауымның жеке өмірі мен шығармашылық мұрасын, қоғамдық-саяси қызметін жеке тақырып етіп қарастырып, талдау жасау кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені тарихты жасаушы халық болғанмен, халықтың бойындағы жасампаздық құдіретінің шыңдалуына түрткі болатын фактордың маңдай алдысы- жеке тұлға. Кеңес дәуірінде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсету мүмкін болмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті түрде жазуға кеңестік тарих ғылымының ұстанған саясаты үлкен кедергі болды. Таптық мүддені қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолында атқарған қызметін дұрысқа шығармады. XX ғ. I-ші жарт. қазақ ғылыми интеллигенциясы өкілдері санының қаулап өсу кезеңі еді. Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдардың сан-саласында қазақ ғылымдары пайда болды. Осы ғылыми интеллигенция өкілдері қазақ қоғамының ілгері басып, кемелденуіне, ұлттық санасының оянуына ат салысты.

XX ғасырдың I жартысында қазақ халқының тіл мәдениетін жаңа сатыға көтеруші, халық тарихының бастау бұлағын зерттеуші, филолог-ғалым Сәрсен Аманжоловтың орны қазақ зиялыларының ішінде ерекшеленіп көрінеді. Ғалым өз елін өркениетті елдер қатарына қосу үшін шығармашылық еңбекпен қатар белді орын алатын қағамдық-саяси қызметтермен де айналысты.

Қазіргі қазақ тілінің әдеби тілі және оның нормалары қалыптасып, дамуы жағынан түрлі кезеңдерді бастарынан өткерді. Осы әдеби тіл мәселелерін зерттеуге сан мыңдаған тіл мамандары өз үлестерін қосты. Өйткені әдеби тіл қазақ тілінің бар байлығының басын біріктіруші. Сондай-ақ әдеби тіл - қазақ мәдениетін дамытушы басты құралдарының бірі. Әдеби тілдін жағдайы туралы зерттеу жүргізіп өміршең теория қалдырған лингвист ғалымдардың бірі- С. Аманжолов тіл теориясында өзіндік өрнек қалдырған тұлғаның ғылыми мұрасын тілші мамандар зерделеп тануы әбден қажет. Осы қажеттілікті өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. С. Аманжолов атындағы жоғарғы оқу орнының филология бөлімінің студенттері оның ішінде әдебиет тіл пәні мәселесіне С. Аманжоловтың есімінің қатысты екенін ескерсек, тақырыптың өзектілігі нақтылана түспек.

Бітіру жұмысының мақсат- міндеттері

Жұмысты жазудағы мақсатым-ғалым мұрасын жіті тану, еңбектерінің тікелей түп нұсқасымен таныса отырып, талдау жасау, және түрколог ғалымның теорияларын талдаған жұмыстарға шолу жасау. Әдеби тілдің өзекті мәселелері жайлы ғалым ұсынған теориялармен өз білімімді толықтыру: - С. Аманжоловтың өмірін қоғамдық саяси қызметін құнды шығармашылық мұраларын бүгінгі күн талабына сай зерделеу және әділ баға беру болып табылады. Осыған байланысты бітіру жұмысы алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • С. Аманжоловтың өмірімен ғылыми мұрасы жайлы мәлімет беру. Әдеби тіл мәселелеріне қатысты «Қазақ әдеби тілі синтаксисының қысқаша курсы», «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері», «Қазақ тілі теориясының негіздері» енбектеріне шолу. Әдебиет тілдің өзекті мәселеріне қатысты ғалымның өміршең теорияларын іріктеу. С. Аманжоловтың қазақ тіл мәселесін зерттеу мен қатар ел тарихымен айналысуына себеп болған мәселерді анықтап, оның ғылымға келу жолын көрсету; С. Аманжоловтың өмір жолын, ғылымдағы жетістіктерін бүгінгі күн тұрғысынан бағамдау; Ғалымның еңбек жолын XX ғасырдың I жартысындағы тарихи және мәдени өмірімен байланысын ажыратып, анықтау; Зерттеушінің тарихи еңбектерінің басты сипатын, негізгі ерекшелігін жан-жақты ашып көрсету; С. Аманжоловтың тарихи деректер мен фактілерді орынды да шебер пайдалану тәжірибесіне назар аудару; Ғалымның қазақ тілі тарихын ұлт тарихы мен сәйкестендіре зерттеген еңбектеріне талдау жасау, түрколог ғалым ретінде танылған еңбектерін зерделеу; С. Аманжоловтың қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық-басшылық қызметтерін саралау; С. Аманжоловтың ғылыми-педагогикалық қызметін көрсету; Жоғарыдағы мәселелерді басшылыққа ала отырып зерттеуші ғалымның отандық тарихнамада алатын орнын анықтау;

Ғалымның көп жылдар көлемінде жинақтап, саралаған еңбектері ғылыми зерттеу айналымына түсуге тұрары даусыз. С. Аманжоловтың өскен ортасын, атқарған қызметін және шығармашылық мұраларын зерттеу отандық тарих ғылымында XX ғасырдың I жартысында қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының орнын анықтауға оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді.

Зерттеу нысаны:

Ғалымның әр салада жазған еңбектері, яғни «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», «Қазақ тілі теориясының негіздері», «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері» еңбектері зерттеудің нысаны ретінде алынды.

Зерттеудің дерек көздері:

С. Аманжолов ғылыми мұрасын зерттегендер; Ақтаев С., Әбдірахманов А., Әбдірәсілов Е., Аманжолова К. Зерттеу жұмысында негізгі деректер мұрағат құжаттарынан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден алынды.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы.

Егеменді еліміздің шындық тарихын, сол егемендік жолында күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса маңызды мәселе болып табылады. Еліміз егемендік алған жылдардан, бұл назарларыңызға ұсынылып отырған ғалым С. Аманжоловтың өмір жолы мен ғылыми еңбектерінің маңыздылығы мен ерекшеліктеріне арналған толыққанды зерттеу еңбек бүгінгі отандық тарихнама тұрғысынан алғаш рет қарастырылып отыр. Ғалымның жоғарғы оқу орындарындағы, Ғылым Академиясындағы ұйымдастырушылық-басшылық жұмыстары жеке зерделеніп, нақтылығы деректернегізінде көрсетілді. С. Аманжоловтың халық алдында сіңірген еңбегін, қоғамнан алатын орнын әр түрлі мұрағат материалдары мен мерзімді баспасөз мәліметтеріне жарияланған деректерге сүйене отырып, бағалау негізгі алға қойып отырған мақсатымыз болғандықтан, бұрын зерттелмеген тың деректерді алғаш рет ғылыми айналымға түсіруге күш салдық. Нәтижесінде нақтылы салыстырулар мен тұжырымдар жасау барысында жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік. Қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі қазіргі заман талабына сай және объективті тұрғыда жан-жақты талданып көрсетілді.

Бітіру жұмысының әдістері:

Бітіру жұмысына қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдермен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Бітіру жұмысының әдістері ретінде жүйелілік, салыстырмалылық, құрылымдық-функциялық тарихи принциптер басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Бітіру жұмысында келтірілген деректер мен жасалған қорытындылар С. Аманжоловтың толыққанды өмірі мен сан-салалы қызметі тарихын жазуға, жалпы алғанда Қазақстандық тарихнамадағы өмірбаяндық жанрдың дами түсуіне әсер етеді. Сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының филология, тарих, философия бөлімдерінде, қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын өту барысында, қазақ тілі тарихы мен қазақ фольклоры пәндері бойынша лекциялар, курсында және семинар сабақтарында, қазақ мектептерінде кәсіптік бағдар беретін орта арнаулы оқу орындарында, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын гимназия, лицейлерде пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының құрылымы:

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. С. Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасы.

Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Сәрсен Аманжолов 1901 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Қалбаның бауыры Егінсу деген жерде туған. Сәрсен Аманжолов найманнан тарайды. Әкесі Аманжол, шешесі Нарша өз еңбегімен күн көрген кедей шаруа болған. Сәрсен он бір жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Әке өлімі Сәрсенге қатты батады, оның балалықпен қоштасып өзіне қарекет етеуіне де себеп болады. Ауыл қарттарынан аңыз-әңгімелерді, ертегілерді көп тыңдап, зейініне тұтқан Сәрсен оқуға қатты құмарланады. 1916 жылы Катонқарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Сәрсен Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищеге түседі. Бірақ тұрмыс тұзағы оны өз торымен шырмап, оқуға қаражаты болмай оқуды тастап, жалшылыққа кетуге мәжбүр болады. Бірақ оның оқуға деген ынтызары мұқалмайды, оқу сәулесіне қолым жетсе деген арманда болады. Сәрсеннің арманы Октябрь таңы атқаннан кейін ғана орындалады. Сәрсен 1920 жылы Семей қаласындағы үш айлық мұғалімдік курсты бітірген соң, өз білімін ел игілігіне жұмсау үшін ауылға келеді. Нұғыман ауылындағы мектепте екі жыл сабақ беріп, көп жастың көзін ашады. 1922 жылы 1-ші мамырдан бастап 1924 жылдың 2-ші маусымына дейін жаста болса жігерімен көзге түскен Сәрсенді Семей губерниясы, Бұқтырма уезінің (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданы) тұрғындары сол жердің халық соты етіп сайлайды. 1924 жылы Шығыс Қазақстан облысының атқару комитетінің жауапты секретары етіп тағайындайды.

Сәрсен сол кездегі жас совет үкіметінің жүзеге асырып жатқан саясатына белсене қатысты, адал қызмет етті. Елді жаппай сауаттандыру, жастарды оқыту сияқты совет үкіметінің жүргізіп жатқан шараларына байланысты губерниялық ағарту бөлімінің разверсткасы бойынша Сәрсен 1926 жылы Ташкентке оқуға жіберілді. Ол Орта Азия мемлекеттік университеті жанындағы педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түсті. Университетте оқып жүрген кезінде Сәрсен оқуға да ғылыми қоғамдық жұмысқа да алғыр студент болған. Сәрсен талай рет ғылыми баяндамалар жасаған ол жаз кездерінде ел аузынан аңыз-әңгімелер жинаған.

Сәрсен Аманжолов - қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен ғалым. Ол 1931 жылдан Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық институтында дәріс оқып, 20 жыл бойы сол институттың кафедра меңгерушісі болумен қатар, басқа да филология майданындағы мекемелерде қызмет атқарды. Осы жылдарда ғалым Республикадағы Ұлт Мәдениет зерттеу институтының да көрнекті қызметкерлерінің бірі еді. С. Аманжолов шығарған «Қазақ совет фольклоры», «Он алтыншы жыл», «Бөгембай батыр» сияқты көлемді еңбектері көпшілікке танымал.

Сталиндік-голощекиндік саясаттың салқыны С. Аманжоловқа да тимей қоймады. Ғалымға қарсы газет беттерінде үш мақала жарық көрді. Онда: «Оның достары өз жазаларын тартып жатыр, Бұл неге жауапқа тартылмайды» деген күмәндар болды. Оның мақал-мәтелдер жинап, фольклорды зерттеуі қатаң бақылауға алынып, міндер тағылды. Сәрсен Амандолов «Менің ешқандай кінәм жоқ, бірақ әйтеуір мені де бір түні әкетуі мүмкін» деген қобалжумен жүрді. Ол кісіні осы саясаттан құтқарған, Мәскеуге аспирантураға түсіп кетуіне байланысты болған оқиға болды.

Осы қуғындау саясатын өз көзімен көрген ғалымға өз ортасы да күдікпен қараумен болды. Қаншама халық, жапқан жала құрбандары болып кетті. Қолдан жасалған қудалау саясаты кезінде халық аштықтан да қырылып жатты.

Кезінде орыстан басқа ұлттар арасында саяси тәрбие жүргізген ғалым С. Аманжолов жауынгерлерді рухтандыруда, ұлттық тіл, мәдениет, тарих сияқты дәстүрлерді ұтымды пайдаланды. Өзінің саяси тәрбие жұмысында «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын», «Қарасай батыр», «Махамбет» туралы еңбектерді баспасөз беттеріне жариялап отырды.

Ел аузындағы аңыз әңгімелерді Сәрсен оқуға түспес бұрын қызмет істеп жүрген кезінде де жинаған. Сәрсен оқып жүрген кезінде, одан ертерек уақытта да өлең шығарған. Олардың біразы «Жаңа әдебиет», «Лениншіл жас» журналдарында басылып тұрған. 1928-1930 жылдары С. Аманжолов Орта Азия жазушылар бюросындағы қазақ жазушылары секциясының председателі болды.

Сәрсеннің ғылымға деген талантын Орта Азия мемлекеттік университетінің академиктері мен профессорлары сол кездің өзінде-ақ байқаған. Сәрсен академик В. В. Бартольд, профессор С. Е. Малов сияқты үлкен ғалымдардан лекция тыңдап, өзінің алғашқы еңбектерін де сол кезде бастаған.

Ұшқыр ойлы, ғылымға табанды Сәрсенің тамаша қабілетін байқаған ұстаздары оның Орта Азия мемлекеттік университеті қасындағы аспирантураға түсіп, бір жағынан ассистенттік қызмет атқаруын ұйғарды. Сәрсен осыдан бастап педагогтік іспен ғылыми жұмысты қатарластыра жүргізді. Орта Азия орталық партия комитетінің ұйғаруы бойынша 1928 жылы ашылған Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына Сәрсен 1931 жылдың күзінде оқытушылық қызметке келді. 1931 жылы бұл институтта әрі аспирант, әрі ассистент болып 1932 жылы доцент қызметін атқарды.

С. Аманжолов - алғаш рет ғылыми кандидаттығы дәрежесін алған тілші-қазақ ғалымы болды. Сонымен қатар ғалым Ұлы Отан соғысы басталған жылы КСРО Ғылым академиясы қазақ филлиалының тіл және әдебиет бөлімін басқарып отырған жерінен қан майданға аттанып, төрт жыл қатарынан соғыстың өтінде жүріп қайтады. Соғыста да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жауынгер арасында саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағының Батырлары жөнінде ақпараттар жариялап, қазақ тілінде «Қызыл армия үгітшісінің блокнотын» шығарып тұрады.

Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалауға ат салысқан ағамыздың өмір жолына үңіле отырып, аса жауапты қоғамдық қызметті атқара жүріп, сан соқпақты ғылым жолымен де айналысқанын байқадым.

Сәрсен Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен кейінгі аспирант, ассистент кезінде көлемді оқулықтар, программалар, еңбектер жазу ісіне кірісті.

С. Аманжолов соғыстан кейінгі жылдарыда қудалаудан шет қалмады. Оның тіл білімі, әдебиеттану саласындағы еңбектері көп сынға ұшырады. Оған: «Қазақ тарихын, қазақ жүздерін зерттеп жатыр» деген айыптар тағылды. Ол аз болғандай «Әкесі Аманжол өз кезінде бай болған» деген сөз тудырып, елге адамдар жіберіп, малшы еңбеккерлерден сұрап, ілік іздеді. Партиядан да шығарып тастау көзделді. Бірақ ғалымның сағын бұл қуғын сындыра алмады. Керісінше түрлі жиналыстарда өз ойын ашық айтудан тайынбады.

Сталинизм жылдарының басында социализм идеологиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Осы кезеңде С. Аманжолов өзімен қатарлас адамдардың басына күн туғанда, жасқанбай қол ұшын беріп отырды. Жақын жолдастары қорқып, жоламай жүргенде С. Аманжолов М. Әуезовты ҚазПИ-ге шақырып, студенттермен кездесулер өткізген. 1951 жылы Есмағамбет Ысмайыловқа «ұлтшыл» деп айып тағылып, тұтқынға алынып, ақыры 25 жыл айдауға тиіс болады. Сот алдына оған өзін кінәсіз деп табатын 15 адам шақыруға рұқсат беріледі. Бірақ сол шақырылғандардың ішінен Сәрсен Аманжолов қана барады. Ол батыл сөйлеп, Ысмайыловқа тағылып отырылған жаза қате екенін дәлелдейді. Нәтижесінде жазаны жеңілдетуге ықпалын тигізеді. Ғалымның ашық түрде сөйлеген сөзінен кейін, оның басына осы қауіп төнеді. Түрлі айыптар тағылып, жиналыстарға салады. Баспасөз беттерінде ғалымның еңбектеріне арналған сын мақалалар жарық көре бастайды. Ғалымның ұлы А. Аманжолов өзінің әңгімесінде «1958 жыл басында әкем аяқ астынан инфаркт алды, мұның бәрі әкеме жабылған жазықсыз жалалар кесірінен болды деп ойлаймын. Әйтпесе әкем оған дейін тіпті ауырмағанды. Орыс қоғамында Пушкин, Лермонтовтар қазақ хақында «убит обществом» «қоғам өлтірген» деген пікір бар. Осы пікірді менің әкемнің қазасына қатысты да қолдануға болар еді» деген.

С. Аманжолұлы өмірінің соңғы кезеңіне дейін өзінің халқы үшін қызмет етті. Ол ғылыми және ұстаздық қызмет атқару үстінде, 1958 жылы 28 қаңтарда мезгілсіз қайтыс болды.

Барлық ғұмырын қазақтың ұлт тілінің сақталып, қазақ мектептерінің өз мәртебелерін ұстанып қалуына елеулі үлес қосқан ғалым еңбегі ерекше.

1. 2. Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері (Вопросы диалектологий и историй казакского языка)

Дархандық даласынан, парасаттылық бабаларынан дарыған ғалым, педагог Сәрсен Аманжолұлының қазақ этногенезі, археологиясы тарихы, әдебиеті тіл және ұшан - теңіз еңбектері - халқымыздың мәдени байлығы. Ұстаздың жолындағы ғалым өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап өз өмірінің өзегі болған «Ана тілі ананың ардақты баласындай» деген ұстанымды берік тұтынды. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы мен кемелденуіндегі басты ұйытқы, түп қазығы халық тілі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Халық тілінің жергілікті үлгісін алғашқы зерттеуші диалектологтардың көш басында С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, және Досқараев сынды ғалымдарымыздың сіңірген еңбектері ұшан - теңіз. 1948ж С. Аманжолов «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1959ж С. Аманжоловтың «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты монографиясы жарық көрді. Бұл еңбекте негізінен қазақтың ру, қазақ тайпалық одақтары туралы тайпа таңбаларына кең зерттеу жүргізді. С. Аманжолов қазақ тарихын зерттеуде тау, тастарға жазылған көне жазуларға сүйеніп нақты дәлелдер іздеген. Ең алғаш «Қыпшақ» сөзіне түсініктеме жазып, оның бір тайпа атынан шыққанын және Түркі қағанаты құрылғанға дейін нығайып, мұндағы тайпалардың «Түркі - Қыпшақтар» деп атағанын дәлелдеді. Сонымен қатар ғалым қаңылылар, меркіттер, қидандар туралы Аристовтың еңбектеріне сүйеніп, зерттеп, дәлелді талдау жасады. Зерттеуші ғалым, үйсін, қаңылы, қоңырат, керей, қыпшақ, жалайыр, алшын, арғын, дулат тайпаларының шығу тегі жекелей зерттеулер келтіре отырып, қазақ халқының халық болып қалыптасуы алғашқы кезде пайда болған тайпалардың тарихы мен байланысты екндігін көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегінің білгірі С. Аманжоловтың көз қарастарымен еңбектері жалпы қазақтың, оның тілі мен мәдениеті тарихының дамуына елеулі үлес қосады. С. Аманжолов қазақ халқының эволюциялық даму барысындағы түр негізі тереңде және біртұтас екендігін дәлелдеп, қазақ халқының шығу тегі арыдан бастап, тарих қойнауының шынайы деректерін бірнеше жыл бойы жинақтап көрсетуге тырысқан ғалым.

С. Аманжоловтың «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері» атты ғылыми еңбегі көптеген тіл саласындағы шешілмеген мәселелерді ашуға көмек етеді. Оның бірі Қазақстанның кең байтақ жеріндегі әдеби тілдің қалыптасуы. Автордың бұл еңбегіне сүйене отырып, әдеби тілдің Қазақстанның солтүстік аймақтарына қалыптасқан деген қорытындыға келеміз. Ғылыми еңбек жеті бөліктен тұрады.

І. Қазақ халқының этникалық құрамы туралы деректер мен зерттеулер.

ІІ. Қазақ тіліндей ежелгі тайпаның диалектілері туралы кейбір деректер.

ІІІ. Қазақтың халық тілінің тарихи қалыптасуы.

ІV. Қазақ тіліндегі диалектілердің тарихи зерттелуі.

V. Қазақ тілінің негізгі диалектілері жоғарыдағы аталған еңбек бөлімдеріне қоса автор С. Аманжолов Қазақстан аймағындағы қазақ тілінің диалектілер картасын көрсетеді.

VІ. Диалектологиялық сөздік.

VІІ. Қосымшалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Сәрсен аманжолов өмірі
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Әдеби қазақ тілі
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
1937 жылдан КПСС мүшесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz