Драмалық шығармадағы тарихи тұлға, қазіргі қазақ комедиясы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Өздік жұмысы

Тақырыбы: Драмалық шығармадағы тарихи тұлға, қазіргі қазақ комедиясы.

Орындаған: Закариянова А (Қ - 211)

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С

Семей қаласы, 2015 ж

Драматургия театр өмiрiндегi ең басты және шешушi құрал. Яғни, театр негiзi - әдебиет. Драматургия - әдебиет жанры. Драматургияның әдебиеттiң өзге салаларынан гөрi аз-кем айырмашылығы оның адамдар жан-дүниесiндегi асқақ сезiм мен отты құштарлықты психологиялық тұрғыда кiсiнiң жан күйзелiсiмен ұштастырып, өмiр мәселелерiн барынша шынайы суреттеуiнде. Осы ретте, драмалық шығарманың екi бағыты айқындалады.

  • көркем әдебиет қалпындағы нұсқасы болса;
  • оның сахналық материал тұрғысындағы көрiнiсi.

Бұл екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды. Өйткенi, драма сахна үшiн де, көркем шығарма үшiн де аса қажеттi рухани құндылық. Әрине, тәуелсiздiгiмiзге дейiн де төл драматургиямыз жайында аз сөз болмаған. Аталған жанр жөнiнде Қ. Мұхамеджановтың екi томдық “Пьесалар”, “Өнер жайлы ойлар”, С. Ордалиевтiң “Қазақ драматургиясының очерктерi”, Ә. Тәжiбаевтың “Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы”, Р. Нұрғалиевтың “Күретамыр” секiлдi т. б. көптеген авторлардың салиқалы еңбектерiнде сол кезгi заман лебiмен дүниеге келген шығармалар бiршама байыпты сарапталады. Яғни, мұндай еңбектердiң дүниеге келуi руханият қауымы ой-қиялының өсiп-жетiлуiне, театрлар репертуарының кеңейе түсуiне үлкен үлес қосты.

Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі өміршең, ұлағатын айғақтайды.

Мәселен, С. Балғабаев драматургия саласында да жемісті еңбек етіп жүр. Оның қаламынан туған «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Біз де ғашық болғанбыз» және басқа да пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық театрда, Ғ. Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында және еліміздің облыстық театрларында қойылған. С. Балғабаев драматург ретінде де кең танылды. Қазақстандағы театрлардың ішінде оның пьесаларын қоймаған театр жоқ та шығар. Осы күні оның драмаларын көрші республикалар да жарыса қойып жатыр. Алматыдағы М. Әуезов және Ғ. Мүсірепов атындағы драмалық театрларда Сұлтанәлінің бес бірдей пьесасы сахналанды. “Қыз жиырмаға толғанда”, “Ең әдемі келіншек” атты дүниелері ширек ғасырдан бері Балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасынан түспей келеді. Оның қайсы дүниесі болса да ескерусіз, елеусіз қалған емес. Режиссерлер де драматургтің пьесаларына қызығып, құмартып тұрады. Мұның себебі, меніңше, Сұлтанәлінің драмалық шығармаларының кәсіби деңгейінің жоғарылығына, мінсіздігіне байланысты. Оның драмалары уақытпен үндес, заманауи мәселелерді дәл мезгілінде көтере алатын қасиетімен құнды.

Драмалық шығармаларда тарихи адамдардың кездесуі - автордың басты ерекшелігі ретінде саналады. Оғвн мысалы мынадай туындыларды атауымызға болады: Сәкен Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер » (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан», М. Байсеркеұлының «Абылайханның ақырғы күндері», «Кек қылышы Кенесары», Жолтай Әлмашұлының «Сана дерті», «Абақты-ғұмыр», «Фрустракция» ( Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары - қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.

Сонымен қатар, драматургия жанрының бір түрі - комедия. Драмалық шығарма негізінен: трагедиялық, драмалық, комедиялық болып іштей жіктелгенімен, олардың әрқайсысының бойынан бір - бірінің табиғаты танылып жатады. Айталық, комедияға қойылатын талапты драмаға, трагедияға қоюға болмайды, оның жанрлық табиғатына сәйкес өзіндік ерекшелік, белгілері бар. Ал, драмада трагедияның, комедияның элементтері жүретін болса, керісінше шығармаға өң беріп, ажарлап тұрады.

Комедия - қоғамдағы келеңсiз, адам өмiрiндегi кереғар, жағымсыз әрекеттердi көрсету, сынау үшiн және келешек ұрпақты осы қылықтардан сабақ ала отырып сақтау үшiн күлкiлi, әрi адамзатқа салмақ салар жанр.

Комедияның бiрнеше тәсiлмен дамитыны белгiлi. Комедиялық шығарманың әр элементi күлкi тудыратындай болуы шарт. Нағыз комедия кейiпкерлерiнiң барлық табиғатына күлесiз.

Комедияға өзіндік анықтамаларын берген әдебиетші, ғалымдарымызда бар. Олар арттарынан өзіндік ойларын қалдырған. Ғұлама А. Байтұрсынұлы: «Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс деп аталады», - деп түсіндіреді.

Сахновский-Панкеев: ”Комедия - бақытты жанр. Комедияны барлығы да ұнатады. Оның шын серігі-күлкі!”, - дейді.

Н. Н. Киселев: «Комедия - это не просто пьеса, содержащая элементы смешного, это драматическое пройзведение, в котором комическое выступает доминирующим эстетическим качеством, когда и содержание конфликта, и способ его воплощения, и образы главных героеев комичны», - дейді.

Қазақ ұлттық драматургиясында комедия алғашқы кезеңде М. Әуезовтың, Б. Майлиннiң Ж. Шаниннiң күлкi жанрына арналған шығармаларында көрiнiс болды. Cовет заманында қазақ комедиясы шектеулi қалыпта дами түстi.

Қазақ комедиясын арнайы қарастырған С. Ордалиевтiң “Сөз зергерi” [1970], “Қазақ драматургиясының очеркi” [1964], Р. Рүстембекованың “Бейiмбет Майлиннiң драматургиясы” [1969], “Қазақ совет комедиясы” [1970], Р. Нұрғалидің «Айдын» [1985], «Драма өнері» [2001], Ж. Әбілевтің «Қазақ комедиясы» [2000] атты монографиялары дүниеге келдi. Ә. Тәжiбаев докторлық диссертациясында [1980] қазақ комедиясының алғашқы нұсқаларын, ауыз әдебиетiмен байланысын атап өтеді.

Шетелдiң ғылыми еңбектерiнде комедия жанрының бiрнеше атауы айтылып, қарастырылады. Мәселен: орыс әдебиеттанушы ғалымдарының өзiнде комедия жанрының сан түрлерi бар. Мысалы: С. Наровчатов шартты түрде:

  • сатирические,
  • лирические,
  • иронические,
  • сентиментальные,
  • романтические - деп бөледi.

Р. Нұрғалиев бойынша: Шығармада

  • комедиялық мазмұн,
  • комедиялық характерлер,
  • типтер,
  • персонаждар,
  • комедиялық тартыстар,
  • комедиялық жағдайлар,
  • комедиялық көркемдiк құралдар түгел сай келгенде, туынды нағыз комедия болмақ.

С. Жүнiсов комедия жанрына арнап үш драмалық туындысын арнаған. Соның бірі «Кроссворд немесе әзіл маскарад». Драматург Сәкен Жүнiсовтің “Кроссворд немесе әзiл маскарад” атты екi бөлiмдi сатиралық комедиясы алғаш рет республика бойынша 1983 жылы Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы драма театрында режиссер Е. Обаевтың шеберлiгiмен жүзеге асты. Қарағанды драма театрында 1989 жылы Павлодар қаласындағы Ж. Аймауытов атындағы музыкалы драма театрында 1994 жылы белгiлi өнер қайраткерi Е. Тәпеновтың режиссерлығымен сәттi жалғасын тапты.

Ал Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылып, ертеңiнде “Орталық Комитеттiң” тарапынан нұсқау берiлiп театр репертуарынан алынып тасталады. Ол жөнiнде белгiлi театр, драматургия сыншы Ә. Сығаев: “Әуезов театры сахнасында небәрi бiрақ рет көрсетiлген “Кроссворд…” Орталық Комитеттiң нұсқауымен суырмаға қалай сып бергенiн бiлмей де қалды. Хайуандардан да бетер, мақұлықтан ары тұрған адам-азғындардың сұрқия сүлдесiн Маймыл, Түлкi, Қасқырдың кейпiнде маска арқылы күлкiлi көрсететiн драмашының асқан шеберлiгi әлдекiмдердiң шамына тидi. Қайсыбiреулер сахнадан өздерiн танып жатты. Кейбiреулер бiр-бiрiне күдiкпен қарай бастады, - деп әдiл бағасын берген.

Пьесаның бiрiншi көрiнiсiндегi оқиға бiр қалалық мекеме бөлiмнiң бастығы Орынбасар Амировичтiң есiгiне кiру үшiн телмiрiп отырған қарапайым адамдар өкiлiдерi. Бастықтың қоңырауы шылдыр еткенде секретарь әйел Зоя iшке енiп, жылдам қайта шығып сырттағыларға:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Драма мен театр байланысы
Драмалық шығармалар оқыту
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Тарихи трагедия табиғаты
Режиссерлік өнер
Қазақ драматургиясының жанрлары
Қазақ драматургиясы
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz