Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі құрылымдары

2. ҚР Салық жүйесінде салықтық бақылауды ұйымдастыру

Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді. Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет. Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
1. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»Оқу құралы-Алматы: Мерей,2007

2. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР. -1958. - С. 133.

3. Кузембайулы А., Абил Е. История Республики Казахстан. – Алматы: Санат. – 1998. -29 б.

4. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы. – 1995. -320 с.

5. Масанов Н.Э. К вопросу о ясачной повинности по Уставу о сибирских киргизах. – Изв. АН КазССР. Сер. Общ. Наук. – 1997. - №4. -С.45.

6. Пален К.К. Налоги и пошлины. Органы финансового управления. Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенной по высочайшему повелению Сенаторов гофмейстером графом К.К:Паленом. – 1910. – 301 с.

7. Марьяхин Г.К. Очерки истории налогов с населения в СССР. – М: Финансы. – 1964. – 252 с.

8. Налоги в механизме хозяйстования /под ред. Сигиневича А.В. – М: Наука. – 1991. – 110с.

9. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. X том

10. П.И. Вахрин, А.С. Нешитой Финансы – М.: Учебник, 2000 г

11. www.wikipedia.ru

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОӨЖ

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы

Орындаған: Қадырова Ж.Р.
Тобы: УА-303
Тексерген: Акишева Д.М.

Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі құрылымдары

2. ҚР Салық жүйесінде салықтық бақылауды ұйымдастыру

Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық - нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық - бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді. Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет. Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

1. Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі
құрылымдары

"Салық " ұғымымен " салық жүйесі" ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекетің салық жүйесін құрайды. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе эконмиканы басқарудың әміршіл- әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991- 1995 жылдары қабылдаған бір қатар заңдарға сәйкес Респудликада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1- інен бастап 13 жалпы мемлекетік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар егізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте- бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюдетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24- інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 түрлі салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 сәуірдің 24- індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16- дағы № 440- 1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекетік салық службасының - Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық жәнедер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай - ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жаңа "Cалық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" кодексі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 -11 заңымен қабылданды.

Қазақстан Республикасының салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңдарды: 2002 жылдың 15 қаңтардағы № 279- 11, 21 наурыздағы № 310- 11, 2002 ж 23 қарашадағы № 358- 11, 2003 ж 29 қарашадағы № 500- 11 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мен беріліп отыр. 2004 ж 28 желтоқсандағы № 24- 111 заңдары мен енгізілген және толықтырулар мен беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай- ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелері орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Салық міндеттемесі: Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға тікелей байланысты обьектілерді айқындауға, салық есептілігін жасуға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлект салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалған жағдайда оларды қамтамсыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер. Мүлік пен іс- әрекеттер салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрлі боцынша салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты обьект осы кодекстің ерекше бөліміне сәйкес айқындалады.
Салық базасы дегеніміз салық обьектісі мен салық салуға байланысты обьектінің құн, физикалық немесе өзге дн сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлеидер сомасы айқындалады: Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады; Тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды; Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық ставкасы. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында ставкасының мынадай түрлерін ажыратады:
Тұрақты салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алды мен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдарға ауыртпалық түседі. Салық кезеңі. Салық кодексінің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі деп түсінеді, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке салық пұл субьектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері-заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесет төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: Салық салынбайтын минимум салық салудан босатылатын салық обьектісінің ең аз бөлігі. Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер ( асыраудағы жандарға, мүгедектерге- халықтан табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметік обьектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасына - пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.) салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдем ақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы ) ;
Салық салудың жеке субьектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығаруда жатады. Жеңілдік кезеңі - салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс- әрекет ететін уақыты. Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері - билік пен басқару органдарының заңнамасымен реттеледі. Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

салық төлеушілерді тіркеу есебі;
салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді есепке алу;
бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
қосылған құнға салынатын салықты төлеушілері есепке алу;
салық тексерістері;
камералдық бақылау;
салық төлеушілердің қаржы шаруашылық қызметінің моноторингі;
фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолдану ережелері;
акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды бекіту;
мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
уәкілітті органдарға бақылау жасау.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы - шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды. Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айып пұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. Салық міндеттемесін орындау, егер салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесі орындауды дербес жүзеге асырады.Салық төлеуші салық міндеттмемсін орындау үшін мынадай іс - әрекеттер жасайды:
салық органына тіркеу есбінде тұрады;
салық салу обьектілермен салық салуға байланысты обьектілердің есебін жүргізеді.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төлнуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді.
Салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен тиісті мерзімде салық органдарына табыс етеді.
Салық заңдарына белгіленген тәртіппен және мерзімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай- ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда салық өсім пұлдары мен айыппұлдарын төлейді. Салық төлеуші салық міндеттемесін кодексте белгіленген тәртіппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесінін құрылымы.
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
Салық құқығының түсінігі және оның пәні. Салық құқығының жүйесі, қайнар көздері
Пәндер