Мақал – мәтелдер туралы ақпарат


Қазақстан Республикасың ғылым және білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті
СӨЖ№4
Тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Орындаған :Жұмахан А Тексерген : Оралбекова Б . С .
Топ : Т - 413
Жоспар :
1 . Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
2 . Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?
3. Мақал - мәтелдің қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі орыны
4 . Мақал - мәтелдің көркемдік мәні
Мақсаты :
Оқушыларды мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру .
Міндеттері :
Мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенің ұғындыру
Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру
Отанға, елге деген ұлтжандылық сезімдерін арттыру, ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу
Мақал - мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.
Мақал-мәтелдер-халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. . Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Мақал мәтелдер тақырыбтары бойынша әртүрлі болып келеді : Отан, туған жер, еңбек, ынтымақ, достық, оқу білім, адамгершілік және т. б . түрлері кездеседі .
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады. Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген -білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде, көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен, өлеңмен жасалады.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі, тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.
Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы, Тырнадан қалауыл қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел, әдетте бүкіл адам баласына ортақ. Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды, әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді. Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы ; Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары.
Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да көп қолданылады. Ақын - жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.
Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
«Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың», деп еңбектенудің, алаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жасөспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызықтыра түседі. Балалардың көңілін серпітіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді. Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі. Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір. Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.
Бала өсіруде, тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады. Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған . Бала-бауыр еті, көздің нұры деп босқа айтпаған. Кім болса да өз баласын білімді, өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен. Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
«Оқу - білім азығы, білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды, мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес. Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.
«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра, қалайда соның уәдесіне жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді. Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді, бір тойғаның түске жетпейді. Өнерлі жігіт өрге жүзер, өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар, -деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған. Адам болатын баланың талабы, ынтасы жас кезінен танылады. Көпшілікке, оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды. Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл- парасатқа бой ұрып, игі жұмысқа тез үйренеді.
«Мақал дегеніміз - тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем…Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы, сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер -мағынасы да, тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.
Мақал мен мәтел-егіз жанр, туыс жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мысалы:Толмасқа құйма, тоймасқа берме.
Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады, эпитет, теңеу қызметтерін атқарады. Мысалы:Ат қойып, айдар тағып, көргеннен көзі ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz