Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы ақпарат


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СРО-3

Орындаған: Зарыпханова Маржан

СТ - 309

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей қ.

2015 ж

Мазмұны

Кіріспе

  1. Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
  2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
  3. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Шу - ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц - 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен - инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары - ультрабыс деп аталады. Шудың әесрінен кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері бар.

Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық жиіліктері 31, 5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді жолақ кіреді.

Шу децибелмен (дБ) - дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. 2*10 -5 Па тең болатын дыбыс қысымына нөл децибел сәйкес келеді. Стресс факторы ретінде әсер ете отырып шу орталық жүйке жүйесінің реактивтілігінің өзгеруін туғазады, соның салдарынан адамның органдары мен жүйелерін реттеуші функцияларының бұзылыстары болады. «Шу ауруы» - негізінен есту органы, орталық жүйке және тамыр жүйелері зақымдалатын, ұзақ уақыт қарқынды шудың әсерінен дамитын организмнің жалпы ауруы.

Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті болып бөлінеді.

Гигиеналық бағалау үшін жұмыс орнындағы тұрақты шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейі және орташа геометриялық жиіліктері 31; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц болатын октавалық жолақтардағы дыбыс қысымдарының деңгейлері болып табылады. Тұрақсыз шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейлері, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейлері және дБА-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Импульсты шудың сипаттамасы дБАS-мен көсретілген шудың деңгейі, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейі және дБАІ-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Мұндағы дБАS, дБАI - сәйкесінше, «А» жиілік коррекциясында және шумомердің «баяу» және «импульс» уақыт сипаттамасында өлшенген дыбыс деңгейлері.

Шудан қорғану құралдары мен әдістері акустикалық, сәулет-жоспарлау және ұйымдастыру техникалық болып бөлінедә. Жеке басты қорғау құралдарына наушниктер, вкладыштар, шлемдер, каскалар мен костюмдер жатады.

Діріл - серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор-адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31, 5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц - жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31, 5 және 63 Гц) дірілді ажыратады. Уақыт сипаттамалары бойынша діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен аспайтын (6 дБ-ге) тұрақты дірілді, және, діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен асатын (6 дБ-ге) тұрақсыз дірілді ажыратыды.

Тұрақсыз діріл уақыт ішінде тербелетін - үздікті және импульсытға бөлінеді. Дірілдің көзі - соққымен әеср ететін аспаптар, соққылы-айналмалы машиналар, айналмалы әсерлі механикаландырылған қол машиналары.

Жалпы діріл транспорттық, транспортты-технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл организмге әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Жергілікті діріл әсерінен болатын тамыр бұзылыстары мен полижүйкелік симптомдары айқын діріл ауруының маңызы үлкен.

Дірілді өлшеуде виброметрлер қолданылады (ШВК-1, ВМ-1, ВШВ-ООЗ) .

Дірілдің организмге қолайсыз әсерін болдырмау шараларына техникалық шаралар, тиімдің жұмыс тәртібін енгізу, жеке басты қорғау құралдарын қолдану, емдік-алдын алу шаралары жатады.

Ультрадыбыс дегеніміз - жоғары есту шегі 20кГц-тен асатын, қатты ортадағы механикалық тербеліс жиілігі. Ультрадыбыс физико-химиялық корсеткіштері бойынша дыбыспен бірдей сипатталады. Ультрадыбыс көзі - ультрадыбыстық тербеліс генераторы болып табылады. Ультрадыбыс бірнеше қасиеттерге ие, соның ішінде тірі организмге де әсер етеді. Ол көбінесе бактерицидті әсер көрсетеді. Вегетативті тамырлық дистония және астеникалық синдром - ультрадыбыстың организмге әсерінің жиі көрінісі болып табылады. Ультрадыбысты диапазон төменгі жиілікті 20-дан 100кГц және жоғары жиілікті 100-ден 1000мГц-ке дейін болып бөлінеді. Жоғары жиілікті ультрадыбыс қысқа толқынды ұзындықта тәжірибе жүзінде ауада таралмайды және жұмысшыларға дене беткейімен жанасқан жағдайда ғана әсер етеді. Ультрадыбыстың нормаланған параметрлері болып жанасу жолымен таралуы, 0, 1-10мГц жолақ жиілігіндегі діріл жылдамдығы немесе децибелдегі логарифмдік деңгейі пиктік мәні болып табылады. Жұмыс аймағында приборлармен істейтін қол жұмыстарының ультрадыбыспен жанасқандағы ШРЕД-і 110дБ немесе 0, 1В/см құрайды. Ультрадыбыстың жанасулық әсерінің алдын алу автоблокировканың көмегімен детальдарды жүктеу және түсіру кезінде тербелісті өшіру арқылы жүзеге асырылады. Жеке қорғаныс заттары - шуға қарсы, екі қабатты қолғаптар (сырты-резина, іші-қағазмақта) . Еңбек және демалыс режимін сақтау керек. Оған ультракүлгін сәулелері, су процедуралары, массаж қолданылады.

Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром - ультрадыбыстың адам ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін аурулар.

Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері

Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан- тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.

Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.

Синусоидалдық тербелістің негізгі көрсеткіштеріне: тербеліс жиілігі ƭ- өлшем бірілігі, герц; тербеліс амплитудасы А-м, см тербеліс жылдамдығы υ- м\ сек; тербеліс үдеуі - а-м\сек 2 .

Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады.

L υ =20 lg υ\5 * 10 -8 ; L a =20lg a\3*10 -4 ;

Мұндағы 5*10 -8 м\с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) теңгейі. 3*10 -4 -тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м\сек 2 .

Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті- қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама - адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.

Жергілікті дірілді беретін машиналарға соққы және айналмалы әсер машиналары жатады. Ондай машиналарда дірілмен қоса жұмыс кезіндегі қолға түсетін жүктеме 150-400 н дейін болады.

Жалпылама діріл үш дәрежеге бөлінеді

I дәреже - транспорттық діріл - машиналар мен тіркемелерден берілетін жол дірілі.

III дәреже - технологиялық - транспорттық, машиналардан берілетін - кран, эксковаторлар, шахтадағы әр-түрілі машиналар.

III дәреже - технологиялық діріл - тұрғылықты машиналар дірілі(Станок, электр қозғалтқыш, т. с. с. ) .

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар жасуша мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйқтықпен қатынаста болғанда қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебролды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін. Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:

1) алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады;

2) шамалы айқындықта - астеновегетивті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы;

3) айқын - таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология. Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор.

Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетивті полиневриті дамуы мүмкін. Негізгі шағымдары - алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдық бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді.

Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланыспен үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардың шектейтін қол саптары болу керек.

Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйесінің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстар үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.

Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу

Электр тоғының адам организміне әсері

1. Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Өндірістік кәсіпорындарда электр тоғының айнымалы /≈/ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50 - Гц, кернеулігі 380 В.

Электр тоғының қауіптілігі жоғары, өйткені ол көрінбейтін ( қай жермен қалай жүріп тұрғанын) қауіп түріне жатады.

Электртоғы тек адамдарға ғана емес тірі организмдердің бәріне әсер етеді, оның малдарға әсері, адамдарға келтіретін зиянмен бірдей.

Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсер бар десек, олар:

  • Жылулық - тканьдардың қызуы, күйуі;
  • Химиялық - қан электролизі, қанның ұйуы т. б;
  • Биологиялық - жүйке тканьдарының жыртылуы, буынның шығуы, сүектердің сынуы т. б.

Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады.

1. Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.

Электр жарақат мынадай белгілермен ерекшелінеді: организм тканьдары күйеді, зақымданады, механикалық зақымдар да болуы мүмкін.

Электроофтальмия дегеніміз ультракүлгін сәулемен жарақаттанған көз ауруы.

2. Электр соққы дегеніміз тірі тканьдардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс

Электр соққының әсерінен организм тканьдары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:

1. Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.

2. Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.

3. Жарақаттанушы есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесі бұзылады.

4. Клиникалық өлім.

Клиникалық өлім дегеніміз өмір мен өлім арасындағы жүрек пен өкпенің жұмысының тоқтауы немесе ми клеткаларының өлуінің басталуына дейінгі уақыт. Бұл уақыт 6 мин дейін созылады. Осы уақыт ішінде көмек көрсетілмесе клиникалық өлім биологиялық өлімге айналады.

Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі. Электрошок кезінде қан айналымы, жүйке жүйесі, тыныс жүйесінің жұмысы бұзылады. Қан қысымы көтеріліп, дененің ауруы шыдамнан асады. Одан кейін тежеу кезеңі басталып жүйке жұмысы тылықсиы, қысым азаяды, дем алу нашарлайды, тамыр соғысы азаяды немесе жиіленеді де, адам сұлық жатады. Бұл кезде адамға тыныштық керек. Бұл кезең бірнеше минуттардан, бір тәулікке дейін созылады, соңында адам, не толық сауығады, не біржола тұрмайды ( өліп кетуі мүмкін )

Электр тоғының зақымданушы факторлары :

1. Электр тоғының түріне байланысты, олар: =, ≈ .

2. Электр тоғының жиілігіне байланысты /f/, өлшем бірілігі Герц, бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 . . . 1000 Гц һ.

3. Электр тоғының күшіне байланысты, J, A, мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші тоқтың мөлшері 0, 5 . . . 1, 5 мА, жібермейтін ток 10 . . . 15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.

4. Электр тоғының кернеулігі, И, В, бір пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В, болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсіз 12, 24, 36В. Адамдарға электр тоғынан қорғау аппараттары кернеуліктін мөлшеріне 1 . . . 30 с болуы мүмкін.

Егер аз мөлшердегі тоқтың өзі денеден көп уақыт өтсе, қауіп туғызады.

6. Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі әр түрлі болады, ол терінің құрғақтығына, саулығына, жүйкенің сол кездегі күйіне байланысты. Адам денесінің кедергісі 1 . . . 500 Ом арасында болады.

Ескерту - тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.

7. Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін. Электр тоғына жанасудың қауіпті жерлері: қолдың сырты, бұлшық еттердің жиылған жерлері, мойын, арқа, ыйық т. б. Электр тоғының жүру жолдары: қолдан - қолға, қолдан - аяққа, аяқтан - аяққа т. б.

8. Қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.

Шаруашылықтарда кейде малдарды да тоқ соғады, олар да жарақаттанады, мысалы: малдың салмағы ауыр болған сайын олардың тоқтың соғуына қарсылығы көбейеді. Күші 1, 2 А тоқ денеден Іс өтседе малды өлтіріп жібереді. Тоқтың ең кіші мөлшері: егер алдыңғы аяқтан артқы аяққа бағытталса /уақыт бірнеше минут ішінде/ - бұзауларда 0, 4 А, қойларда 0, 3 А, шошқаларда 0, 25 А.

Адам немесе мал тоқ көзіне қосылған кезде жанасу кернеулігі пайда болады. Сонымен жанасу кернеулігі дегеніміз ток көзінің екі нүкте арасындағы кернеулігі. Бұл кезде қадам кернеулігіде пайда болады.

Қадам кернеулігі дегеніміз адамның екі аяғының арасындағы болатын кернеулік, ол И к = И 2 - И 1 қадам аралығы 0, 8 м. Осыған байланысты, тоқ кернеулігіне түскен адам ол аймақтан ақырын аттап немесе аяғын жерден үзбей жиілеп сүйретіп шығуы керек.

Тоқ көзінің қауіптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:

1. Қауіптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т. б. /, қол шамы, 36В.

2. Қауіптілігі жоғары құрылыстар - едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 755 процент, 24В.

3. Қауіптілігі өте жоғары құрылыстар - екі өндіріс қаупі бар құрылыстар - жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.

ГОСТ бойынша «электр қондырғаларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т. б. құжаттар бойынша жұргізіледі.

Жайтартқыштардың түрлері және оларды есептеу жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу 3. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Акустикалық ластану
Шу мен дірілдің,ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz