Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: құрылымы және қызметі



1. Жалпы ережелер
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттері
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитет құрылымы
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде орманшаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитеттің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болды.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ерженің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесіне жәнеКомитеттің бағынысты ұйымдарының тізбесіне жататын Комитеттің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақбағынысты ұйымдарыбар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: құрылымы және қызметі

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ. М.
ЛД-211тобы
Тексерген: Самиева Г.Т.

Семей
2015

Жоспар:

1. Жалпы ережелер
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттері
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитет құрылымы

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) құзыретi шегінде орманшаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитеттің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болды.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ерженің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесіне жәнеКомитеттің бағынысты ұйымдарының тізбесіне жататын Комитеттің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақбағынысты ұйымдарыбар.
11. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
12.Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсе алмайды.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттері

14. Міндеттері: орманшаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларынорындау.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;
4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми-зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
5) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
7) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
8) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргізілуіне мемлекеттік бақылаудыжәне қадағалауды жүзеге асырады;
12) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылаудыжәне қадағалауды жүзеге асырады;
13) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
15) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар береді;
16) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
17) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
18) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге, сондай-ақжануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
19) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
20) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
21) ғылыми ұсынымдар негізінде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
23) су жинау құрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орналастыруды келіседі;
24) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
25) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
26) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
28) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
29) аң, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
30) аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
32) жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібінің, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
34) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушының қызметін тоқтата тұрады немесе қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс енгізеді;
35) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
36) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
37) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
38) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
39) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
40) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
41) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
42) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін бекітеді;
43) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
44) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
45) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
46) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
47) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
48) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаштарды игеруді және ағаштың кесілетін жасын белгілеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
49) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
50) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру
және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
51) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
52) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар береді;
53) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқой (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
54) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Орман ресурстарын бағалау
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Қаратау таулы жотасы
Пәндер