Желдеткіш құрылғылары жайлы мәлімет



1. Желдеткiштер. Олардың жіктелуі.
2. Желдеткіштердің негізгі түрлері мен есептеулері.
3. Өндірістегі желдеткіштер.
Желдеткiштер – ауа мен газдардың орын ауыстыруына арналған аэродинамикалық машиналар. Желдеткiштердiң жұмысшы органы – қалақтары бар ортадан тепкiш дөңгелектер. Желдеткiштерге 15 КП-дан аспайтын қысымды ауа үрлегiш машиналар жатады.
Артықша қысымы бойынша желдеткiштер келесідей жіктеледі:
1. төмен қысымдағы желдеткiштер (1000 Па-ға дейiн).
2. орташа қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-ға дейiн)
3. жоғарғы қысымдағы желдеткiштер(3000 Па-дан астам).
Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi жылдам айналу критериімен және қысым коэффициенттерiмен сипатталады.Жылдам айналу критериі меншiктi айналу жиiлiгiмен өрнектеледi: (nу):


мұнда n – жұмысшы дөңгелектің айналу жиiлiгi, айн/мин;
Vс – ауаның көлемдiк шығыны, м3/с;
Δр – желдеткiштiң қысымы, Па.
Жылдам айналу критериі осы топтаманың барлық нөмiрлерiнде тұрақты, өлшемдерде әртүрлi, бiрақ геометриялық ұқсас және осы желдеткiштердiң аэродинамикалық қасиеттерiн сипаттайды.
Қысым коэффициентi КР:

мұнда u - қабырғалардағы айналу жылдамдығы, м/с.
Ортадан тепкiш желдеткiштер үшiн КР = 0,4 – 1,5.
Өстік желдеткiштер үшiн КР = 0,05 – 0,2.
Әртүрлi күйдегі қаптамасы бар ортадан тепкiш желдеткiштерді дайындайды және сыртқы тесігінің бағытына қарай келесідей белгiлейді: В - жоғары; Н - төмен; П - оңға; Л – солға. Бұдан басқа, 450 жағдайында ВЛ, ВП, НЛ, НП деп белгіленеді.
1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
4. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
5. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Желдеткіш құрылғылары

Орындаған: Орынгалиева М.М
Тобы: ХН-221
Тексерген: Тілеуғали Е.Т

Семей 2015
Жоспар:
1. Желдеткiштер. Олардың жіктелуі.
2. Желдеткіштердің негізгі түрлері мен есептеулері.
3. Өндірістегі желдеткіштер.

Желдеткiштер - ауа мен газдардың орын ауыстыруына арналған аэродинамикалық машиналар. Желдеткiштердiң жұмысшы органы - қалақтары бар ортадан тепкiш дөңгелектер. Желдеткiштерге 15 КП-дан аспайтын қысымды ауа үрлегiш машиналар жатады.
Артықша қысымы бойынша желдеткiштер келесідей жіктеледі:
1. төмен қысымдағы желдеткiштер (1000 Па-ға дейiн).
2. орташа қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-ға дейiн)
3. жоғарғы қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-дан астам).
Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi жылдам айналу критериімен және қысым коэффициенттерiмен сипатталады. Жылдам айналу критериі меншiктi айналу жиiлiгiмен өрнектеледi: (nу):

мұнда n - жұмысшы дөңгелектің айналу жиiлiгi, айнмин;
Vс - ауаның көлемдiк шығыны, м3с;
Δр - желдеткiштiң қысымы, Па.
Жылдам айналу критериі осы топтаманың барлық нөмiрлерiнде тұрақты, өлшемдерде әртүрлi, бiрақ геометриялық ұқсас және осы желдеткiштердiң аэродинамикалық қасиеттерiн сипаттайды.
Қысым коэффициентi КР:

мұнда u - қабырғалардағы айналу жылдамдығы, мс.
Ортадан тепкiш желдеткiштер үшiн КР = 0,4 - 1,5.
Өстік желдеткiштер үшiн КР = 0,05 - 0,2.
Әртүрлi күйдегі қаптамасы бар ортадан тепкiш желдеткiштерді дайындайды және сыртқы тесігінің бағытына қарай келесідей белгiлейді: В - жоғары; Н - төмен; П - оңға; Л - солға. Бұдан басқа, 450 жағдайында ВЛ, ВП, НЛ, НП деп белгіленеді.
Сонымен қатар желдеткiштердi оңға айналатын және солға айналатын деп бөледі.
МЕСТ 10616-63 сәйкес желдеткiштер өлшемінiң сипаттамасы үшiн олардың әрқайсысына нөмiрлер тағайындайды, яғни № 5 - D=500 мм; № 6,3 - D=630 мм.
Ц - ортадан тепкiш. ЦП - шаңды ортадан тепкiш. Әрiптiң жанындағы цифр - 10:: Кр.
Мысалы, Ц4-70 №6 маркалы желдеткiш, 1 орындау, оң: ЦВ Кр=0,4; меншiктi жылдам айналуы nу = 70; D=600 мм; 1 сұлба бойынша орындалған, оңға айналатын.
МЕСТ сәйкес жаңадан шыққан желдеткiштерде ПӘК= 0,6 - 0,7 болуы керек.
Төмен қысымды ЦВ-ға ВРН № 2,5, орташа қысымды ЭВР, Ц9-57, Ц9-55, ВРС жатады. Сонымен бiрге арнайы шаңды ЦВ шығарады: олар максималды қысымды ВЦП, ЦП6-46, ЦП7-40.
Шаңды желдеткiштердiң 6-8 қалақтары болады. 45-50 мс желдеткiштiң шеңберлік жылдамдықтарында ЦП6-46 желдеткіші 2000-2500 Па қысымды тудырады. ЦП7-40 желдеткіші 69 мсқа дейiн шеңберлік жылдамдық кезінде 4000 Па-ға дейiн қысым тудырады, сондықтан оны қалдықтар тасымалдау үшiн қолдануға болады. Ц 10-28 желдеткiші 1000-нан 7500 дейінгі аралықтағы қысымды тудырады. Жұмысшы дөңгелегі 48 қалақты екi жазық дискілерден тұрады.
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo -- желдету) -- өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратынқондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.[[1]]
Желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.[[2]]
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш -- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты -- центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады (суретті қ.). Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.
Ортадан тепкіш шаң желдеткіштері, температурасы +80°С-ден аспайтын, жабысқақ заттектер мен талшықты материалдар болмағанда шаң мен басқа да механикалық қатты қоспалардың мөлшері 1 кгм3-ден артық болмайтын жарылысқа қауіпсіз, абразивті емес шаң-газ-ауа қоспалардың орнын ауыстыруға арналған.
Желдеткіштер МЕМСТ 5976-90 стандартына сәйкес 1-ші құрастырушылық тәсімі (электрлік қозғалтқыштың білігіндегі жұмыс доңғалағы) және 5-ші құрастырушылық тәсім (шкивтердің көмегімен жұмыс доңғалағының айналымдарын өзгертуге мүмкіндік беретін сыналы қайыс беріліс арқылы электрлік қозғалтқышпен байланысқан мойынтірек торабының білігіндегі жұмыс доңғалағы) бойынша шығарылады.
Жұмыс доңғалағының айналу бағытына қарай желдеткіштер оң жаққа айналу бағытымен, яғни сіңіру жағынан қарағанда, сағат тілінің бағыты бойынша айналатын доңғалақпен жасалады немесе сол жаққа айналу бағытымен, яғни сағат тіліне қарсы бағыт бойынша айналатын доңғалақпен жасалады.
Радиалды шаң желдеткіштерінің арналымы:
- сүрек жоңқалары мен үгінділерін кетіру (ағаш өңдеу);
- металл шаңын станоктардан әрі кетіру;
- жармаларды өндірген кезде астық пен оның қалдықтарын тасымалдау, астықты пневматикалық жолмен тасымалдау жүйелері;
- дәнекерлеу өндірісінде шаң мен қожды кетіру;
- цемент пен темірбетон құрылмаларын өндірген кезде шаң басқан ауаны алу жүйелері;
- қазандық қондырғыларына ауа жіберу және түтін газдарын кетіру (үрлеу, тарту) жүйелері;
- ауаны кондициялау жүйелері;
- өндірістік, қоғамдық және тұрғындық ғимараттарды, цехтерді желдету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Микропроцессор. Дербес компьютер
Дербес компьютер құрылғылары
Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті
Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі
Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы
Дербес компьютерлердің пайда болуы
Желдеткіш құрылғылары туралы
ЭЕМ-нің қызметі, құралы және жіктелуі
Пәндер