Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы
2.2 Ет және тері. ішік шикізаттары
2.3 Қи микрофлорасы
2.4 Қиды биотермиялық өңдеу
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді
Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады
1. Б.Т. Толысбаев, К.Б. Бияшев. Микробиология және иммунология, Алматы, Нур-
i. Принт-2006-497б.
2. Б.Т. Толысбаев, К.Б. Бияшев. Ветеринариялық санитарлық микробиология, Оқулық Алматы-2
3. Н. К. Шоқанов. Микробиология негiздерi : Оқу құралы /. - Алматы : Мектеп, 1969. - 168 с
4. Н. Шоканов. Микробиология Оқулық Алматы, Санат- 1997ж.-320б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы:
1. Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері- ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау.
2. Қи микрофлорасының сандық құрамы. Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу.


Орындаған: Узбеханова Ж.О
Тобы: ВС-303
Тексерген : Омарбеков Е.О

Семей 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы
2.2 Ет және тері- ішік шикізаттары
2.3 Қи микрофлорасы
2.4 Қиды биотермиялық өңдеу
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жүн - қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді

Негізгі бөлім
Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 - 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 - 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады

Теріні сырып алғаннан кейін біраздан кейін теріде ФЕРменттік процестер (автолиз) басталады, бұл миеробтар дамуына қолайлы жағдай туғызады. Жас тері микрофлорасы теріге қидан, топырақтан, судан , ауадан, сойыс кезінде қолданылған заттардан түседі.Теріде болатын микроорганизмдер құрамы әр түрлі болады. Микробтардың шар тәрізді және таяқша тәрізді формалары, саңырауқұлақтар, аэробтар, анаэробтар кездеседі. Ыдырау процесі терінің ластанған, бүлінген, бүктелген жерлерінен басталады. Осындай жерлерден протеолитті мезофилді бактериялардың 20-ға жуық түрі болады. Без өзектері және түк ұясы арқылы микробтар тканға өтеді. Егер орта әлсіз сілтілі болса, онда олар өте тез дамиды. Ткандар ыдырай бастағанын тері түсінің өзгеруіне, шірік иісіне қарац анықтауға болады.
Жылқының терісі. Жылқы терісі сиыр терісімен салыстырғанда жұқа, ал басқа малдардікінен қалың болады. Оның қалыңдығы тұқымына, жынысына және дене мүшелеріне байланысты болады. Әсіресе, жылқы жалының тұсы және құйрық асты өте қалың болады. Арқа жағындағы жон терісі қарын терісімен салыстырғанда қалыңырақ. Жылқының терісіндегі жал мен екі санының алдыңғы жағында бауырынан арқасына қарай созылған түк айрық болады және бұл ерекшелік тек жылқы терісіне ғана тән болып келеді. Бұл жылқының терісін алдыңғы және артқы қып екіге бөледі. Алдыңғы жағына қарағанда артқы жағы едәуір қалың және тығыз болып келеді. Жылқы жас мөлшеріне қарай терісінің төмендегідей атаулары қалыптасқан: құлын терісі - алты айға дейін енесін еміп жүрген құлындардың терісі. Терінің бұл түрінен құлын жарғақ тігеді; жабағы - енесінен айрып суалтқан 7-8 айлық құлындардан алынады; жылқы терісі - айғыр және бие терілері (жынысына байланысты да осылай бөлуге болды).
Жасына қарай сиыр терілері сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі болып бөлінеді. Ал дене мүшелеріне қарай бас терісі, мойын терісі, жон терісі, сауыр терісі, бауыр терісі, пұшпақ терісі, үйек терісі деген атаулар қолданылады. Сиырдың дене мүшесіне қатысты әуке сөзі айтылады. Әуке сиыр малының мойын астындағы салбыраңқы терісі. Осыған байланысты тілімізде көңілі ауып, ықыласы түсті деген мағынада жұмсалатын әукесін салды; көңіл қошы болмай, еңсесі түсті дегенді беретін әукесі түсті тіркестерінің жасалуына негіз болған. Сиырдың терісі төрт түлік малының ішіндегі ең қаттысы болғандықтан, оны өңдеп тұрмыс керегіне көп пайдаланған. Түйенің терісіне байланысты сөздік қорымызда бірқатар сөздер жасалып қалыптасқан. Атап айтсақ, жас мөлшеріне қарай түйе терілері атан терісі, түйе терісі, бота терісі деп аталады. Дене мүшелеріне қарай түйе терісі де жылқы мен сиыр терілері сияқты бас терісі, мойын терісі, жон терісі және сауыр терісі деп бөлінеді. Мойнақ сөзі - түйенің мойын терісіне ғана қатысты айтылады, түйенің алқымы мен бауыздауына дейінгі жармай, бітеу сыпырып алған мойын терісі. Өзге төрт түлік малдың мойын терісінің атауы ретінде қолданылмайды. Қой мен ешкі малы ұсақ малдардың қатарына жататын болғандықтан, ірі малдардың терілеріндей бөліктерге бөліне бермейді, тұтас қолданылады.

Жүн микрофлорасы.Жүннің бетінде микробтар көптеп кездеседі. Олардың арасында әсіресе Bac.mesentericus, Bac.cereus көп, аммонификаторлар кератинды ыдыратып жүн талшықтарын жарамсыз етеді. Жүннің өзгеру дәрежесі микробтарға емес, басқа да көптеген жағдайға байланысты. Мысалы, ылғал күйінде жатып қалған жүн термофильді микробтар әсерінен қызады, тіпті оталып жанады. Болмашы ғана қызу - баяу өтетін процесс соның салдарынан жүннің түсі және басқа қасиеттері жойылады. Кейде Pseudomonas indofera - ның әсерінен жүннің түсі өзгереді. Шіріген жүн талшықтарының беріктігі төмендейді. Микробиологиялық процестер дамуын және жүннің бүлінуін тоқтату үшін жүнді теңде, ағаш сөрелерде, құрғақ және жақсы желденетін қойма, үйде сақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы жайлы ақпарат
Терінің микрофлорасы
Жүн және тері, ішіктік заттардың микрофлорасы
Жүн және тері, шикізаттардың микрофлорасы.Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру
Элит ғылыми өндірістік орталығында IҚМ ұстaудың өндiрiстiк үдерiсiн мехaникaлaндыру мәселелерiн қaрaстыру және aзықты дaйындaу бойыншa ұсыныстaр беру
Айғырларға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. айғырларды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Пәндер