Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлерін мысалдар арқылы көрсету


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

CЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: « Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлерін мысалдар арқылы көрсету. »

Орындаған: Жакижанова З. Р.

ПД-305 тобы

Тексерген: Секей Ж. С.

Семей - 2015

Жоспар

I. Кіріспе бөлім

II. Негізі бөлім

  1. Көркем шығарма туралы түсінік
  2. Метафора, эпитет, теңеу мысалдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Көркем шығарма - нағыз суреткерлік әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма - бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ - осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.

Көркемдік қасиеттің мол болуы әдебиетке қойылатын басты талаптың бірі көркем, әдемі тартымды болып келмесе, ешбір шығарма құнды, ұнамды болып танылмайды. Жалпы көркем әдебиетке қойылатын бірден-бір шарт-көркем туындылардың көңілге қонымды, шебер қиыстырылған, тапқыр, өткір болып келуінде сұлу сөз, сұлу тіркес, көркем ой прозада, өлеңде болсын эстетикалық ләззат беретін өрнегі жағынан сүйсіндіреді. Көркемдік, әдемілік - эстетикалық категория. Демек, шын мағынасындағы көркем шығарма шебер пішілген туынды сезімді оятып, көңілді сергітпек. Содан барып адамның рухани жағынан жаңғыруына, болмысына апармақ. Бұл нағыз жан тәрбиесі, көңіл қанағаты.

Әдеби шығармаға әділ сын айтар адам шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт. Жазушының шеберлік мәселесі бәрінен бұрын тілден басталатыны даусыз. Демек, көркем тіл жайы - әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі. Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о баста образдан туған. Келе - келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған.

Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл - қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма - мазмұнды шығарма.

Жазушының тілі бай болуға тиіс. Ол өзінің сөз қорының молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің телегей - теңіз бай қазынасын, мүмкіндігінше, молырақ игеруі, оның қилы - қилы қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгертулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыруларды дәл аңғара білуі қажет. Сонда ғана жазушы әр сөзді таңдап, талғап, тауып, ойды анық, сезімді нәзік жеткізер тың және тартымды суреттер жасай алады. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура һәм туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік - жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі.

Белгілі жазушы, ғалым Зейнолла Қабдоловтың әдебиет теориясын зерттеуі бүгінгі күні біздің әдебиет ғылымына бет алуымызға жол ашып отыр. Ол сөздің халық қазынасы екенін ескере отырып, сөздік қорымыздағы әр сөздің бір-бір алтынға татитынын көрсетеді.

Зерттеу жұмысының мақсатына келер болсақ, шығармаларындағы көркемдегіш құралдар: теңеу мен эпитеттердің, троп пен фигура түрлерінің көркем бейне, образ жасауда қолданылуынан нақты мысалдар келтіре отырып, ана тіліміздің сөздік қорының мол байлығын, бейнелілік, нақыштылық сипатын көрсету.

«Метафора табиғатында жұмбақтылық бар» - деп Аристотель айтпақшы, тіліміздегі құбылтудың (троп) бір түрі болып саналатын метафора жайлы талай зерттеулер мен ғылыми еңбектер жазылған.

Метафораға келесі сипаттамалар тән : метафора әлемді тану мен ойлаудың құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді.

Метафора (ауыстыру) - суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.

Бұл шумақта Мағжан Жұмабаев метафораны (ауыстыру) шебер қолдана білген. Екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтеді. Сөзіміз дәлелді болсын:
. . . Келші, көзім , күн бетіңді көрейін,
Жет, жұлдызым , жылжып қана жібектей
Жұлдызды - жүзік, айды - алқа ғып берейін . . .
(«Жұлдыз жүзік»)

Мысал ретінде тағы І. Жансүгіров, «Әнші» өлеңінен метафораны көруге болады:

Сөз - жаңбыр , даусым - дауыл , әнім - ескек ,

Ойнақтап басылайын аз желдетіп.

Теңеу -заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.

Ақын өлеңдеріндегі теңеулер оның ақындық қуаты, қаруы іспетті көп қолданысқа ие көркемдегіш құралдардың бірі. Теңеулерді Мағжан Жұмабаев өте жиі қолданған:
. . . Өткізген балаусадай бөбек күнім,
Барқыттай белес-белім жатыр.
Айбынды арыстандай құмды кезген
. . . Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр . . .

«Алпамыс батыр» жырынан мысал алатын болсақ:

Келеді желдей зуылдап ,

Жеткізбейді Шұбар ат.

Атқан оқтай зырылдап ,

Жал-құйрығы суылдап .

Эпитет қандай да бір сөздің сапасын, белгісін білдіретін көркемдеуіш құрал болғандықтан оны айқындау деп те атайды.

Эпитет кейіпкердің жан дүниесін ашуда, кескін келбетін суреттеуде ерекше қызмет атқарады. Портрет пен оның детальдарын жасау, кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкердің ішкі сезімдерін, көңіл-күйін бейнелеу үшін, сөз ажарын көркейтіп, ойды кемел жеткізу үшін жазушы эпитеттерге сүйенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлері
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлеріне мысалдар
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Теңеулердің жасалу жолдары
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Метафора эквиваленттілігі
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz