ХХғ.соңындағы Азия мен Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама



1918.2004жж. Қытай және Қиыр Шығыс елдері.
1918.2004жж.Үндістан мен Пәкістан
1918.2004жж.Ауғанстан
1918.2004жж.Иран
1918.2004жж. Араб елдері
1918.2004жж.Түркия
Пайдаланылған әдебиеттер
Бірінші дүниежүзі соғысының қарсаңында Француз империалисттері батыс Афркадағы кең байтақ отаршыл территорияларды басып алды. Осы жаулау нәтижесінде қол астында болған мемлекеттердің қатарына Гвинея, Сенегал, Піл сүйегінің жағалауы (Берег Слоновой кости ) Догомей, Судан енді. Неміс байлары XIX ғасырдың 40 жылдардың өзінде-ақ Батыс Африка жағалауында әр түрлі факторилермен пункттерді ашты, ондағы Германия сауда мәселесі тек Англияға ғана жол беріп отырды. XIX ғасыр аяғында Африка отарлары үшін күрес күшейе түскенде, Гермения Того мен Камеруннан тыс жатқан территорияларды басып алуға тырысты. Атақты саяхатшы Бисмарк Нахтигалюге, осы аудандардағы герман протектораты енгізген инструкцияны берді. 1884 жылы жағалауларға жақын орналасқан пунктерде Германия жалауы көтерілді. Келешекте германдық агенттер, әскери отрядтардың қолдауымен Камерун Тогоның ішкі аудандарына Чад өзенінің және Нигерия Республикасының бағыты мен кіруге тырысты, дипломатиялық байланыста шекара жөніндегі шешімдердің нәтижесі. Германия, Того және Камерунға баратын жіңішке жолды иеленді. Германдық иеліктер Англия мен Франция отарларының қоршауында болды.
Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжрибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жқмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды.
Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынаң Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері женіліп Камеруннен қуылып Испаниядағы Гвинеяға қашты.
1. Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім Р.С Мырзабекова М.С.Мырзабеков. Алматы, 2014.
2. Новейшая история Азии и Африки (1945-2004) : учеб. пособие / В.И. Бузов, под ред. А.А. Егорова. - Ростов н/Д : Феникс, 2005 - 574 с.
3. Губер А., Ким Г., Хейфец А. «Новая история Азии и Африки» М.: Главная редакция восточной литературы изд-ва «Наука» 1982.

4. Бузов В.И. «Новейшая история стран Азии и Африки (1945 - 2004)» 2005г.
5. История Востока. В 6 томах. Том 6. Восток в новейший период (1945-2000 гг.) 2008.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама

Орындаған: Оралбекова Айсара
Тексерген: т.ғ.к. профессор Мұқатаева З.Қ.

2015 жыл
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама

Бірінші дүниежүзі соғысының қарсаңында Француз империалисттері батыс Афркадағы кең байтақ отаршыл территорияларды басып алды. Осы жаулау нәтижесінде қол астында болған мемлекеттердің қатарына Гвинея, Сенегал, Піл сүйегінің жағалауы (Берег Слоновой кости ) Догомей, Судан енді. Неміс байлары XIX ғасырдың 40 жылдардың өзінде-ақ Батыс Африка жағалауында әр түрлі факторилермен пункттерді ашты, ондағы Германия сауда мәселесі тек Англияға ғана жол беріп отырды. XIX ғасыр аяғында Африка отарлары үшін күрес күшейе түскенде, Гермения Того мен Камеруннан тыс жатқан территорияларды басып алуға тырысты. Атақты саяхатшы Бисмарк Нахтигалюге, осы аудандардағы герман протектораты енгізген инструкцияны берді. 1884 жылы жағалауларға жақын орналасқан пунктерде Германия жалауы көтерілді. Келешекте германдық агенттер, әскери отрядтардың қолдауымен Камерун Тогоның ішкі аудандарына Чад өзенінің және Нигерия Республикасының бағыты мен кіруге тырысты, дипломатиялық байланыста шекара жөніндегі шешімдердің нәтижесі. Германия, Того және Камерунға баратын жіңішке жолды иеленді. Германдық иеліктер Англия мен Франция отарларының қоршауында болды.
Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжрибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жқмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды.
Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынаң Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері женіліп Камеруннен қуылып Испаниядағы Гвинеяға қашты.
1918-2004жж. Қытай және Қиыр Шығыс елдері.
1917ж маусымда Ли Юаньхун парламентті таратуға мәжбүр болды. Оның депутаттарының көпшілігі Оңтүстікке қарай қашты.Олардың арасында Сунь Ятсен де болды. Монархияны қалпына келтірушілер жеңіске жетудің ең оңтайлы сәті туды деп есептеп 1-шілдеде генерал Чжан Сюнь Пекинге өз әскерін енгізіп 1912 жылы құлатылған занды өкіметті қалпына келтіргенін жариялайды. 12 жасқа толған Пу Иді таққа отырғызды. Төңперестің идеялық жігерлендірушісі 1898ж реформаның 100 күні авторы Кан Ювэй болды. Дәл осы кезеңде оның қщғамдағы беделі бұрынғыдай емес еді. Монархия бірнеше күн ғана өмір сүрді.Оны Бұхара халық түгіл, тіпті жапондақтарда қолдамады. Дуан Цижуй жағдайдың тығырыққа тірелгенінекөзі жеткен соң бүлікті басуға өзі кіріскен болатын Чжан Сюнь мен Кан Ювэй Пекиннен қашты. Бұл оқиғалардың барлығы Пекиндегі орталық биліктің әлсіздігін білдірді жаңа президенттің беделі төмендегендіктен дуцзюндер пікірімен санасуға мәбжүр болды.1917ж 14 тамызда Қытай Германияға соғыс жариялайды.Оның Антанта жағында әскери қимылдарға қатысуын Батыс майданға бірнеше ондаған мың арбакештерді әскери жұмыстарға жіберілу және 220 млн американ доллар көлемінде қаржылай шығыстан көруге болады.
3-қазанда Гуанчжоуда Қытай респ-ң парламентінің отырысы қайтадан ашылды.Депутаттар Дуань Цижуяны сайлаудан бастартып,Сунь Ятсенді Солтүстікке жорық әскерінің генераллсимус постына сайлайды. Оған үкіметті құру және солтүстік дуцзундерге қарсы соғыс жариялау міндетін қояды.Бірақ та Сунь Ятсен Пекиндегі өзінің қарсыластары сияқты дунзундердің кепіліне (заложник) айналды.Осылайша билік әскери билеушілер қолына шоғырланды. Ал олар болса қарама-қарсы үкіметті өз жоспаларын жүзеге асыру үшін жамилғы ретінде пайдаланды.Бұл жүйе Дуцзюнат д.а. Қытайда ол 1925-27ж революция аяқталғанға дейін өмір сүрді.Ол Қытайда өзара нашар байналысқан, бірнеше террит-ға бөліп тастады.Көршілес провинциялар саяси аренада белгілі бір қайраткерді қолдаушы топтарға бірікті.1д.ж.соғ. аяқталғанға дейін ықпалдысы бэйян тобы (солтүстік) болды. Ол өз кезегінде фэнтьян (маньчжурлық), чжимеліл және анхуйлік болып бөлінді. Оңт-к батыста юньнан және гуанси топтары басшылық етті.Қалыптасқан жағдайдан өз пайданасын көздеген шетелдік державалар осы аталған топтарға қолдау беріп отырды. Мәселен Жапония фэнтьян мен аньхуэ топтарын Англия-Чжилилік топтарды және т.б. қаржыландырыпотырды.
Жапондарға ниеттес солт-к топтың қайраткерлері Ресейдегі большевиктер жеңісіне қапаланған болатын.Солардың талабы бойынша Пекин үкіметі 1918ж наурызында Ресейден өз елшісін кері қайтарып алды.Оның алдында Сыртқы Монголиямен шекараны жауып тастаған еді.Мамыр айында Жапониямен пелісім жасаланды.Ол бойынша: ресейлік Қиыр Шығыстағы әскери акцияларға Қытай әскеріде қатынасатын болды.1918 ж аяғында бұл әскерлер Сібірге аттаныпты кетті.
Ал оңтүстіктегі жағдай Сунь Ятсеннің пайдасына шешіле қоймады.1918ж 20 мамырда Гуанжоудағы парламент дуцзундердің гуанси тобының мүддесін көздей отырып,Оңт-к үк-н орнына 7 адамнан құрылған жаңа басқарушы орган құру тур шешім қабылдайды.Сунь Ятсен болса, отставкаға кетіп, Шанхайға көшіп барып белсенді саяси қызметтен уақытша бас тартып, өзінің негізгі шығармаларының бірі Елді құру бағдарламасы еңбегін жазуды аяқтайды. Бұл еңбегінде Қытайдың саяси бірік тірудің қажеттілігі, шетел капиталын тарта отырып экономикада мем-к секторды күшейту жолдары туралы ұсынғанымен сол мезетте оның үндеуіне ешкім құлақ аспады.
1д.ж.соғ. кезінде Қытайда Сунь Ятсен қызметінен оңаша зияла қауымның радикалды топтары идеялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестірді.Оларды Жаңа мәдиниеті қолдаушылар деп атады. Қытай қоғ-ң алдыңғы қатарлы топтары әлемдік мәдениет жетістіктерін белсенді түрде қабылдай бастады.Журналдарда кең көлемде орыс және батыс философтарының, европа жазушыларының еңбектерін кең турде аудармаларын жариялай бастайды.Осы кезеңде ұлттық сана-сезімде өсе бастады. Әсіресе жастар жаңалықты тез қабылдай бастады. Косерваторлар Батыс ықпаллына қарсы тұрып Қытай өркениетің сақтап қалған Конфуцилік мәдени құндылыққа қайта оралуды талап ете бастады.
Ал оппоненттер болса Европаланудан қорықпай, Қытайдың дамуына кетергі болатын дәстүрлерден бас тартуды ұсынды. Олар Қытай Батыстан материалдық пен техника жөнінен ғана емес, тіпті мәдениет пен ұлттық ден саулығы жөнінде артта қалған. Батыс дегеніміз трамвай мен автомобиль мәдениеті, ал Қытай - "рикшалар мәдениеті" деп Қытайдың болашақ дамуын бағамдаса зиялы қауымның кейбір өкілдері - өз мәдениетімізге біз ұқылыптылық пен және сақтықпен қараумыз керек. Батстың өмірінің негізі-соғыс, ал Шығыс - бейбіт, Батыс өркениетінің күші-құқық пен материалдық табыс; ал Шығыс-сезім мен жомарттық. Осының бәрі екі әлемнің спецификасы деп білді. Өз кезегінде т.б. қайраткерлер Қытай мәдениеті Батыс мәдениетінен артық жоғары деп санады. Тек Конфуция әлемге болашаққа бірдей әмбебап мәдениетке жеткізеді деп саналады. "Жаңа мәдениет" қозғалыстың нәтижесінде ауыз екі тілге сәйкестендірілген әдебиетке жаңа жазу байхуа тілі енгізілді. Бол сауаттылыққа итермелеген және милиондаған қытайлықтардың білім алуын жеңілдеткен шынайы мәдени және әдеби революция болды.
І д. ж. с. аяғына қарай "жаңа мәдениет" қозғалысының кейбір өкілдері (Ли Дачжао, Чэнь Дусю және т.б.) Қытай топырағына марксистік ілімді ендіруге ниеттенген болатын. Рессейде Қазан революциясының жеңуі және одан кейінгі Қытаймен жасалған теңсіз келісімдердің жойылуы ("жұдырықшылар хаттамасы" 1901 ж. еншіден кеңестік Рессейдің бастартуы). Саяси элита мен интеллигенция арасында елді шетел билеушілерінен азат етуде жаңа Рессейлік өкімет көмектеседі деген ұмыт оты жанған болатын. Артта қалған реакцияшыл Рессей қоғамының көпшілік бөлігінің ендігі жерде шынайы халық революциясын жүзеге асыруда үлгі тұтатын елге айналды.
1918 ж. жазында Сунь Ятсен Шанхайдан кенес үкіметінің басшысы В.И. Ленинге құттықтау телеграммасын жіберіп, ортақ жаумен қүрес жүргізу үшін, Гомендан мен большевиктер арасында өзара тиімді, тең құқықты қарым-қатынас орнатуды ұсынады. Большевиктік Рессейдің жетістіктері туралы хабарланған Сунь Ятсен тіпті өзінің жақын әріптестерін тәжірибе алуға жібермекші болды. Бірақ бүл сапардың сәті түспейді.
"Төртінші мамыр қозғалысы" деген атпен танымал болған Пекиннен басталған студенттер толқулары ерекше күшке айналды. Париждегі бейбіт конференциясында Шандун түбегіндегі бұрынғы герман ықпал аймағын Жапонияға беру туралы шешіміне наразылық ретінде туындаған болатын.
Қытайда көпшілік Антанта соғысты жеңімпаз болып аяқтады, Қытай герман коалициясында солармен одақтас болғандықтан Шандун провинциясындағы Германияның ықпал ету аймағы Қытайға қайтарылады деп үміттенген еді. Дегенмен Парижде бейбіт конференцияда қатысушылар Шандун Жапония бақылауында болу керек деп шешті.
1919 ж 4 мамырында басталған толқу 2 апта ішінде бастапқыда Пекин студенттері одан кейін халықтың басқа топтары"Отанға қауіп төніп тұр","21 талап жойылсын", "Мемлекеттің егемендігін сақтап қаламыз" жәнен т.б. ұрандар көтеріп, белсенді түрде наразылық көрсете бастады. Нәтижесінде Үкімет Версаль бейбіт келісіміне қол қоюдан бастартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Сунь Ятсен осы кезде Шанхайда еді, бұл қозғалысты қолдағанымен оның өзі және әріптестері қозғалысты дайындаумен өткізуге қатынасқан жоқ. Бұдан бұрын Парижге жіберілетін делегаттар құрамы туралы мәселе қарағанда да,Ол Қытайдың барлық халқының мүддесін қорғаушы емеспін оның құрамына кіруден бастартады.Олбүкіл елдің саяси,экономикалық бірлігін қалпына келтіруге шақырады,тіпті қарулы жолды да ұсынды.Солтүстік пен Оңтүстік саяси біріктіру үшін ресей большевиктерінің тәжірбиесіне ден қоя бастады.
1919 ж қазанда революцияға дайындалу үшін Гоминьданқалпына келтіріледі.Дегенменде жеңіске жету үшін Сунь Ятсен оңтүстік дуцзуннің қарулы құрлымдарына арқа сүйеу керек деп есептеді. Ал, олар болса өз мақсатына жету үшін қайтадан Гоминьданның беделін пайдалануға қарсы болмады. 1920 ж аяғында Сунь Ятсен Оңтүстік Қытайға қайта оралып, призиденттік қызтетке сайланып, солтүстікке қарсы жорыққа дайындалып жатқан шақта жергілікті билеушілер оны орнына түсіріп тастаған соң Шанхайға қайтты.
Сунь Ятсен маңызды мәселелерді шешудегі жігерсіздігі мен әлсіздігіне көзі жеткен радикалды қайраткерлер дағдарыстан шығу жолы марксизм ілімі мен коммунистік партия құру деп білді.1920-1921 ж І жартысында Қытайда шағын үйірмелер құрылып 56 дан 60 дейін мүшелер болды.Елдегі Марксизмнің басты насихатшылары профессор Чэнь Дусю мен Ли Дачнао болды. 1921 ж жазында Коминтерн бастамасымен Шанхайда Қытай коммунистік партиясының Құрылтай сьезі өтті.7 маркистік үйірмеден 12 адам қатысады. Жартылай астыртын жағдайда жүргізілді.
Сьезд әртүрлі саяси қозғалыстар (Гоминдан да) ынтымақтаспауға, кәсіподақ ұйымдастыру, пролитариаттық саяси сауатын ашу, реакцияға қарсы толқуларға қатысу және т.б міндеттер қойды. Тек 1922 ж Екінші сьезде Комитерннің қысымы мен КПК Гоминданмен бірге біріңғай ұлттық демократиялық майдан құру туралы шешім қабылдайды. Себебі Москвада Сунь Ятсенді болашағы мол одақтас ретінде көзқарас қалыптасқан болатын.
1923 ж ақпанда Сунь Ятсен қайтадан Оңтүстікке оралып үкіметті басқарып, өзінің партиясын КПК бірлесе қимылдауға бағыттаған қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бірақта Гоминданның оңтүстік қанаты оны қатты сынға алады, олар сыртқы күшке сенген болатын. КПК оңтүстік аудандарда жұмыс істейтін болды. 1923 ж көктемде ЦК КПК Гуанчжоуға көшірілді.
1923 ж қазанда Сунь Ятсеннің өтініші бойынша СССР саяси көмекшісі ретінде оңтүстік үкімет қарамағына сол кездегі белгілі большивиктер қайраткері М.М Бородин, Павлов П.А., Блюхер К.А және болашақ революциялық армияның кадрларын дайындайтын әскери мамандар тобы келеді.
1924 ж басында Гуаньчжоуда Гоминданның І-сьезі өтіп онда КПК мен бір майдан құру туралы шешім қабылданды. Сьез шешімінде Сунь Ятсеннің "үш халықтық принципіне" жаңа трактовка берілді. "Ұлтшылдық" дегеніміз енді Қытайдағы шетелдік қанаудың жойылуы және барлық ұлттар теңдігі "Демократизм"халыққа кең құқық пен теңдік қамтамасыз ететін мемлекеттік құрлыс құру, "народное благоденствие" шаруаларға жер бөліп беру, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және т.б. деп түсіндірілді.
Бастапқыда "Национализм"Қытайдың бірінші міндеті цин әулетін құлату және Қытай (Хань)үкіметіне оралу 2- "Демократизм"монархия құлаған соң буржуазиялық-демократиялық республика орнату 3-"Народное благоденствие" жерге деген құқықты теңестіру және оны национализациялау (1905ж).
Жаңа трактовкада "Үш халықтық принцп" Гоминданның саяси бағдарламасын құрады. СССР-дің көмегі мен кеңес ақшасына 1924 ж Хуанпи (Вампу) аралында Оңтүстік армияға кадрлар дайындайтын офицерлік мектеп ашты. Қытай коммунистері Гоминдан құрылымдарына белсенді жұмыс істей бастады. Қытайдың Оңтүстігіндегі жағдаймен бір мезетте Солтүстікте де экономикалық саяси дағарыс жағдайында гегомония үшін күрес жүріп жатты. Президент Ли Нань-Хун нақты биліктің рычагін иелене алмады.Үкімет бірінен кейін бірі отставкаға кетіп отырды. Парламентте іске ықпал етерліктей дәрежеде болмады.
Осы кезде І д.ж.соғыстан кейін әлемде және Қиыр Шығыстада ықпалы өскен АҚШ Қытайға көп көңіл бөле бастады. Олар Чжили тобының лидері Цао Кун президент болуын қалап 1923 ж қазанда өз мақсаттарында да жеткен болатын. Бұл сайлау науқанына 13,5 млн доллар жұмсай отырып, Жапондарды жақтаушы қайраткерлерді ығыстырып шығарды. Президент ендігі жерде американдықтардың ұсыныстарын қабылдап, барлық талаптарын орындайтын болды. Бұдан бір жыл бұрын Вашингтон конференциясында "Тоғыз держава келісімі"қабылданған болатын. Ол бойынша: американдықтар ақшалай компенсацияға Жапония Қытайға Шаньдун түбегін қайтаруға мәжбүр еткен болатын. Бұрынғы ықпал ету аймағының орнына елде "ашық есік" принципі енгізілді. Бұл шешім Жапонияның Қытайға ықпалының әлсіреуін білдіргендіктен Жапонияның билеушісі топтары мойынсынбай, оңтайлысәтті күткен болатын. Осы кезде Пекин үкіметінің СССр мен қарым-қатынысы жақсарады. 1924 жылы мамырда "СССР мен Қытай Республикасының арасындағы мәселелерді реттеудің ортақ принциптері жөніндегі келісімге"қол қойылды. Дипломтикалық қатынастарды толық көлемде қалпына келтіру, СССР-дің бұрынғы ресейлік құқықтары мен артықшылықтары,шекаралық мәселелер қарастырылды.
Экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше мән берілді. Арнайы келісім бойынша Қытай Шығыс темір жолы (КВЖД)Қытай үкіметі жеке меншігіне сатып алғанға дейінгі кезеңге дейін ортақ коммерциялық кәсіпорын болып жарияланды. Үкіметтің 1924 жылы жүргізген саясатына көңілі толмаған Чжили әскери тобының жетекшілерінің бірі Фын юйсян өз әскері мен Пекинді басып алады,оңтүстік үкіметті азамат соғысын тоқтату туралы келісімге келуге шақырады. Бұл үшін Пекинде оның бастамасы бойынша Ұлттық жиналыс қмен Қытайды бейбіт біріктіру үшін жалпы ұлт қайраткерлерінің жиналысын өткізу көзделеді. Ауыр науқасына қарамастан Сунь Ятсен бұл хабарға қатты қуанып, Солтүстік астанаға жиналысқа қатысуға қамданады. 1924 ж аяғында ол Пекинге келіп жетеді.
1925 ж наурызда Солтүстіктің өкілдерімен кездесу кезінде Сунь Ятсен Пекинде қайтыс болды. 1925 ж1 июльнде Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттық үкітеті деп жариялап, елді біріктіру жолындағы күрестің басталғаны жөнінде хабардар етті. Бастапқыда оңтүстік позисияны нығайту үшін күрес болды. 1926 ж көкиемде Гоминданның ІІ конгресінен кейін парияның ішіндегі күштердің қайта топтасуы болып, нәтижесінде билік шоғыранды.Кеңес мамандары соның ішінде Брюхердің жасаған жоспары бойынша Гоминдан әскері июльде өздерінің атақты Солтүстік жрығына аттанады. Жорық нәтижесінде Шанхай, Нанкин, Ухан және т.б. ірі қалалар мен халық көп қоныстанған провинциялар Чан Кайши бақылауына өтті. Жорқ іріленген сайын талқандалған дуцзундердің армиялары қайта жабдықталып Гомдан армиясына тартылды.1927 ж көктемінде оның саны 3 есеге өсті.
Осы процестер бас қолбасшы Чан Кайши позициясын нығайтып 1927 жкөктемінде Шанхайда өзінің Ұлттық мемлекет жариялайды. Уханда гоминаның лидерлері бұл төңкеріске қарсы шыққанымен сол жылдың күзінде Чан Кайши Уханды басып алады. Солтүстік дуцзундер Нанкинге орналасқан Чан Кайши өкіметін мойындайды. Осымен Қытайды біріктіру аяқталады. Дегенменде бұдан былайғы онжылдықта әскери қақтығыстар орын алды. Бірақ жалпы алғанда бұл кезең бейбіт саяси консолдация жаңа мемлекеттіліктің басталуы мен өмірдің жаңа формаларын қалыптасу кезеңі болды. Ол қалай болды? Гоминдықтар өздерімен бірге не әкелді? Олардың саясатына не нәрсе тән еді деген сұрақтар туындары сөзсіз.
ХХ ғ І ширегінде Қытайды дүрсілкіндірген революциялық соғыстарға қарамастан елдің жылдам экономикалық дамуы және қалаларда білім беру мәдениет және т. б адамдардың өмір сүру қағидаларына біршама өзгерістер болды. Елдің экономикасында бұрынғысынша ағылшын капиталы жетекшілік орынды иеленді, ол инвестиция дәрежесі жөнінде жапондықтар өкшелеп отырды. Ұлттық буржуазияның ролі аса зор бола қойған жоқ,тек сауда капиталы сферасымен шағын кәсіпорындарда шоғырланды. Керісінше қазыналық кәсіпорындардың үлесі күшейтілді. Гоминдан үкіметі өзінің әлеуметтік экономикалық саясатының шешу көзіне айналдыру нәтижесінде экономикадағы мемлекеттік секторды күшейтті. Елдің қаржы жүйесі-банктер, қамсыздандыру қоғамы, салық және кеден салығын өз бақылауына алды. Сонымен қатар экономикаға елдің экономикалық дамудың мемлекеттік жоспарын бақылайтын күшті механизмді жасады. Көрнекті шенеуліктермен Үкіметке жауапты қызметкерлер жеке адамдардың экономикаға салған салымдары кеңейтіп, қолдап отырды.
Гоминдан үкіметі еңбек туралы бірнеше заң қабылдап, ресми мемлекеттік кәсіподақтар жүйесін жасап, жалақының ең төмен дәрежесін бекітті. Сонымен қатар азаматтық құқығын әсіресе жеке меншікті қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануы жеке кәсіпкерліктің дамуына ықпал етті. 1930 ж аграрлық заң қабылданып, онда аренда ақысының көлемі шектетілді, жер иеленудің мөлшері бекітілді, арендаторларды қорғады. Бұл заң деревнядағы әлеуметтік қайшылықтарды жою керек болды. Бұл реформа бағдарламасының эффектісі аз болды. Жаңа Қытайдағы күшті орталықтанған үкімет елдегі әлеуметтік және экономикалық қатынастарды реттеуде дәстүрлі Қытайлық тәсілдерге арқа сүйеу.
Корея мен Маньжурияда бекінген Жапония Қытайдың өзінде экономикалық позициясын нығайта отырып, 30 ж ортасында Жапония бұл елді жаулап алуға дайындала бастады. 1937 ж июльде аса үлкен қарсылыққа кез болмай-ақ жапондықтар шығыс жағалауды оның ішінде Пекин, Тяньзин,Шанхайды 100 мың армия басып алды. 1938 ж Ухан мен Гуанчжоуды алды. Іс жүзінде Қытай маңызды экономикалық аудандармен барлық ірі қалаларды басып алды.. Осымен шектелген жапондықтар "Жаңа Қытайды "Жапониямен Манчжурия бірігіп "Шығыс Азиядағы жаңа тәртіп"бекітуге шақырды.
1931 ж 18 сентябрьде жапон әскері Солтүстік Батыс Қытай енген болатын. Чан Кайши Ұлттар Лигасына шағымданады. Тек Кеңес Одағы ғана жапондықтардың әрекетін айыптайды. Осы кезеңде СССР мен келіссөздер сәтті жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша 1937 ж 21 тамызда бір-біріне шабул жасамау жөнінде Қытай-Кеңес келіссөзіне қол қойылды. Қол қойылған соң Халықтық Республикалық Армия құрамына Ухан ауданындағы жапон әскеріне қарсы күресу үшін Қытайға Кеңес ұшқыштары келді. Кейінірек 1938 ж СССР қару жарақ сатып алу үшін 100 мың доллар, бір жылдан соң 150 млн доллар заем береді.
Жапон-Қытай соғысының І-кезеңі аяқталды. Жапон үкіметі Чан Кайши тонаушылық шарттағы бейбіт келісімге қол қоюды ұсынады. Маньчжур Тәуелсіздігін тану, елді "жапондық экономикасының қызмет "сферасына тарту, антикаминтеріндік пактіге қосылу туралы ұсынды. Ван Цзинвэй Қытайға қайта оралып Гоминданға қайта қабылданып ЦИК төрағасының орынбасары постын иемденді және жапон талаптарымен келіссөзді ұсынады. Бірақ Чан Кайши бас тартады. Ван Цзинвэй Чунцинен кетіп қалып 1940 ж наурызында Нанкинде жапондар құрған қуыршақ мемлекетті басқарды.

1918-2004жж.Үндістан мен Пәкістан
1939 жылы қыркүйекте Үндістан 2-ші дүние жүзілік соғысқа тартылды. Соғыс халыққа орасан зор ауыртпалық түсірді. Кейбір аймақтарды аштық жариялады соғыстың аяғында Үндістан мен ағылшын имперализмі арасында экономикалық және саяси қайшылық күрт шиленісті. 1946 ж. басында армияда флот пен авиацияда ағылшындарға қарсы толқулар болып өтті. Ағылшын үкіметі 1946 ж. көктемде Үндістанға доминон статусын беруге мәжбүр болды. 1947 жылы 15 тамызда Үндістан жерінде тәуелсіз жаңа 2 мемлекет Үндістан мен Пакистан доминондары құрылды.
Ү.Ұ.К-ң жетекшісі Дж Неру тәуелсіз Үндістан үкіметінің премьер министрі болып тағайындалды. Тәуелсіздікке жеткеннен кейінгі алғашқы жылдары Үнді үкіметі елдің бөлінуінен туған экономикалық қиыншылықтардан арылуға бағытталған шараларды жүзеге асыра бастады. Бірте- бірте өзіндік өндіру базасы жасалды, транспорттық жұмыс қайта құрылды. Жаңа жерлерді игеру үшін трактор шығарыла бастады. 1947- 1949 жылдары әкімшілік аппаратын үндістандыру негізінен аяқталды.
Шаруалар мен жұмысша тобының күресі нәтижесінде бірқатар провинцияларда үкімет демократиялық реформалар жүргізуге даярлық жасады. 1948 жылдан бастап жер реформасының жобасы белгілене бастады. Сол жылы жалақыны тұрақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. жаңа заңдар қабылданды. 1949 жылы 26 қарашада жаңа конституция қабылданды, конститутция бойынша Үндістан республикасы жарияланды. 1952-53 жылдардан бастап штаттардың үкіметтері аграрлық реформа туралы заң шығару жиналыстарында заңдарды іске асыруға кірісті. Бұл заңдарға сәйкес помещиктер жерінің негізгі бөлігі сатып алынды. Жер арендасы туралы заңдар помещиктердің аренда товарларды қанауын тежеді.
1945,1956 жылдардағы үкімет декларацияға сәйкес, ауыр және энергетикалық өнеркәсіптердің негізгі салалары негізінен мемлекеттік сектор құрылды. Сонымен қатар мемлекет және меншік кәсіпкерлерге финанс көмегін көрсетті. Елде экономикалық дамытудың бес жылдың жоспары қабылданды, жоспарда секторды дамытып Үдістанды индистрияландырудың мақсаты көзделді.
Коммунистердің және оларды қолдайтын топтардың ықпалы күшейді. Парламент пен штаттардың заң шығару жиналыстарының алғашқы жалпыға бірдей сайлауларына 1951 жылдың соңы, 1952 жылдың басы мандат саны жөнінен ҮКП ҰҮК дан кейін екінші орынға, екінші жалпы сайлауларда алғашқыдан екі есе көп дауыс берді. Халықаралық қатынас саласында Перу үкіметі әскери- саяси блоктарға қосылмақ саясатын жүргізді. Кеңес одағымен және басқа да елдермен достық экономикалық және саяси ынтымақтастық орнатты. Азия мен Африкадағы отарлау және жаңа отарлау саясатына батыл қарсы мықты Үндістан үш сферада ядралық қаруды сынауға тыйым салу туралы Москва шартына қол қойды.
1961 ж. Үндістан әскерлері. Гоаны, Даман мен Диуды португал отаршыл дарынан азат етті. Сол жылы Пондимери, Каринал, Лизон, Маэ француз отарлық үстемдігінен басталды. Бұрынғы отарлық кезеңде шешілмей қалған мәселелердің салдарынан 1965 жылы күзде Үндістан мен Пакистан арасында жанжал шықты да қарулы соқтығысқа ұласты. Бұл Үндістанның экономикалық және саяси жағдайын қиындатты. Кеңес үкіметінің бастамасының нәтижесінде Талекент декларациясына қол қойылды. Бұл декларация Үндістан мен Пакистан арасындағы даулы мәселелерді реттеуге негіз жасап берді.
1966 жылы қаңтарда премьер - министр А.Б. Шастри үкіметті 1964 жылдан басқарды. қайтыс болғаннна кейін, Дж Керу қызы Индира Ганди примьер- министр болды. И.Ганди үкіметі халықаралық салада Азия мен Африка елдерінің мемлекеттік сверинеттік импералиятік агрессияда қорғау жолына түсті. Үкімет АҚШ- тың Вьетнамдағы агрессиясын 1964 ж. басталған Изральдің араб елдеріне қарсы агрессиясын және оның 1967 ж. араб жерлерін басып алуын талай рет айыптады. 1967- 1969 жылдары Үндістанның экономикалық белсенділігі жанданып, қалада, әсіресе ауылды жерлерде капиталистік қатыныс нығайды, сонымен қатар жаппай қозғалыс өрістеді, ауылдық жерлерде шаруалар мен бытыраңқы ірі жер иелерінің бос жатқан жерлерін өз бетімен ала бастады, қалаларда тоқымашылар, теміржолшылар ереуілге шықты, жоспар әсіресе студенттер жалпы демократиялық талап қойды. Осындай жағдай да Индира Ганди үкіметі Монголия қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Заңдар қабылдады, сыртқы сауда да мемлекеттік сектор едәуір ұлғайды мемлекеттік секторға қарайтын өнеркәсіп, салаларына және ұсақ кәсіпкерлерге финанс көмегі көп көрсетіледі.
Бұл саясатты ҮКП, басқа кейбір партиялар қолдады. 9 тамызда Үнді үкіметі кеңес үкіметімен бейбітшілік, достық ынтымақтастықтық туралы шарт жасаты. Үндістан Пакистандағы азаттық қозғалысынан тілектістік білдіргені үшін 1971 ж. 3 желтоқсанда Пакистан авиациясы Үндістанға шабуыл жасады. Екі аптаға созылған соғыста Үндістан қарулы күштері бенгал партизан отрядтарымен бірге Шығыс Бенгалия жерін азат етті. Пакистан мен Үндістан арасында бітім жасалды.
1973- 76 жылдарда Үндістандағы прогресшіл және демократиялық күштері мен оңшыл реакция арасындағы күрес орши түсті. 1974 ж. әсіресе шетел импералиятері мен ішкі реакция қолдаған оңшыл партиялар Ганди бастаған үкіметті құлатуға тырысты. Ол үшін түрлі ұйымдар құруға ұмытылды. Антикоммунистік насихатты күшейтті. Фашистік элементтер кейбір штаттарда террорлық ұйымдастырып реакцияшыл діни топтар жанжал шығарды.
Ал ҮКП ҰҮК ның солшыл күштері мен Индира Ганди үкіметінің прогрешіл шараларын қолдады, демократиялық топтардың бірлігін нығайтуға шақырды. Реакцияның қастандығына қарсы күресу үшін, елде төтенше жағдай жүргізілді. Индира Ганди үкіметі 1975 жылы негізінен еңбекшілер халық бұқарасының жағдайын жақсартуға бағытталған кезек күтірмес прогресшіл әлеуметтік экономика шараларды жүзеге асыруға кірісті. Дегенмен 1977 жылы наурыз айындағы парламент сайлауында билеуші Үнді ұлттық конгресі партиясы оппозициядағы Джаната партиясынан жеңіліп, ҰҮК өкілі примьер- министр Индира Ганди биліктен кетті.
Оппозиция өкілі М.Десаль премьер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
«Этнология» пәнінен дәрістер
Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары
Пәндер