Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
1. Ішкі секрециялық бездер
2. Жыныстық жетілу
3. Оқушыны медициналық тәрбиелеу
4. Оқушыны гигеналық тәрбиелеу
5. Оқушыны жыныстық тәрбиелеу
2. Жыныстық жетілу
3. Оқушыны медициналық тәрбиелеу
4. Оқушыны гигеналық тәрбиелеу
5. Оқушыны жыныстық тәрбиелеу
Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады-эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Гормондар-ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гармондарға байланысты. Ішкі секреция бездерінің құрылысындағы ерекшелігі, безден шығатын өзектері болмайды. Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді.
1. С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы 1988 жыл
2. Матюшонок М.Т «Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы» Алматы:Мектеп,1986 жыл
3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
4. ҚазақҰлттықЭнциклопедиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №4
Тақырыбы: Қызба
Орындаған: Бейбитбаева Н.Е.
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей, 2014 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қызба патогенезі
2.2. Қызба сатылары
2.3. Қызбаны жіктеу
2.4. Қызба кезіндегі ішкі органдар мен жүйелер функциясының өзгеруі
2.5. Организм үшін қызбаның маңызы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
І. КІРІСПЕ
Қызба (лихорадка - латынша ferbis) - инфекциялық факторларға және өз тканіндегі ыдыраған тканьдерге жануар организмінің қорғану-бейімделу реакциясы. Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі. Бұл әр түрлі ауруларда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.
Қызба этиологиясының түрлері:
* Инфекциялық қызба. Ол мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне байланысты пайда болады. Бұл қызбаның пайда болуының тікелей себебі - пирогендік (ыстық жеткізуші) заттардан. Олар бактерияларда болады немесе организмдегі клеткалар мен тканьдерге биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық және сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер етіп, зақымданғанда бөлінеді.
* Инфекциялық емес қызба. Мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына қан құйылғанда, миокард, өкпе, басқа да органдар инфарктқа шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда, опреация жасағаннан кейін тканьдердің асептикалық зақымдануынан пайда болады. Инфекциялық емес қызбаға белоктық, тұздық, фармакологиялық заттар әсері, нейрогендік немес гормональдық қызбалар жатады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қызба патогенезі. Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын реттейтін орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей тітіркендіруден пайда болады.
Қызба патогенезіне ми қыртысы мен ішкі секреция бездері де қатысады.
2.2. Қызба сатылары. Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді:
1) температураның көтерілу сатысы (stadium incrementum);
2) температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы (stadium fastigium);
3) температураның төмендеу сатысы (stadium decrementum).
Осы үш сатыда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара
қатынас, сондай-ақ әр түрлі зат алмасу, диурез т.б. бұзылады.
2.3. Қызбаны жіктеу. Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның мынадай түрлері болады:
1. субрефильді - дене температурасының 1˚C-қа көтеріледі, баяу өтетін созылмалы бактериалдық инфекцияларда байқалады;
2. біркелкі - дене температурасы 1,5-2˚С-қа көтеріледі, көпшілік жұқпалы ауруларға тән;
3. жоғары - дене температурасы 2-2,5˚С-қа көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;
4. шектен тыс немесе гиперпирексиялы - дене температурасы 2,5˚C-тан астам көтеріледі. Сепсисте, дереу басталатын аллергиялық реакцияда, асқынған созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.
Температура қисығының сипатына қарай қызбаның мынадай негізгі типтері байқалады:
1) Тұрақты типтегі қызба (ferbis continua). Бұл кезде тәуліктік температураның ауытқуы 1˚C-тан аспайды. Крупозды пневмонияда, қылауда немесе басқа да инфекциялық ауруларда кездеседі.
2) Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызба (ferbis rеmitens). Ертеңгі және кешкі температураның айырмашылығы 1-2˚C шамасында болады. Бұған сепсисте және катаральды пневмонияда байқалатын температура қисығы жатады.
3) Ұстамалы типтегі қызба (ferbis intermittens). Қысқа уақыттық қызба талмасы (пароксизмдер) қызбасыз кезеңдермен (апирексия) біркелкі алмасып отырады. Жоғары температура бірнеше сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін төмендеп, қайтадан көтеріледі. Ауыл шаруашылық малдарында қан паразиті ауруларында кездеседі.
4) Жүдету (қажыту) типіндегі қызба (ferbis hestica). Тәулік бойы дене температурасы 3-5˚C аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте кездеседі.
5) Қайталамалы типтегі қызба (ferbis reccurens). Ұстамалы типке қарағанда қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуімен сипатталады. Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.
6) Бұралама қызба (ferbis inversus). Таңертең температура көтеріліп, кещке жақын бәсеңдейді. Сепсистік процесте, туберкулезде байқалады.
7) Нормадан ауытқу типіндегі қызба (ferbis athypica). Әркелкі ауытқуымен сипатталады.
8) Қысқа мерзімдік қызба (ferbis epheremia). Эмоциялық шошынуда, вакцина, қан сарысуы рұқсат етілген аллерген құйғанда байқалады. Мұндайда температура бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін көтеріледі.
2.4. Қызба кезіндегі ішкі органдар мен жүйелер функциясының өзгеруі. Қызбаның ең елеулі белгілерінің бірі - дене температурасының көтерілуі. Сонымен қоса, қызба ауруында бірқатар органдар мен жүйелердің функциясы өзгереді.
Орталық жүйке жүйесі тұсында бұзылу байқалып, жылу реттеуі ауытқиды. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуі орталық жүйке жүйесін қоздыруы және кейіннен тежеуі мүмкін.
Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Ол тамыр соғудың жиілеуімен және дене температурасының көтерілуімен қатар жүреді.
Сонымен қоса, лейкоцитарлық формула өзгереді. Қызбаның бірінші және екінші сатыларында қандағы лейкоциттер (көбінесе нейтрофильдер мен эозинофильдер) азаяды. Лейкоциттердің бастапқы азаюымен іле-шала лейкоциттер 3 тәуліктей көбейеді.
Ас қорыту аппаратының функциясы өзгереді: ас қорыту безінің және өт секрециясының секрет бөлуі кемиді, ауыз бен тіл кілегей қабығы кеберсиді, қарын қақпақшасының түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы бұзылады. Іші қатып, шіру процесі күшейеді, ішінде газ жиналып, кебеді. Ас қорытуы төмендегендіктен және азықтың сіңуі нашарлағандықтан, малдың тәбеті болмайды, қоректік заттарды сіңіруі кеміп, улану байқалады.
Қызба кезінде бүйрек қызметі де өзгереді. Инфекциялық қызбада уыттар бүйрек сүзгісіне елеулі әсер етеді. Қызба күшейген кезде несеп мөлшері едәуір азаяды. Су тканьдерге іркіледі.
Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр түрлі факторлар себепші болады:
1. этиологиялық фактордың ерекшеліктері;
2. дене температурасының көтерілуі;
3. белгілі бір дәрежедегі ашығу.
Мұндайда көпшілік жағдайда негізгі алмасудың 5-10%-ке артқандығы байқалады.
2.5. Организм үшін қызбаның маңызы. Инфекциямен күресуде қызба организмнің бейімделу және қорғаныш реакциясы болып саналады, әрі емдік мәні бар.
Қызба кезінде организмде жоғары жылудың болуы патогенді микрофлораларға, әсіресе вирустарға қырып-жоятындай әсер етеді. Қызба иммунитеттің өзгеше емес факторы ретінде әрекет етеді. Сонымен қоса, жоғары температура алмасу процестерін тездетеді, кейбір бейімділік реакциялары күшейеді. Қызба болған сиырдың, қойдың, жылқының пропердиналық жүйесінің активтілігі, сондай-ақ инфекцияға төзімділігі артады.
ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Қожабеков З. К., Өтенова Ә. М. Малдың патологиялық физиологиясы. Алматы, Ана тілі, 1992 ж. 203-221 беттер.

СӨЖ №5
Тақырыбы: Анемия
Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей, 2014 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Анемияның түрлері
2.2. Анемияның этиологиясы және оған байланысты жіктелуі
2.3. Анемияның дамуы
ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. КІРІСПЕ
Анемия немесе қан аздық дегеніміз - қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюы. Анемия әр түрлі аурулардан (бауыр, бүйрек, ішкі секреция бездерінің жүйесі), уланудан, қан құрауға қатысатын факторлардың жеткіліксіздігінен, жілік майындағы гипоплазиядан, эритроциттер гемолизінен т.б. пайда болады. Анемия кезінде қанның тыныс алу функциясы бұзылады. Асқынған анемия жағдайында оттегі жетіспеушілігі ауыр зардапқа ұшыратып, организм өлуі мүмкін.
Анемия (грекше an - жоқ, haima - қан), яғни жалпы қан аздық - қан түзетін жүйенің сырқаты. Оның негізгі сипаты - қан құрамында эритроциттердің, ал эритроциттерде гемоглобиннің жеткіліксіздігі, бұл құбылыстың қан айналымының бұзылуына ешқандай қатысы жоқ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Анемияның түрлері. Жілік майының функциялық күйіне сәйкес (қан құрау типі бойынша) анемияның мынадай түрлері бар:
1. Регенеративтік анемия. Ол жілік майының гиперплазиясымен, эритроциттердің күшті бөлінуімен сипатталады. Анемияның бұл түрі көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизінде байқалады.
2. Гипорегенеративті анемия. Анемияның бұл түрінде эритропоэз бұзылады немесе зардап шегеді. Қан құрайтын факторлардың (В12 витаминінің) жеткіліксіздігінен немесе организмде темірдің аздығынан, авитаминоздан, ашығудан, үнемі қансыраудан, уланудан және инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы мүмкін.
3. Арегенеративті анемия. Мұндайда жілік майының функциясы едәуір тежеліп, эриторопоэз процесі мүлде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды. Анемияның арегенеративтік формасы да организмнің өлуімен аяқталады. Бұл сәуле ауруында, авитаминоздарда, күшті улармен уланғанда пайда болуы мүмкін.
4. Дизэритропоэздік анемияда, басқаша айтқанда, тиімсіз эритропоэзда, эритроидты клеткалардың көпшілігі жетілген сатысына жетпей-ақ, жілік майының ішіндегі гемолиз салдарынан бүлінеді.
2.2. Анемияның этиологиясы және оған байланысты жіктелуі. Анемия этиологиясы аурудың түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Жалпы ол әртүрлі жарақаттарда, ас қорыту жүйесінің ағзаларында ашық жара пайда болғанда, қанға қан элементтерін ерітетін заттар түскенде, мал азығының құрамында витаминдер, протеин, микро- және макроэлементтер жеткіліксіз болғанда байқалады.
Этиологиясы бойынша анемия былайша бөлінеді:
* Постгеморрагиялық анемия. Ол әр түрлі себептерден қансырау нәтижесінде пайда болады;
* Гемолиздік анемия. Қан арнасына немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады. Гемолиздік анемияда қан көбейгендіктен және тканьдерде билирубин пигменті жиналғандықтан, сары ауруға айналуы мүмкін. Мұның негізгі көзі - бұзылған эритроциттердің гемоглобині.
Пайда болу себептеріне қарай гемолиздік анемия мынадай түрлерге бөлінеді:
а) жүре пайда болған гемолиздік анемия, көбінесе тамыр ішіндегі эритроциттер гемолизімен ерекшеленеді. Оның өзі эритроциттердің химиялық, улы, инфекциялық, дәрі-дәрмектік және басқа да факторлармен зақымдануы нәтижесінде пайда болады;
б) туа біткен (тұқым қуалайтын) гемолиздік анемия гемоглобиноздардың немесе эритроцитопанияның тұқым қуалауы нәтижесінде пайда болады. Туа біткен анемияда тамырдан тыс гемолиз басым болады. Эритроциттер РЭС клеткаларында, көбінесе талақта бүлінеді.
* Анапластикалық анемия. Бұл анемияда эриторциттердің жасалу және жетілу процестері бұзылады. Анапластикалық анемия азықтандырудың, зат алмасудың бұзылуынан, авитаминоздан, микроэлементтердің жетіспеуінен т.б. пайда болуы мүмкін.
2.3. Анемияның дамуы. Анемияның дамуының басты факторлары - эритроциттердің азаюы және қан құраудың бұзылуы салдарынан эритроциттердің бөлінуінің жеткіліксіздігі. Организмнің өзінде түзілетін не азықпен келетін улы заттар эритроциттерді талқандайды да, темірдің түзілуіне және сіңуіне кедергі жасайды. Сонымен қатар улы заттар қан құрамын түзетін ағзалардың да атқаратын қызметтерін бұзады.
ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қожабеков З. К., Өтенова Ә. М. Малдың патологиялық физиологиясы. Алматы, Ана тілі, 1992 ж. 278-279 беттер.
2. Қожанов К. Н. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. Алматы, 2006 ж. - 55-56 беттер.

СӨЖ №6
Тақырыбы: Тыныс алу патологиясы
Орындаған: Олжабаева М. О.
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей, 2014 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тыныс алудың бұзылуының жалпы сипаттамасы
2.2. Өкпенің желдетілуінің бұзылуы
2.3. Демікпе және оның түрлері
2.4. Жоғарғы тыныс жолдары функциясының бұзылуы
2.5. Пневмония, өкпе ісігі, өкпе эмфиземасы
2.6. Тканьдік тыныс алудың бұзылуы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
І. КІРІСПЕ
Тыныс алудың екі түрі болады:
* Сыртқы (немесе өкпеден) тыныс алу. Ол мынадан тұрады:
а) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасында ауа алмасу (өкпенің желдетілуі);
б) альвеола ауасы мен өкпе капиллярлары арқылы қанға өтетін газдардың (СО2 және О2) алмасуы.
Сыртқы тыныс алудың басты функциясы - өкпедегі қанның артериялану (вена қанының оттегімен қосылып артериялық қанға айналуы) деңгейін қамтамасыз етеді.
* Ішкі тыныс алу (клеткалық немесе тканьдік). Ол клеткалар мен оларды қоршаған ткань сұйығы аралығында газдардың алмасуы.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тыныс алудың бұзылуының жалпы сипаттамасы. Өкпеден тыныс алудың жетімсіздігі дегеніміз - тыныс аппаратының тиісті деңгейде оттегімен баюын қамтамасыз ете алмауы және көмірқышқыл газын шығара алмауы.
Тыныс алу жетімсіздігі көрсеткіштері:
1. өкпенің желдетілу көрсеткіші;
2. өкпе тиімділігінің коэффициенті (диффузия);
3. қанның газ құрамы;
4. демігу.
2.2. Өкпенің желдетілуінің бұзылуы. Оның түрлері:
* Өкпенің артық желдетілуі. Артериалдық қанда оттегі мен көмірқышқыл газының қажетті кернеуін сақтауға қажетті желдетілуінің көбеюі. Артық желдетілу альвеола ауасындағы оттегі кернеуін арттырып, көмірқышқыл газының кернеуін кемітеді. Тиісінше, артериалдық қандағы көмірқышқыл газының кернеуі кеміп, газ алкалозы пайда болады. Артық желдетілу өкпе ауруларынан, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі зақымдануынан дамиды.
* Өкпенің жеткіліксіз желдетілуі. Өкпе, тыныс жолдары бұлшық еттерінің ауруларына, қан айналысының бұзылуына, тыныс аппаратының нервтенуіне, тыныс орталығының есірткімен күйзелуіне байланысты. Ол гипоксияға (артериалдық қанда рО2 кемуі) және гиперкапнияға (артериалдық қанда рСО2 кемуі) ұшыратады.
* Өкпенің әркелкі желдетілуі. Өкпенің созымдылығы жойылғанда, альвеолаларға экссудат немесе басқадай сұйық жиналғанда, өкпе фиброзында пайда болуы мүмкін. Артық желдетілу секілді, әркелкелкі желдетілу де гипокияға ұшыратқанымен, гиперкапния үнемі бола бермейді.
Қандағы газ құрамының бұзылуы - гипоксемия мен гиперкапния - (артық желдетілген жағдайда - гипокапнияға) сыртқы тыныс алу жетімсіздігінің маңызды көрсеткіштері.
Гипоксемия - қанда оттегі мөлшерінің кемуі, бұл гипоксияға ұшыратады. Өкпенің желдетілуінің бұзылуы қан оксигенациясын кемітеді. Соның салдарынан қалпына келген гемоглобин мөлшері артады, гипоксия, цианоз пайда болады.
Гипер немесе гипокапния және қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы да тыныс алу жетімсіздігінің маңызды көрсеткіштері болып саналады. Қанда СО2 бөлінуі тежеліп, оның кернеуінің артуы қышқыл-сілті тепе-теңдігін өзгертіп, ацидозды өршітеді. Өкпенің желдетілуінің артуы нәтижесінде артериалдық қанда СО2 кернеуінің кмуі газ алкалозына ұшыратады.
2.3. Демікпе және оның түрлері. Демікпе (диспноэ) - сыртқы тыныс алу жетімсіздігінің өте жиі кездесетін формасы. Демігу - тыныс алудағы қиналыс сезімі. Организм оттегімен қажетінше қамтамасыз етілмегенде және көмірқышқыл газы жөнді бөлінбегенде демігу сезімі пайда болады.
Демікпеде тыныс алудың ырғағы, теңдігі және жиілігі бұзылады.
Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігінің өзгеруіне қарай жиі немесе сирек тыныс алу (тахипноэ, брадипноэ), үстірт немесе терең тыныс алу деп бөледі.
Дем алудың және дем шығарудың ұзақтығына қарай демікпені экспираторлық (дем шығарудың ұзаруы) және инспираторлық (дем алудың ұзаруы) деп бөледі. Тыныс ырғағының өзгеруі оқтын-оқтын тыныс алғанда байқалады.
Оқтын-оқтын тыныс алу қысқа уақыттық кезеңде жиі тыныс алудың, едәуір сирек тыныс алумен немесе уақытша тоқтауымен (апноэ) сипатталады. Оның басты буыны - көмірқышқылының қозғыштығының кемуі болып саналады. Оқтын-оқтын тыныс алу түрлері:
Чайн-Стоксовтық тыныс алу;
Биотовтық тыныс алу;
Куссмаульдік тыныс алу.
2.4. Жоғарғы тыныс жолдары функциясының бұзылуы. Бұл бұзылулар келесі әрекеттермен сипатталады:
* Түшкіру - рефлекторлық әрекет, оның өзі мұрынның кілегей қабығы рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде пайда болады. Түшкіру - организмнің қорғаныш реакциясы. Ұзақ уақыт түшкіру кеуде қуысы ішіндегі қысымды арттырып, қан айналысын бұзады.
* Көмей мен кеңірдек функциясының бұзылуы. Көмей мен кеңірдек саңылауының тарылуы ларингитте, дифтерияда, тамақ домбыққанда, ісінгенде, дауыс саңылауы түйілгенде, бөгде заттар тұрғанда байқалады. Кеңірдек пен көмей қатты тарылғанда ауа мүлде өтпей, мал тұншығып кетуі мүмкін;
* Тұншығу (асфикция) - тканьдерге оттегінің келуінің жетіспеушілігінен жіне онда көмірқышқылының жиналуы нәтижесінде блатын күй. Ол кеңірдек пен өкпенің ісінуінен, суға батудан, тыныс жолдарында бөгде заттың кептелуінен болады.
* Бронхтар функциясының бұзылуы. Ол қабыну процестерінде - бронхитте пайда болады. Мұндайда тыныс алу қозғалысы үстірт, әрі жиі келеді. Малға суық тиюден болатын бронхит жиі байқалады.
* Бронхит пен бронхтардың түйілуінен күшті жөтел пайда болады. Жөтелу - рефлекторлық әрекет, оның өзі тыныс жолдарын бөгде заттардан, сондай-ақ іште пайда болған өнімдерден тазартуға ықпал етеді. Алайда ұзақ, әрі жиі жөтелу организмге қолайсыз әсер етеді. Оның өзі кеуде ішіндегі қысымды арттырып, өкпе эмфиземасына шалдықтырады.
2.5. Пневмония, өкпе ісігі, өкпе эмфиземасы. Бұл ауруларда тыныс алудың бұзылу патогенезінің басты буыны - өкпе бетіндегі тыныстың азаюы және оттегі диффузиясының бұзылуы болып саналады.
Өкпенің қабыну аурулары - пневмониялар - ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінде байқалады, көбінесе өкпенің респираторлық бөлімінің қабынуымен сипатталады.
Малда пневмония салқын тиюден, паразиттер, микроскопиялық саңырауқұлақтар және вирустық инфекциялар жұғудан пайда болады.
Өкпе ісігінің патогенезінде нерв жүйесі функциясының бұзылуына ерекше көңіл бөледі, өйткені оның өзі ісіктің пайда болуына қатысатын қызмет жүйесін реттейді.
Өкпе эмфиземасы (грек. empysao - күмпию) - мүшенің ауамен кернеліп, қампаюы. Альвеолалық және интерстицийлік түрлерде байқалады. Біріншісі - ауаның альвеолаларда жиналуымен, ал екіншісі - аралық өрме мен плевра астында жиналуымен сипатталады.
Альвеолалық эмфизема жіті және созылмалы түрде өтеді, мүшені тұтас немесе оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz