Газгольдерлер цилиндрлі сфера типті резервуарлар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Геодезия және құрылыс » кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Газгольдерлер цилиндрлі сфера типті резервуарлар
Орындаған: Кенесов Е.
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
Топ: ст-309с
Семей-2015
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім:
1. 1 Газ желілеріне арналған құбырлар мен негізгі арматуралар .
1. 2 Металдық жылу ұстағыш резервуарлар
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Газ тарату жүйелері мен газ қоймаларының негізгі мәліметтеріҚалалар мен елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жүйелері - газбен қамтамасыз ету көздерінен, газ бөлу жүйесінен және ішкі қондырғыдан тұрады.
Газ көздері - магистралды газ құбырөткізгіштері және оның желілері, жерасты газ сақтау станциясы (ЖГСС) және сұйытылған газдан газ тарату станциясы.
Газ бөлу желісі қаланың (елді мекеннің, өндірістік нысанның) ішінде газды таратуға және тасымалдауға арналған газ құбырөткізгіштері мен құрылғылар жүйесінен тұрады.
Тұрғын үйлердің, коммуналдың және өндірістік кәсіпорынның ішкі газ құрылғылары үй ішілік және өндірістік газ құбырөткізгіштерінен, сонымен қатар газды жағуға арналған қондырғылар мен құрылғылардан тұрады.
Қазіргі кездегі газбен қамтамасыз етудің газ бөлу жүйесі (нысанға байланысты) күрделі жинақ имаратарынан тұрады. Олар келесі негізгі элементтерден тұрады:
1) төменгі, орташа және жоғарғы қысымдағы газ желісінен;
2) газ бөлу станциясынан (ГБС) ;
3) газ реттегіш пункті (ГРП) мен газ реттегіш қондырғыдан (ГРҚ) ;
Газ құбырөткізгішінің газбен қамтамасыз ету жүйесі келесі түрде топталады:
Тасымалданатын газдың түрі бойынша: табиғи газ, мұнайға ілеспе газ, СКГ (С 3 және С 4 ), жасанды газ, сұйытылған газ.
Газ қысымы бойынша: төменгі, орташа және жоғағы қысысымды.
Қалалар мен елді мекендердің жобалау жүйесінің орналасуы бойынша: сыртқы (көшелік, ықшам аудан ішілік, аулалық, цех аралық, ауыл аралық) ; ішкі (цех ішілік) .
Қолданылуы бойынша: газбен қамтамасыз етуде: қалалық магистралды; бөлгіш; енгізу; енгізу газ кұбырөткізгіштері; импульсті; үрлегіш.
Орнату принципі бойынша (бөлу газ құбырөткізгіші) : сақиналық; түптік; аралас.
Құбыр материлы бойынша: металды (болатты, мысты) ; металды емес (пластмассалы, абестцементті және т. б. ) .
СНиП 42. 01-2002 4. 3. п сәйкес тасымалданатын газдың қысымына байланысты газбен қамтамасыз ету жүйесінің газ құбырөткізгіші келесі топқа бөлінеді:
I категориялы жоғарғы қысымдағы газ құбырөткізгіші - табиғи газ бен ауалық газ қоспасы үшін газдың жұмыс қысымы 0, 6 МПа (6 кг/см 2 ) -дан 1, 2 МПа (12 кг/см 2 ) дейін, сонымен бірге сұйытылған күкіртті газ (СКГ) үшін 1, 6 МПа (16 кг/см 2 ) дейін;
II категориялы жоғарғы қысымдағы газ құбырөткізгіші - газдың жұмыс қысымы 0, 3 МПа (3 кг/см 2 ) -дан 0, 6 МПа (6 кг/см 2 ) дейін;
Орташа қысымдағы газ құбырөткізгіші - газдың жұмыс қысымы 0, 005 МПа (500 мм вод. ст. ) -дан 0, 3 МПа (3 кг/см 2 ) дейін;
төменгі қысымдағы газ құбырөткізгішінің жұмыс қысымы 0, 005 МПа (0, 05 кг/см 2 ) қосымша.
СНиП 42. 01-2002 3 пункті келесі терминдер мен анықтауларды ендіреді:
Газ бөлу жүйесі - меншікті өндірістік жинақ газды тұтынушыларға тасымалдауға және беруге арналған, технологиялық, ұйымдастыру және экономикалық бір-бірімен байланысты нысаннан тұрады.
Газ бөлу желісі - газ көздері мен тұтынушыларға газды енгізудің сыртқы газ құбырөткізгішінің жүйесі, сонымен бірге оларға техникалық қондығылар мен имараттар.
Газ бөлу көзі - газды газ бөлу желісіне беруге арналған газбен қамтамасыз ету жүйесінің элементі (мысалы, газ бөлу жүйесі - ГБЖ) .
Сыртқы газ құбырөткізгіші - ғимараттың сыртынан, ғимараттың сыртқы құрылымына дейін төселген жер асты, жерлі және жер үсті газ құбырөткізгіші.
Ішкі газ құбырөткізгіші - ғимарат құрылымының сыртынан, ғимараттың ішінде орналасқан газ пайдалану кұрылғысына қосу орнына дейінгі газ құбырөткізгіші.
Газ қолданатын құрылғысы газды жағармай ретінде қолданатын құрылғы.
Газды құрылғы - газ құбырөткізгішінің құрамды элементтері ретінде қолданылатын толық зауыттық дайындықты (компенсаторлар, конденсат жинағыштар, құбырөткізгішті жабу арматурасы және т. б. ) техникалық бұйым.
Газ құбырөткізгішінің оқшауланған аумағы - трасса бойында орналасатын құбырөткізгішітің және басқа нысандар айналасында орналасатын газ бөлу желісін жақсы шарттармен қамтамасздандыратын, пайдалану және бүліну мүмкіндіктерін болдырмауға көмектесетін ерекше шарттармен қолданылатын территория.
Өндіріс орындарындағы жылу қондырғылары мен жеке тұрған қазан қыздырғыштары үшін газды 1, 2 МПа қысымға дейін пайдалануға болады, егер мұндай қысымды өндіріс технологиясының шарттары талап етсе.
Өндіріс ғимраттарының жапсырмасында орналасқан қазан қыздырғыштарында газ қысымын 0, 6 МПа дейін пайдалануға болады.
Күнделікті жағдайда газ құрылғылары үшін газ қысымын прибордың паспорттық мәндеріне сәйкес алады.
Төменгі қысымдағы газ құбырөткізгіштрі газды тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, күнделікті қызмет көрсету кәсіпорындарына беруге арналған.
Орташа және жоғарғы (I категориялы) қысымдағы газ құбырөткізгіштері ГРП арқылы төменгі және орташа қысымдағы қалалық бөлу желісін қоректендіруге, сонымен бірге газды өндірістік және коммуналдық кәсіпорындардың газ құбырөткізгіштеріне беруге арналған.
Жоғарғы (II категориялы) қысымдағы қалалық газ құбырөткізгіштері ірі қалаларды газбен камтамасыз етуге арналған. Олар бойынша газды ГРП арқылы орташа және жоғарғы қысымдағы желілері арқылы, сонымен бірге жоғарғы қысымдағы газды қажет ететін өндірістік кәсіпорындарға береді.
Газ желілеріне арналған құбырлар мен негізгі арматуралар.
Орташа және жоғарғы қысымдағы, ішкі және сыртқы (жерасты және жерүсті) газ құбырөткізгіштері үшін, МЕСТ 1050-74 «а» және «в» бөлімше тобы 0, 8, 10, 15, 20 маркалы, 2, 3, 4 категориялы және МЕСТ 380-71 В тобы Ст2, Ст3, Ст4 маркалы, 2, 3, 4, 5 және 6 категориясы бойынша оңай болаттан жасалынған болат құбырлары пайдаланыды.
Орташа және жоғарғы қысымдағы газ құбырөткізгіштеріне жартылай оңай болаттан және қайнап тұрған болаттан жасалған жоғарыда көрсетілген болат құбырларын келесі жағдайларда қолдануға болады:
жерасты газ құбырөткізгіштері үшін ауаның сыртқы есептік температурасы -30 0 С дейінгі
аудандарда салынады;
жерүсті газ құбырөткізгіштері үшін ауаның сыртқы есептік температурасы -20 0 С дейінгі аудандарда (жартылай оңай болатты құбыр) және ауаның сыртқы есептік температурасы -10 0 С дейінгі аудандарда (қайнап тұрған болатты құбыр) салынады;
орташа қысымдағы ішкі газ құбырөткізгіштері үшін сыртқы диаметр-158 мм-ден көп емес, қабырға қалыңдығы-5 мм, егер құбырдың қабырға температурасы пайдалану кезінде 0 0 С төмен блмаса.
Аталған жағайда жартылай оңай болат пен қайнап тұрған болатты пайдалану кезінде келесі шарттарды сақтау керек: сыртқы газ құбырөткізгіштерін пайдалану үрдісінде құбыр қабырғасының температурасы жартылай оңай болатты құбыр үшін -20 0 С кем болмауы және қайнап тұрған болатты құбы үшін -10 0 С кем болмауы керек; сыртқы газ құбырөткізгішінің диаметрі жартылай оңай болатты құбыр үшін 820 мм-ден аспауы және қайнап тұрған болатты құбыр 530 мм-аспауы қажет; құбырдың қабырға қалыңдығы 8 мм-ден көп емес болуы керек; болаттағы көміртегі құрамы 0, 24%-дан аспау керек.
Болатты құбырлардың пісіру тігісі негізгі құбыр металлына тең берікті болуы тиіс, ол құбыр тапсырысында көрсетілуі тиіс.
Құбырөткізгіш арматурасы
Жоғарғы, орташа және төменгі қысымдағы бөлу газ құбырөткізгіштерінде құбырөткізгіш арматурасын қонырады. Құбырөткізгіш арматурасы деп газ құбырөткізгіштерге, резервуарларға, қондырғылар мен құрылғыларға біріктірілетін, олардың көмегімен қосу, сөндіру, мөлшерін азайту, қысымы мен сүйық ағынының бағытталуын, сұйықтықты жою, деңгейін көрсету және реттеу жұыстарын іске асыратын әртүрлі құрылғылар мен құрылымдарды айтады. Қолданылуы мен жұмыс тәртібіне байланысты арматураны былай топтайды - қысым, температура, өткізгіштік қабілеті (меншікті өту диаметрі) . Құбырөткізгіш арматурасы келесі түрлерге бөлінеді:
тығындық, қондырғылар, кұрылғылар және құбырөткізгіш аумақтарын геометриялық периодты сөндірулер мен қосулар үшін;
сақтандырғыш, қысымның белгіленген мөлшерден жоғарлаған кездегі аралық шығару
мен қайта қосуды қамтамасыздандыратын;
кері әсерлі, өнімнің кері ағуына жол бермейтін;
апаттық және бөлінгіштік, апат аумағында өнімнің ағынын авоматты түрде тоқтататын және берілген бақыланатын параметрлерінің өзгерісінде қондырғылар мен құрылғылардың лезде автоматты түрде сөндіретін;
реттегіш - өту қимасы арқылы өнімнің ағысын басқару үшін;
алып кеткіш - конденсатты алып кету үшін, құбырөткізгіштен ауаны шығарып және оған кіргізу үшін, өнім астындағы суды шығару үшін және т. б.
Ысырмалар
Ысырмалар құбырөткізгіш тығын арматурасының ең көп таралған түрі. Ысырмады газ ағыны өзінің бағытын өзгертпейді. Газ ысырма арқылы тік және кері бағытта өте алады. Ысырмаларды белгілі бір қысымға байланысты әртүрлі диаметрлі етіп шығарады. Ысырмаларды газ құбырларға біріктіруді фланец немесе пісіру арқылы жүргізеді. Ысырмаларда тұрқы мен жоғарғы қақпақ арқылы пайда болатын жұмыс аумағына ие, ол қақпақтың тұрқыға жабысу нығыздама арқылы пайда болған. Ысырма тұрқысы бүтін, құйылған және пісірілген болуы мүмкін. Тұрқы бйіктігі оның екі диаметріне тең. Тұрқы құбырөткізгішке бекітілген келте құырмен жабдықталған.
Ысырманың жабу құрылымы екі түрге бөлінеді: параллельді және клинді. Клинді ысырмаларда жабудың нығыздама беті көлденең өске еңістелген. Ысырмаларды жабу геометриялылығы тұрқы мен жабу беттерінің нығыздамаларын барынша жақындастыру арқылы пайда болады.
Газ құбырөткізгіштерінде 0, 1-6, 4 МПа қысымға есептелген шойынды және болатты ысырмаларды пайдалануға болады. Ысырмаларды басқаруда гидрожетек пен электроқозғалтқыштар қолданылады.
Тығын крандары
Тығын крандары екі негізгі бөліктен тұрады - тұрқы мен тығыннан. Тығын пішініне байланысты крандар конусты жәнешарлы (сфералы) болуы мүмкін. Құрылымына байланысты крандарды нжай бұрылатын жылжымалы тығынды және арнайы майланған крандары болып ажыратылады. Беру әдісін күшейту үшін тығынды тұрқыға барыныша жақындастыру жай бұралмалы крандарды сальникті, өздігінен нығыздалатын және тартылатын етіп бөледі.
Тығын кранының жабу тығыздығы тығынның бетін тұрқыға белгілі бір қысыммен басу арқылы пайда болады. Қысымды барлық ара-қатынас беттерінде беттерінде бірдей деп санауға болады. Кранды тығыз жабу үшін кран тығынын тұрқыға белгілі бір қысыммен басу арқылы орындауға болады, оны шамамен мына формуламен есептеуге болады
, мұндағы
- газ қысымы (2, 5 МПа дейінбұл газ қысымынның қатынасына дәл) .
Қазіргі кезде 6, 4 мпа қысымына есептелінген 700 мм диаметрлі тығын крандары шығарылады. Крандарды құбырөткізгішке фланецті немесе пісіру арқылы біріктіруге болады.
Нығыздау сақиналарына күшейткіштер тығын кранына ортаның қысым әсері арқылы пайда болады. Көбінесе тығындағы үйкеліс моменті жабу соңында немесе ашу басында болады. Кранның жабық түрінде кранға күшейткішәсер етеді
мұндағы D -нығыздау сақинасының орташа диаметрі, p - газ қысымы.
Күш нығыздау сақиналарында қысым тудырады
, мұндағы
b
-сақина қалыңдығы.
Қалпына келтіргіштер
Топырақ пен газ температураларының өзгеруі құбырөткізгіш қабырғасында температуралық кернеулердің пайда болуына әкеледі. Шойын ысырмасының фланецтерінің жұлынуы және құбырөткізгіштің басқа да бұзылуларына әкелу мүмкін. Ашық төселетін құбырөткізгіштер және шойын ысырмалар қойылатын орындарда температуралық кернеуі жою үшін қалпына келтіргіштер қарастырылады. Олар ысырмалардан кейін газ жолына қойылады. Газ өткізгіштерде үш линзадан кем емес линзалық қалпына келтіргіштер қолданылады. Линзалық қалпына келтіргіштер қажетті қалпына келтірумен және газ өткізгішті жеткілікті тығыздықпен қамтамасыз етеді. Одан басқа олар ысырмалардағы жинақтау және қайта жинақтау және де басқа жабдықтарды қамтиды.
Линзалық қалпына келтірушілер газды құдықтарда тарту бұрандалары бұралған кезде жөндейді.
Қазіргі уақытта конденсат жинағыштар тек конденсатты жинайтын сұйытылған газ буы тасымалданатын жер асты құбырөткізгіштерінде ғана орнатылады. Ертеде оларды барлық газөткізгіштерден және газбен қамтамасыз ету жүйесінен ылғалды жинау, жою мақсатында орнатқан. Конденсат жинағыштың сыйымдылығы қондырғыдағы күтілген газдың максималды шығынына тәуелді есептелінеді.
Гидравликалық бекіткіштер
Қалалық төменгі қысымы газ өткізгіштерде гидравликалық бекіткіш қолданылады. Ол өзіне қақпағы бар цилиндрлі болат ыдыс және құбырөткізгішке жалғауға арналған аелте құбыр болып келеді. Тік құбыр бекіткіші оны жабуға қызмет етеді. Осы құбырдан гидравликалық бекіткішке сұйық толады. Гидравликалық бекіткіштің негізгі артықшылығы - оның геметикалық және құрылысының қарапайым болуы. Ылғалды газды тасымалдау кезінде гидравликалық бекіткіштерді топырақтың қату температурасынан төмен орналастыру қажет. Оларды конденсат жинағыш ретінде қолдануға болады. Құрғақ газды тасымалдау кезінде бекіткіштерді тереңдікте орнату қажет емес. Осы замаға сай гидробекіткіштер газөткізгіш және жерастындағы «газөткізгіш - жер» потенциалдыр айырмасын өлшейтін құралмен бірге жасалады.
Төмен температуралық изотермиялық сыйымдылықтарда сақтау үлкен қолданысқа ие болып отыр. Бұл осы сияқты резервуарлық жоғары нәтижелігімен түсіндіріледі. Сұйық метан немесе табиғи газды тек қана төменгі температуралық сақтау қоймасында ғана сақтауға болады. Қысым арқылы СКГ изотермиялық сақтау сыртқы орта қысымынан сақтау қоймасына кететін ауданының аз болуы және сақтау кезіндегі жоғары қауіпсіздік артықшылықтары бар. Қайта айдаған СКГ булары газ тарату жүйелерінде немесе буды қайта сұйытуға қолданады. Сол себепті 2000-нан 15000 Па-ға дейін өзгерген кезде сұық пропанның сақтау температурасы атмосфералық қысыммен салыстырғанда 2 0 С, н-бутан шамамен 4 0 С, изо-бутан шамамен 12 0 С.
Сақтау қоймасының қабырға қалыңдығын сұйытылған газды жасанды салқындату шарттарымен анықтайды, сақталатын зат қаныққан бу қысымы атмосфералық қысымға жақындаған кездегі температураға дейін. Бұл шарттарға сақтау қоймасының ішкі ыдыс қабырғалары өнімнің гидростатикалық қысымын және де азғантай қосымша қысымды ұстап тұруы жеткілікті. Осы артық қысымдарға жұқа қабырғалы сақтау қоймасын қолдануға болады.
Металдық жылу ұстағыш резервуарлар
СКГ сақтау қоймасын салу кезінде көп таралған металл резервуарлар - жер үсті төменгі температуралық резервуарлар басқа типтегі резервуарларға қарағанда ертерек қолданған, соған байланысты олардың көп қолданысқа ие болғандығы осымен түсіндіріледі (>80%) . Көбіне олар цилиндрлі пішінді болады, себебі сфералық дайындалуы күрделі. Изотермиялық резервуар келесі шарттарға жауап беру керек:
Оны дайындайтын материал төменгі температурада жақсы механикалық құрамы бар болуы керек;
Монтаждау кезінде ыңғайлы, құрылымы пайдалануда берік және сенімді болу керек;
Жылу ағыны кезінде булану арқылы сұйытылған газдың жоғалу шығыны үлкен болмауымен сипатталады, ұзақ және қауіпсіз сақтау;
Дайындаудағы төмен бағамен ерекшеленеді.
7. 4. 5800м 3 көлемді болатты изотермиялық резервуар.
1-анкерлік болат, 2-резервуар қабығы; 3-жылу изоляциясы; 4-шатыр; 5-тыныс алу клапаны; 6-сақтандыру клапаны; 7-құлама құбырөткізгіш; 8-баспалдақ: 9-сұйық газды алу құбырөткізгіші; 10-резервуар түбі; 11-көбікті әйнектен жасалған бөліктері; 12-жылыту жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz