1917-1920 ж.ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тарих факультеті
Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
1917-1920 ж. ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс
(дипломдық жұмыс)
Студент:
Ғылыми жетекші:
т. ғ. к., доцент
Мазмұны
К І Р І С П Е3
І тарау: Кеңес үкіметінің мӘдени құрылыстағы бастапқы шаралары. 8
1. 1917-1920 ж. ж. мӘдени құрылыстағы шаралар. 8
2. Білім және ағарту жұмысы12
3. Ғылым салаларының қалыптасуы19
ІІ тарау:Әдебиет пен Өнер
1. Кеңестік Әдебиеттің қалыптасуы. 30
2. Өнер жанрларындағы жаңа бағыттардың дамуы мен олардың ерекшеліктері. 35
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы54
Қолданған Әдебиеттер тізімі58
К І Р І С П Е
1917 жылы қазан айында Ресейдің большевиктер партиясы төңкеріс жасап Ақпан революциясы жол салған елдегі демократиялық процессті үзіп тастады. Билікке келген большевиктер саяси өмірде, экономикада және мәдениетте көптеген өзгерістерді іске асыра бастады, бірақ бұл өзгерістер жалғыз басқарушы коммунистік партияның идеологиясының негізі ретінде жүргізілді, бүкіл елдегі жағдайды “кеңестендіру” деген жаңа ұғым, жаңа саясат пайда болды.
Осының барлығы кейінгі уақытта қалыптасқан Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуына әкеліп соқты, бұл жүйе 70 жылдан астам уақыт басқарушы партияның нұсқауымен коммунистік идеяның салтанаты деп көрсетілді.
Бірақ кәзіргі уақытта Кеңес Одағы ыдырап, оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болған уақытта “Отаршылдық және кеңестік кезеңдегі мәселелерді радикалдық көзқарас негізінде қайта зерттеп сараптау” мақсаты күн тәртібіне анық қойылды.
Сондай басты мәселелердің бірі Кеңес мемлекетінің бастапқы кезеңіндегі мәдени құрылыс проблемасы, сондықтан осы дипломдық жұмыста 20-ж. ж КСРО-ғы мәдени құрылыстың әртүрлі бағыттарын көрсету басты мақсат ретінде қойылды.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Азамат соғысынан кейінгі қиын кезең болды, өйткені большевиктерді Ресей интеллигенциясының көпшілігі қолдамаған жағдайда Кеңес мемлекетіндегі мәдениет жағдайы тығырыққа тірелгендей болды.
Осыған қарамастан большевиктер үкіметі “Жаңа экономикалық саясатқа” көшіп бірқатар әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдениет салаларындағы проблемаларды белгілі дәрежеде шеше білді, кеңестік мәдениеттің жетістіктерін бүкіл дүние жүзі мойындады десек артық айтқандық емес.
Кәзіргі кезеңде ТМД мемлекеттері әр түрлі жолмен дамып келеді, олардың жетістіктері және кемшіліктері де бар, соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстан мен Ресейдің қадамдары жаман емес сияқты.
Соған қарамастан 20 жылдары Кеңес мемлекетіндегі сауатсыздықпен күрес, ғылым салаларының дамуына, жалпы мәдениеттің дамуына көңіл бөлу кәзіргі: ТМД мемлекеттеріне үлгі боларлықтай.
Соңғы жылдары ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстандағы оқу орындарының ақылы оқуға көшуі, ауыл-село мектептерінің қиын жағдайы, мұғалімдер мен ғалымдардың төмен жалақысы, ғалымдардың өз еңбектерін басып шығара алмауы, ұлттық өнердің “Батыс” мәдениетіне төтеп бере алмауы және тағы басқа жағдайлар көптеген проблемалар туғызып отыр.
“Нарық экономикасында әркім өзінше дамиды” деген кәзіргі жаңа қағида әсіресе мәдениеттің дамуына көп кедергі жасайды, соңдықтан бұл салаға барлық өркениетті мемлекеттерде үкімет жағынан қомақты көмек көрсетіледі.
Міне, осыған байланысты тарихтан тағлым алу үшін, бұдан 70 - жылдан астам бұрын жүргізген Кеңес мемлекеттерінің мәдениет саласындағы саясатына үңіліп, оны осы дипломдық жұмыста түсінуге тырыстық, өйткені сол кездегі большевиктердің мәдениет салаларын дамытудағы көптеген жұмыстарын қазіргі кезеңнің өзінде толық қолдануға болатындығына күмән жоқ сияқты. Соңдықтан диплом жұмысына алынған мәдениет мәселелері қашан да болса өзінің актуальдігін жоғалтпайды деп ойлаймыз.
Кеңес Одағындағы мәдени құрылыс туралы жазылған еңбектердің саны көп, олардың ішінде бірінші атап кететіндері құжаттар мен деректер жинағы.
Бұл кітаптарда Қазан төңкерісінен кейін, большевиктер үкіметінің бірінші деректері және қаулылары, әртүрлі статистикалық материалдары. Осыларға сүйене отырып, кейін кеңестік мәдениеттің жалпы тарихнамасы қалыптаса бастады. Осы жинақтардың құндылығын айтсақ, ондағы құжаттардың Кеңес Одағының әртүрлі ұлттық аймақтары бойынша, көптеген деректердің жиналуы және берілуі, әрине бұл ресми құжаттарда интеллигенцияны қудалау, репрессиялар және эмиграция туралы материалдар басылған жоқ.
Соғыстан кейінгі уақытта КСРО ғы 20 ж. ж мәдениет салаларының дамуы туралы бірқатар жеке авторлардың және коллективтік түрде жазылған еңбектерді атап кеткен жөн. Осы ғылыми еңбектер сол кездегі Коммунистік партияның идеологиясы негізінде жазылды, соңдықтан мұнда тарихты бұрмалау байқалады, соған қарамастан бұл еңбектердің ролі зор, өйткені бұл еңбектерде көптеген архив, баспасөз материалдары кең түрде қолданған, соңдықтан осы еңбектер әлі өздерінің құндылықтарын жоғалтқан жоқ.
Солардың негізінде Кеңес Одағының әр дәуіріндегі мәдениеті туралы жалпы тарихнама қалыптасты, онда кеңестік мәдени құрылыстың көптеген бағыттары көрсетіліп, оның көптеген ерекшеліктері айқындалды.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттелген тақырыптың маңыздылығы мен актуальділігі дәлелденіп, тақырыптың қысқаша тарихнамалық шолуы беріліп, осыған байланысты дипломдық жұмыстың басты мақсаттары белгіленді.
Бірінші тарауда білім, халық ағарту жұмыстары: сауатсыздықты жою, мектеп базаларын ашу, мұғалімдердің жағдайлары, мектептерді қаржыландыру, оқулықтарды шығару, мектептерге мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер туралы жазылған.
Осыған байланысты КСРО-ның ұлттық республика-ларындағы білім және ағарту жұмыстары қалай жүргізілгені көрсетіледі.
Сонымен қатар, Кеңес мемлекетіндегі ғылымның салалары қалай дамыды және оның қандай жетістіктері болғаны көптеген деректерге сүйеніп көрсетіледі, әсіресе Мемлекеттік жоспар, ГОЭЛРО жобасы, іздестіру, зерттеу жұмыстары жөнінде деректер, ұлттық аймақтарда ғылыми орталықтардың құрылуы туралы көптеген материалдар берілген.
Екінші тараудың параграфтарында жаңа мемлекет көп ұлтты әдебиетін қалыптасып жақындасуы, коммунистік идеология арқылы өзара рухани ұлттық республикалардағы әдебиеттегі жағдай және олардың ерекшелігі туралы жазылған.
Сонымен қатар осы жылдардағы кеңестік көп ұлтты өнердің жанрлары: музыка, театр, драматургия, бейнелеу жанрлары қалай қалыптасқаны және дамығаны туралы деректер берілген.
Қорытындыда дипломдық жұмыста қаралып зерттелген кеңес Одағындағы 20-жылдардағы мәдени құрылыс туралы жалпы тұжырымдар жасалған.
1. Назарбаев Н. А. В потоке истории. Алматы: “Атамұра”, 1999 ж, 14-15 б. б
2. Директивы ВКП (б) и постановления Советского правительства о народном образовании, сборник документов за 1917-1947г. г. М: 1947г. ; Культурное строительство СССР. Статсборник М-Л, 1947г. ; Сборник документов и материалов по истории Советского периода (1917-1957г. г) М, 1966г. . Сборник документов по истории СССР для семинарских и практических занятий.
Эпоха социализма. М, 1978-1980 г. г. Вып. 1-7; Культурное строительство в Казахстане (1918-1932г. г. ) .
Сб. документов и материалов. Алма-ата, 1965 г. тб.
3. Галкин К. Т. Высшее образование и подготовка научных кадров в СССР. 1958г; Ремизова Т. А. Культурно-просветительная работа в РСФСР (1921-1925г. г. ) . М: “Просвещение”, 1962г. ; Карпов Г. Г. О Советской культуре и культурной революции в СССР, М, 1964г; Лутченко А. И. Советская интеллигенция (1917-1961г. г. ) . М, 1962г. ; Коников И. А. Наука - важнейшая часть советской культуры. М, 1968г. Канафин А и Варшавский Л, Искусство Казахстана. Алма-ата, 1958г. ; Равкин З. И. Советская школа в периоды восстановления народного хозяйства (1921-1925г. г. ) М, 1959г. т. б.
4. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. М, 1960г. ; Очерки по истории советской науки и культуры. М, 1968г. ; История Советского искусства. Т 1. М, 1965г. ; Культурная революция в СССР. М, 1967г. ; Культура Советского Казахстана, Алма-ата, 1967; Высшая школа СССР за 50 лет. М; 1967г. Очерки истории советского кино. в 3 томах, М, 1956-1959 г. г. Братское сотрудничество советских республик в хозяйственном и культурном строительстве, М, 1971; КПСС во главе культурной революции в СССР, М, 1972г. ;
Қысқаша қазақ ССР энциклопедиясы. Алматы. 1989ж. ;
Новейшая история Отечество ХХ век в 2-х томах. М, 1997г. т. б.
І тарау: Кеңес үкіметінің мәдени құрылыстағы бастапқы шаралары.
Білім және ғылымның дамуы.
1. 1917-1920 ж. ж. мәдени құрылыстағы шаралар.
Қазан төңкерісінен кейін билікке келген большевиктер үкіметі экономикалық мәселелермен қатар мәдени революция жүргізу туралы шешім қабылдап, онда мынадай басты мақсаттар қойды: бүкіл әлемде сауатсыздықты жойып, социалистік білім беру системасын құру, Ресейдің көптеген халықтарының тілінде оқыту, жаңа идеологияға берілген кеңестік интеллигенцияны қалыптастырып, соның көмегімен білім, ғылым, әдебиет пен өнер салаларында көптеген өзгерістерді енгізу т. б шаралар.
Бұрынғы интеллигенцияның көпшілігі Кеңес өкіметін қабылдамады, тек азғантай ғана ескі интеллигенция өкілдері жаңа үкіметті қолдап, олардың ішінде К. Темирязев, И. Мичурин, И. Павлов, А. Карпинский, И. Губкин, Г. Графтко, И. Александров, Н. Жуковский сияқты ірі ғалымдар болды. Сондықтан Кеңес үкіметі бастапқы кезеңнен жаңа интеллигенция өкілдерін дайындауға көп мән беріп, осы бағытта жұмыстар атқарды. 1917-1920 жылдары кеңес үкіметі “Сауатсыздықты жою туралы” үш қаулы қабылдап, оны іске асыруға тырысты, соның арқасында аталған 3 жылда 8-50 жас арасындағы 7 млн-нан астам адам бастауыш білім алды.
Азамат соғысы жылдарында халық арасында саяси ағарту және тәрбие мәселесіне көп мән берілді, мысалы халық үйлері, клубтар, кітапханалар ашылып, көптеген жерде өз қызметтерін жүргізе бастады, әрине бұл мәдени орталықтар Кеңес үкіметі қолдаған жаңа коммунистік идеологияны кең түрде насихаттау, тарату жағымен шұғылданды.
1918 жылғы 26 маусымда шыққан “Халыққа білім беру жұмысын ұйымдастыру” деген Кеңес үкіметінің декретіне байланысты, 5 жылдық бірінші және 4 жылдық екінші сатылы білім беру системасы енгізіле бастады.
Аталған кезеңде жаңа үкімет жоғарғы білім беру саласында бірқатар жұмыстар атқарды, мысалы 1914 жылы Ресейдегі жоғарғы оқу орны 91 болса, 1920 жылы олардың саны 200 асты, ал студенттердің саны екі есе көбейді. Жоғарғы оқу орындарына таптық принципте ғана студенттер қабылданды, соған байланысты бұрынғы билеуші таптардың өкілдері оқуға алынбай, олардың орнына жұмысшы және шаруалар жастары қабылданды. Сонымен қатар, жоғарғы оқуға дайындайтын жұмысшы факультеттері (рабфак) осы кезеңде ашылды.
Жоғарғы оқу орындарына мұғалімдер партия-кеңес органдарына қызметкерлер дайындайтын, Коммунистік университеттер, Коммунистік академиялар ашылып, онда А. Луначарский, Н. Крупская, И. Скварцов-Степанов, П. Стучка, А. Коллонтай, М. Крижановский сияқты белгілі қайраткерлер сабақ берді, әрине бұл жұмысқа кейбір ескі профессура өкілдері де міндетті түрде қатыстырылды.
А. Карпинский басқарған Ресей ғылым академиясы 1918 жылдан бастап, Кеңес үкіметінің көмегімен ғылыми бағыттардағы жұмысын жалғастырды, тек азамат соғысы кезінде жаңадан 117 ғылыми мекемелер пайда болып, ғылымның дамуына өз үлестерін қоса бастады, әсіресе қорғаныс мәселелеріне арналған Н. Жуковский және Н. Зелинский басқарған орталықтар көптеген жұмыстарды тек азамат соғысы кезінде ойдағыдай атқарды.
Белгілі ғалым М. Бонг-Бруевич басқарған радио орталығы, бүкіл Ресей кеңістігінде насихат хабарларын ұйымдастырды, 1918 жылдан бастап П. Лазарев және И. Губкин басқарған ғалымдар тобы Курс магнит анатомиясын зерттей бастады.
Сонымен қатар жүріп жатқан соғысқа қарамай, Кеңес үкіметі көптеген геология экспедицияларын Сібірдің, Қиыр Шығыстың, Қазақстан мен Орталық Азияның табиғи байлықтарын іздестіріп, зерттеуге аттандырды, олардың еңбектері әсіресе қиын жағдайда өтті.
Қазан төңкерісінен кейін жаңа идеология негізінде әдебиет пен өнер салалары қалыптаса бастады, осы жұмысты атқаруда әсіресе М. Горький, В. Маяковский, Д. Бедный, Ф. Гладко, А. Блок, В. Брюсов, Н. Тихонов, М. Светлов сияқты жазушылар мен ақындар көзге түсті. Ал ұлттық аймақтарда жаңа мәдениетті қалыптастыруға С. Сейфуллин, Ж. Жабаев, Х. Ташмухаметов, Г. Табидзе, П. Бровка, П. Тычинка, Р. Чаренц т. б өз үлестерін қоса бастады.
Атап кеткен жазушылар мен ақындар көптеген шығармаларында жаңа кеңестік құрылысты, азамат соғысының оқиғаларын көрсетіп, жаңа кеңестік әдебиет пен өнердің ірге тасын қалаушылар болды десек, артық айтқандық емес екенін кейінгі өмірде дәлелденді.
Бұл кезде бұрынғы театрлардың көпшілігі үкіметке бағындырылып қаржы ала бастады. Енді театр репертуарында жаңа өмір революция туралы спектакльдер қойылатын болды, осыған байланысты театрға қарапайым халық өкілдері көп келетін болды. Үкіметтің ұсынысымен театр спектакльдеріне, шаруалар, Қызыл армия сарбаздары, балалар көп келетін болды, әрине бұл жұмыс халыққа жаңа коммунистік тәрбие беру үшін атқарылды.
Азамат соғысы кезінде 3 мыңнан астам театр жұмыс атқарды. Олардың ішінде театрдың жаңа түрлері пайда болды, мысалы, көркемөнерпаз театры, насихат театры, қызылармиялық театр және балалар театры.
Осы кезде драмалық театрлар көптеген ұлттық аймақтарда құрылды.
Театрмен қатар музыка өнерінде көптеген жаңалықтар болды. Опера өнері осы кезде тығырыққа тірелді, бірақ халық арасында көбінесе агитка-әндер, частушкалар, революциялық әндер көп орындалатын болды, сонымен қатар Қызыл Армия жауынгерлері үшін әртүрлі концерттер өткізіле бастады.
Халыққа бейнелеу өнерін насихаттау үшін бұрынғы көптеген патша сарайлары, олардың қорлары музейлерге айналды, сондықтан осы музейлерде халық ұлы суретшілердің картиналарын және скульптураларын көретін болды, 1918 жылдан бастап “монументальдық насихат” жоспары бойынша атақты революционерлерге, революциялық оқиғаларға әртүрлі ескерткіштер қойылатын болды, ол ескерткіштерді жасауда Л. Шервуд, М. Манизер, В. Мухина, Н. Андреев, И. Шадр сияқты скульпторлар көп үлес қосты. Сонымен қатар, осы жылдары большевиктердің ұсынысымен бейнелеу өнерінде саяси плакат шығарылып саяси күреске пайдалана бастады.
Осыған қарағанда билікке келген большевиктер 1917-1920 жылдары жаңа мәдениетті қалыптастыруға, көп саяси мән берген, өйткені халықты рухани жағынан өзінің идеологиясына бағындырмаса саяси билікте қалу неғайбіл жағдай екенін, олар ең басынан сезді және түсінді.
Сондықтан осы 2-3 жылда Кеңес үкіметі мәдениет саласында шамасы келгенше шараларды іске асырды, сөйтіп өздері белгілеген мәдени революцияны әртүрлі бағыттарда дамытып, халықтың көпшілігін өзіне қаратуға тырысты.
Әрине, азамат соғысы кезінде Кеңес үкіметі барлық мақсаттарын іске асыра алмады, сондықтан мәдениет саласында көптеген идеялық ағымдардың болуы заңды еді. Осыған байланысты мәдени революцияның бастапқы жылдарында Кеңес үкіметі рухани өмірді толық өзінің идеологиясына бағындыра алмады. Бұл мәселелер мәдени құрылыста 20-жылдары іске асырылды, бірақ бұл жұмыстың да өзінше қиыншылықтары мен ерекшеліктері болды.
2. Білім және ағарту жұмысы
Өркениетті мемлекеттің жағдайы оның халқының білім деңгейімен өлшенетіні белгілі жағдай. Ресейдің 1897 жылғы санағы бойынша еркектердің 76 проценті, ал әйелдердің 87 проценті сауатсыз болды.
Осындай жағдай шамамен 1917 жылға дейін сақталды. Ұлттық аймақтардағы сауатсыздық аталған көрсеткіштерден төмен болғаны анық.
Осындай жағдай шамамен 1917 ж. дейін сақталды, ұлттық аймақтардағы сауатсыздық аталған көрсеткіштерден төмен болғаны анық. Осыған байланысты азамат соғысының аяғында Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою саясатын қарқынды жалғастырды. Жаңа экономикалық саясатқа көшісімен халыққа білім беру және ағарту мәселелеріне арналған құжаттар қабылданып, солар бойынша 9 жылдық мектеп орнына уақытша 7 жылдық мектеп системесы құрылды. Мұның барлығы көбінесе қаржы мәселесіне байланысты болды, өйткені қаржының көпшілігі халық шаруашылығын қалпына келтіруге жұмсалатын болды.
Сонымен қатар, елдегі саяси жағдай шиеленісе түсті, Тамбов, Түмен губернияларында, Крокентадта Кеңес үкіметіне қарсы ірі көтерілістер болып өтті, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы күрделене түсті. Мұндай жағдайда бірқатар мектептер жұмыстарын тоқтатып, бұрынғы қарқындарынан айырылып қалды, мектеп системасының материалдық базасы нашарлай түсті, сонымен қатар көшедегі балалар проблемасы пайда болды.
Осы кезде жаңа өкімет мектеп системасындағы қаржыландыруды әлдеқайда азайтып, оны көбінесе жергілікті басқару органдарына жүктеді. Осыған байланысты халықтың арасындағы сауатсыздықты жоюға арналған мекемелер және жалпы білім беретін мектептердің жүйесі қысқартылды. Бірқатар мәдени салаларына арналған қаржы экономика салаларына ауыстырылды, өйткені үкіметтің саясаты бойынша ең басты мақсат - халық шаруашылығын қалпына келтіру деп есептеледі, сонымен қатар, осы кездегі ақшаның құнсыздануы, қаржы системасындағы дағдарысты күшейте түсті.
Қалыптасқан жағдай үкімет көптеген аймақтардағы аз да болса да беретін мұғалімдердің жалақысын дер кезінде төлемеді, өкімет мұғалімдерге қарыз болды, мұғалімдердің көбісі жұмыссыз қалды. Қағаз, сия, оқулықтардың тапшылығы оқу жағдайын төмен дәрежеге апарды.
Партия мен Кеңес өкіметінің жолдауымен мектепке бүкіл Кеңес қоғамының өкілдері көмекке келді. Мектепке көмек көрсету үшін 1921-1922 жылдары бүкіл ел бойынша сенбілік, апталықтар өткізілді, мектептерге қаржы жинау, отын дайындау, мектеп үйлерін жөндеу, көрнекі құралдарын жасау көмектің түр-түрлері халықтың тарапынан қолға алынды.
Фабрика, зауыт, мекемедегі жұмысшылар, мұғалім мен мектептерге материалдық жағынан көмек көрсетті.
Ауылдарда мектептерді азық-түлік, отынмен жабдықтау ауыл шаруаларына жүктелді.
Қала, ауыл тұрғындары өз еркімен білім-ағарту мұқтажына арналған қаржы жинады.
Х - Бүкілресейлік Кеңес съезі халық ағарту комитеті баяндамасы бойынша қаулысындағы Кеңес өкіметінің Орталық және жергілікті ұйымдарына мектеп жүйесінің қысқаруын тоқтатуға арналған шараларды қарастыруға тапсырма берді.
Өте ауыр жағдайды ескере отырып, Кеңес съезі уақытша шара ретінде бірінші және екінші сатылы мектептерде, жоғары оқу орындарында ақысын төлеп оқытуға көшуге мәжбүр болды.
Бұл қаулы мектеп өмірін бір қалыпқа келтіру, негізгі ауыртпалықты жағдайы жақсы азаматтарға тегін білім беру мақсаттарын көздеді.
Сонымен қатар, съезд білім-ағарту ісінің тек мемлекеттің қарамағында қалатынын айрықша дәлелденді.
1923 жылдың тамызында Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті арнайы жарлық шығарды. Бұл жарлықта сауатсыздықты жою мақсаты - халық ағарту жұмысының негізгі мәселесі екені көрсетілген.
Атап отырған кезеңнің орта кезінде сауатсыздықты жою мекемелердің, онда оқитын оқушылардың саны едәуір өсті, мысалы 1925 жылы бұл бөлімдерде 1, 5 млн ересек адам оқыды, ал одан үш жыл бұрын олар 500 мыңнан аспайтын. Кеңес Одағы 1921-1925 жылдары халықтардың сауатсыздығын арттыруда айтарлықтай дәрежеге жетті деп айтуға болады, осыған дәлел келтірсек, 20-жылдардың орта кезінде 9 жасқа дейінгі халықтың сауаттылығы 51%, Ресей бойынша -55%, Украйна бойынша -57, 5%, Белоруссия бойынша -53, 1% жетті.
Ал, 1926 жылғы санақ Грузияда халық сауаттылығы-34%, Әзірбайжанда 25%, қана жуық көрсеткіш болды.
Кеңес үкіметінің ресми деректері бойынша -12, 5%, Өзбекстан-10, 6%, Тәжікстанда-3, 7% болды.
Бірақ осы берілген Кеңес үкіметінің деректерін толық деп айтуға болмайды, өйткені бұл процентпен берілген деректерді ұлттық аймақтардағы тек орысша ғана бастауыш білім алғандар есептелінген, ал ұлт тілінде немесе арабша сауаты бар адамдар есептелінген, сондықтан осыларды осыларды қосса Кавказдағы, Еділ бойындағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының сауаттылығы кеңестік деректерден жоғарғы екендігі қазіргі уақытта толық дәлелденді. 20-жылдардың орта кезі - кеңестік мектеп системасындағы шешуші жылдар деп есептелінеді.
Осы кезден бастап жалпы білім беретін бастауыш мектептердің жүйесі, онда оқитын оқушылар саны көбейді. Халық ағарту білімін өкімет бюджеті тарапынан қаржыландырылды, бұл мектеп мұғалімдерінің жалақыларын өсіруге жағдай жасайды.
20-жылдардың басында мектеп пен сауатсыздықты жою жүйесі көрген қиыншылықтар ұлттық аудандарда ерекше шиеленісті. Патшалық Ресейдің отары болған аудандарда экономика мен мәдениеттің төмен дәрежеде дамуы салдарынан халықтың сауаттылығын ашу қиынға түсті.
Ұлттардың көбісінің қазан төңкерісіне дейін алфавиті болмаған. Алфавит жүйесін жасау, сөздіктер құрау, әдебиетті зерттеу жұмыстары - мәдени төңкерістің, ұлттық жаңару тарихының ең жарқын беттерінің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz