Мемлекеттік баждың экономикалық мәні



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

I Мемлекеттік баждың экономикалық мәні 5

II Мемлекеттік бажды есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Мемекеттік баж объектілері мен ставкалары 7
2.2 Мемлекеттік баж ставкалары 8
2.3 Мемлекеттiк бажды төлеу және артық төленген мемлекеттік бажды
қайтару тәртiбi 28

Қорытынды 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың не қаланың халқынан, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу хұқын тарту етеді. Мұндай салық “икта” деа аталды, ал оны берушіні мұкта немесе иктадар деп атаған. Икта институты Қазақстанның өңтүстігі мен өңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарған.
Қоналға – әскерді ұштау үшін жиналды.
Жамалға – елшілерді ұстау үшін жиналған
Дафтари – реестр, осы арқылы салық жиналу процесі жүріп отырды.
Сойырғал – Қазақ хандығы кезіндегі көшпелі ақсүйектердің отырықшылықты егіншілікпен айналысатын халыққа үстемдік құруының кең тараған түрі.
Баж салығы – 1) мемлекеттік органдардың көрсеткен қызметі үшін азаматтардан, мемлекеттерден және ұйымдардан алынатын тұтыну салығының бір түрі. Орта ғасырларда жолды, көпірді, айлақ ғимараттарын т.б. пайдаланғаны үшін мемлекет қалалар мен жекелеген феодалдардан алым-салық алған. Қазір баж салығын үкімет органдары клиенттерден(біреуден біреуге ауысқан мүлікті, сыйды, мұраны, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарды тіркегенде) алынады. Баж салығының басқа салықтардан айырмашылығы – барлық азаматтардан бірдей алынбайды, тек тиісті мемлекеттік органдар белгілі бір қызмет көрсеткіштері үшін жеке адамнан, мекемеден ғана алынады;
2) басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе соларға шығарылатын тауарлардан, мүліктерден ақшалай алынатын мемлекеттік салық.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде ҚРда қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Курстық жұмыста осы қабылданған Салық Кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің кірісін құратын мемлекеттік баждың бірінші блімде экономикалық мәнін, ал екінші блімде мемлекеттік бажды есептеу және төлеу тәртібі: онда мемекеттік баж объектілері мен ставкалары, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттiк бажды төлеу және артық төленген мемлекеттік бажды қайтару тәртiбi қаралды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасының» Конституциясы. Алматы. 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының “Салық Кодексi” (01.01.2006ж.).
3. Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2002ж.
4. Абдуллина Н. Финансовое регулирование в РК. — Алматы, 1994.c.12
5. Адырбеков И.А. Стратегия развития предпринимательства: теория и практика становления рыночной экономики Казахстана. — Алматы. Казахстан, 1994.с.23
6. Адасбаев Б. Анализ развития малого предпринимательства в Республике Казахстан за 1992-1997 годы.//Аль-Пари, ғ 3, 1997.с.8
7. Аймаков Б. Налоговая система в условиях рыночных отношений.//Финансы Казахстана, ғ 8, 1996.с.5
8. Балапанов Е. О налогообложении юридических лиц.//Финансы Казахстана, ғ 2, 1997.с.6
9. Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауiпсiздiк. Алматы. 2003ж.
10. Мамыров Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 2001.
11. Мадешев Б. Нарықтық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 2004
12. Родостовец В.К Кәсіпорындағы буғалтерлік есеп. Алматы, 2005ж
13. Сахариев С.С. Әлем экономикасы. Алматы, 2004
14. Салық Кодексі; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы .- Алматы, 2006
15. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы
16. Интыкбаев С, Малый и средний бизнес и налоги/ С. Интыкбаев// Каржы-Каражат.-1999ғ 10-11.с.86-87.
17. Искалиев К. Малому бизнесу- государственную поддержку/ К. Искалиев// Правительственный вестник.-1999.ғ7 с. 30-42.
18. Имашев Б. Развитие среднего и малого бизнеса – основа развития государства/ Б. Имашев // Фемида.-1999.-ғ2.-с.5-14.
19. Имашев Б./Становление малого предпринимательства в Казахстане/ Б. Имашев// Транзитная экономика.-1999.-ғ4.- с.5-14.
20. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, «К.аржы-караасатң, 1997, с. 389.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

I Мемлекеттік баждың экономикалық мәні 5

II Мемлекеттік бажды есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Мемекеттік баж объектілері мен ставкалары 7
2.2 Мемлекеттік баж ставкалары
8
2.3 Мемлекеттiк бажды төлеу және артық төленген мемлекеттік бажды
қайтару тәртiбi
28

Қорытынды 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе
Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт
әскери-мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына
белгілі бір ауданның, облыстың не қаланың халқынан, сол уақытқа дейін
мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу хұқын тарту етеді.
Мұндай салық “икта” деа аталды, ал оны берушіні мұкта немесе иктадар деп
атаған. Икта институты Қазақстанның өңтүстігі мен өңтүстік-шығысының
шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарған.
Қоналға – әскерді ұштау үшін жиналды.
Жамалға – елшілерді ұстау үшін жиналған
Дафтари – реестр, осы арқылы салық жиналу процесі жүріп отырды.
Сойырғал – Қазақ хандығы кезіндегі көшпелі ақсүйектердің
отырықшылықты егіншілікпен айналысатын халыққа үстемдік құруының кең
тараған түрі.
Баж салығы – 1) мемлекеттік органдардың көрсеткен қызметі үшін
азаматтардан, мемлекеттерден және ұйымдардан алынатын тұтыну салығының бір
түрі. Орта ғасырларда жолды, көпірді, айлақ ғимараттарын т.б. пайдаланғаны
үшін мемлекет қалалар мен жекелеген феодалдардан алым-салық алған. Қазір
баж салығын үкімет органдары клиенттерден(біреуден біреуге ауысқан мүлікті,
сыйды, мұраны, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарды тіркегенде) алынады.
Баж салығының басқа салықтардан айырмашылығы – барлық азаматтардан бірдей
алынбайды, тек тиісті мемлекеттік органдар белгілі бір қызмет көрсеткіштері
үшін жеке адамнан, мекемеден ғана алынады;
2) басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе соларға шығарылатын
тауарлардан, мүліктерден ақшалай алынатын мемлекеттік салық.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі
қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде
ҚРда қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж,
4 кедендік алым белгіленген.
Курстық жұмыста осы қабылданған Салық Кодексіне сәйкес мемлекеттік
бюджеттің кірісін құратын мемлекеттік баждың бірінші блімде экономикалық
мәнін, ал екінші блімде мемлекеттік бажды есептеу және төлеу тәртібі: онда
мемекеттік баж объектілері мен ставкалары, мемлекеттік баж ставкалары,
мемлекеттiк бажды төлеу және артық төленген мемлекеттік бажды қайтару
тәртiбi қаралды.

I Мемлекеттік баждың экономикалық мәні
 
     Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе
лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және
(немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
      Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде
мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш
жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып
табылады.
Мемлекеттік баж мына жағдайларда алынады:
- сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша
арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының
дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот
бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың, аралық соттардың,
шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын,
құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшін;  
- нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған
құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн; 
- азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық
хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты
куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн; 
- шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы
құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн; 
- шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына
Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына
виза бергенi үшiн; 
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын
тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін; 
- тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн; 
- аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре
балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге
және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
- жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
- қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн; 
- жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық
қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық
шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн
заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және
калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды
қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;  
- Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан
Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының
Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн; 
- жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк
құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн
бергенi үшiн;
- зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның заңды мәнi бар iс-
әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттiк баж алынады.

II Мемлекеттік бажды есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Мемекеттік баж объектілері мен ставкалары

Баж алу объектiлерi мыналар: 
1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша
арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының
дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан,
сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың, аралық
соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау
парағын, құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшін;  
2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған
құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн; 
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға
азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал
актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге
байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн; 
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-
ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн; 
5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына
Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу
құқығына виза бергенi үшiн; 
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын
тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін; 
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн; 
8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
      8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен
бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын
әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн; 
11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық
қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық
шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе
тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5
Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi
пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта
тiркегенi үшiн;  
12) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан
Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының
Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны
үшiн; 
13) жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк
құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк нөмiр
белгiлерiн бергенi үшiн;
14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның заңды мәнi бар iс-
әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары Қазақстан
Республикасының заң актiсiмен мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

2.2 Мемлекеттік баж ставкалары
Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары
      1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер
бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын
шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтiнiштерден, сондай-ақ
соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай
мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:  
      1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан: 
      жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi; 
      заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi; 
      2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке
тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан -
30 процент; 
      3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды
тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан -
500 процент; 
      4) салық тексеруi актiлерi бойынша хабарламаларға дауласу туралы
талап арыздардан: 
      жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - салық пен
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер хабарламада көрсетiлген
(өсiмпұлдарды қоса) даулы соманың 0,1 процентi; 
      заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) даулы соманың 1
процентi;  
      5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент. 
      Неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы баптың 1)
тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгiленедi; 
      6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы
немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған
адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан мүлiктiк
сипаттағы талап арыздардан: 
      жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi; 
      заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi; 
      7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе
бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған
мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе
бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент; 
      8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50
процент; 
      8-1) аралық соттар шешiмдерiн, төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы
өтiнiштерден:
      жеке тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 1 процентi;
      заңды тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 3 процентi;
      9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес
сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен -
50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып
отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;  
      9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден - мүлiктiк сипаттағы
талап арыздардан: 
(жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi; заңды тұлғалар үшiн -
талап қою сомасының 3 процентi; ) көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының
50 процентi;  
      10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот
ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен
арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын бергенi үшiн - 500
процент;  
      11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де
қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын
тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа
да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10
процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент; 
      12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500
процент. 
      2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса
көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен
мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр
мезгiлде алынады.
Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж
ставкалары
      Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың
нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай
мөлшерлерде алынады: 
      1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын
үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де
жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: 
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент; 
      құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн: 
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-
қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент;  
  басқа адамдарға - 300 процент;  
құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары: 
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен
сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент; 
басқа адамдарға - 700 процент; 
егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған
қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент;  
      2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын
үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де
жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: 
   егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент; 
-балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары
мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент; 
- басқа адамдарға - 70 процент; 
      3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды
куәландырғаны үшiн: 
- егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент; 
-   балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары
мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент; 
- басқа адамдарға - 500 процент; 
      4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда)
кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiм-шарттары, ортақ меншiктегi
мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi
келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;  
      4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200
процент;  
      5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент; 
      6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр
куәлiкке 100 процент; 
      7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ
меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi
беру үшiн - 100 процент;
      8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенiмхаттарды
куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару
құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
      10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға
сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;
      11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн
- 100 процент;
      13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;
      14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің
растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
      жеке тұлғаларға - 5 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден
басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
      жеке тұлғаларға - 3 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға
өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
      17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20
процент;
      18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
      19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын
куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      20) жылжымайтын мүлiктiң кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй
заемдары бойынша талап етiлетiн құқықтарды және ипотекалық куәлiктердi
куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны
үшiн - 700 процент;  
      21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн
куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10
процент;
      23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50
процент; 
      24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа
нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал
актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi
бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға,
түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi
үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады: 
2. тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы
азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн
- 100 процент; 
3. некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент; 
4. некенi бұзуды тiркегенi үшiн: 
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi
бойынша - 200 процент; 
5. сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен
немесе екеуiнен); 
6. белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы
немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп
танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде -
10 процент; 
7. тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн
тiркегенi үшiн - 10 процент; 
      осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10
процент; 
      5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын
өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi
бергенi үшiн - 10 процент;
      6) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап
бергенi үшiн - 100 процент;
      7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын
тiркегенi үшiн - 200 процент.
Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде
жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттiк баж алынбай
жүргiзiледi.
Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезiндегi мемлекеттiк баж
ставкалары
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына
келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай
мөлшерде: 
      1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн
виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн: 
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент; 
      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге
- 100 процент; 
      2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп
өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент; 
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына
келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент; 
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр
шақырылған адам үшiн 50 процент;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының
азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
      6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген
құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн –
- шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза
бергенi немесе ұзартқаны үшiн: 
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент; 
      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге
- 100 процент; 
   шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту
құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент. 
     Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның заңды мәнi бар iс-
әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның заңды мәнi бар iс-
әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) алдын ала патент, патент, куәлiк бергенi үшiн - 100 процент;
      2) жалпыға белгiлi тауар таңбасына сертификат бергенi үшiн - 100
процент;
      3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға
беру, кепiл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн
- 150 процент;
      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн - 1500
процент;
      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi
үшiн - 100 процент мемлекеттiк баж алынады.
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн  мемлекеттiк баж ставкалары
      Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
      2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен
бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын
әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
3) мыналарды бергенi үшiн:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның
куәлігі - 400 процент;  
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан
Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;
4) мыналарды бергенi үшiн:
      заңды тұлғаларға:
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат -
200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат -
200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат -
100 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып
жүруге рұқсат - 100 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат
- 200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға
жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50
процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат
- 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 10
процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама -
50 процент;  
      5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық
суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық
шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн
заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және
калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды
қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10
процент;  
      6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10
процент;
      7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан
Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль
қойғаны үшiн - 20 процент;  
      8) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж
Кедендік экономикалық талдау
Халықаралық сауда жайлы
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Сот шығындарын бөлу тәртібі
Cот шығындары
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Пәндер