Қазақстандағы және дамыған елдердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Орындаған: Кәдірова Ұ. С.
Тексерген: Нуралина Қ. Т.
Семей қ. 2015 ж
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми - теориялық негіздері.
1. 2. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін талдау
1. 3. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.
Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.
Үстіміздегі жылы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан Дамуының басты бағыты» атты Ел басының Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру екендігі нақты айтылған. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің - қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.
Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.
Әлеуметтік қоғауды қаржымен қамтамасыз етуді экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады. Бұл саясатты қалыптастырудың механизмінің қызметі өзінен-өзі барлық қоғам мүшелерінің тұрмыс хәлінің ең қажетті деңгейінің өзін қамтамасыз ете алмайтын болып отыр.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми - теориялық негіздері.
Әлеуметтік саясат - адамдармен қоғамның жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау және алуан түрлі әлеуметтік топтардың белгілі-бір құқықтық қалпын сақтау мен қолдауға адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттің іс жүзіне асыратын кешенді шаралары болып табылады. Әлеуметтік қорғау жүйесі экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады. Бұл саясатты қалыптастырудың механизмінің қызметі өзінен-өзі барлық қоғам мүшелерінің тұрмыс хәлінің ең қажетті деңгейінің өзін қамтамасыз ете алмайтын болып отыр.
Әлеуметтік -экономикалық категория ретінде әлеуметтік қорғауды тәуекелдік жағдайында адамның күшінің ұдайы толықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты қайта бөлуде пайда болатын қатынастар ретінде қарастыру қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау қаржы институты ретінде күрделі құрылымға ие. Оның құрамына әлеуметтік субсидиялаудың жеке қаржылық және жеңілдік беру институттары кіреді, бұлардың өздеріне тән құрылымдары бар. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету осы қаржылық институттардың жиынтық негізде қызмет ету нәтижесінде іске асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалдық құрылымы және оның жеке институттарының байланысы төмендегі суретте көрсетілген.
Халықты әлеуметтік қорғау қаржылық институты деп ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық механизмдерді қолдану арқылы халыққа қоғамдық қызмет пен игіліктер көрсетуге, әлеуметтік субсидиялауға бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесін айтамыз. «Қаржымен қамтамасыз ету» ұғымының дәстүрлі анықтамасы кіріс көздерімен қамтамасыз етудің біржақтылық үдерісі ретінде қарастырылса, біздің ойымызша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету әлеуметтік қорғауға арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы және осы қаржы ресурстарын әлеуметтік қорғауға арналған шараларды қаржыландыру, әлеуметтік көмек алушыларға жеткізу үдерісінде қолданылатын ақша ағымдарының екі жақты қозғалысы ретінде қарастырылуы қажет. Осы қаржы ресурстарының қозғалысының екіжақтылық үдерісінің арқасында үй шаруашылықтары әр түрлі әлеуметтік көмектерді алады.
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын негізгі теориялық, әдіснамалық өзара байланысты алты проблема арқылы көрсетуге болады.
Бірінші топтағы проблемалар Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық тұрғыдан зерттелуімен байланысты.
Халықты әлеуметтік қорғау институты мемлекет, кәсіпорын және үй шаруашылығы сияқты үш шаруашылық -құқықтық институттардың байланысын қамтамасыз етеді. Осылардың қызмет ету үдерісінде қаржылық субсидиялау және салықтық жеңілдік беру институты арқылы әлеуметтік қоғамдық игіліктер өндіріледі, бөлінеді және тұтынады. Әлеуметтік көмек үй шаруашылықтарына мемлекеттік бюджеттен қосымша ақша қаражаттарын бөлу, кәсіпорындардың қаржылары арқылы немесе үй шаруашылықтарының салықтық міндеттемелерін төмендету арқылы көрсетіледі.
Біздің көзқарасымыз бойынша қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тұжырымдамасы тұрғысынан қарасақ, халықты әлеуметтік қорғау қаржылық қатынастар негізінде жүргізіледі.
Осы жағдайда қаржыны шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде пайда болатын ақша қатынастары деп түсінетін болсақ, халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық категория және қаржы институты ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік қорғауды әлеуметтік тәуекелдікті басқару жүйесі ретінде қарастырса да болады, логикалық негізде әлеуметтік залалдарды өтеу мақсатымен ұлттық табысты қайта бөлу әдістер жүйесі ретінде қарастырған жөн.
1. 2. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін талдау
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік саладағы саясатының басты мақсаты халықтың тұрмыс жағдайын, өмір сапасын тұрақты түрде арттырып отыруға негізделгені белгілі. Осыған орай халықтың әлеуметтік жағдайын қорғау және оны мемлекет тарапынан түрлі шаралармен қолдап отыру еліміздің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр.
Егер әлеуметтік саланың даму кезеңдеріне назар аударатын болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұрынғы Кеңес одағының ыдырап, қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуіне байланысты ауыр жағдайдың қалыптасқаны еске түседі. Мұның өзі халықтың санына да елеулі әсер етті. Ел тарихының әртүрлі кезеңдерінде сырттан келіп орналасқан басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына қарай бет түзеуінің белең алуының ықпалымен осы жағдай ел ішіндегі жаппай жұмыссыздықтың етек алуы, халықтың нақты табысының азаюы, өмір сапасының төмендеуі секілді үдерістермен қабаттаса жүрді. Мәселен, 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы ішкі жалпы өнім көлемі 38, 6 пайызға, халықтың нақты еңбекақысының көлемі 69, 9 пайызға, тағайындалған зейнетақылардың көлемі 77, 3 пайызға төмендеп кетті.
1991-2001 жылдар аралығында 2, 5 миллионға жуық тұрғын елден кетті. Қазақстаннан сыртқа кеткен халықтың басым бөлігін еңбек жасындағы адамдар құрады. Мұның өзі еңбек рыногының жағдайына да елеулі әсер етті. Жұмыс істеушілер азайып, жасы еңбек жасынан асқан немесе еңбекке жарамсыз адамдар саны көбейе түсті. Халықтың табиғи өсімі де төмендеді. 1975-1990 жылдар аралығында осы табиғи өсімнің, яғни туудың өлуден асып түсуінің есебінен халық саны жылына 233-294 мың адам аралығында өсіп отырса, 1998 жылы бұл көрсеткіш 3, 2 есе азайып, бар болғаны 68, 1 мың адамды құрады. Мұнан кейінгі жылдары табиғи өсім қайта күшейіп, 2010 жылы оның көрсеткіші 220, 3 мың адамға жетті. Мұның сыртында шет елдерде жүрген қандастарымыз елге орала бастады. Осындай оң үдерістердің нәтижесінде халықтың саны 1990 жылдардағы деңгейге қайта жетіп, қазіргі күні 16, 4 миллион адамды құрап отыр.
Халық санының қайтадан өсуіне ең бірінші кезекте елімізде жүргізілген тиімді экономикалық саясаттың ықпалы зор болғандығы белгілі. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы сәтінен бастап Елбасымыздың «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» деген қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істегені белгілі. Осының нәтижесінде Қазақстан экономикасы тез көтерілді. Бұл әлеуметтік саланың жақсаруына да айтарлықтай ықпал етті. Мәселен, экономикамыз жақсара бастаған соңғы 11 жылдың ішінде зейнетақының төменгі көлемі 3500 теңгеден 24047 теңгеге дейін өсіп, 7 есе, орташа зейнетақы көлемі 4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, 8 есе, ал жоғары деңгейдегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52226 теңгеге дейін өсіп, 6, 4 есе артты. Осы аралықта халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өскендігі, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдердің іске қосылғандығы белгілі. Осылардың нәтижесінде Қазақстан қазіргі күні тек Орталық Азияда ғана емес, ТМД көлемінде халықтың әлеуметтік жағдайы тұрғысынан көш басындағы мемлекеттердің қатарында келеді.
Халықтың тұрмыс деңгейі- халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық, әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұранымдарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтынылуының ақшалай көрінісінің жиынтығы өмір құны деп анықталады.
Статистикада тұрмыс деңгейінің мынадай түрлері бөліп көрсетіледі:
- баршылық, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайтын қызметтер мен игіліктерді қолдану;
- қалыпты деңгей (ғылыми негізделген нормаларды қолдану арқылы адамның табиғи және интеллектуалды күштерін қалпына келтіруге бағытталған қызметтер мен игіліктерді тұтыну) ;
-кедейлік (адамның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету деңгейінде қызметтер мен игіліктерді тұтыну) ;
- жарлы болу- адамның биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қызметтер мен игіліктерді ең төменгі мөлшерде қолдану;
Халықтың тұрмыс деңгейінің сипаттамасын алу үшін барлық статистикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттелінеді:
- халықтың жалпы саны;
-халықтың кейбір әлеуметтік және кәсіби санаттары;
-әр түрлі табысы бар үй шаруашылықтары;
Халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу барысында Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі мен кедейліктің статистикалық мониторингтің негізін қалайтын көрсеткіштер қолданылады.
Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері:
-халықтың ақшалай табыстарының номиналдық (атаулы) көрсеткіші (ай сайын жан басына шаққанда) теңге;
-тұтынуға пайдаланылған табыстар (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;
-орташа еңбек ақы, теңге;
-ең төменгі еңбек ақы, теңге;
-номиналдық (атаулы) еңбек ақының ең төменгі еңбек ақыға қатынасы;
-кезең соңында тағайындлған зейнетақы, теңге;
-жасына қарай берілетін ең төменгі зейнетақы, теңге;
-күнкөріс деңгейі (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;
- табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлес салмағы, %;
- азық-түлік себетінің құны (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;
- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен халықтың үлес салмағы, %;
Халық тұрмыс деңгейін бағалайтын жоғарыда көрсетілген, елдегі кедейлік деңгейін анықтайтын көрсеткіш-тұтынуға арналған табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлес салмағы.
Кесте 1 - Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары
7. Орташа АӘК
ең төменгі күнкөріс деңгейіне ара-қатынасы
1 - кестенің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік - экономикалық индикаторларына талдау берілген. Талдау деректері бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2007 жылы 52479 теңгені құраса, 2011 жылы 86707 теңгені құрап 65, 2 пайызға өсіп отыр. Ең төменгі күнкөріс минимумы 9563 теңгеден 2011 жылы 15461 теңгеге дейін өсіп, 60 пайызға жоғарлаған. Зейнетақының орташа көлемі 2007 жылы 10654 теңгені құраса 2011 жылы 35950 теңгені құрады, яғни бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3, 4 есеге өсіп отыр.
Кеңес одағы кезінде зейнетақының негізінен бір ғана жүйесі - ынтымақты зейнетақы жүйесі болғаны белгілі. Ол кәсіпорындардың зейнетақы қорына аударған жарналарының есебінен құралатын. Еліміз тәуелсіздікке ие болған кезде жарна аударатын кәсіпорындар санының күрт төмендеп кетуіне және еңбекақы төлеудің азаюына байланысты бұл жүйе дағдарысқа түсті. Оның үстіне 1990-1995 жылдар аралығында еліміздегі зейнеткерлер саны да 2412 мың адамнан 2980 мың адамға дейін өсіп, зейнетақы қорына түсетін жүктемені елеулі түрде арттырып жіберген болатын.
Осыған орай 1997 жылы еліміздің зейнетақы жүйесіне реформа жүргізілді. Ол Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін көп деңгейлі етуге бағытталды. 1990 жылы 1 қаңтардан бастап, елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамтудың аралас жүйесі іске қосылды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік бөлу және жинақтау жүйелері пайда болды. Олар халықты зейнетақымен қамтудағы жауапкершілікті мемлекетке, жұмыс берушіге және жұмысшының өзіне бөліп жүктеді.
Осы реформаның ықпалымен қазіргі күні елімізде зейнетақымен қамтудың төрт деңгейі қалыптасып отыр.
Бірінші деңгей адамның зейнет жасына толуына байланысты оның еңбек өтілінің немесе басқа да қалыптасқан табыс көзінің болу-болмауына қарамастан мемлекеттің беретін базалық зейнетақысын білдіреді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері Президенттің 2005 жылғы 18 ақпандағы халыққа арнаған Жолдауындағы талаптарға байланысты 2005 жылдан бастап іске қосылған болатын. Осы жылы базалық зейнетақы төлемінің көлемі 3000 теңгені құраса, 2011 жылы ол төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызына дейін жетіп, 8000 теңгені құрап отыр. Енді Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму шараларының аясында бұл базалық зейнетақы көлемі 2015 жылы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына, ал 2020 жылы 75 пайызына жететін болады. Сөйтіп, бірте-бірте бұл зейнетақының көлемін төменгі күнкөріс деңгейіне жеткізу міндеті қойылып отыр.
Зейнетақымен қамтудың екінші деңгейі мемлекеттік бюджеттің есебінен төленетін ынтымақты зейнетақыларды құрайды. Мұндай зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 айлық еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.
Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсарту - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауының аясында ынтымақты зейнетақының көлемі 2009 жылы 25 пайызға, 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға өсірілді. Бұл осы жүйедегі барлық зейнеткерлердің, соның ішінде әскери қызметте болған зейнеткерлердің зейнетақыларының артуына ықпал етті. Осының нәтижесінде қазіргі күні мұндай зейнетақының төменгі деңгейі 24047 теңгені, орта деңгейі 36205 теңгені, жоғары деңгейі 52226 теңгені құрап отыр.
Зейнетақымен қамтудың үшінші деңгейі адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларында өздерінің төлем жарналары арқылы қалыптастырған міндетті зейнетақылардан тұрады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі реформа басталған кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорларынан қазіргі күнге дейін 201 миллиард теңгенің зейнетақы төлемдері төленді. 2011 жылдың 1 қаңтарында осындай жұмыс істейтін 13 қор бар. Олардағы жинақталған зейнетақы жарналарының көлемі 1994 жылғы 23, 5 миллиард теңгеден 2011 жылғы 1 қаңтарда 2, 3 триллион теңгеге дейін өсіп отыр. Жүйе бойынша 8 миллионға жуық азаматтың зейнетақы жинақтау жөніндегі жеке есеп-шоты тіркелген. Яғни, бұл жүйе азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің берік тылын қалыптастырды деп айта аламыз.
Зейнетақымен қамтудың төртінші деңгейі жинақтаушы зейнетақы қорларында қалыптастырылатын кәсіпорындардың ерікті зейнетақы жарналарынан тұрады. Мұның мәнісі елімізде еңбектің сандаған түрлерінің ішінде денсаулыққа жағымды- жағымсыз әсер ететін ауыр немесе қауіпті түрлерінің болатыны да белгілі. Өйткені, әрбір кәсіптің өзіндік қыры мен ерекшеліктері болады. Міне, осындай еңбекпен шұғылданатын кәсіпорындар өздерінің табыстарының есебінен жұмысшыларының атына ерікті зейнетақы жарналарын аударып отырады. Қазіргі күні елімізде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын құрайтын еңбектің 33 түрлі бағыты қалыптасып отыр. Оларға 2 мыңға жуық кәсіп пен қызмет түрлері кіреді. 2 - кестенің мәліметтері бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алушылардың саны 2007 жылы 1635 мың адамды құраса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1676 мың адамды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2, 5 пайызға өсіп отыр. Зйнетақы алушылардың құрамында жасы бойынша азаматтық халықтың саны 2007 жылмен салыстырғанда 2001 жылы 33, 4 мың адамды құрап, 2, 1 пайызға артып отыр. Толық көлемде зейнетақы алушылар саны 33, 9 мың адамға өссе, толық емес өтілмен зейнетақы алушылар саны 16, 6 мың адамға, көп жылдық сіңірген еңбегіне зейнетақы алушылар саны 11, 6 мың адамға артып отыр.
Кесте 2 - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алушылардың саны
мың адам
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы".
Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады.
Кесте 3 - Зейнетақы жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны
мың адам
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz