Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Мазмұны
І тарау Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.
1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ΙΙ. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде ... ... ... ... ...
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт . дәстүр, әдет . ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен бірге өмірге келіп,қоғамды реттеп-басқарып отырады.Олар қоғамның,объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ,оның сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады.Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды.Мысалы;Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма,Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді.Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады,мінез- құлқына,іс- әрекетіне ,тәртібіне,сана сезіміне жан- жақты әсер етеді,мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай,қамқорлық жасап қорғайды.Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп,басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;құқық қоғамдағы бостандықты,әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттік билікті,қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал.Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні ,мазмұны,маңызы мен нысаны,сайып келгенде қоғамның мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде; «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес»-деді.
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, «құқық» деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері » болып табылады.Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,әкімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, «құқық » термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше,бірақ мазмұндары біреу-ақ.Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп –басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай,экономикалық,саяси әлеуметтік,мәдениеттік бағытын дамытып,нығайту;мемлекеттік органдардың,қоғамдық ұйымдардың құзыретін,арақатынасын реттеп басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады :1)құқықтың объективтік түсінігі объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;2)құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін,басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап,бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2.Адамдардың,ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің,реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;
3.Мемлекеттік органның қабылдаған,бекіткен нормативтік актілернің орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.
Сонымен.құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін,қоғамдық қатынастарды реттейтін,ресми құжаттарда формалды түрде анықталған,мемлекеттік күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.Қоғамның өмірінде белсенді жұмыс атқаратын құқықтың функциялары.Оның бағыттары толып жатыр.Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау.Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны,бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп,анықталып отырады.Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:

Пайдаланған деректемелер тізімі
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл.
Арнайы әдебиеттер:
1.Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы 2004 жыл
2.Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
3.Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
4.Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
5.Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
6.Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004.
7.Н.И.Матузов.А.В.Малько «Теория государства и право .Москва. Юристь 2005
8.Т.Н.Радько.«Теория государства и право.Москва.Академический Проект 2005
9.М.И.Абдулаев. Теория государства и право.Питер 2003

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
І тарау Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.
1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ΙΙ. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші
ретінде ... ... ... ... ...
2.1.Әлеуметтік нормалардың
түсінігі,мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып,
саяси нормалардан ерекшелігінің
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және
бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.

көрінісі.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен бірге
өмірге келіп,қоғамды реттеп(басқарып отырады.Олар қоғамның,объективтік даму
процесінің талабына сәйкес қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына
келетін болсақ,оның сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады.Ол
қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны
санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар құқықты зерттегенде бір(екі
қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап
отырды.Мысалы;Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта ғасырдың
ғалымдары құқық діни норма,Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық билік деп
түсіндірді.Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын
қалыптастырады,мінез- құлқына,іс- әрекетіне ,тәртібіне,сана сезіміне жан-
жақты әсер етеді,мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай,қамқорлық
жасап қорғайды.Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп,басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;құқық қоғамдағы
бостандықты,әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал;құқық мемлекеттік билікті,қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі
құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап отыратын негізгі
құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін
негізгі құрал.Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма.
Оның қоғамдағы мәні ,мазмұны,маңызы мен нысаны,сайып келгенде қоғамның
мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс Гота программасына сын деген
еңбегінде; Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған
сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес-деді.
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір
бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік
факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман
болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге
қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп
түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда
қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып
мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX
ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда
құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік
факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден,
құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене
отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету
бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану
құқығы.Екіншіден, құқық деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген
жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-
бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық
актілері болып табылады.Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін
ұғым ретінде
қолданылады.Мысалы,конституциялық,ә кімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық
.Төртіншіден, құқық термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық
қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың
еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік
тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш
тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және
мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық
шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары
болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше,бірақ мазмұндары біреу-ақ.Құқықтың мазмұнының
негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп –басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай,экономикалық,саяси әлеуметтік,мәдениеттік
бағытын дамытып,нығайту;мемлекеттік органдардың,қоғамдық ұйымдардың
құзыретін,арақатынасын реттеп басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады :1)құқықтың объективтік
түсінігі объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың
қалыптасуы;2)құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан
қатынастарды реттейтін,басқаратын нормативтік актілерді уақытында
қабылдап,бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2.Адамдардың,ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті
шешудің,реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;
3.Мемлекеттік органның қабылдаған,бекіткен нормативтік актілернің
орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл
мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.
Сонымен.құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен
байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін,қоғамдық қатынастарды
реттейтін,ресми құжаттарда формалды түрде анықталған,мемлекеттік күшімен
қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.Қоғамның өмірінде белсенді
жұмыс атқаратын құқықтың функциялары.Оның бағыттары толып жатыр.Ең
күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау.Өйткені мемлекеттің
жұмысының мазмұны,бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп,анықталып
отырады.Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:
1.Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың
экономикалық,әлеуметтік,мәдениеттік ,тәрбиелік,экологиялық,қаржылық
функциялары болады.
2.Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы
болады:заң шығарушы,заңды орындау,заңды қорғау.
Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес
келеді.Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады:қоғамдағы
қарым-қатынастарды дұрыс реттеп,орындалуын тездету және қатынастардың
байланысын бақылап,қорғап отыру.Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың
өзіне тән екі функциясы болады:реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын,орындалу жолдарын,бағыттарын анықтап отыру.Бұл
функция екі әдіс-тәсілмен орындалады:1)құқықтық нормада қатынастың
орындалу жолдарын,бағытын көрсету;2)нормативтік актіде субъектілерге
толық бостандық беру,дұрыс орындалу бағытын көрсету.
Құқықтың қорғау функциясы-нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын,әсерін күшейту,жаман қатынастарға тыйым салу.Бұл
функцияның әдіс-тәсілдері;
-қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
-жауапкершіліктің түрін көрсету;
-жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту.
Сонымен құқықтың функциясы дегеніміз-адамдардың іс-
әрекетіне,мінезіне,тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен
әсері,сол арқылы қатынастардың дұрыс,уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтың әлеуметтік құндылығы:
1.Құқық адамдардың іс-әрекетінің,жұмысының нақты келісімді,тұрақты,жақсы
орындалуын қамтамасыз етеді.Құқық қоғамдық тәртіпті
дамытып,нығайтып,қоғамдық мүдде-мақсаттың жақсы орындалуына мүмкіншілік
жасайды.
2.Құқық адамдардың өзара қатынасын дұрыс реттеп,дұрыс басқарып олардың
мінезінің,тәртібінің,сана-сезімінің ,іс-әрекетінің жақсаруына мүмкіншілік
жасап,сол арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.
3.Құқықтың құндылығы адамдардың бостандығын,теңдігін
қалыптастырып,қорғауында.Құқық пен бостандық бір-бірімен тығыз
байланысты.Құқық бостандықтың,теңдіктің шеңберін,шекарасын үнемі
анықтап,бақылап отырады.
4.Құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап,бақылап отырады.
5.Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы.азаматтық
қоғамды,демократиялық мемлекетті құрудың бірден-бір даңғыл жолы.
6.Құқық халықаралық прогрестік қатынастың,байланыстың қайнар-көзі
бұлағы.Дүниежүзілік экологияны жақсартудың құралы.
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1.Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі.Парламент-
заң,президент-жарлық,үкімет-қаулы мен өкімдер,салалы министрліктер-
ережелермен бұйрықтар,жергілікті органдар-шешімдер шығарады.Олар
нормативтік қасиетке ие.
2.Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей
қолданылады.Құқық атақ,лауазым,шеніне қарамай бәріне бірдей,тең
қолданылады,оны орындау,сақтау бәріне міндетті.
3.Құқық қоғамдық қатынастарды ретейтін және ең кең қолданатын нормалардың
жиынтығы.Әдет-ғұрып,діни,дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу
функциясы өте кең,мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.
4.Құқық формальды –айқын болып сипатталады,яғни мемлекет тарапынан
мойындалып,нормативтік-құқықтық кесім,сот прецеденті және бекітілген
әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.
5.Құқық бүкіл халықтың,ұлттардың,партиялардың,әле уметтік топтардың және
жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
6.Құқық өзінің ішкі құрылымымен,жеке салалар мен институттарға бөліну
арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.
7.Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.Мемлекет басқару,билік жүргізу
барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары
бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану
арқылы іс жүзіне асырады.
Сонымен.,құқық қоғамда зор қызмет атқарады.Ол қоғам өмірінің барлық
салаларына,жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды
әсер етеді.Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу,қызмет
істеу,саяси партиялардың,бірлестіктердің,ұжымда рдың ұйымдастырылуына жол
ашудан,азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан
байқалады.Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей
реттеп,жөнге салып отырады.Демек,құқық саяси,экономикалық
әлеуметтік,мәдени тәрбие құбылыстың барлық салаларын реттеп,жөнге салып
отыратын құрал болып есептеледі.Құқық мемлекетті,қоғамды,азаматтардың
заңды мүдделерін қорғау қызметінде жүзеге асырады.Осыларға қоса құқық
заңды бұзудың,алдын-алу қызметінде атқарады.
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең
күрделісі,ең көлемдісі,ең маңыздысы.Құқық адамзаттың әділдік және азаттық
идеяларына негізделіп,көбінесе заңдарда баянды етілетін,қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық
қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол
бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне
асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін
арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық
қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді
біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты,
теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді,
ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы
басқа демократиялық іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті
күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар халықаралық,мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудың құралы.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтық бір
кпеткасы, қоғадық қатынастарының жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол
адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын
және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау –
жоспарлауы (ішкі бостандық);
екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы
(сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-
басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық,
саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып,
реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары
Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін
алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің,
орындалуының үлгісін жасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы
ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс,
жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты
әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп аталады. Мұның маңызы өте
зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол
нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның
мазмұнын,
маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге
болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші
бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық
көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға
нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны
толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде мазмұны
толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі,
екіншісінде-оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде-
қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып
шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым
көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін
сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасызетілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормаларының құрылымы, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын
қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Салық туралы заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482
бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері
мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық,
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- толық-айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі.
Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық
көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады.
Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа
тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодекстің – 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса – мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз
салдары
және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:
- абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу
тағы басқа;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс,
уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ
болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық
болмайды. Конститутцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодекста тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары
бір-біріне
ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны
іздестіріп табуға болады.
Құқықтық нормалар бірнеше түоге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы
нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық
тағы басқа саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді; нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған
элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел
емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама
(альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норианың жүзеге
асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп-басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық,
қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы
нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін
реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен
құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікіплер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың
қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау
әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз
етіледі.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде
құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің
дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін,
жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге
келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш
бағытта дамуда:
- қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп-басқару үшін
құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
- қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару
үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
- қоғамның өткен дәірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік
қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Сонымен құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік
қажеттіліктері
Арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың
және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын да реттеп-басқарып отырады.
Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін,
тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол
объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп-басқаруды –
субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-
әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс
дұрыс, жақсы дамымады. Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына
жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгі-нышандары:
- субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
- ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
- субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің
бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік
қалыптасу
жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттерде өтті. Құқықтың
даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап ерекшеліктері
бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде
діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз
пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең
пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түолері:
- құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
- құқықтық прецедент;
- нормативтік шарттар;
- нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері
Конститутцияда
толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен
бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзіретіне,
өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конститутцияға
нұқсан келтірмеуге міндетті. Конститутцияның талаптарының дұрыс орындалуын
Президенттің аппараты мен Конститутциялық Кеңес бақылап отырады.
Республика Конститутциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші
бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары
Конститутция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін
шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің
конститутциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
2. Конститутцияда және өкімет органдарының халқының алдындағы
жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық
тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері
шешіледі.
3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкәмет пен басқа
да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын
мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
4. Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі
стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл
аумағында
міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің
Конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі
Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды,
Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты
қаулылар қабылдайды.
Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер,
декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер
қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді
палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар
бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің
негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік
актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс
беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды. Премьер-министр өз
құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-
министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал
Премьер-министр жоя алады.
Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғарғы органының
заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президимуы, Пленумдары мен
Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасының мәселелері
бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының
жоғарғы сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.
Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді.
өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын
өздері бақылап отырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері – Кеңестер,
Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор,
әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға
міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конститутцияға сәйкес
мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын
ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қортындысы болған
кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Парламеттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент,
сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз
жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді.
Парламент конститутциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды,
бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.
Мемлекеттің басқа органдарының нормативтік актілер шығару, қабылдау,
бекіту құзіреттері Президенттік Республиканың көп айырмашылығы жоқ.
Қазақстан 1993 жылғы Конститутция бойынша Парламенттік Республика, 1995
жылғы екінші Конститутцияға сәйкес – Президенттік Республика болды.
Құқық нормаларының мазмұны.
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы
мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құлықтарын бекітеді. Құқықтық
қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына
сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
мен солай істеуім керек, құқық нормасы меннен соны талап етеді
деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқықтық
нормаларының мазмұны мынадай ерекшеліктермен анықталады:
1. Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың
тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен
кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық
талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрмкаларды тәркілеу,
байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әменгерлікті, көп әйел
алушылықты жою).
2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада
бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары
мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер
заңсыз деп танылады.
3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұйымдылығы оны
жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды.
Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған
құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық
нормалар математикалық формалар сияқты нақтылы-айқын және қысқа
болулары шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға
жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін
пайдалану арқылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
5. Әр кезде тиімді құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде
қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше,
тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады.
Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану
арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық
нормаларының мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада
танып, зерттегенде ғана оның сипаты мен тиімділігіне баға беруге
болады.
Құқық нормалары және дара кесімдер.
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда
жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей қолданылатын мінез-құлықты бекітеді.
Осыдан мынадай қортынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған
жағдайларға сан алуан рет қолданылады және ол жеке бір субъектке
бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар
өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды
қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып
саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға
байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Президентінің бір адмды орденмен марапаттау туралы
шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма
бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің
аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және
тағы басқа бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің
құзырларына байланысты, бір ғана жағдайларға байланысты бір ғана
жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жоқ. Судьяның заң
негізінде шығарған шешімдері мен үкісдері де дара кесімдер қатарына
жатады. Дара кесімдер құқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола
алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.
2.1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны.
Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын
көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола
бастады.Соныңішінде;моральдық,құқық тық,саяси,эстетикалық,корпоративтік ,адамг
ершілік, діни,дәстүрлі,әдет-ғұрып..Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның
қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі.Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда
болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық
нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан,олар үнемі басқа
әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық
қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-
әрекеттерін реттейтін талаптар.Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері
бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат,ой-
арман,рухани құндылық т.б. 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін,міндетті
түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық
ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.
Заң ғылымында қоғамдағы нормаларды 2 үлкен топқа бөледі:әлеуметтік
және техникалық.Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар.Екі топтыңда өздеріне
тән ерекшеліктері,негіздері болады.Құқықтанушылар техникалық нормаларды
зерттеумен көп шұғылданбайды-бұл олардың қызметі емес.Олар тек өздерінің
мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және техникалық норманы
әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет.Бір-бірінің объективтік критерилары
мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды.Техникалық норма мен
әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.
Әлеуметтік норма-адамдардың бір-бірінің,адамдардың бірлестіктермен
қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе,ал техникалық
нормалар адамдардың ішкі ортамен,табиғатпен,техникамен қарым-қатынастарын
реттейді.Бұл қарым-қатынас ״адам және машина,.адам және еңбек
құралы,адам және өнекәсіп типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың
ерекшелігі -екінші бір жағында жансыз заттар болады. Сондықтан оларды
жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады.Техникалық нормалар ғылыми
әдістерді,техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап
отырады.Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен.заңдарымен
салыстыруға болмайды.Біріншісі адамдар қолымен құрылса,екіншісі адамадардың
еркіне байланысты емес.Әлеуметтік және техникалық нормалар мазмұны,құрылымы
жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді.Техникалық норма мен әлеуметтік норманың
ұқсастығы екеуіде адамдардың қызметімен тығыз байланысты,ал ерекшелігі
олардың зертте объектісі мен тәсілдерінің әртүрлілігі.
Техникалық нормалардың арасында құқықтық актілермен бекітілетін,осының
арқасында заңды күшке ие болатын нормаларда бар.Оларды техникалық құқық деп
атауға болады.Бұл материалдық,өндірістік және басқару сферасында(өрт
қауіпсіздігінде ,құрылыс жұмыстарында болатын ережелер,қаруды пайдалануда
)болатын ережелер.Кейде оны әлеуметтік норманың негізі депте атайды.Мұндай
нормалар өздерінің ұйымдастырушылық-техникалық маңызын жоймай құқықтық
норманың сапалы белгілерін алады.Олар мемлекетпен шығарылады,оның
еркіндігін білдіреді,мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі,арнайы
нормативтік актілермен бекітіледі,реттеледі.Өздерінің реттеуші қызметін
басқа құқық нормаларымен бірлесе отырып жүзеге асырады.Әсіресе,бланкеттік
нормамен тығыз байланысты.Басқа тұрмыстық салада болатын техникалық
нормалар құқық пен байланысты емес және бұзған жағдайда жауаптылыққа
тартылмайды.(мысалы;әртүрлі тұрмыстық заттармен
теледидармен,тоңазтқышпен,могнитафо нмен жұмыс жасағанда немесе дәрі ішу
ережесі)
Экологиялық жағдайларды және теңдікті бұзған кезде жауаптылық шаралары
қолданылады.Табиғи балансқа жасанды араласу,эволюциялық өсу адам өміріне
өте қауіпті.Ғылыми техникалық прогресс кезеңінде техникалық нормалардың
рөлі арта түсуде.Бұл нормаларды сақтау,сақтамаудың нәтижесі адам денсаулығы
мен тағдырына зор әсерін тигізеді. Осындай ережелерді сақтамау салдарынан
әртүрлі апаттар,авариялар,басқада жағдайлар болуы мүмкін. Жай ғана бір
қателік,немқұрйлылық,техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау орны толмас
өкінішке әкеледі.Бұл азаматтық саладада,әскери саладада болады. Техника
күрделенген сайын оны басқаруда күрделене түспек.
Енді адамадардың жануарларға:жабайы,үй жануарларына,жалпы жануарлар
әлеміне деген қарым-қатынасын реттейтін нормаларға тоқталып кетейік.Бұл
нормалардың көбі сәйкесінше актілерде бекітілген.Мысалы;итті,жылқыны ұстау
ережелерінде ,аңға шығуға рұқсат ету және етпеу,асырау жағдайындағы
санитарлық ережелерінде көрініс табады.Бұл ережелер сақталмаған кезде
жауаптылық белгіленген.Бұл нормаларды қалай бөлуге болады? Техникалық
сиқтыма ?Бірақ бұл жерде техника туралы сөз болып отырған жоқ қой
Әлеуметтік сиқтыма ? Алайда жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
қоғамдық маңызға ие болсада,әлеуметтік емес.Мүмкін оларды типі
бойынша,табиғи – құқықтық норма деген жөн шығар.
Жоғарыда айтылғандай,әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің
ережелерін және олардың қарым-қатынастарын реттейтін кеңінен таралған құрал
болып табылады.Олар қоғамдық өмірді қатерден қорғап,қажетті бағытқа
бағыттайды.Әрине әлеуметтік нормалар құрамына құқықтық нормалар да кіреді.
Әлеуметтік норма – бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны
көрсететін объективті маңызды ереже.Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда
әртүрлі заңдылықта көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар
норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар
қоғамымен,әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді.Біреулері уақыты келгенде
жойылады,басқалары пайда болып,өзгереді.үшіншілері белгілі топ немесе билік
деп аталады.Басқаша айтқанда әлеуметтік норманың пайда болуы,қалыптасуы
субъективті фактор болып табылады.Олар адамдармен жасалады және объективті
қажеттілік деп түсіндіріледі.Мысалы:құқықтық норманың пайда болуы туралы
Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын
өнеркәсіп актісі,азық-түлікті бөлу немесе айырбастау ,өнеркәсіп, туралы
жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл
ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады.Содан соң заң болып
қалыптасады.
Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде
қалыптасады. Ол экономикалық ,басқада қатынастарды қатаң және мақсатты
бағытта реттей бастады.Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір
аппаратқа сүйенетін,белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу
шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды.Әлеуметтік нормалардың
пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену ппроцесімен,адамадардың ерекше
табиғи-биологиялық және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты
болды. Норма, ереже ұғымдары тең және ауыспалы мағынада
қолданылды.Әдетте олар әдебиеттерде,анықтамалық баспаларда бірінен соң
бірі анықталады: норма-бұл ереже,ереже-бұл норма. Алайда мұқият зерделеп
қараса, норма ұғымына қарағанда, ереже өте тар термин.Соған байланысты
бір-бірімен сәйкес келе бермейді.Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан
өте күрделі.Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс
табады.Ал,нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.
Әлеуметтік норма- жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес.Ол
сонымен қатар өмірде ,тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді
білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.
Норма-бұл белгілі бір нәтижеге,мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы
іс-әрекеттің өлшемі.Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес,кеңінен
таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар,әрекеттер
нормада көрініс таппайды. Норма үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды
реттеуге бағыталған.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін,ең алдымен,оларды
қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.Марксизм ілімі адамдардың
іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі
диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге
тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық
экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады
да,олардың құрамы мен элнменттерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz